Каржылык кызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:45, дипломная работа

Описание работы

Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

Содержание

Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

Работа содержит 1 файл

Дип. Каржылык кызмет.DOC

— 361.50 Кб (Скачать)

  М А З М ¦ Н  Ы

      К І Р І С П  Е

      Тарау І.  Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы

  сипаттамасы. 

  І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.

  1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.

    Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің 

    қаржылық қызметінің нәтижесі.

      2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және 

         құрлымы.

  2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.

  Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын

    мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.

  3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды

    реттеу саласындағы құзыреті.

  3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің

    құқықтық негіздері.

  3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және

  қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің

  құзыреті. 

  Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 

  П А Й Д А Л  А Н ЫЛ Ғ А Н   Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 
 

  К І Р І С П  Е
 

      Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

  Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге кµшіру, түрлендіруге байланысты µсіп отыр.

  Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай µсіп отыр.

        Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға кµшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рµлін тµмендету сияқты келеңсіз кµзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы кµзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жµніндегі кµзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:

            Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де µзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың кµмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар  алуан қоғам мүдделіктерін кµздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;                                                            

    Екіншіден, мемлекеттің экономика, рµлі күшейе бермек;

         ‡шіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жµн;

      Тµртіншіден, нарықтық µзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жµне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді;

        Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық µзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық µзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер µзінен-µзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі; алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында µте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет кµлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

       Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, осы жайындағы әкімшілік-қђқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, кµптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару жеткілікті деңгейде (кµлемде) µз шешімін тапқан жоқ.

       Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге µтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр: қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік құқығымен µзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жµнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы) мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып кµрсету: мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жµнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы       билік органдарын қайта құру жµніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін кµздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  І. Тарау.  Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы 

  І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні

  Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жµнінде атақаратын рµлі µте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық µсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам µмірінде, тіптен µндіріс аясында да кµбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн µлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын кµрсетеді.

      Ал қаржылардың атқаратын басты рµлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде кµрініс тапса, ал мемлекеттік  қаржыларды жұмсау – бµлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу кµзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің µте кең  мағынада болатынын байқаймыз.

               ¤ркениетті, нарықтық мемлекеттердің µзінде де қаржыларға айрықша кµңіл бµлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бµлу кµрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің кµлемі де күрт µсіп отырады.

      Сонымен, қаржылардың кµпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып кµрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан кµрініс табатынын кµреміз.

             Біріншіден, қаржылар деп, µндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы µндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, µндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.

     Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар кµзін, кµлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.

             ‡шіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бµлу қатынастарын кµрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бµлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың µзі бµлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бµлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық µнімнің құнын қайта бµлу процестері жүзеге асырылады.

    Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бµлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бµліктерге бµлу  арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын кµптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен µте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті кµрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, µзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға µтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен кµрсетіледі.

     Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың µте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бµлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі µндіріс болып табылады. µйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық µнімді жасау және оны µткізу нәтижесінде  құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол µндіріс аясының µзіне қызмет кµрсетеді, яғни µндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық µзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың кµмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.

    Енді осы қаржылар жµнінде оқымысты ғалымдардың кµзқарастарына кµз жүгірте отырып, салыстырып кµрейік. Қаржылық құқық саласының кµрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе тµлемнің, жалақының тµлену мерзімі деген сµзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сµздер міндетті ақшалай тµлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мџліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.

Информация о работе Каржылык кызмет