Каржылык кызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:45, дипломная работа

Описание работы

Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің µсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар кµзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың µмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының µсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

Содержание

Тарау І. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Тарау ІІ. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Тарау ІІІ. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті.
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері.
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жµніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н ЫЛ Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

Работа содержит 1 файл

Дип. Каржылык кызмет.DOC

— 361.50 Кб (Скачать)

      Табылған пайданың немесе табыстың бір бµлігі орталықтандырылған қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең кµп бµлігі µндірушіде қалады. ¤ндіруші оны µз қалауы бойынша пайдаланады. Кµбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері µндірістік процесті үзбеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бµлігі µндірістің басты факторы – негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық µндіріс аясында (кәсіпорындар, µнеркәсіптер т.б.) жасалған құнның бір бµлігі µндірушілерде қалса, едәуір бµлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қарамағына берілетінін білдік.

      Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық  кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті тµлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырылған (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар (аманаттар)      және т.б.) қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын – республикалық    және жергілікті бюджеттерді, сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.

      Экономика µмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы (эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық категорияларға – баға, µзіндік құн, жалақы тµлеу, несие және т.б. тән болып табылады.

      Қаржылық қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын µзгешелік, олар (қаржылар) экономиканы басқарудың қандай да   болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде құралады.

      Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі µздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.

      Қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың        тауар-ақша қатынастары мен құн заңының әрекет етуінен                 туындайтынын байқаймыз.

      Ақаша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы және олардың тауарлық қатынастарда (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың кµмегімен жџргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жµніндегі міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік.

        Мемлекеттен басқа қоғамдық µндіріске қатысатын субъектілердің ақшалай қызметтері, қаржылық қызметке жатпайды, ал олардың қаражаттары немесе ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы түсінігімен қамтылмайды деген  тұжырымға келеміз.

      Сонымен, қорыта келгенде қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін жиыстыру, білу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

      Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми кµзқарастарды тұжырымдасақ “қаржы“ терминінің екі мағынасы бар екенін              кµреміз: 1) материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада “қаржы” деп мемлекеттің µз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.3

      Мемлекеттік қаржылық ресурстарды әрдайым белгілі бір ақша қорлары ретінде кµрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді.

      Экономикалық категория ретінде “қаржы” деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және білетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. 

  І.2. Мемлекеттің қаржылық  қызметі

  Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына тµмендегідей болып келеді:

  1. ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;

  2) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық µндіріс аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;

  3) бақылау функциясы;

      Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сµз қозғағанымызда мемлекеттің µз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет µз мұқтаждықтарын µтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет µтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.

      Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің µзіне және µз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарды µтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.

      ‡шінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай бар.

      Қаржылардың функциялары жµніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан кµзқарасқа келе алмай жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында – білу және ұдайы µндіріс атты екі концепция µмірден орын алып отыр.

      Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы µндірістің екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық µнімнің құнын білу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады деп есептейді.

      Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана атқарады. Бұл жердегі қателік бірден кµзге түсіп тұр, µйткені қаржылардың басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы тµлеу, несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.

       Осы білу функциясының кµмегімен жалпы қоғамдық µнімді және оның ең басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бµлу функциясы қаржылардың бµлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып кµрсетеді. Бақылау функциясы, осы бµлу және қайта бµлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы µндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш фукнциясы кµрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық ұдайы µндіріс сатыларын (бµлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы        болып есептелінетіндіктен, оларды тек бµлу категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.

       Олар келтірген дәлелдер мына тµмендегідей болып келеді:

  1. қоғамдық ұдайы µндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
  2. қаржылар тек қана ұдайы µндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай, қоғам µмірінің барлық аяларын қамтиды;
  3. қаржылар қоғамдық µнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын жан-жақты бақылау құралы болып табылады.

       Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей түсім кµзі материалдық µндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып есептелінеді.

      ¦лттық табысты бµлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.

      Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде қоғамдық µндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.

      Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық  кµрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.4

      Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бµлінеді.

      Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына тµмендегідей болып келеді:

  1. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет арқылы  кµрсетіледі.
  2. Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті µкілді органдардың бюджеттері арқылы кµрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
  3. Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай кµрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; µндірістік-әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.
  4. Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары, мынадай сақтандыру қорларымен кµрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры; әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры; сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі; әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.

      Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда, кµбінесе, банкілік кредит деп айтатынын кµріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты кµзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін кµреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.

        Ал мемлекеттік  емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. 

        Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл қызметтер қаржылық құқықтың  пәніне жатпайды.

            Негізінде, мемлекеттік  емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жµніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен реттеу реттеу арқылы µнім (тауар) µндірушілердің құқықтарымен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол мемлекет мүддесін кµздеу болып табылады.

            Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.

      Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады: 1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің, ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына берілген ақша қаражаттарынан тұрады.

  1. Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілердің, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді: жарғылық қор, µнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары; резервтік қорлар және т.б.
  2. Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы субъектілердің ақша қорларымен кµрсетіледі. 5

Информация о работе Каржылык кызмет