Каржылык кызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:45, дипломная работа

Описание работы

Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

Содержание

Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

Работа содержит 1 файл

Дип. Каржылык кызмет.DOC

— 361.50 Кб (Скачать)

ІІ. Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің

    қаржылық қызметінің нәтижесі

2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және

    құрлымы

    Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлері болып есептеледі. Сондықтан оған қатысушы екі жақтың да µзара, µздеріне тән құқықтары мен міндеттері болады.

    Бұл жерде айта кететін бір жай, қандай да болмасын қоғамдық қатынастар бірден құқықтық қатынастарға айналып кете алмайды.

    Құқықтық қатынастар құқықтық қатынас түрінде болу үшін; біріншіден, осы қатынастардың әлеуметтік құндылығы болуымен қатар, реттелуі кезінде мемлекет еркіне сай болуы қажет. Екіншіден, осы қоғамдағы қатынастар мемлекет тарапынан бекітуді қажет етеді. Ал бекіту қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін кµздейтін құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылады.

    Тек осы құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде ғана қоғамдық қатынастардың қоғам мұқтаждықтарына, талаптарына қаншалықты қажеттілігін, сондай-ақ мемлекеттің құқықпен реттеу мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтап білуге болады.

    Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындауға қажетті мемлекеттің ақша қаражаттары ресурстарын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қаитынастар құқықпен реттеуді талап етеді.

    Сонымен, қаржылық құқықтық қатынастар деп, құқықтық нормалар мен реттелген қаржылық экономикалық қатынастарды айтамыз. Бұл қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қызметінің нәтижесінде пайда болады және арқашанда тек қаржылық құқықтың пәні ретінде есептелінеді.

        1. Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттің қаржылық – экономикалық қатынастарды құқықпен реттелуінің нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ олардың заңды формасы болып табылады;

    Қаржылық құқықтық Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы сипаттамасы бірдей болғанымен, µздеріне ғана қатысты ерекшеліктері де болады:

        1. қатынас µздерінің саласына байланысты қаржылық құқықтық болып есептелінеді;
        2. қаржылық құқықтық қатынас міндетті түрдегі субьектісі-мемлекеттің біртұтас µзі немесе мемлекет мүддесін кµздейтін µкілетті органдар болып табылады;
        3. Қаржылық құқықтық қатынас материалдық обьектісі тауар немесе басқа да сатып алу, процесіне қатыспаған ақшалар ғана жатады;
        4. Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттік-µктем түрде жүргізіледі, сондықтан қатынасқа қатысушылардың заң жүзінде тең құқылы емес екенін кµрсетеді;
        5. Қаржылық құқықтық қатынас маңызы бойынша қаржылық-экономикалық қатынастар болып табылады.

  Бұл жерде айта кететін бір жай қаржылық-экономикалық және қаржылық құқылық қатынастар қоғамдық қатынастардың әр түріне жатпайды, µйткені олар бір қоғамдық қатынастар. Сондықтан маңызы бойынша-экономикалық, ал формасы бойынша құқықтық қатынастарға жатады. Яғни, маңызы бойынша – базиске, формасы бойынша қондырмаға жатады деп айта аламыз.

2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.

  Қаржылық – құқықтық қатынастар екі түрге бµлінеді:

А) Маңызы бойынша: 1) материалдық қаржылық құқықтық қатынас;

2) ұйымдыстырушылық қаржылық құқықтық қатынас;

              1. Материалдық қаржылық құқықтық қатынастар – ақша қаражаттарының тікелей біржақты қозғалысын кµрсетеді.
              2. ¦йымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар-қаржы жүйесінің барлық құрамалы бµлімдерінің µзара бірқалыпты әрекет жасау процестерін және қаржылық бақылау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды жүзеге асырады.

    Ә) Обьектісі бойынша: 1) бюджеттік; 2) салықтық; 3)банкілік; 4) сақтандыру; 5) шаруашылық.

    Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының ‡кіметі. Экономикалық жоспарлау жµніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджеттік жоспарлау жµніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджетті атқару жµніндегі орталық уәкілетті орган. Ішкі бақылау жµніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган құрайды. 6

    Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында тµтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы қазақсатн халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айындайды. Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын басқару жµніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жµнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың кµлемі мен бағыттары жµнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Респуьбликасының ¦лттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес µзге де µкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасыны Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

    Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке µзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді.

    Қазақстан Республикасының ‡кіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

    Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;

    Ішкі  бақылау жµніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

    Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;

    Тµтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

    Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес µзге де µкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының ‡кіметі бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жыолдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жµніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы ‡кіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, µту және оларға қызмет кµрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің µз иелігінде қалған тауарларды µткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн Республикасы ‡кіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының ¦лттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, µзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы ¦лттық қорының жыл сайынғы аудиттің µткізілуін қамтамасыз етеді. Тµмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен тµмен тұрған бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аударыд тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер кµлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.7

    Жергілікті  мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;

    Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкімен Қазақстан Республикасының ¦лттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.

    Қазақстпан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес µзнге де µкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы ‡кіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының жобасын әзірлейді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке µзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының ‡кіметіне табыс етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы ‡кіметі қаулысының жобасын әзірлейді; бюджеттік µтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік мекемелердің µз иелегінде қалатын тауарларды µткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді.

    Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдау жүзеге асырады.

    Бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.

    Экономикалық жоспарлау жµніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

    Республиакның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді.

    Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

    Гранттарды  тартуға басымдылығы бар µтінімдердің тізбесімен қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының ‡кіметіне бекітуге енгізеді.

    Бюджеттік инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді.

    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес µзге де µкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Бюджеттің атқарылуы жµніндегі орталық уәкілетті орган:

    Республикалық бюджетті атқарады және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет кµрсетуді жүзеге асырады.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке µзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы ‡кіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады.

    Бюджетке  түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі салачсындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады.

    Республикалық бюджеттің түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға µзгерістер енгізеді.

    Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.

    Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекемелердң міндеттемелері бойынша тµлемдерді жүзеге асырады

    Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының ¦лттық Банкіндегі салымдарға орналастырады;

    Банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды.

    Бюджетті  атқару жµніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды.

    Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

    Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

    Қазақстан Республикасы ‡кіметінің қарыздарын алады, пайдаланады тіркейді, µтейді және оларға қызмет кµрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында µзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады.

    Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді,

    Бюджет  қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады.

    Республикалық бюджеттің атқарылуыбарысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

    Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу есептілік жµніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы ‡кіметінің тапсырмасы бойынша келіссµздер жүргізеді, Қазақстан Респуьбликасы ‡кіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы ‡кіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.

Информация о работе Каржылык кызмет