Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

Зейнетқаны қалыптастыру ерекшеліктері

20 маусым 1997 жылғы «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

29 желтоқсан 2002 жылғы «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы»ҚР Заңы

1-бап. 30 ұғым қолданылады.

1бап.30ұғымның16қайта енгізілген.

4-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

4-бап. Осы заңға сәйкес жойылған.

3-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.

3-бөлім.Жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру.

7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.

27-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен міндеттері.

27-бап. Міндетті зейнетақы жарналары-салымшылары, жинақтаушы зейнетақы қоры және агенттерден зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары мен міндеттері.

28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары мен міндеттері.

28-бап. Осы заңға сәйкес жойылған.

32-бап. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.

32-бап. Осы заңға сәйкес жойылған.

33-бап. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының түрлері.

33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері.

47-бап.1-тармақшасында- жарғылық қорды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

47-бап. 1-тармақшасы осы заңға сәйкес жойылған.

48-бап. 1-тармақшасында-зейнетақылық жарналардан және инвестициялық табыстан процент түрінде комиссиялық сыйақылар-дың шекті шамасын уәкілетті орган белгілейді.

48-бап. 1-тармақшасында- комиссиялық сыйақының шекті шамасы төмендегіден кем емес шамада Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі: 1\ инвестициялық табыстан 15% 2\ айлық зейнетақы активтерінің 0,05%

56-бап. Зейнетақы активтерін басқару компаниясының өз капиталын қалыптастыруы.

56-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымы-ның өз капиталын қалыптастыруы

4-бөлім. Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері.

4-бөлім. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген тәртіптегі және ар-найы атақ берілген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет және қаржы полициясы органдарын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің қылмыстық атқа-рушы жүйесінің комитеті және ішкі істер органдарының қызметкер-лерін, әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру ерекшелігі

 

Ал «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен №29  отырыс хаттамасы 2003ж.30 желтоқсандағы (2005 жылғы 31 наурыздағы №7 хаттама өзгертулермен) төмендегідей ережелерге өзгерістер енгізілді:

1.             Осы «Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Зейнетақы ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) мен Салымшы/Алушылар арасындағы құқықтық қатынастарды, оның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) өзгерту және тоқтату тәртібін, зейнетақы жарналары мен төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын, зейнетақы жинақтарының жай-күйі жөнінде ақпараттандыруды, Салымшы/Алушыларға Қор мен банк-кастодианның құрылтайшылары (акционерлері) туралы деректерді ұсыну тәртібін, зейнетақы жинақтарын Қордан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару шарттарын, Қордың Салымшы/Алушылар алдындағы жауапкершілігін, сондай-ақ Қор мен Салымшы/Алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да  ерекшеліктерін реттейді.

2.             Қор өз қызметін зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензия, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берген лицензия негізінде жүзеге асырады.

2. Шартты өзгерту және тоқтату тәртібі

3.             Шартты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары уәкілетті орган бекітетін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы үлгі шарттармен айқындалады.

4.             Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша түрде, тек Қазақстан Республикасы заңнамасымен тікелей айқындалмаған қағидалар бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін, оларды енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі керек.

5.             Салымшы/Алушы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін бұзған жағдайда, сондай-ақ Салымшы/Алушы зейнетақы жарналарын төлеуді тоқтатқан немесе тоқтата тұрған жағдайда Қор Міндетті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартқа өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы. 

6.             Тараптар өздеріне алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша, сондай-ақ соттың заң күшіне енген шешімі негізінде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

7.             Біржақты тәртіпте Шарт тек Салымшы/Алушының бастамасы бойынша ғана зейнетақы жинақтарын Қордан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, Салымшы/Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бұзылуы мүмкін. Шарт зейнетақы жинақтарының толық сомасы Салымшы/Алушыға, оның мұрагер(лер)іне төленген соң немесе Қор Салымшы/Алушының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударған жағдайда күшін жояды.

8.             Алушы Шартты бұзу ниеті жөнінде Қорға оны бұзу күніне дейінгі 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті. 

3.      Зейнетақы жарналары мен төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары

9.             Қорға Салымшылар (жеке тұлғалар) өз пайдасына өз табысы есебінен ерікті зейнетақы жарналарын Қормен Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасқан жағдайда енгізеді. Ерікті зейнетақы жарналары Шарт тараптарының келісімімен белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төленеді. Ерікті зейнетақы жарнасы салық салынған соң табыс есебінен төленген жағдайда жеке және заңды тұлғалар Алушы пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы бола алады.

10.         Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын Салымшылар (жеке немесе заңды тұлғалар) өздерінің меншікті қаражаты есебінен, мамандықтарының тізбесін жұмыскерлер пайдасына жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленген мерзімдерде және мөлшерде, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген тәртіпте төленеді.

11.         Шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын Салымшы/Алушы табыс төленуімен бір уақытта оларды ұстап қалу және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттің аударуы арқылы, сондай-ақ Шартта көрсетілген Қордың банктік шотына дербес аударып төлейді.

12.         Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілінеді.

13.         Қордан міндетті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері қолданылып жүрген заңнамада көзделген шарттар туындаған кезде, белгіленген кесте бойынша, Алушы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты негізінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару арқылы немесе зейнетақы жинақтарын алып алу арқылы жүзеге асырылады.

14.         Қордан кесте бойынша зейнетақы төлемдері сомасы мен кезеңділігі Шарт Тараптарының келісімімен, кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдері мөлшерін есептеу әдістемесі ескеріліп белгілінетін төлемдер түрінде жүзеге асырылады.

15.         Міндетті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін Қор төленуге жататын зейнетақы жинақтарын деректемелері төлем тағайындау туралы өтініште көрсетілген Алушының банктік шотына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында ескерілген тиісті құжаттар алынған (оның ішінде Шартқа қосымша келісімге қол қойылған) сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде аудару арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөніндегі банктік қызметтің төлемі Қордың меншікті капиталы есебінен жүргізіледі. Халықаралық аударым және айырбастау жөніндегі банктік қызметтің төлемі Алушының қаражаты есебінен банк-кастодианның операция жасалған сәтте қолданылған тарифіне сәйкес жүргізіледі.   

16.         Зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару арқылы жүзеге асырылған жағдайда Қор мұндай аударымды Салымшы/Алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты қоса берілген хабарламасы алынған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде жүргізеді.

17.         Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі Шарт талаптарымен айқындалады.

4.      Қордың Салымшы/Алушылар алдындағы міндеттемелері

бойынша жауапкершілігі

18.         Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерін орындамағандары немесе тиісті түрде орындамағандары үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасымен және Шартпен белгіленген тәртіпте жауапкершілік көтереді. 

19. Жабық жеке зейнетақы есепшотына (одан әрі - ЖЗЕ) Салымшының/Алушының зейнетақы жарналары түскен кезде Қор аударылған соманы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті.

20. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, төтенше жағдайлар мен ахуалдар туындаған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

21. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес реттемеленеді.

22. Қор өз міндеттемелері бойынша Салымшы/Алушы алдында тек меншікті мүлкімен жауапкершілік көтереді.

23. Зейнетақы жинақтарын аудару немесе төлеу сәтінде ЖЗШ-тағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескергенде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен кеміп қалған жағдайда, ал зейнетақы жинақтарының кемуі Қордың және (немесе) банк-кастодианның кінәсі салдарынан туындаса Қор инфляция деңгейін ескеріп, жоғалған зейнетақы жинақтарын нақты енгізілген зейнетақы жинақтарының мөлшеріне дейін меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті. 

24. Қордың кінәсі бойынша зейнетақы жинақтарының аударымы мен зейнетақы төлемдері кешіктірілген жағдайда Қор құқығы бұзылған тұлға пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

5.      Салымшыларға/алымшыларға зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпарат беру тәртібі.

 

25. Салымшы/Алушы Қордан кез келген сұралған күнде және кез келген сұралған көлемде оның зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпарат алуға құқылы. Қор Салымшыға/Алымшыға оның зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты ақысыз ұсынады.

26. Егер сұралған ақпараттың басқа көлемін Салымшының/Алушының өзі белгілемесе, Қордың Салымшыға/Алушыға міндетті зейнетақы жарналары есебінен (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін) Шарттар бойынша және Алушыға ерікті зейнетақы жарналары есебінен (заңды тұлға болып табылатын Салымшы үшін) Шарттар бойынша және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен ұсынатын зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мәліметтер енеді.

27. Салымшы/Алушы Қордан оның зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты алудың кез келген әдісін тағдауға құқылы, бұл туралы ол зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартта, не шартқа қосымша келісімде, не жазбаша арызында ескертеді.

28. Егер Салымшы/Алушы басқа әдiстi таңдамаса және Қормен келiспесе, Салымшыға/Алушыға оның зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат берудi Қор Салымшынығң/Алушының қалауы бойынша мынадай әдiстердiң бiрiмен iске асырады:

1) ЖЗЕ-нан алынған жазбаны шартта немесе Салымшының/Алушының арызында көрсетiлген мекен-жай бойынша пошта арқылы жiберу жолымен ұсыну;

2) Салымшы/Алушы жеке өзi Қорға келген жағдайда ЖЗЕ-нан алынған жазбаны ұсыну;

3) “Қазақстанның Халық Банкi“ АҚ төлемдiк жүйелерiнiң көмегімен ЖЗЕ-нан алынған жазбаны ұсыну (интернет—есеп-шоты немесе карточкалық есеп-шоты болған жағдайда);

4) ЖЗЕ-нан алынған жазбаны электронды пошта (E-mail) арқылы ұсыну. Ақпаратты электронды пошта (E-mail) арқылы жолдаған кезде Салымшы/Алушы электронды хабарламада идентификациялау үшiн қажеттi реквизиттердi көрсетедi: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi;

5) Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты телефон арқылы ұсыну. Ақпаратты телефон арқылы ұсынған кезде Салымшы/Алушы қордың қызметкерiне идентификациялауға қажеттi реквизиттердi ұсынады: тегi, аты, қкесiнiғ аты, туған күнi мен код сөзi.

29. Егер зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартта Салымшының/Алушының ескертуi болмаса, немесе Салымшы/Алушы қол қойған оның зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты алу әдiсi туралы қосымша келiсiм немесе арыз болмаса, Қор Салымшы/Алушы өтiнiш айтқан сәтте оның ЖЗЕ-нан алынған жазбаны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген көлемде ұсынуды қамтамасыз етуге мiндеттi.

30. Егер Салымшы/Алушы зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты пошта арқылы алу әдiсiн таңдаған болса, Қор ресми ақпарат болған жағдайда (“Қазпошта” АҚ, мекен-жай анықтамасы және т.с.с. бойынша) оған конверттi ұсыну мүмкiн болмауына байланысты Салымшыға/Алушыға ЖЗЕ-нан алынған жазбасы бар хатты жолдауды iске асырмауға құқылы:

1) Салымшының/Алушының шартта көрсетiлген мекен-жай бойынша тұрмайтындығы туралы;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы