Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:59, лекция

Описание работы

Фирманың әлде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер ақырғы экономикалық, инвестициялық шешімдер қабылдағанда оның көптеген қолданушыларын негізгі факторы болып саналынады. Бухгалтерлік есепте жинақтап және қайта қаралған қаржылық есептік , фирмадан тыс адамдарға мерзімді мәліметтермен қолдануға ең маңызды әдіс болып есептелінеді. Сондықтан, кейіннен қаржылық есептіктің спецификасы мен мақсатын оқу барысында оның негізгі міндеттерін қарау қажет.
Қаржылық есептіктің мақсаты қаржылық жағдайы, қызмет қорытындылары және кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді тапсыру.
Қойылған мідеттемелерді орындау үшін, қаржылық есептіктерді есептеу әдісі бойынша құрастырылады, осыған сәйкес операциялардың қорытындысы және басқа да жағдай нақты орындалғанына қарай ескеріледі.

Содержание

1.1 Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика жағдайындағы роль
1.2 Қаржылық есеп беруді құрудың принциптері.
1.3 Қаржылық есеп берудің түрлері мен нысандары. Қаржылық есеп беру элементтері: активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.
1.4 Қаржылық есеп берудің сапасына қойылатын талаптар.
1.5 Қаржылық есеп беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

Работа содержит 1 файл

Курстың қысқаша дәрістері.docx

— 75.45 Кб (Скачать)

Ақырғы және, мүмкін ең маңыздысы  қаржылық болжаудағы – ол болжау кезінде  қолданылған бастапқы жорамал. Бұл  тексеруді сезімталдықты талдау деп атайды. Негізінде, бұл сатыда болжамдарды түрлендіре қорытындылардың дұрыстығы тексеріледі.

Компанияның болжам құжаттауға сөйтіп, шешім қабылдаған адамдардың мәселелерді екі жақты көрініс  негізінде жорамалдағанын көрсетеді. Компанияның даму болжамы туралы нақты түрі болмауыда мүмкін, бірақ  дамудың көптеген бағыттары анықталынатын  болады.

 

7.2 Қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы алдын-ала  есеп ерудің қалыптасуы

Баланс болжамын құрастыру  компанияның активтерін, оның міндеттемелерін  және меншік капиталды кезең кезеңімен  болжамдау арқылы жүргізіледі.

Балансты болжау үшін компанияның  қызметі туралы мәліметтерді жүйелі жинақтау қажет. Болжау мүмкіншілігінше бөлек элементтердің көбірек  санына (табыс, шығындар, активтер, пассивтер) және олардың келешектегі көлемін, элементтер арасындағы ара қатынастарын бағалауын ескере мұқият талдауға негізделінеді. Болжау балансын құру келесі бір ізділікте жүргізілуі керек:

    1. аналыкалық кесте мәліметтері бойынша компанияның ағымдағы қаржылық жағдайын талдау;
    2. қаржылық қорытындыларды және оларға әсер ететін факторларды талдау;
    3. активтер, пассивтер, табыстар және шығындар құрылымдағы қатысты және абсолюттік өзгерістерді анықтау;
    4. Болжам балансын құру.

Болжам балансы құрастыру  меншік капиталдың күтілген мөлшерін анықтаудан басталады.

Меншік капиталының сомасы өзгеруінің  негізгі элементі, бұл  компания қарауында қалатын пайда.

Пайда мөлшерін шамамен бекітілген рентабельдік пайызы нәтижесінде есептелінеді. Рентабельділік пайызы өткізуден түскен пайданың түсімге қатынасы көрсеткішінің  динамикалық мәліметтері бойынша  табылады.

Кейіннен компанияның  балансынан баптар бойынша активтер мен міндеттемелерді болжау жүргізіледі.

Дебиторлық берешек –  кассалық жоспар негізінде келесі түрде есептелінеді:

Дзп = Дзо + Пк – Пок,

Дзп – дебиторлық берешектің болжам мөлшері;

Дзо – есеп мерзіміндегі дебиторлық берешектің мөлшері;

Пк – несиеге сатудың  болжам мөлшері; (классалық жоспардан)

Пок – несиеге сатылғаннан  түсімдер болжам мөлшері; (кассалық жоспардан)

Егер кассалық жоспар болмаған жағдайда, дебиторлық берешектің баланстық  мағынасы дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті арқылы бағаланылады. Яғни дебиторлық берешектің күтілген деңгейі келесі түрде есептелінеді.

 

            пк

Дзп = ---------

            Ко

Ко- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті.

Тауар-материалдық қорлар – есеп сату көлемін болжау өндіріс  графигіне негізінде жүргізілінеді. Сонымен қатар келешктегі тауар-материалдық  құндылықтардың қоры есебі олардың  айналымдылық коэффициенті негізінде  есептелінеді.

               Срт

ТМЗп = -------

                      Коз

ТМЗп – тауар-материалдық  қорлардың көлемі;

Срт – өткізілген тауарлардың  өзіндік құны;

Коз – қорлардың айналымдылық коэффициенті.

 Негізгі қорлар –  олардың болжау баланстық құны  жоспарланған күрделі шығындар  көлемін қолдану негізінде анықталынады

 

Осп = Кзп + ОСбс – А;

Осп – негізгі қорлардың  болжам құны;

Кзп – жоспарлы күрделі  шығындардың сомасы;

ОСбс – негізгі қорлардың  баланстық құны;

А – есептелінген амортизация  сомалары.

 

Кредиторлық берешек –  белгілі мерзімге сатып алу болжамы  негізінде есептелінеді:

К3п = 3п – О3п,

К3п – кредиторлық берешектің жоспарланатын мөлшері;

3п – жоспарланатын  мерзім ішіндегі жоспарланатын  сатып алудың сомасы;

О3п – осы мерзім ішіндегі сатып алуға төленетін жалпы сома.

Еңбек ақы – қызметшілерге  төлемдер және бақада шығындарды есептеу  өндіріс графигіне және осы есептеулермен  өндірістің ішкі өзара байланысы  туралы болжамдарға негізделінеді.

Меншік (акционерлік) капитал  есебі:

СКп=СКо+Пун-Д

СКп – болжам меншік капитал  сомасы;

СКо – есеп мерзіміндегі меншік капитал сомасы;

Пун – салықтар төленгеннен  кейінгі пайда;

Д – төленген дивидендтер  сомасы.

Ақша қаражаттары және банктік несиелер – баланстық  есептің болжамын дайындағанда теңгеру  фактор болады, осының нәтижесінде  баланс активтері мен пассивтеріне тендігі қамтамасыз етіледі. Яғни, егер компания минималды ақша қалдық саясатын қолданса, онда банктік несиенің тиісті сомасы сайма-сай сомаға компанияның  ақшалық қаржы көлемінің азайтылған сомасына көбейетін болады және керісінше.

Сөйтіп, бөлек баптардың  есеп қорытындылары баланстық есеп нысаны апарылады.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика