Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

Филиалдар жүйесі

17 филиал және облыс орталықтарындағы және ірі қалалардағы 12 аумақтық кеңселер
Қызмет саласының кеңеюіне келетін болсақ, келесідей: 2003 жылғы шілде - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметімен айналысуына Мемлекеттік № 0411200090 лицензия алынды және 2003 жылғы қараша - Қорға “ Халық Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы” ЗАҚ қосылуымен байланысты зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметімен айналысуына жаңа Мемлекеттік № 0412200115 лицензия алды.
      Ал 2003 жылғы желтоқсан – бағалы қағаздар нарығында брокер – дилерлік қызметпен айналысуға № 0402200174 клиенттер есебін жүргізу құқығынсыз Мемлекеттік лицензия алынды.

«Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының» кадрлық құрамының жалпы қызметкерлер саны 939 адам. Оның ішінде, орталық аппаратта 377, ал өкілдіктерінде 562 адам жұмыс істейді. Одан басқа штаттан тыс жұмысшылары 366 адам.

Қорда банк жүйесі және қаржы нарығының басқа да облыстарында елеулі жұмыс стажы бар жоғары маманданған мамандар қызмет атқарады. Қордың кадрлар құрамының білім деңгейі бойынша 84 пайызы жоғары білімді, ал 12 пайызы орта арнайы білімді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің негізгі бөлігін жастар құрайды, яғни 30 жасқа дейн 45 пайыз, 40 жасқа дейін 35 пайыз, 40 жастан жоғары 20 пайыз адамды құрайды.

Қор менеджменті кадрларының негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

    Ғылыми әдістерді енгізу негізінде персоналдарды басқару процесін үнемі жетілдіру

    әр жұмыс орнында қажетті сандық және сапалық еңбек тиімділігін қамтамасыз ету

    әр қызметкердің жеке мүмкіндігін жүзеге асыру және кәсіби өсімін және лауазымдық алғышарттарын құру

    үздіксіз оқу процесі ретінде кадрлардың біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру

    персоналдарды бағалау

    басқарманың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру

    кадрларды орналастыру және таңдау әдістері мен критериилерін жасау

    персоналдың мотивация жүйесін жетілдіру.

Қор қалыпты жоғары өнімді жұмысты, оған еңбек жұмысшыларын материалдық және рухани ынталандыру нысанына сәйкес қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарды құрады. Қор жетілген филиалды желілерге ие: 17 аймақтық өкілдіктер, 10 аумақтық кеңселер мен 15 облыс орталықтарындағы өкілдіктер. Жеке зейнетақы шоттары бойынша инвестициялық табыс күн сайын есептеледі, бір операциялық күн жүргізіледі.

«Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы аймақтық құрылымы сызбада көрсетілген. Қор келесідей қызметтер көрсетеді:кәсіпорын жетекшілеріне қызмет тегін, оларға қажет болған жағдайда көрсетіледі, яғни олар кәсіпорынды дамытуға зейнетақы активтерін тарту бойынша, «Қазақшетсақтандыру» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы қызметтері мен өкімдері туралы кеңестер беру.

Есеп-қисап қызметкерлеріне келесідей қызметтер кәрсетіледі:

      пениді есептеу және МТ-102 форматындағы зейнетақы жарналарын есептеуге төлем тапсырысын қалыптастыру бойынша бағдарламалық қамсыздандыру

      есеп-қисапшы есіне әдістемелік құралы, зейнетақы жарналарын аудару және ұстау сұрақтары бойынша бекітілген барлық өзгерістер туралы жедел ескерту беру және кеңес беру

      филиалдық желісі бар, корпоративті кәсіпорындарға орталықтанған төлем мониторингі

      зейнетақы жарнасының шотына түскен салық органдарына растама

      аударуда қате кетірген жағдайда, төлеушіге қажет болғанда, жазбаша түсіндіріп,зейнетақы жарналарын қайтару

      СТН, банк реквизиттері туралы көрсетілген мәліметтер негізінде зейнетақы жарналарын (қайтарылған) және аударылғандар туралы мәліметтер

«Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының аймақтық желісі

      Қазақшетсақтандыру» акционерлік қоғамы және «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қызметтері мен өнімдері туралы кеңес беру.

Салымшыларға келесідей қызметтер көрсетіледі:

      зейнетақы келісіміне отыру, салымшыға есеп кітапшасын беру және жеке зейнетақы шотын ашу, құжаты жоғалған жағдайда, оны қайта жасап беру. Зейнетақы келісіміне өзгерістер енгізуге өтініштер қабылдау

      1998 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ұсталынған топтағы түсімдерді тексеру

      жеке зейнетақы шотына міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу

      салымшының өтініші бойынша жинақталған зейнетақыны төлеу

      электрондық пошта бойынша есеп беру, презентациялар жүргізу арқылы қор қызметі туралы есеп беруді ұсыну

      салымшы таңдауы бойынша зейнетақымен қамсыздандыру сұрақтарына кеңес беру

      қорға зейнетақы жинақтарын аудару, аударым және сенімділікке өтініш жазуды ресімдеу, яғни салымшымен

      жеке зейнетақы шотына инвестициялық табысты есептеу

      өзінің басылымдарына жариялау

      «Қазақшетсақтандыру» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы қызметтері мен өнімдері туралы кеңес беру

      Зейнетақы жинақтары туралы ақпараттар ұсыну, яғни кодтық сөз негізінде аудио қызмет көрсету келісімінің болуымен.

 

2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау

 

Қорда ашылған жалпы белсенді салымшылар үлесі 928000 адам, оның 173 ерікті болып келеді. 2006 жылмен салыстырғанда белсенді салымшылар өсімі 170883 немесе 22 пайызды құрады. 2006 жылы басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан салымшылар ағымы 85486 адамды құрады, яғни жалпы тартылған салымшылар санының 54 пайызын құрады.      Салымшылардың көбісі республиканың елу мың ұйымдары кәсіпорындары және мекемелердің жұмысшылары болып табылады. Жалпы салымшылар санының 30 пайызы мұнайшылар қаржыгерлер, теміржолшылар, энергияшылар, бюджет саласының жұмысшылары құрайды.

Қордың салымшылар контингентін еңбекке қабілетті халықтың барлық жас ерекшеліктері көрсетілген, оның бір пайызы 18-20 жастардағы жастар, екі пайыздан астамы 60 жастан жоғары салымшылар. Экономикалық белсенді бөлігі 20-50 жас аралығындағы салымшылар 82 пайызды құрайды, 15пайызға жуығы 50-60 жастағылар болып келеді. Қордың әйел салымшылары 45 пайыз.

Салымшылар саны тек қорға сенімділікті көрсетпейді, бұл сонымен қатар, бәсекелестері арасындағы айырмашылықты және жақсы жұмысының көрсеткішін көрсетеді. Қордың жемісті жұмысына барынша танымалдылық, қызметінің ашықтығы, жариялылығы мен бұқаралық ақпарат құралдары материалдарында үнемі қатысуы жатады.

Қормен келісім шартқа отырған салымшылардың 30 пайызы өздерінің туыстары мен жақындарының кеңесімен келген.

        Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының үлен қарқынмен артқанын келесі көрсеткіштер арқылы айқындауға болады. Дамудың негізгі кезеңдеріне тоқталатын болсақ 2000 жылғы мамыр : салымшылар саны – 500 000 адам, зейнетақы активтері – 14 млрд. теңге болды. 2001 жылғы шілде : салымшылар саны – 700 000 адам, зейнетақы активтері – 31 млрд. теңге ,2003 жылғы тамыз : салымшылар саны – 1 000 000 адам ,2004 жылғы маусым: зейнетақы активтері – 100 000 000 000 теңге, ал 2005 жылғы сәуір: зейнетақы активтері 1 000 000 000$ құрады. Бұл салымшылар арасындағы қордың белсенділігін көрсетеді.

 

Қордың қысқа- және орташа жылдамдық мақсаттарына жетуін талдайтын    болсақ:2002 жылғы қыркүйек – республика зейнетақы жарналарының жалпы көлемінің 20% болса, келесі өзгеріс 2003 жылғы мамыр - республика зейнетақы жарналарының жалпы көлемінің 25%құрады. 2004 жылғы ақпан - зейнетақы

 

2006 жылғы 1 қантардығы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ"

АҚ (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы) табыстары мен шығыстарытуралы есебі, (мың теңге)

кесте

Баптар атауы

Есепті жылдың соңына

алдаңғы жылдың соңына

Комиссиялық сыйақы

3 114 774

790 216

Ағымдағы шоттар мен орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі табыстар

41 702

2 903

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі (купон және/немесе дисконт) табыстар

71 026

 

     59 403

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан табыстар (шығындар) (нетто

 

-584

 

-1 419

Сату үшін қолда бар саударлық бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар құнының өзгеруінен табыстар (шығындар) (нетто

1 363

-8 406

"Кері РЕПО" операциясы бойынша табыстар

 

 

Шетелдік валютаны қайта бағалаудан табыстар (шығындар) (нетто)

128

-18 511

Қаржылық емес активтерді сатудан және активтер алудан табыстар

 

 

Басқа табыстар

3 425

7 218

Комиссиялық шығыстар

3 231 834

831 404

Табыстардың барлығы

5 733

12 296

кастодиан-банктерге сыйақы

5 733

12 296

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі шығыстар (сыйлықтар)

2 749

3 425

Жалпы әкімшілік шығыстар

1 017 638

514 156

Қаржылық емес активтерді сатудан және активтерді беруден шығыстар

347 201

259 470

Шығыстардың барлығы

1 373 321

789 347

Резервке аударылғанға дейінгі пайда (шығын) (провизия)

1 858 513

42 057

Салық салуға дейінгі пайда (шығын)

1 858 513

42 057

Копоративтік табыс салығы

564 142

12 170

Салық салудан кейінгі таза пайда (шығын)

1 294 371

29 887

Кезең ішіндегі таза пайда (шығын)

1 294 371

29 887

активтері көлемі бойынша зейнетақы нарығының озаты деп айта кеткен жөн.
Ал 2005 жылғы сәуір – салымшылар жинақтарының көлемі 1000 000 000 $ жетті.

«Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мәліметтеріне толықтыра отырып, оның «зейнетақы активтерін басқару бойынша Қазақстан Халық банкінің компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің нәтижесі жайлы айта кетейік.

2005 жылғы компанияның жарғылық есептілігін бухгалтерлік есептің халқаралық және қазақстандық стандартына сәйкес жүргізілуін «Артур Андерсен» халықаралық аудиторлық компаниясы дәлелдеп берді.

2005 жылы компанияның жиынтық табысы 193412,9 мың теңгені құрады. Оның ішінде зейнетақы жарналары бойынша комиссиондық жарналардан табыс 12572,13 мың теңге, зейнетақы активтерін орналастырудан комиссиондық сыйақыдан табыс 106902,3 мың теңге, бағамдық айырмашылығы 29178,5 мың теңге.

Компанияның меншіктік қорын орналастырудан табысы 33898,9 мың теңге, қаржылық құралдарды қайта бағалаудан бағамдық айырмашылық 10861,2 мың теңгені құрады. Компанияның жарғылық қоры 180,1 миллион теңге, активтерінің баланстық құны 368,9 миллион теңге, ал меншіктік қоры 368,5 миллион теңгені құраған. Қызметінен түскен табысы 193,4 миллион теңгені құраған, жалпы шығындары 100,1 миллион теңге. Таза табысы 1 294 371мың теңге, капиталдың табыстылығы 25,3 пайыз, ал активтерініің табыстылығы 25,29 пайыз болды.

 

                                  2.3.Зейнетақы активтерін талдау

 

Бүкіл қызмет еткен кезеңдері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына 25938153 мың теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасы есептелген, оның ішінде 2005 жылы 12577069 мың теңге келіп түскен.2005 жылы ай сайын орташа бір миллиард теңгеге артық зейнетақы жарналары келіп түсті.

2006 жылдың бірінші қаңтарында таза зейнетақы активтерінің сомасы 39017091 мың теңгені құрады. 2005 жылғы таза зейнетақы активтерінің өсімі 17181395 мың теңгеге тең, бұл 2004 жылға қарағанда 1,5 есе артық. Басқа жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтары 6789349 мың теңге сомасында аударылды, онывң 2005 жылғысы 2555792 мың теңге. 2005 жылы 1998 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңге қарағанда 18 пайызке жоғары мемлекеттік емес қорлардан аударымдар жасалды.

Ерікті зейнетақы жарналары 5369 мың теңге, оның 3526 мың теңгесі 2005 жылы түсті, яғни ол 2004 жылға қарағанда үш есе өсті. Ал, 2006 жылдың желтоқсанындағы бүкіл Қор қызметінің кезеңінде зейнетақы жарналарының жалпы сомасы 39637905 мың теңгені құрады, оның 8718 мың теңгесі ерікті.Оның ішінде кезеңдер бойынша: 1998 жылы – 2210385 мың теңге, 2003жылы – 3629077 мың теңге, 2004 жылы 7521622 мың теңге, 2005 жылы 12577069 мың теңге, 2006жылдың 11 айына 13699752 мың теңге.

Басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан 10049944 мың теңге аударылып түсті, оның 3260595 мыңы  2006 жылы түсті. Түсімдердің 71 пайызы мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан түсті.

2006 жылы ғана түскені 43 пайыз, яғни мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынынан түскен зейнетақы жинақтарынан түсім көлемі ұлғайды. Таза зейнетақы активтерінің сомасы 58046552 мың теңгені құрады. 2006 жылдың бірінші желтоқсанында жинақталған инвестициялық табыс 16178293 мың теңгені құрады, оның  2006 жылы түскені 5616739 мың теңге. Жеке зейнетақы шотындағы салымшылар 14560464 мың теңге сомасын есептеді.

2006 жылдың желтоқсанындағы құнды қағаздар бойынша табыстылығы: валюталық қаржылық инструменттері бойынша: Қазақстан Республикасының Евроноталары – 9,76- 10,72 пайыз, шетел эмитенттерінің құнды қағаздары – 1,5- 9,0 пайыз, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің корпоративті облигациялары – 8,99- 15,0 пайыз, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен шығарылған, мемлекеттік құнды қағаздары (валютада) – 9,2 пайыз.

Теңгелік қаржылық инструменттер бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің міндеттемелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ноталары – 3,9- 11,7 пайыз, банктер депозиті – 11,7- 14,3 пайыз.

Қордағы зейнетақы жинақтарының есебі ORACLE мәліметтер базасының басқару жүйесін және SUN ULTRA SPARCK серверлерімен SUN MICROSYSTEMS компаниясы жасаған сңғы технологиялық жабдықталған аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыру жүргізіледі.

              Қордың орташа табыстылығы бұл зейнетақы активлерін басқару компаниясының инвестициялық қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы әр тоқсан сайын жарналанатын, қордың орташа табыстылығы есепті тоқсанның күнтізбелік жылының соңғы айындағы зейнетақы активтерінің бір шарттары бірлігінің орташа құнынан есепті жылдың соңғв айына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құнына қатынасынан шығып отырады.

Қор зейнетақы төлемдерінің барлық түрін жүзеге асырады. 2004 жылдың бірінші қарашасына 3211057 мың теңге төленді.

Талдау жүргізетін болсақ,2002 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықтағы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру көрсетілген2002 жылы қормен 245,1 миллион теңге, 2004 жылы 526,0 миллион теңге, 2005жылы 10008,5 миллион теңге, ал 2006 жылы 1431,2 миллион теңге зейнетақы төлемдерін төлеген. Олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты мекен жайға кетуімен байланысты болған, сәйкесінше 46%,70%, 72% және 64%.

Ал, зейнет жасына жетуіне байланысты, сәйкесінше 50%, 22%, 18% және 26%. Қалған үлесі өлуіне байланысты және мұрагерлеріне төленген.

Қордың өтімді құнды қағаздарының портфелі бар, ол 2004 жылдың бірінші қаңтарына 119434 мың теңгені құрады. Портфель толықтай мемлекеттік құнды қағазда қалыптасып, АҚШ долларында аударылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы