Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:45, дипломная работа
Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, кµптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бµледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым. 1
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бµлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бµлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, µз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру жµніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір кµңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жµніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың µзіндік тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас µзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік µкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жµніндегі сµз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан µзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. µйткені қаржылар µзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің µсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып µткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша қђжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бµлу жµнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі µндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және µмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық µндірістің және айналымның µздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық µндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда кµрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) ђдайы µндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жџргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды кµрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жµніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті µмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде кµрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың µзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жµніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бµлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар µз алдына бµлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың µзіне тән функциясы – бµлу (жиынтық µнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жµнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сµз қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн µлшемі ретінде; тµлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бµлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын кµрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мµлшердегі ақша қаражаттарының сомасы кµрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық µнімді және ұлттық табысты бµлу, сондай-ақ қайта бµлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бµлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.2
Мемлекеттік қаржыларды µзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бµлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет µзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жµніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бµлу және пайдалану жµніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі кµзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық µнімді және ұлттық табысты білетін экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының кµмегімен басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет кµптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жµніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының µзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп кµрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) µздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы µзіне орай мемлекеттің қаржы жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа µту жағдайында дамуының µзгешеліктерін кµрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге кµптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. ¦лттық (орталық) банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық µнімдерді білуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын кµрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар µндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар µндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша кµрсетеді: қоғамдағы ұдайы µндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және µзара тәуелді тµрт сатыдан тұрады: µндіру (µндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы µндірістің тµрт сатысы арқылы қоғамдық µндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, µйткені µндірілген µнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл µнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз µндірілген материалдық немесе материалдық емес µнімдер, кµрсетілген қоғамдық µнім ретінде заттай және ақшалай тџрінде кµрсетіледі.
Қоғамдық µнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір қоғамдық µндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын µтеу үшін ақша, баға, µзіндік құн, қаржы, жалақы тµлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына жол береді.
Бұл жерде µндірілген µнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық µлшемінің кµмегімен µлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық µнімді білу кезінде анық кµрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның µндірістік қорларын µзіндік айналымынан шығарылатын µнімдерді µткізу (сату) кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну мезгілінен бастап қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы µнімдерді µткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы тµлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап µтуге болады.