Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)

Жинақтаушы зейнетақы қорлары басқа жинқтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік тіркеу, сонымен қатар олардың құрылтайшылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы-ның заңына сәйкес уәкілетті органдардың рұқсатымен  әділет орган-дарындажүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздер болуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз атауында «ұлттық», «орталық», «мемлекеттік», «үкіиеттік», «кепілдік беретін», «кепілдік берілген», «сақтық», «сақтандырушы» немесе «сақтандырылған» деген сөздерді қандай тілде болсада толыық және қысқартылған түрінде пайдала-нуына тиым салынады. Атауда алушының пайдасына жаслатын ин-вестициялардан алынатын табыс ставкасынын сақтандырылуы неме-се оған кепілдік берілуі айтылуға немесе меңзелуге тиіс емес. «Мемлекеттік» сөзі оның жарғылық қорының жүз пайызі Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда қолданылады. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруғақұқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайдыжәне өзін зейнетақы жарнала-рын тарту және зейнетақы тәлемдерінің жүзеге асыру жөніндегі қыз-метпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды. Зейнетақы жарнала-рын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қыз-метті заңдарда белгілегентәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкілдіктің бірінші басшысы мен бас бухгалтері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорына жоғары білімі жоқ, заңда белгілеген тәртіппен соттыылығы алынбаған, бұрын сол адамның басшылық еткен кезінде банкрот деп танылған немесе санацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер  немесе лауазымды адам болған, белгілеген тәртіпте біліктілік емтиханын тапсырмаған, Қазақстан Республикасы азаматы  болып табылмайтын адам басшы қызметкер бола алмайды.

Жинақтаушы зейнтақы қорының зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға, өзінің қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алуға, зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Жинақтаушы зейнетақы қорларыалушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлеуге, жинақтаушы зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға, салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрануы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруге, алушының жинақтаушы зейнетақы қаражатының жайын ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы заңдары мен зейнетақы шарттарының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге, алушының өтініші бойынша оның жинақтаған зейнетақы қорынан екішісіне аударуға, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен зейнетақы активтерін инвестициялықбасқаруға шарттар жасасуға, бұқаралық ақпарат құралдарындауәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржы есебін және өз қызметі туралы өзге ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорына салымдар бойынша табысы жөнінде кепілдіктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ заңдармен жариялануға тиым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға рұқсат  етілмейді, жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына өндірістік қызметке, құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін құндықағаздармен басқа да қаржы құралдарын қоспағанда, жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен сауда жасауға, сақтандыру қызметіне, зейнетақы активтерін келілге беруге,акциялардан басқа құнды қағаздар шығаруға тиым салынады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігін қамсыздандыру мақсатында пруденциалды нормативтерді бекітеді. Пруденциалды нормативтердің тізімін, олрдың нормативтер мәнін, еептеу әдісін, сонымен қатар есептілік нысанын және ұсыну мерзімін уәкілетті орган бекітеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге, жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметтен алу туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге, жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу туралы акционерлер алдына меселе қоюға, заңдарда белгілеген тәртіппен айыппұлдар салуға және өндіріп алуға, лицензияны тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға құқылы.

Уәкілетті орган өздеріне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның іс-әректіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қордың корпоративтік түрден ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі түрінде жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қайта құруды жүргізуге құжаттар қоса тіркеледі: жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешімі, қайта ұйымдастырудың көзделіп отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін баяндайтын құжаттар, қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақтаушы зейнетақықорын қайта құрудың нәтижесінде құрылатынзаңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі есептік балансы. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.

Қайта құрылатын қор уәкілетті органның қайта құруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі аптаның ішінде жазбаша хабардар етуі ресми баспасөздерде тиісті жарияланымдар беру жолымен өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

Уәкілетті органның қорды қайта құруға рұқсат беруден мына негіздердің кез келгені қайта құрылатын қор акционерлері жалпы жиналысының тиісті шешімдері болмауы, көзделіп отырған қайта құрдың нәтижесінде салымшылар мен алушылардың нұқсан келтіруі, көзделіп отырған қайта құрудың нәтижесінде монополияға қарсы заңдар талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті орган рұқсатымен жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысы бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін. Уәкілетті орган қорды тарату туралы сотқа талап қоя алады.

Ерікті және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкілеттілігі Заңның 45-бабы 3-7 тармақтарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленеді.

Қордың ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішін өкілетті орган акционерлердің жалпы жиналысының ерікті түрде таратылу туралы шешімі, тарату туралы шешім қабылданған күнге зейнетақы активтерінің бағалануы, зейнетақы активтерін тапсырудың және қордың өз қызметін тоқтатуға дайындаудың мерзімдері мен кезеңдері туралы акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен іс шаралар табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс. Уәкілетті органның ерікті түрде таратылуға рұқсатын алған жағдайда қорды тарату комиссиясын құрады, оның құрамына уәкілетті органның бір өкілі енгізіледі.

Таратылатын қор он күннің ішінде қор тататылатыны туралы алушылар мен салымшыларды арнаулы хатпен және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті. Тарату комиссиясы таратылатын қор зейнетақы активтерін, оның зейнетақы шарттары бойынша міндеттемелерін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде басқа қорды өздігінен таңдауға құқылы.

Тарату комиссиясы бекітілгеннен кейін жеті күн мерзімінде тарату балансы мен есебін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне табыс етуге міндетті. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры несие берушілердің талаптарын Қазақстан Републикасының заңдарында белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін тапсырғаннан кейін қанағаттандырады. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері

 

Өткен жылдың жиырма тоѓызыншы желтоқсанында Елбасы қол қойған «Қазақстан Респуликасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Ресрубликасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның негізгі мақсаты- қолданыстағы зейнетақы заңнамасының нормаларын жетілдіру, бұл «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның негізгі тұжырымдамасының өзгеруіне алып келмеу керек.

Сонымен, қолданыстағы заңды жетілдіру келесі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жүзеге асады: 29.12.2005 жылы Заңға алпыс төрт өзгеріс енгізілген заңның бірінші бабындағы Заңда кездесетін негізгі ұғымға жаңадан он алты ұғым енгізген. Енді, зейнетақы қорлары мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінбейді, мемлекет біздің зейнетақы қорларымыздағы міндетті зейнетақы жарналарын алушыларға сақталуы туралы кепілдік береді.

Енді жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттейтін бір орган құру мүмкіндігі туындады. Сондай-ақ, зейнетақы қорларына дербес активтерін басқару құқығы ұсынылды.

Сонымен қатар, заңда салымшылар мен төлеушілердің уақытында есептемегені үшін, зейнетақы жарналарының ұстауы мен аударылымы жауапкершілік мөлшерін анықтайтын, сондай-ақ, қорлардың ақы төлемдерін жүзеге асыру және аударудың уақытын кешіктіруіне жауапкершілік нормалары қарастырылған.

1. ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңының 9 бабының 1-3 тармақтарымен алдын ала көрсетілген жағдай уақыты келген кезде: - 63 жасқа толған ер адамдар, 58 жасқа толған әйел адамдар; 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда 10 жылдан кем тұрмаған азаматтар Қазақстан Республикасының “ Семей ядролық полигонындағы сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау туралы” Заңына сәйкес:
- ер адамдар – 25 жылдан кем емес жалпы өтілі бар 50 жасқа толғандар;
- әйел адамдар – 20 жылдан кем емес жалпы өтілі бар 45 жасқа толғандар;
- 53 жасқа толған 5 балалы және көп балалы әйелдер және оларды сегіз жасқа толғанша тәрбиелегендер; белгіленген график бойынша зейнетақы төлемдері немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына аудару жолымен өмірлік сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақы аннуитеті шарты түріндегі Шартқа Қосымша келісім негізінде;

2. елу бес жасқа толғанда және зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына аудару жолымен өмірлік сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақы аннуитеті шарты негізінде, республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген қаржылық жылға сәйкес ең төменгі зейнетақы мөлшерінде төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтары жеткілікті болғанда;

3.1 және 11 топтағы мүгедектер, егер зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына аудару жолымен өмірлік сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақы аннуитеті шарты негізінде мүгедектік мерзімсіз белгіленген болса;
4. Заңның 60 бабының 1 тармағында көрсетілгендер:
- әскери қызметкерлер ( қысқа мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерден басқа), ішкі істер органдарының, және Әділет министрлігінің қылмысты істер - атқарушы жүйесі комитетінің қызметкерлері, белгілі атақ берілген және Қазақстан Республикасының заңымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген тәртіпке қатысы барлар, қаржы полициясы және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары.
- әскери қызметте, Әділет министрлігінің қылмысты істер - атқарушы жүйесі комитетінің және ішкі істер органдарының қызметіне, қаржы полициясы және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарында, белгілі атақ берілген және Қазақстан Республикасының заңымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген тәртіпке қатысы барлар, әскери қызметте шекті жасы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жасқа жеткен 25 жыл еңбегі сіңгендер,
- әскери қызметте, Әділет министрлігінің қылмысты істер - атқарушы жүйесі комитетінің және ішкі істер органдарының қызметіне, қаржы полициясы және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарында, белгілі атақ берілген және Қазақстан Республикасының заңымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген тәртіпке қатысы барлар, штаттың қысқаруына байланысты және денсаулығы жағдайына байланысты жұмыстан босатылған 25 жыл еңбегі сіңгендер;

- офицерлер, прапорщики (мичманы), ішкі істер органдарының орта, аға және жоғары басқарушы құрамындағы тұлғалар, Әділет министрлігінің қылмысты істер - атқарушы жүйесі комитетінің және ішкі істер органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарының қызметкерлері, белгілі атақ берілген және Қазақстан Республикасының заңымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген тәртіпке қатысы барлар, сондай-ақ контракт бойынша әскери қызметті өтеушілер, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген шекті жасқа жеткендіктен жұмыстан босатылған Әділет министрлігінің қылмысты істер - атқарушы жүйесі комитетінде және ішкі істер органдарының қызметінде, қаржы полициясы және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарында қызмет еткен, белгілі атақ берілген және Қазақстан Республикасының заңымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген тәртіпке қатысы барлар, штаттың қысқаруына байланысты және денсаулығы жағдайына байланысты жұмыстан босатылған, жалпы еңбек өтілі жиырма бес жастан кем емес және одан да көп, соның ішінде
жиырма бес жыл және алты айы үзіліссіз әскери қызмет және ішкі органдардағы қызметтегілер; Заңның 9 бабының 1 тармағына сәйкес, өзінің жинақтарының зейнетақы жасына жеткенге дейінгі мерзімге елу бес проценттен артық қолданылмаған зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына аудару жолымен өмірлік сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақы аннуитеті шарты негізінде; Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, кетудің мақсаты мен дерегін көрсететін құжаттарды тапсырған, Қазақстан Республикасы жерінен тыс жерге тұрақты мекен-жайға кететін және кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар; шартта өз еркімен салынған зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы белгіленген көлем мен мөлшердегі көрсетілген өз еркімен салынған зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар тұлғалар:

а)елубес жасқа толғандар;
     б) мүгедек болып есептелетіндер;
      с) -Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, кетудің мақсаты мен дерегін көрсететін құжаттарды тапсырған, Қазақстан Республикасы жерінен тыс жерге тұрақты мекен-жайға кететін және кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар;
- өз еркімен салынған зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар тұлғалар:
а) Заңның 9 бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына аудару жолымен өмірлік сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде елу бес жасқа толғандар;
б) Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, кетудің мақсаты мен дерегін көрсететін құжаттарды тапсырған, Қазақстан Республикасы жерінен тыс жерге тұрақты мекен-жайға кететін және кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар;
- салымшы/алушының қайтыс болуы жағдайында:
а) қайтыс болған Алушының қайтыс болған салымшы/алушының отбасының жерлеуге халі бар мүшесіне немесе тұлғаға бір жолғы төлем бөлінгенде;
б) мұра бөлігінде- қайтыс болған салымшы/алушының мұрагері.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудару мүмкіндігі қарастырылған, яғни зейнет жасына жеткенде (әйелдерге 58 , ерлерге 63 жас) зейнетақы қорынан зейнетақы түрінде немесе сақтандыру компаниясынан өмірлік рента түрінде төлемдер алу. Мысалы, адам бірнеше миллион теңге жинап, жақсы зейнетақы алғысы келді, айталық айына бес жүз доллар. Есептесек, үш жылғада жетпейін деп тұр.

Ал, ол жиырма жыл тағы өмір сүретінін сезіп тұр. Сонда сақтандыру компаниясына бару керек онда орташа өмір сүру деңгейін, денсаулық, мамандығын есептеп келісм шартқа отырамыз ба, әлде жоқпа деген шешім қабылдайды төлем шартын сақтандырушылар өздері бекітеді.    Зейнетақының төмен болуы әбден мүмкін. Оған салымшының келісуі немесе келіспеуі өзінің еркінде.

Ең тартымдылығы - өмірлік төлемнің тұрақтылығы. Барлық тәуекелділікті компанияна өзі алады. Егер де зейнетақы жиырма жылға есептеліп, ал адам жиырма бес жыл өмір сүрсе, бәрібір сақтандыру компаниясы төлеп олтырады.

Егер де 2006 жылдың бірінші қаңтарына дейін өздерінің активтерін зейнетақы активтерін басқару компаниясына бертін болса, онда қазір өздеріне айналысуға мүмкіндік туды, ал кімде кім өзі басқарғысы келмесе ескі сызба бойынша жүзеге асырады. Егер қордың активтерін басқаруды өзі орындаса, онда барлық тәуекелділікті өзі көтереді. Бірақ сонда да таңдау пайда болады.

Жаңа заң бойынша зейнетақы қорымен алынатын сыйақылар өзгерді: бұрындары ол салымшылардың зейнетақы жарналарынан қалыптасса, қазір зейнетақы активтерінің 0.05 пайыз мөлшерінде болды. Бұдан басқа, ерікті зейнетақы жарнасы ұғымы енгізілді ол зиянды өндірісте жұмыс істейтін, адамдарға материалдық қолдауды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы