Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 23:03, лекция
Ипотекалық несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Ипотекалық кепілдік беру жүйесі қарыз алушының төлеуге қабілетсіздігімен байланысты банктердің несие тəуекелдерін төмендетуді қарастырып отыр, ал көп жағдайларда ол осы тəуекелді толығымен жоюға мүмкіндігі бар. Ипотекалық несиеге кепілдік беру Қоры осы несие тəуекелдерін бөлу салдарынан, банктер қарыз алушылардың кең ауқымына жобаланған ипотекалық несие өнімдерінің кеңейтілген портфелін ұсына алады [23].
Қор несиенің барлық кезеңінде банктердің несие тəуекелдерін 30-дан 50%-ға дейін бөлуді болжап отыр. Қормен берілетін кепілдік мөлшері несие берушімен таңдап алынған модельге байланысты болады. Мысалы, бірінші модель бойынша кепілдіктің ең көп мөлшері ипотекалық несиенің бастапқы сомасының 30%, екінші модель бойынша – кепілдіктің ең көп мөлшері несие беруші талабы сомасының 30%, жəне үшінші модель бойынша кепілдіктің ең көп мөлшері несие берушінің таза шығыстар сомасының 50 % құрайды.
Жоғары тəуекелді несиелер қосымша кепілдіктер берілуін талап етеді, яғни, мұндай
несиелерге кепілдік беру қажеттілігі банктердің немесе ҚИК-дың қарыз алушыларға ұсынылатын шарты болып қалатындығы орынды.
Қордың кепілдік беруі, бірінші кезекте, бірінші рет тұрғын үй сатып алушы, жоғары бастапқы жарнаны төлеу үшін жоғары емес, бірақ тұрақты табыстың жоғарғы деңгейіне ие, жеткілікті жинақтары жоқ жас мамандардың тұрғын үй мəселесін шешу үшін мүмкіндік болып табылады. Талап етілетін бастапқы жарнаның сомасын төмендету, несие берудің өзге шарттарына сəйкес несие алуға қарағанда, қарыз алушыларға ипотекалық несие алу үшін тұрғын үй жинақтарын жүзеге асыруға көмек болады. Несие мерзімін ұзарту ай сайынғы төлемдердің мүмкіндігіне жəне сəйкесінше несие мөлшеріне де оң əсерін тигізеді. Қор қарыз алушымен тікелей жұмыс жасамайды. Қор несие берушілермен берілетін ипотекалық несиеге қойылатын талаптарды, жылжымайтын мүліктің алдын ала біліктілігін, қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі бойынша іс-шаралар кешенін бекітеді. Халықаралық тəжірибеде қабылданғандай, несиеге кепілдік беру бойынша сыйақы Қарыз алушымен төленеді. Қарыз алушымен жүргізілетін сыйақы төлемі – Қормен Несие берушіге берілетін кепілдік төлеміне қарағанда, ипотекалық несие алу мүмкіндігінің төлемі жəне несие берудің "жеңіл" жағдайын ұсыну əлдеқайда оңай. Қазіргі уақытта Қорға қарыз алушымен төленетін сыйақы (жарна) мөлшері несие сомасына, несие мерзіміне, сыйақы түріне (бір уақыттық немесе жыл сайынғы), сонымен қатар банктермен жəне ипотекалық
компаниялармен ұсынылған кепілдік төлемдерінің модельдеріне байланысты 0,12-ден 3,73 дейін пайызды құрайды.
2.3 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ несиелендіру ерекшеліктеріне жалпылама сипаттама
Банктің негізгі міндеті – халықтың тиісті талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті өнімді ұсыну. Зерттеулер мен есептеулер негізінде біз өз клиенттерімізге талап етілген банктік қызметтерді әзірлеп, ұсынамыз және жаңа үлгідегі банктік технологияларды қолдана отырып, қызмет ету сапасын жақсартамыз. Стратегияны іске асыру аясында қызмет беру сапасын басқарып бақылайтын жүйе құрылды. Банк нарыққа өз қызметтерін өткізу арналарын бұдан әрі дамытып, өз өнімдерін ілгері бастыруға бар күшін салуға ниетті.
Банктің аймақтық саясатына сәйкес Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өз филиалдары бар. Еліміздің барлық халқына қызмет көрсету мүмкіндігін ұлғайтуда нысанаға алынған кезектегі дамуы: әрбір қалада халыққа қызмет көрсететін, сондай-ақ, Банк клиенттеріне мол ақпараттар мен кеңес беретін орталықтар ашу.
Қазақстанның 10 қаласында 2011 жылдың соңына дейін Тұғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) қаржыландыратын тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 743 пәтер қолданысқа беріледі. Бұл жайында аталған банктің басқарушы директоры Данияр Тойбаев Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтқан болатын.
«10 аймақ әкімдіктерімен түрғын үй жинақтау жүйесі арқылы тұрғынүй сату және серіктестік туралы келісімшарттар бекітілді, оған сәйкес, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі қатысушыларына 2038 пәтерді қолданысқа тапсыру жоспарланып отыр, оның ішінде 2011 жылдың соңына дейін – 743 пәтер, 2012 жыл ішінде – 1295 пәтер пайдалануға берілмек», - деді ол. Д.Тойбаевтың айтуынша, аталған бағдарлама бойынша ТҚЖБ қаржыландыратын тұрғын үй кешендері Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, Атырауда, Оралда, Қарағандыда, Қызылордада, Павлодарда, Тараз бен Талдықорғанда салынбақ. Алматыда баспананың 1 шаршы метрі 142,5 мың теңгені құрайтын болады, ал Астанада – 112,5 мың. Теңге, Талдықорғанда – 86,6 мың. Теңге және басқа қалаларда – 90 мың теңге [31].
Банк бизнес-үрдіс шығындарын барынша азайтып, Банктің басқару сапасын жақсартатын тиімділігі өте жоғарғы ұйымдастырушылық құрылымдармен қатар клиенттерге қызмет етудің толық циклін қамтамасыз ететін корпоративтік бизнес жүйесін құру бағытында жұмыстар атқаруда. Банктің бұдан әрі дамуы бизнес үрдісті оңтайландыру және сапалы жетілдіру арқылы Банк қызметтерінің тиімділігін көтеруге бағытталды. Алға қойған стратегиялық міндеттемелеріне жету үшін банктің жүйелі инновациялық, ақпараттық дамуы, банк тәуекелдерін бағалау жөніндегі қызметтердің дамуы, клиенттермен жұмыс жүргізу, маркетинг және жарнама, банк активтері мен міндеттемелерін басқару, банктің кадрлық саясаты, ішкі аудит жүйесі және аймақтық дамуы болжанады.
Кесте7- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізгі көрсеткіштері 2003-2011жж.
атауы |
Өлшем бірлігі |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
01.11.2011 |
Барлығы |
ТҚЖ шарттары
Кезеңдегі ТҚЖ шарттары Өспелі қорытындымен Кезеңдегі шарттық сома Өспелі қорытындымен шарттық сома Қолданыстағы шарттар өспелі қорытындымен Салым сомасы, өспелі қорытындымен |
Бірлік Бірлік Млн тг Млн тг
Бірлік
Млн тг |
401
401
444
444
-
- |
4699
5100
2261
2705
-
- |
9507
14607
7155
9860
-
- |
22115 35722 16331 26191
-
- |
31432 68154 36339 62530
-
- |
42426
110580 84669
147199
-
- |
45688 157248 98339 245538
-
- |
57807 214855 120821 366359
-
- |
52953 267818 121497 487856
203873
61328 |
267818
487856
-
- |
Заемдар барлығы Саны
Көлемі Оның ішінде Тұрғын үй заемы Саны
Көлемі
Аралық заем Саны
көлемі
Алдын ала заем саны
көлемі |
Бірлік Млн тг
Бірлік Млн тг
Бірлік Млн тг
Бірлік Млн тг |
127
230
-
-
127
230
-
- |
1161
2118
6
14
1155
2104
-
- |
2043
8630
415
914
2322
7143
205
573 |
7312
23730
1172
2462
2372
9900
3763
11368 |
6357
20064
1986
4469
54
180
4317
15196 |
9735
28784
3122
5853
235
851
6378
21029 |
7028
21656
2787
5796
410
1941
3849
13920 |
34661 105213
9458 20538
6675 22349
18518 62326 | ||
Ескерту: ақпарат www. hcsbk.kz сайтынан алынған |
Біз Қазақстанның ең сенімді банктерінің бірінің атағын иеленуді ниет қылдық, сол себепті ерекше назарымыз Банк қызметтерінің ақпараттық ашықтығына және қаржылық мөлдірлігене бөлінеді. Біздің бұдан әрі дамуымыз Банкің тұрақты қаржылық жағдайға жетуіне және нарықтық құнының өсуіне бағытталады.
Ерекше назарымыз бизнес-үрдістерді автоматтандыруға алып келетін, Банктің ақпараттық технологиясын дамытуға бөлінді, және нәтижесінде ұсынылатын қызметтердің құнын және сапасын оңтайландыру құрметіне Банктік бәсекеге қабілеттілігі артады. Ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың мақсаты – Банкке жүктелген қызметтерді жақсарту және тапсырмалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету.
Қызметкерлерді басқару саласындағы Банктің негізгі міндеті – Банкті алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді тәжірибелі орындайтын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Стратегияны іске асыруда Банктің барлық бөлімшелері үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау, Банк алдында тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес кадрларды іріктеу, оқыту, аттестациялау және орналастыру, сондай-ақ, қызметкерлерді бағалау және ынталандыру жүйесін құру секілді мәселелер шешуді өзіне алады. Барлық қызметкерлер үшін бірыңғай корпаративтік құндылықтарды қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Корпаративтік мәдениетті дамыту, командалық рухты тәрбиелеу, алға қойылған мақсаттарға жеткізуге талпынатын пікірлес ұжымды қалыптастыру қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады.
Кесте 8- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ тарифтік бағдарламалары
Талаптар |
БАСТАУ |
ӨРКЕН |
КЕМЕЛ |
БОЛАШАҚ |
Жинақтау мерзімі |
З жыл 6 ай |
5 жыл 6 ай |
8 жыл 6 ай |
15жылға дейін |
Жинақтардың ең төмен мөлшері |
Шарт сомасының 50%- ы |
Шарт сомасының 50%- ы |
Шарт сомасының 50%- ы |
Шарт сомасының 50%- ы |
Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
Жылдық 2 % |
Жылдық 2 % |
Жылдық 2 % |
Жылдық 2 % |
Салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме |
12,6 % - ға дейін |
8,1 % - ға дейін |
6,1%- ға дейін |
4,6 %-ға дейін |
Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшеремесі |
Жылдық 5 % |
Жылдық 4,5 % |
Жылдық 4 % |
Жылдық 3,5% |
Заем бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме |
Жылдық 5,2 % бастап |
Жылдық 4,7 %- дан бастап |
Жылдық 4,1%- дан бастап |
Жылдық 3,6 % бастап |
Тұрғын үй заемын беру мерзімі |
6 жылға дейін |
10 жылға дейін |
15 жылға дейін |
25 жылға дейін |
Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау бойынша ұсынылатын ай сайынғы жарна |
Шарт сомасының 1,25 %-ы |
Шарт сомасының 0,75 %- ы |
Шарт сомасының 0,50%-ы |
Шарт сомасының 0,25 % |
Тұрғын үй заемын өтеу бойынша болжалды ай сайынғы жарна |
Шарт сомасының 0,80 % - ы |
Шарт сомасының 0,50%-ы |
Шарт сомасының 0,35 %- ы |
Шарт сомасының 0,25 % |
Ескерту: ақпарат www. hcsbk.kz сайтынан алынған |
Банк заемдары:
«Қазақстанның
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
- құрылыс (жер телімін сатып алуды қосқанда), тұрғын үй сатып алу, соның ішінде, жақсарту мақсатымен оны алмастыру жолы;
- тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алу, мердігерлік жұмыс ақыларын қосқанда);
- тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралармен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;
- банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқа жарнаны енгізу.
Банк заемының негізгі төрт түрі бар:
- Тұрғын үй заемы;
- Аралық тұрғын үй заемы;
- «ЖЕҢІЛ» кредит беру бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемы;
- Алдын ала тұрғын үй заемы.
Кесте 9- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ тұрғын үй заемы
Тұрғын үй заемның мөлшері |
Шартты сома мен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырма мөлшерінде. Минималды сома – шектеусіз. Максималды жиынтық сома -1 заемшыға 100 млн. Теңге |
Тұрғын үй заемының мерзімі |
Таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді түрде 25 жылға дейін. |
Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
- таңдап алынған тарифтік - тіркелген, шарттың бүкіл |
Заем бойынша қамтамасыз ету |
- сатып алынатын жылжымайтын мүлік. - заемшының немесе заттық кепіл
берушінің меншігіндегі - меншікті және 3-ші тұлғаның жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары. |
Заем валютасы |
Теңге |
Заемды өтеу |
Ай сайын — аннуитет немесе негізгі қарызды тең үлестермен және сыйақыны азайған қалдықтан төлеу. |
Ескерту: ақпарат www. hcsbk.kz сайтынан алынған |
Тұрғын үй заемы клиенттерге 3-15 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша қаражаттардың минималды қажетті сомасын жинақтаған жағдайда беріледі. Жинақтаудың минималды мерзімі 3 жылды құрайды, жинақтардың минималды мөлшері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманың 50% құрайды, мұндай жағдайда жинақтаудық бүкіл мерзімі ішінде Банк жылына 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,6%-дан 12,7% дейін) Банк сыйақысын және ынталандырылатын салым сомасының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК артық емес) есептейді [27].