Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

2) конвертте көрсетiлген мекен-жайдың аталған елдi мекенде жоқтығы туралы (егер конверттегi мекен-жай Шартта көрсетiлген мекен-жайға сәйкес болса);

3) Хатты алушының өлiмi туралы немесе оның Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетiп қалғандығы туралы.”

6.                            Зейнетақы жинақтарын Қордан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару шарттары

31. Салымшы/Алушының өз зейнетақы жинақтарын Қордан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда зейнетақы жинақтарын Қордан сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар. Зейнетақы жинақтары бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Салымшы/Алушының ниеті бойынша күнтізбелік жылда екі реттен артық емес аударылуы мүмкін.

32. Қордан зейнетақы жинақтарын:

1) басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Салымшының (немесе оның Сенімгерінің) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген тәртіпте жазылған және Қорға тапсырылған зейнетақы жинақтарын аудару туралы жеке өтініші;

2) Алушының жазбаша хабарламасы және зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы сақтандыру ұйымына аудару үшін құқықтық негіз болып табылады. Хабарлама еркін нысанда рәсімделеді. Хабарлама алынған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қор Алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген банктік деректемелер бойынша аударады.

33. Салымшы/Алушының арызы бойынша Қор зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіпте және мерзімде аударуға міндетті.  

7. Салымшы/алушыларға Қордың және кастодиан-банкітің акционерлері туралы мәліметтерді ұсыну

 

34. Салымшының/Алушының жазбаша сұрауы бойынша Қор дауыс беретiн акциялардың бес және одан көп пайыздарын иеленетiн Қордың және кастодиан-банктiң акционерлерi туралы ақпаратты олардың атауларын (заңды тұлғалар үшiн), тектерiн, аттарын, болған жағдайда — әкелерiнiң аттарын (жеке тұлға акционерлер үшiн) көрсете отырып ұсынады.

8. Қор мен Салымшы/Алушы арасындағы құқықтық

қатынастардың басқа ерекшеліктері

35. Зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіпте және шарттар бойынша мұраға қалдырылады. 

36. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы қолданылып жүрген заңнамада көзделген төлемдердің барлық түрлерін Қор Алушы, оның мұрагері/лері (жерлеуге арналған жәрдемақы төлеу кезінде отбасы мүшесі немесе жерлеген тұлға), сенімгер ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырады.

37. Шартты жоғалтқан жағдайда Салымшы/Алушы құжатты жоғалтқаны жөнінде Қорға мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауы керек. Қор Салымшы/Алушының құжатты жоғалтқаны туралы өтініші алынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Шартты дайындайды. 

38. Салымшы/Алушы Қордың өз міндеттерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, оның ішінде мекенжайының, жеке басын растайтын құжаттың, тегінің, атының, әкесінің атының, салық төлеушінің тіркеу номерінің (СТН) және т.б. өзгеруі жөнінде олар туындаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Қорға хабарлауы керек.   

39. Тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда Салымшы/Алушы Қорға өзгертулердi растайтын арыз және құжаттарды (жеке өзi, пошта арқылы, сенiп тапсырған адамы арқылы) ұсынуға тиiс. Салымшы/Алушы пошта байланысы арқылы жiберген құжаттар көшiрмелерiн нотариус куәландыруға тиiс.

40. Салымшы/Алушы жұмыс орнының, тұратын жерiнiң, СТТН өзгергендiгi туралы Қорға электронды пошта арқылы, телефон арқылы немесе жеке өзi не пошта арқылы, не сенiп тапсырған адамы арқылы жазбаша арыз беру жолымен хабарлауға құқылы

41. Қордан жүргізілетін зейнетақы төлемдеріне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.

42. Қор салымшы/алушылардың жеке зейнетақы шоттары бойынша дерекқорды сертификатталған бағдарламалық өнім арқылы жүргізеді (29.07.2003ж. №983 интеллектуалды меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесі салымшы/алушылардың зейнетақы жинақтарының есебін, бүтіндігін, сақталуын және олар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету шарттары сақталып жүргізіледі.

9.Қорытынды ережелер 

43. Қор комиссиялық сыйақының шекті шамасынан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға, сондай-ақ Салымшы/Алушыларға Қор міндеттеріне жатпайтын қызметті ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қосымша сыйақы алуға құғылы.  

44. Қолданылып жүрген зейнетақылық заңнамаға сәйкес Қор ұсынатын қызметтер үшін тарифтерді Қор Басқармасы бекітеді және олар, егер басқарма қаулысында кештеу мерзім көрсетілмесе, бекітілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң күшіне енеді. 

45. Қор тарифтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат Қор филиалдарының және Қор филиалдары аумақтық кеңселерінің үй-жайларында көрнекі жерлерде Салымшы/Алушылардың танысуы үшін оларды Қор Басқармасы бекіткен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ілінеді. 

46. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына енгізілген өзгерістер олар күшіне енген сәттен бастап осы Ереженің тиісті қағидаларын өзгертуге әкеледі.

47. Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар Қордың директорлар кеңесінің шешімі бойынша енгізіледі және бұл ақпаратты Қор филиалдары мен Қор филиалдары аумақтық кеңселерінің үй-жайларында хабарлама тақталарына ілу арқылы Салымшы/Алушыларға жеткізіледі.

 

1.4.Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары ұзақ мерзімді келісіммен сәйкес салымшылармен төленетін, жарналар арқылы ақшалай жинақтарды тартатын, келісімді – жинақтаушы типтегі қаржылық институттар жинақтаушы қорлар бөлумен емес, инвестрлеу барысында ақша табумен айналысады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы бір қатар әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешеді, яғни азаматтарды зейнетақымен өзін - өзі қамтуға тарту,жұмысберушілер мен жұмысшылардың әлеуметтік серіктестігінің дамуы, инвестициялық жобалар мен бағдарламаларда қолдануға ұзақ мерзімді қаржылық қаражатты қалыптастыру.

1997 жылдың жиырмасыншы маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның шығуымен зейнетақымен қамсыздандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын, ал 2002 жылдың жиырма тоғызыншы желтоқсанындағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес тек жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын жинақтаую.зейнетақы міндеттемелерін есептеу, өзінің қызметіне комиссиондық сыйақылар алу, зейнетақы төлемдерін жүргізуге, басқа да заңдарға сәйкес құқықтарын жүзеге асыруға рұқсат етілген. Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін реттеу бойнша комитетпен бақыланып, лицензияланады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналары мен активтерін инвестрлеуді жүзеге асыруға тиым салынып, ол функция (6-бап, 8-бөлімше) зейнетақы активтерін басқару компаниясына берілген. Ол жаңа 2002 жылдың жиырма тоғызыншы желтоқсанындағы өзгерісте мен толықтыруларға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының өздері жүзеге асыру құқығы берілген.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясының Қазақстан Республикасы құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиямен бақыланып, лицензияланады. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы ақшаға тек үкім етеді, бірақ қзінің шотында иеленбейді, күн сайын құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияға сегізге жуық әр түрлі есеп береді. Ол зейнетақы активтерін басқаруға жауапкершілікті алады.

Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған жалпы сомасына ай сайын шамамен бес миллиард теңге қосылды. Қаржы нарығында құнды қағаздардың жаңа түрлері шығарылмауда.

Жыл басында зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынының қосынды құрылымы дәстүрлі күйінде қалды: ең үлкен үлесті қысқа мерзімдік мемлекеттік облигациялар құрады. Егер мемлекеттік құнды қағаздардың коммерциялық тәуекелге неғұрлым аз дәрежедегіқатыстылығын ескермесек болмайды. Бірақ, онда біріншіден, қорлардың инвестициялық қоржындары жеткілікті диверсификацияланбаған болады.

Екіншіден, Қаржы Министрлігі мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың пайызтік ставкаларын қарқынды кеміте түсуде, ал одан жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының қаржыларына есептелетін инвестициялық табыс зардап шегеді. Жекелеген қаржыгерлер мемлекетттік қысқа мерзімді облигациялардың төмен пайызтерін теңге құнының жоғарылығымен байланыстырады. Үкіметтің зейнетақы мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы мөлшерлерін өлшеу жөніндегі жоспары жүзеге асқаннан кейін инфляциялық процесстер неғұрлым ырғақты дамитын болады.

Жинақтауушы зейнетақы қорлары экономиканың шынайы секторын, корпорацциялық облигациялар арқылы емес, тікелей инвестициялау жоспарын ұсынып, банк депозиттері арқылы жүзеге асады.

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының негізінде әрбір жұмыс істейтін азамат (заңмен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа) жинақтаушы зейнетақы қорларына он пайызтік зейнетақы жарнасын аударуға міндетті.

Біздің зейнетақы жинақтарымыз ұдайы көбейіп, сөйтіп ақшаның құнсыздануынан қорғалуы үшін барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару компаниясы арқылы біздің зейнетақы салымдарымызды әр түрлі қаржы құралдарына салады және одан түскен табысты біздің жинақтарға қосады.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясы белгілі бір инвестициялық саясат қалыптастырады және Қазақстан Республикасы құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның нұсқауларын қатаң орындай отырып, сол немесе басқа құнды қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мына құнды қағаздарға инвестицияланады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына елу пайызтен кем емес мөлшерде, жергілікті атқарушы органдар шығаруға Қазақстан Республикасының  мемлекеттік құнды қағаздарына инвестицияланады. Біздің зейнетақы жинақтарымыз ұдайы көбейіп, сөйтіп ақшаның құнсыздануынан қорғалуы үшін барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару компаниясы арқылы біздің зейнетақы салымдарымызды әр түрлі қаржы құралдарына салады және одан түскен табысты біздің жинақтарға қосады.

Осы құнды қағаздардың «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының сауда жүйесіне айналымға жіберілуі жіне оларды құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығы зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат беруі шарт. Бұл қаржы құралдарына инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі бес пайыздан аспауы керек.

Халықарлық қаржы ұйымдарының (Дүние жүзілік қайта құру және даму банкі сияқты)он пайызтен артық емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілейтін, екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне жиырма пайызтен артық емес, жинақтаушы зейнетақы қорына жоғарыда аталған қаржы құралдарынан басқа да зейнетақы активтерінің отыз пайыздан артық емес мөлшерде Қазақстан кәсіпорындарының корпоративті құнды қағаздарына,яғни «көгілдір фишкалар» аталатын акцияларға қоса құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның «Зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялық қызмет жүргізу ережелеріне» сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес құнды қағаздарына инвестиция салуға болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен салымшылардың зейнетақы салымдары бес күн ішінде әр түрлі қаржы құралдарына орналастыруы керек. Зейнетақы салымдарына инвестициялық табыс күнде түсіп отырады. Осы процеске оқығанда қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия бақылау жасайды. Комиссияға зейнетақы активтерін басқару компаниялары әр жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қозғалысы туралы күнделікті есеп беріп отырады.

Құнды қағаздар жөніндегі әрбір келісімнің заңдылығын тексереді. Құнды қағаздар жөніндегі қлттық комиссия зейнетқы активтерін басқару жөніндегі компаниясына он екі ай қызметінен кейін табысының ең төменгі мөлшерін орнатады. Егер зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар әр тоқсанда және жылына бір рет әрбір салымшы таныса алатындай баспасөз бетінде өз қызметінің есебін жариялауға міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бұл салымшылардың зейнетақылық жарналарын жинауды және жинақтарды алушыларға төлеуді жүзеге асырушы заңды тұлға. Зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ең маңызды бөлігі, себебі, салымшы тек қормен ғана келісім шартқа отырады. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы заңды тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II БӨЛІМ.«Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау

 

2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының

ұйымдастырушылық құрылымы және қызметтері

1997 жылғы желтоқсан - ұйымдастырушылардың “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” АҚ құру туралы шешімі
1998 жылғы қаңтар - “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” АҚ ҚР Әділет министрлігінде тіркелуі
1998 жылғы ақпан – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне уақытша №0000008 Мемлекеттік лицензия алуы
1999 жылғы ақпан - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне №0000008 Негізгі Мемлекеттік лицензия алуы
2003 жылғы қараша – Қорға “ Халық Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы” ЗАҚ қосылуымен байланысты зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне №00000022 жаңа лицензия алуы

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы