Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:45, дипломная работа
Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке µзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру, құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жµнінде заңдарды қабылдап оларға µзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының ‡кіметінің тµрағасын Қазақстан Республикасы ¦лттық Банкісінің тµрағасын тағайындауға келісім береді.
Қазақстан Республикасының ‡кіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;
Ішкі бақылау жµніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
Тµтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ‡кіметі қаржылық қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы ‡кіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, µту және оларға қызмет кµрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің µз иелігінде қалған тауарларды µткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн Республикасы ‡кіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының ¦лттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, µзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы ¦лттық қорының жыл сайынғы аудиттің µткізілуін қамтамасыз етеді. Тµмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттерден тµмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер кµлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.9
Қазақстан Республикасы ‡кіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді затта нормаларды бекітеді.
Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;
Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкімен Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.
Қазақстан Республикасы ‡кіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының жобасын әзірлейді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы, қаржыға µзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының ‡кіметіне табыс етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы ‡кіметі қаулысының жобасын әзірлейді; қаржылық µтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік мекемелердің µз иелегінде қалатын тауарларды µткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді. республикалық қаржыны нақтылау жµнінде ұсыныстар енгізеді; қаржылық бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдау жүзеге асырады.
Бюджеттік
кредиттеуді жоспарлау мен
Экономикалық жоспарлау жµніндегі орталық уәкілетті орган қаржылық қатынастарды реттеу саласында:
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді.
Басым қаржылық инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
Гранттарды тартуға басымдылығы бар µтінімдердің тізбесмін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының ‡кіметіне бекітуге енгізеді.
Қаржылық инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді.
Қаржының атқарылуы жµніндегі орталық уәкілетті орган:
Республикалық қаржыны атқарады және жергілікті қаржылардың атқарылуына қызмет кµрсетуді жүзеге асырады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке µзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы ‡кіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады.
Қаржылық қорға түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік қаржыға кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады.
Республикалық қаржылық қордың түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға µзгерістер енгізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердң міндеттемелері бойынша тµлемдерді жүзеге асырады
Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкіндегі салымдарға орналастырады;
Банктік
шоттардан шетел валютасын
Бюджетті атқару жµніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды.
Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы ‡кіметінің қарыздарын алады, пайдаланады тіркейді, µтейді және оларға қызмет кµрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында µзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді,
Бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу есептілік жµніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы ‡кіметінің тапсырмасы бойынша келіссµздер жүргізеді, Қазақстан Респуьбликасы ‡кіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы ‡кіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.
Қазақстан Республикасы ‡кіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет кµрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды жне оларға уәкілеттік береді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет кµрсетілуін жәнге олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуы қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жµніндегі орталық уәкілетті орган:
Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесітгіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ол бойынша есеп және есептілік жүргізу гранттардың мемлекет кепілдік қарыздардың мемлекет активтердің мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатуынан түскен µз иеліктерінде қалатын ақшаның пайдаланылуы бµлігінде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептеріне баға береді.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі: жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді.
Жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті µкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді.
Экономикалық бюджеттік жоспаарлау бюджетті атқару жµніндегі жергілікті уәкілетті органдарды құрады.
Облыстың республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
Бюджеттік комиссия- бюджет жоьасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жµнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
Республикалық бюджетті комиссия және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың астананың ауданның бюджеттік комиссиялары µз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.10
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне: алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат жµнінде ұсыныстар талдап-жасау; тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының кµрсеткіштерін айқындау жµнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айқындай жµнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды кµздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жµнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және сролар бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік жоспарлау жµніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджеттік комиссияның отырыстарын µткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттік комиссияның тµрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия тµрағасының µзі тағайындаған орынбасары орындайды.
Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жµніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің кµлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жµніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.