Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

Әр түрлі салымшылардың категорталары, қайтыс болғанда, мүгедектігі, кәрілігі, еңбек сіңіруі бойынша зейнетке шыққанда орташа статистикалық коэффициенттерімен сипатталады.

Сондықтан қорлар өз кәсіпорындарының жұмысшыларына демографиялық статистика жүргізуі тиіс. Қорларда жұмысшыға қосымша талаптар болуы мүмкін, мысалы, кәсіпорында кемінде  үш жыл жұмыс істеу тиіс. Бұл кәсіпорын жұмысшыларының арасында жұмысшының жеке шотындағы кәсіпорын пайдасынан жинақталған зейнетақы жинақтары бөлінеді.

Егер жұмысшы келісім шартын орындаса, яғни кәсіпорында үш жыл жұмыс істесе, онда ол зейнетақы сомасына өзі өкім етуге құқылы, ол соманы алуға немесе басқа мемлекеттік емес зейнетақылық қорға аударуына құқығы бар.

Зейнетақы қоры қызметінің кейбір ерекшеліктерін баяндап, Қазақстанда болашақта корпоративті зейнетақы қорларының желісін кеңейтуді дамыту керек. Егер зейнетақы қорлары қоолданатын зейнетақы сызбаларына келетін болсақ, онда олар ерікті қорлардан бірден ерекшеленеді. Зейнетақы сызбаларының клиентке (жеке тұлғаға) бейімделуі қысқарған нұсқаны талап етеді.

Өркениетті жұмыс істейтін қорлар инфляциялық күтілімдерге жауап бермейтін, бекітілген төлемдер мен сызбаларды және жеке тұлғалар мен жұмысқа қолданылады. Бұл қорлар жинақтарды жекелей отырып зейнетақы төлемдерін алушының әр қайсысына жеке зейнетақы шотын енгізуді жүзеге асырады.

Жинақтау классикалық траст (иесінің мүлігін сенімді басқаруға беру) принципі бойынша негізделеді. Жеке шоттағы қаражаттар қор активіндегі салымшы үлесіне қатаң сәйкес келеді.

Трасттік жинақтаудан айырмашылығы сақтандыру сызбасындағы жарналар мөлшері сақтандыру тәекелділіктеріне зейнетақы қорының қатысушыларының өлу, мүгедектік қамқоршысын жоғалту көрсеткіштерімен анықталады.

Өзекті сұрақтардың бірі болып міндетті және ерікті зейнетақылық сақтандыруды жүргізу формасын пайдалану болып табылады. Салымшылардың қатысу сипаты бойынша қордың зейнетақылық сызбалары мынадай болып бөлінеді: зейнетақылық қамсыздандырудың негізгі құқықтық ұйымдастырушылық және экономикалық нысаны алынбаған жалақы бөлігінен сақтандыру нарығындағы жұмысшылар мен жұмысберушілердің міндетті қаржылық қатысуына негізделген, міндетті зейнетақылық сақтандыру институты болып табылады.

Жасына, жынысына, еңбекбастылығына, тұрғылықты жеріне, жұиыс стажына және тағы басқа тәуелсіз зейнетақылық сақтандыруға еркін қатысу.

Зейнетақы қоры салымшының/алушының арасындағы міндеттемелерінің дәрежесі бойынша сызбалар бекітілген төлем мөлшері және бекілілген жарна мөлшері болып топтастырылады.

Бекітілген төлем мөлшерлі сызба (сақтандырушылық жинақтаушы сызбалары) инфляция жағдайындағы төлемдерді индексациялау тетігі ретіндегі жеке құрылымды көрсетеді. Оны құруда кәсіпкер бекітілген мөлшердің зейнетақылық жәрдемін төлеуге міндеттенеді, яғни зейнет жасы келгенде бекітілген келісімдегі зейнетақы төлемін қамсыздандыру үшін қаражат жинауды көздейді.

Бұл типтің артықшылығы қатаң кепілдік деңгейінде сақтандырылған олардың болашақтағы зейнетақымен қамсыздандыруында. Бұл сызбаға гаранттың болуы міндетті, егер қор өзінің салымшыларының міндеттемелеріне жауап бере алмаған жағдайда, өзінің қаражатын ұсына алады. Мұндай гаранттар сақтандыру компаниялары, ірі, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар болады.

Зейнетақы төлемдері кез-келген инвестициялық тәекелділіктен салымшының сақтандырылуы болып табылады.

Кемшілігі: егер жалақы мөлшері жасымен төмендейтін болса, жалдамалы жұмысшының болашақ жарналарын төлеуде қаржылық мәселелері туындауы мүмкін.

Көптеген елдер жалақының мөлшерімен байланысты жарна шотын қаржыландыратын бекітілген төлемдерімен зейнетақылық бағдарламаларды қолданады.

Бұл зейнетақылық бағдарламалардың мақсаты – еңбек қызметі кезеңіндегі кеткен табыс деңгейін сақтау. Жаратылған жалақы мына жағдайда зейнетақыға шыққандарға қайтарылады: қажетті сақтандыру стажының ұзақтығы заңды түрде бнлгілі жасқа толғанда және жинақталған зейнетақылық сақтандыру жарналары белгілі көлемге жеткенде.

Төлем жұмыстан шыққанда анықталады. Бұл қордың басты артықшылығы құнды қағаз портфелінің тиімсіз қызметінің тәуекелімен жұмысты зейнеткерлер емес демеулік кәсіпорын жүргізеді. Кәсіпорын зейнеткерлер алдында зейнетақы қорын басқаруды жақсы және нашар жүзеге асыруына қарамастан, қарыздық міндеттемені алады.

Салымшылар қордан жалақысы және жұмыс істеген жылдарына байланысты белгілі бір соманы күтеді, оның біразы тіркелген зейнетақы мөлшерінің сатып алу қабілеті төмендеп, инфляция тәуеклдігіне ұшырайды.

      Бекітілген төлемдер сызбасын есептеуде инвестициялық қызметтің табыстылық нормасы төмендейді. Мұндағы «қысқа сызбалар» 80-100% деңгейінде минималды табыс көрсетеді. «Ұзын сызбалар» жылына 13-14% деңгейінде минималды тиімді табыс нормасын көрсетеді, бірақ ереже бойынша 26%-тен артпауы тиіс.

              Сонымен бекітілген төлем деңгейін зейнетақы қорының кемшілігі не аударманың мөлшері өзгергенде, не инвестиция құнының өзгеруінде болатын демеушілердің тәуекелі. Бұл типтің қорлары келесілерге бөлінеді:

-         flat benefit formula plan жинақтаушы зейнетақы қорларындағы енгізілген төлемдер әр жыл (тоқсан, ай) сайын қатаң төлем мөлшерін бекітеді;

-         career average salary plan жылдар мен жалақының орташа санына байланысты төлем мөлшерін бекітеді;

-         final average salary plan-ның career average salary plan-нан айырмашылығы тек олардың орташа жалақыны есептеуде барлық кезең емес, тек соңғы бірнеше жылдарды есептейді.

              Бекітілген жарналар (трасттік, жинақтаушы жүйе) сызбасы басқаша жұмыс істейді. Жұмыс беруші жұмысшылар атынан бекітілген жарналарға жолауға міндетті, яғни олар шығынға жатады. Әдетте жарна мөлшері салымшы жалақынан пайыз түрінде анықталады. Бекітілген жарналар сызбасындағы жұмысберуші салымдары ұжымдық еңбек келісім шартымен, ал зейнетақылық төлемдер нақты инвестициялау нәтижесімен анықталады. Бекітілген жарналы қор нақты жинақ қорын көрсетеді, яғни жарналар жинақтаушы зейнетақы қорларындағы  жұмысшылардың жеке шоттарында жиналады. Шетелде мұндай қорлар банктердің, кәсіпорындардың транстік бөлімінде тұруы мүмкін, немесе әр жұмысшының ай сайынғы төлемдері жай өзара қорға түсіп, жұмысшылар шотына аударылады. Бекітілген жарналы сызбанысалыстырмалы түрде бірнеше елдер ғана қолданады.

              Бекітілген жарна сызбасының басты ерекшелігі жұмысшының болашақтағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін айту мүмкіндігі жоқ. Әр салымшы сәтсіз инвестициялау нәтижесінің тәуекелділігін бөледі. Егер жұмысшы қорға жеткілікті жоғары аударым жасаса да, зейнетақылық қамсыздандыруының жоғары болатындығына сенімді бола алмайды. Әр салымшыға жеке шот жүргізіледі.

            Салымшылар шоты бойынша инвестициялық табыстар кезең (әдетте жылына, жарты жылда, тоқсанда бір рет) бойынша бөлінеді. Қор міндеттемелері оның активтеріне тең болғандықтан, сызба кез келген уақытта толық қорланады.

           Бекітілген жарна жоспарының аса тартымды жағы оның ұйымдастыру даралығымен салымшыларға ашықтығы болып табылады жеке салымшылармен қатынас бойынша зейнетақы қоры өзін банкке ұқсата жүреді. Сызба жас салымшыларға аса тиімді, өйткені біраз жинақ құруға уақыттары бар. Егде салымшыларға бұл сызба аз тартымды, өйткені зейнетақы мөлшері аз болып кіреді.

Сонымен, бекітілген жарналар сызбасы салымшыларға мына жағдайда дұрыс қабылданады, егер:

-         жұмысберуші аударымының деңгейі жоғары болса;

-         инвестиция нәтижесі жеткілікті болса;

-         салымшылар шоты туралы жеке жазбалар өз уақытында және тиянақты болса;

-         зейнетақы қорымен салымшылардың/алушылардың ақпараттың өзара қатынасы жақсы қойылса.

Бекітілген жарналы қор аудармалы болып тұрады, өйткені жұмысшы жұмысынан шыққан жағдайда капиталы өзіне тиесілі болады. Аудармашылық жұмыс орнын жиі ауыстыратын жұмысшыларға мәнді болып келеді.

Қорға жарна салатын кәсіпорын жұмыстан шыққанда төлем мөлшеріне кепілдік бермейді. Бекітілген жарналы қордың қатысушылары құнды қағаз портфелі қызмет етуінің төмен тиімділігімен байланысты инвестициялық тәуекелділікпен істі болады.

Бірақ бұл қор әдетте қатысушыларына тең жағдайда болатын инвестицияны таңдауға мүмкіндігін береді. Мұндай жүйе жинақтау мерзімінің ішінде пайызтік ставканың өзгеруіне, икемделуіне мүмкіндік береді. Кемшілігі – зейнетақы мөлшеріндегі жеткілікті жоғары белгісіздік дәрежесінде болып табылады.

Егер бекітілген жарналар жоспарының элементтері мен бекітілген төлемдердің элементтерін қосқанда аралас тип деп айтуға болады.

Барлық жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытынға келуге болады: бекітілген жарналы және бекітілген төлемді зейнетақы сызбаларының  өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бекітілген төлемді сызбаны есептеуде инвестициялық табыстылықтыңжоғары емес ставкалары жоспарланады.

Мұндағы «қысқа сызбалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан төмен емес, минималды-тиімді табыстылық нормасын көрсетеді. «Ұзын сызбалар» табыстылық нормасы бойынша максималды тиімділікті көрсетеді.

Зейнетақы қорларының арасындағы аударылу және таңдау мүмкіндігі, олардың арасында бәсекелестікті жасауға мүмкіндігін береді. Бұл бірінші кезекте меншік қорын құрмайтын жеке салымшылар мен ірі кәсәпорындарға тән.

 

Қазіргі кездегі Қазақстандағы зейнетақы жүйесі

 

                                                                     4

 

 

 

             3

 

 

 

             2

 

                                                                     1

 

-сурет

 

 

 

 

1)     Салымшы ЖЗҚ-мен келісім-шартқа отырады.

2)     Салымшы таңдаған қорына зейнетақы жарнасын аудару үшін жұмысберушіге келісімнің көшірмесін ұсынады.

3)     Жұмысберуші зейнетақы жарналарын зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы арқылы зейнетақы қорына аударады.

4)     зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына үш банк күні ішінде жұмыс беруішінің көрсеткен төлем құжаттарымен зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударады.

Бұл сызбадағы зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы жалпы зейнетақы жүйесі бойынша зейнетақылық аударымдар есебінің қызметін орындайды.

Салық комитеті – зейнетақы аударымдарының толық және уақытылы төлеуін реттейді.

Бірақ, бұл сызба зейнетақы қорларының салымшыларының мүддесін толық қорғамайды.

Тәжірибе көрсеткендей, жұмысберуші салымшыны өзіне тиімдірен қорды таңдатады. Бұл жағдай салымшылардың құқығын бұзады. Бұл әсіресе корпоративті зейнетақы қорларында кездеседі, яғни мұнда жұмыс беруші салымшының қай зейнетақы қорына салатындығын белгілейді. Корпоративті қорлар салымшының қорды еркін таңдау құқығынан айырып, зейнетақылық қызметтер нарығында бәсекелестіктің төмендеуіне әкеледі.

Шағын бизнес өкілдіріне бірнеше қорларға зейнетақы аударымдарын аудару бойынша банк қызметтерін төлеуде қиындықтарды туғызады. Мысалы, 10 жалдамалы жұмысшылардың зейнетақылық аударымдары 5000 теңге, ал бір банк аударымының құны 350 теңгені құрайды. Жұмыс беруші сегіз әртүрлі қорға аудару керек делік, мұндағы шығындары 2800 теңге немесе зейнетақы аударымының 56% құрайды.

Салымшының бір қордан басқа қорға ауысуы жүйесі заңдастырылған. Жіберуші-қор жинақтаушы зейнетақыны аударуға өтінішті алғаннан кейін, күнтізбелік жылдың ішінде екі реттен артық басқа қорға салымнымен жинақтаушы зейнетақыны аудару туралы зейнетақылық заңның талаптарын сақталғандығы тексереді.

Тексеру алдыңғы қорға жазбаша сұрақ түрінде жүргізіледі.

Жіберші-қор келесі жағдайлар болған жағдайда зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы келісімін бұзуға міндеттенеді:

-         жіберуші-қордың мәліметтер базасындағы салымшының реквизиттерімен өтініште көрсетілген ақпараттың сәйкессіздігі;

-         тиісті тұлғамен өтінішті толтыру туралы сендірімді негіз болғанда;

-         1 күнтізбелік жыл ішінде зейнетақы жинақтарын 2 рет аударылған мәлімет болғанда.

Жіберуші-қорлар зейнетақы жинақтарын аударуда мүдделі емес болғандықтан, жоланды түрде аударым уақытын созу ықтималдығы ұлғаяды.

Жоғарыдағы мәселелерден шығу үшін келесідей өзгерістер енгізуді ұсынамын.

 

 

                                                                     5

                                                                      

                                                                                        2

 

             4

 

 

 

             3

 

                                                                     1

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы