Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа
Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29
II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43
III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........
2-сурет Ұсынылатын зейнетақы жүйесінің сызбасы
1) Салымшы таңдаған зейнетақы қорымен келісім шарт бекітеді.
2) Қор зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына салымшы әлеуметтік жеке коды мәлімдейді, ол осы қорға барлық келіп түскен зейнетақы аударымдарын аударуға негіз болады.
3) Салымшы жұмыс берушіге тек әлеуметтік жеке кодты көрсетуімен зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына зейнетақы аударымын аударады.
4) Жұмыс беруші әлеуметтік жеке кодты көрсетуімен зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына зейнетақы аударымын аударады.
5) Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы әлеуметтік жеке кодқа сәйкес қорларға зейнетақы аударымдарын бөледі.
Бұл сызбаны пайдалану арқылы жұмыс берушіге тиімді жағдай тұғызады, яғни жұмыс берушінің банкттік шығындары төмендейді. Ұсынылған сызба бойынша таңдалған қор туралы ақпарат құпия түрде болады, сол арқылы біз жұмысшының зейнетақы қорын таңдауда жұмыс берушінің әсерін шектей аламыз, ол зейнетақы жинақтарын алушының құпиясы туралы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 50 бабымен сәйкес келеді.
Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы салымшының зейнетақы жинақтарын бір қордан басқа қорға ауысуы туралы зейнетақылық заңның талаптарын сақтауға бақылау жүктелген.
Ұсынылған сызбаны енгізу менің ойымша көп қиындық туғызбайды, бұл байланыс жүйесі және ақпарат құралы көп қаржылық шығынды қажет етпейді және қысқа мерзімде жүзеге асады.
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру.
Кез келген экономикалық жүйе дамуының негізі ең алдымен ішкі инвестиция болып табылады. Біздің еліміздегі халық шаруашылығының осы секторындағы жағдай күрделірек.
Экономикалық реформалар жылдарындағы экономиканың барлық салаларында өндіріс құлдырап, инвестиция көлемі лезде төмендеу процесі байқалды.
Ішкі инвестицияны қалыптастыру және белсендендіруге акценттерді орналастырудың объективті қажеттілігі, біздің көзқарасымыз бойынша өмірде аса маңызды мына сұрақтарды шешуге негізделген: дағдарысты қалай өткеруге болады, өндірістің құлдырауын тоқтатып, бірте бірте оның өсуіне әкелу. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп жазады: «Шетел инвестициялары бірқатар жағымды орын алар еді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жақын арада сыртқы факторларға негізгі ставкалар жасау заңсыз болар еді.
Бұл жағдайда бір ғана жол бар: ол өз күшімізге сене отырып, дағдарыстан шешімді түрде шығуды бастау. Өндірістің дамуына өзінің құралдарын салып және жинақтап, жұмыс істейтіндерге көмек көрсетіп, басты күшті өз өндірушілеріміз бен инвестрлерімізге салуымыз керек» (Назарбаев Н.Ә. Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму. М.: Экономика, 2006.-495 бет)
Қазіргі кездегі тоқырау және дағдарыс құбылысындағы ішкі инвестицияның нақты көзі жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады. Зейнетақы қорлары дамыған нарықтық экономикалы елдердегі ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыс істейтін әлеуметтік қаржы институты болып табылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестициялық көкжиегі үш жылдан қырық жылды және одан көп жылды құрайды. Мұндай мерзімді актив айналымы бойынша басқа инвестрлер жоқ. Банктер мен қаржылық корпорациялар ең қолайлы жағдайда 5-10 жылға ұзақ мерзімді инвестицияны жоспарлайды. Сонымен қатар, жинақталған жинақтаушы зейнетақы қоры активтері ұзақ мерзімді қаржылық инструменттерге инвестрленеді.
Бұл қаржы нарығында спекуляуиялық сұраныстың төмендеуін ағымдық айналымнан алып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы қорларының активтері елдің қаржылық жүйесін тұрақтандырушы болып табылады.
Айтылғандарға байланысты, қазіргі кездегі қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорлары активтерін инвестрлеуді талдауға мүмкіндік береді. Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның (АҚында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді) нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес зейнетақы активтерін орналастыру бойынша келесі шектеулер бар:
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы үшін:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік құнды қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттің заңына сәйкес эмиссияланған) – 50 пайыздан кем емес
Халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары – 10 пайыздан артық емес
Орналастыру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тізімі бойынша екінші деңгей банктеріндегі депозиттер мен депозиттік сертификаттар – 40 пайыздан артық.
Қазақстан Республикасы ұйымдарының эмиссиялаған мемлекеттік емес құнды қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттің заңына сәйкес эмиссияланған), «А» категориясы бойынша Қазақстандық қор биржасында ресми тізімге енгізілген құнды қағаздары – 30 пайыздан кем емес.
Уәкілдік органмен Қазақстанда жұмыс істейтін зейнетақы қорларының әр типіне салымшылардың зейнетақы жинақтарын орналастыратын модельді белгілейді. Бұл құрылым мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларына тар болып келеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестрлеуге болатын зейнетақы активтерінің басым бөлігін (80 пайыз) төмен тәуекелділікті және төмен табысты Қазақтанның мемлекеттік және халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары құрайды. Бұл ұйымдар аса жоғары ААА несиелік рейтингті Еуропалық, Азиялық, Америкааралық, Халықаралық Даму банкі болып табылады. Активтердің тәуеклділік бөлігі екінші деңгей банктерінің депозиттері мен депозиттік сертификаттары – 20 пайыздан артық емес.
Мұндағы екінші деңгейлі банктердің депозиттерін Қазақстанның Ұлттық банкі үнемі тексеріп, сенімділік деңгейін анықтап отырады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының мүмкін тәуекелділіктер үлесі жоғарырақ, тәуекелділік активтерінің үлесі олардың портфелінің 50 пайызын (кәсіпорындар –резиденттер және резидент еместер акциялары мен облигациялары, Қазақстан кәсіпорындарының ипотекалық облигаиялары және екінші деңгей банктерінің депозиттері) құрай алады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының әуекелділігі анағұрлым жоғары және түрліше Қазақстан нарығындағы төмен өтімді активтер үлесі жоғары, аап айтқанда акйиялар мен корпоративті облигациялар.
Өтімдлік деңгейі дегеніміз активтерді аз жоғалтулар мен және жылдам жүзеге асыру,ал өтімділігі аз активтер бұл процесті орындаудың күрделілігімен сипатталады. Мұндай активтерге реинвестициялау тәуекелділігі және несиелік тәуекелділік жатады.
Сонымен, Қазақстан республикасы Ұлттық банкі уәкілетті органмен белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорларына диверсификациялық модельдер табыстылық – тәуекл кеңістігінде жатқан, табыстылықтың мүмкін мәнін белгілеуге жалпы бейімделуді береді.
Экономиканы қаржыландырудағы зейнетақы қорларының қатысуымен, сызбалы түрде, зейнетақы активтерінің инвестрлеуге рұқат етілгені туралы жалпылама ақпарат. Өзінің даму деңгейінде қазақстандық қаржы нарығы батыстық қаржы нарықтан алысырақ екенін мойындауымыз керек. Шетел тжірибесіндегі қызмет етуі ұзақ мерзіммен сипатталып, бұл инвестициның тиімді әдісін жасауға мүмкіндік берді. Аса танымал Г.Марковиц, Д.Тобин, У.Шорптың жаағандары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инветициялық портфельдің тимді әдісі қазақстандық зейнетақы қорының қызметінде шектеліп қолданылады.
Бұл себептер ретінде тұрақсыз экономика және саяси жағдай, қаржы инструменттерінің параметрлерін есептеу үшін қажетті қаржы нарығының тұрақсыз динамикасының шектелуін бағалау, қысқа мерзімді активтерді инвестрлеуге зейнетақы қорларының ұмтылуы, жинақтаушы зейнетақы қоры компаниясын басқарушылардың консервативтілігі және тағы басқаларды айтуға болады.
Ресми мәліметтер бойынша 2006 жылдың бірінші маусымында елде бір мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін жүргізді. Салымшылардың жалпы саны 4,9 миллион.
Оның басым бөлігін жеке қорлар алады. 154,2 миллиард теңге сомасында зейнетақы жарналары келіп түсті, оның 43,4 пайызы мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, ал 56,6 пайызы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры. 204,4 миллиард теңге сомасында зейнетақы жинақтарына инвестрленді, оның ішінде 2006 жылдың алғашқы бес айындағы инвестициялық өсім – 32,3 миллиард теңге.
Жинақтаушы зейнетақы қоры портфеліндегі көлемі бойынша бірінші орынды орташа және ұзақ мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар, екінші орынды Қазақстандық қор биржасының «А» листингіне енгізілген, эмитенттердің акциялары мен облигациялары алады. Қорлар қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздары және банк депозиттеріне 8-9 пайызын салды. 0,5 – 3,3 пайызға дейінгі активтер шетел эмитенттері мен халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары, муниципалдық облигацияларға инвестрленді.
Статистика көрсеткендей, зейнетақы реформаының басты мақсаттарының бірі – зейнетақы активтерін өндіріске инвестициялауға қол жетпеді. Сонымен, зейнетақы жүйесінің салымдарды механкалық жинақтау емес, нақты өндіріске инвестициялау.
Қазіргі кезде зейнетақы қорларының өкілдері қордың инвестициялық саясаты – минималды тәуекелділікпен тиімді табыстың сәйкестенуі деп жазып жүр (Егеменді Казақстан, 6 маусым 2006 жыл).
Активтердің табыстылығы және тәуекелділіктердің қатынасы туралы классикалық көзқарастарға сәйкес тәуекелділік активтердің көбісі жоғары табыстылыққа сәйкестенеді. Осыған байланысты инвестиция портфелінің актив құрылымының тәукелі бұл портфельдердің жоғары табыстылығына сәйкес келуі тиіс.
Сондықтан, бұл постулаттарын жарнамалау «біздің қор ең сенімді, сондықтан қордың табыстылығы минималды»сияқты болып келеді. Бұл инвестициялық саястты таңдалынған зейнетақы қоры мен сәйкес компания басшысы таңдайды. «Жоғары тәуекелділік – жоғары табыстылық» постулатын ешкім қайтарған емес.
Егер жоғары тәуекелділік жоғары табыстылықпен өтелмесе, онда бұл саясаттың таразылығы туралы айтылмай, оның мониторингінің әлсіздігі атылады. Зейнетақы активтерінің көлемі табыс көлемімен телей байланысты. Зейнетақы қоры активтерінің көлемі жалпы қор табысының мөлщеріне әсер етуі сөзсіз және бұдан қор біртала комиссиондық табыс алады.
Бірақ жеке салымшының есптеу мөлшері оның зейнетақы жинақтары мен инвестициялқ табыстылығының деңгейіне байланысты. Сондықтан, егер салымшы жинағы белгілі бір жеткілікті үлкен сомадан асып және оған тек активтердің сақтаулылығы мәнді болатын болса, онда оған өзінің активтерін тәуекелдігі аз қорға ұстауға болады. Салымшылардың көбіне тн жинақ деңгейінің аздығында, әсірес еңбек қызметін жаңа бастайтындар табыстылығына сәйкес зейнетақы қорын таңдауына болады.
Өткен күзде жинақтаушы зейнетақы қоры жиынтық инвестиция портфеліндегі қаржы инструменттерінің үлесі өзгерді. Қазақстан қазан айында 350 доллар еврооблигация шығарылымын өтеді, оның 2/3-сін ішкі инвесторлар, яғни зейнетақы қорлары ұстайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі екі нұсқа ұсынды: не үкімет жаңа еврооблигация шығарып, 2004 жыл шығарылымын өтейді, не бюджеттегі ішкі көздерді табады. Қаржы Министрлігі батыстағы асыра қаржыландыруды ұстанады(Понорама, №27, 12 шілде 2006 жыл).
2006 жылдың мамырында бюджет профицитпен орындалып, 31,1 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 2,9% құрады. Қазан айындағы өтеуден кейін зейнетақы қорларында 200-250 миллион долларға инвестициялау мәселелері туындайды. Сондықтан үкімет 2006 жылдың күзінде ресей компанияларына уақытша еркін зейнетақы активтерін залалсыздандыруға Қазақстандық депозиттік қолхат нысанындағы құнды қағаздарын шығарып, өзінің нарығына шығуға рұқсат берді.
Қолхат акцияны қамтамасыз ететін депозитарии түрінде шығады, яғни онң иесі шетел компаниясының толық акционері болып табылады: оның акционерлік қоғамды басқаруға, дивиденд алып, компанияның жойылуында құнын алуға құқығы бар. Қолхаттар шетел инвесторларына акцияны сату көзделген, біздің жағдайымызда ресей акцияларын қазақстандық зейнетақы қорларына салу. Ол жерждегі тәуекелділіктер аз емес және дивидендтермен түгелдей түсінікті емес. Бұл жерде сөз Каспий шельфінде жұмыс істейтін «ЮКОС» және «Лукойл» акциялары жөнінде болып тұр.
Сонымен, біз өзіміздің көмір су ресурстарымызға агрессивті күрес жүргізетін, өзі үшін пайдалы жобалардың әдістемеін жасайтын кәсіпорындарды қаржыландыруды көздеп отырмыз. Бізде акцияны өз қорларымыз сатып алатын өз мұнай алпауыттарымыздың жоқтығы өкінішті-ақ.
Қазақстандық қаржы нарығының барлық ерекшеліктеріне қарамастан, инвестицияның диверсификациясы капиталды басқару бойынша тәжірибелік міндеттерді шешудегі ықтимал тәекелділіктерді төмендетудің аса тиімді тәсілі болып қалады. Осыған байланысты активтерді орналастырудағы шектеулер мен өз қызметінің еебімен мемлекеттік емес зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің тиімді құрылымын модельдеу ұсынылады.
Инвестициялық таңдаудағы қалыптасқан әдістер мен инвестициялық теорияның жетістігін пайдлану активтердің әр түрлі объективті немесе субъективті қасиеттерін бағалауды бейнелейтін мемлекеттік емес зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің шектелген шартты-тиімді құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфелінің тиімді моделін қормен қолданылатын зейнетақы сызбасының типімен байланысты, тиімдендіргіш факторға тәуелді екі типке бөлуге болады. Олар белгіленген төлемдер мөлшерінің сызбалары.
Бекітілген төлем мөлшерінің (сақтандыру әдісі) сызбасына салымшының жасы мен жынысына, сонымен қатар төлем кезеңінің мерзіміне байланысты бекітілген тарифпен сәйкес жарналарды енгізу бойынша салымшылардың міндеттемелері және салымшымен белгіленетін болашақ зейнетақы мөлшері тіркелетін келісім шартпен сипатталады.
Белгіленген төлем мөлшерлі жұмыс стейтін қорларға тиімдендіргіш фактор қордың қаржылық ағымының актуарлық есеп айырысу нүктесі болып табылатын минималды кепілденген табыстылық деңгейіне жеткенде тәуекелділікті азайту болып табылады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы