Салықтың экономикалық мәні, мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 17:34, реферат

Описание работы

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 77.83 Кб (Скачать)

                         Салықтың экономикалық мәні, мазмұны

1.1. Салықтың  экономикалық мәні, мазмұны 
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады. 
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.  
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.  
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.  
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.  
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.  
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:  
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;  
2) „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.  
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.  
1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.  
2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай. 
3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.  
4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.  
А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады. 
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ. 
Салық салудың мынадай принциптері бар: 
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;  
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.  
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.  
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.  
Салықтардың экономикалық мәні мынада:  
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.  
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.  
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.  
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.  
„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. [2] 
Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.  
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:  
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:  
1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;  
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.  
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.  
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.  
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.  
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.  
Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.  
Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.  
Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.  
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төленетін салық сомасы.  
Салық жеілдіктері заңға сәйкес салық төлеушіні бірітіндеп немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту тағы да басқалары жатады. Салық төлеуші
 
 
 

Елімізде  нарықтық қатынастар салтанат құрғандықтан, дамыған елдердің тәжірибесіне көз  жүгірту керек. Әсіресе, қаражат  саласына назар аударғанымыз жөн. Осы  жерде маңызды орынды салық жүйесі алады. Себебі, ол мемлекеттік экономикалық саясаттың ең басты құралы және  нарықтық қатынастардың реттеушісі болып табылады.

Салық салу кез келген мемлекеттің қалыптасуының, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы бірден-бір негіздемесі. Салық – қоғамның класстарға бөлінуіне  және мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты.

Салықтар  – мемлекеттің табыс көзі болып  табылады. Салық дегеніміз құрылған және анықталған заңмен белгіленген  тәртіп бойынша мемлекет пайдасына  алым алу, бұл алым шаруашылық субъект  табысының бір бөлігі экономикалық мазмұны жағынан салықтар – заңды  белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі.

Салық негізінде құрылатын мемлекеттік  бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің  кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік – кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшері  мен заңды құқы бар мекемелер  мен жеке адамдардың кәсіпкерлік  белсенділігі, төлем қаблеті бар  сұраным көлемі реттеледі. Салық  саясаты аса нәзік және аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді.

Салықтардың әлеметтік – экокномикалық мені мен мазмұны олар атқаратын функцияларында толық ашыла түседі.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты үш негізгі  функция орындайды.

Қоғам дамуының тарихында көз салар  болсақ, ешқандай мемлекет салықсыз өмір сүрмеген, себебі, ұжымдық сұранысты  қанағаттандыру үшін белгілі ақшалай  сома қажет. Ал, бұл сома – салықтың көмегімен жиналады.

Салық жүйесі – реформаланып жатқан экономиканың ең жанды жері десе де болады. Ол Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлшегі. Бүгінде салық қоғам  алдында тұрған кейбір міндеттерді  шешуге бағытталған кешенді жүйелікреформалардың ажырамас бөлігі болуы керек. Салық  саяастының негізін жасақтай отырып, республика үкіметі төтенше күрделі  мәселені шешу қажеттілігіне кезікті. Оның негізі сол, бірденнен көптеген жағдайлар мен факторларды ескеру қажет: салық саясаты мемлекеттік  және жергілікті бюджеттердің табыс  бөлігін кепілді қамтамасыз етуі керек; экономика дамуын ынталандыру  үшін аударылатын қаржылры ставкалары барынша төмен болуы, ал салық  салу тетігі барынша қарапайым болуы  керек.

Бүгінде Қазақстан Республикасының салық  жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары  мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюжеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық  салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Айтылған  мәселелердің барлығы мемлекетіміздің  экономикалық дамуының бүгінгі кездегі  сатысында Қазақстан халқының жас  буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни салық жүйесін жетілдіру  және салық салу операцияларды меңгеру  міндеті пайда болғаны айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды  талап ететің күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан салық қызметі бойынша  жоғары білімді мамандар дайындау –  уақыт талабы.

Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР салық жүйесіндегі  жер қойнауын пайдалану салығы туралы мәліметтерді айқындап, негізгі мәселелерді  зерттеу және ол салық түрінің  жетілдірудегі халықаралық тәжірибесін  көрсету, сонымен қатар бюджет кірісіндегі  рөлін айқындау.

Алға  қойылған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:

 Жер  қойнауын пайдалану бойынша операцияларды  жүргiзу жөнiндегi қызметке салық  салудың ерекшелiктерi·

 Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы  үлесiнiң төлемдерін жүргізіудің  жалпы ережелері мен тәртіптері·

 Қызметін  өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт  бойынша жүзеге асыратын жер  қойнауын пайдаланушының қосымша  төлемi·

 Жер  қойнауын пайдаланушылардың салықтары  мен арнайы төлемдерi. Бонустар, үстеме  пайда салығы, роялти.·

  ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер·

 Салық  жүйесін және жер қойнауын  пайдалану салығын жетілдіру  жолдары·

Жалпы курсық жұмыс 3-тараудан тұрады. 1-тарауда  жер қойнауын пайдалану салығы туралы жалпы түсініктер,оның  бюджет кірісіндегі рөлі, 2-тарауда Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерінің түрлері және олардың салық ставкалары, кезеңдері мен төлеу тәртібі туралы жазылған. Ал 3-тарауда Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары, оның ішінде жер қойнауын пайдалану салығын жетілдіру жолдары көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 

Кіріспе

I Қазақстан Республикасының салық жүйесі  
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері  
1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар  
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар  
II Жанама және тікелей салыққа сипаттама  
2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар  
 
Қорытынды

Кіріспе

Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси  іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты  қаржылық инструменті, мемлекеттің  кірістерін және бюджеттін әдістерін  қалыптастырудың шешуші көзі болып  табылады.  
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.  
Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.  
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.  
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат салық жүйесінің мәні мен мазмұнын оқушыларға ашып көрсету,оның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты енгізу, аудиттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер салықтар жөнінде жалпы мағлұмат береді.

I тарау: Қазақстан Республикасының салық жүйесі  
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері  
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.  
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.  
«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.  
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.  
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.  
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.  
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.  
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.  
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі.  
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.  
Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.  
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.  
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.  
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:  
- реттеушілік;  
- фискалдық;  
- қайта бөлу.  
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.  
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.  
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:  
а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;  
ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;  
б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.  
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.  
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.  
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.  
Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.  
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.  
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.  
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.  
Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).  
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.  
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.  
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.  
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.  
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.  
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.  
Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.  
Салық салу элементтері мыналар:  
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.  
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.  
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.  
Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.  
*Салық көзі – салық салынатын табыс.  
*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.  
*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.  
*Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.  
*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.  
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.  
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.  
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.  
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.  
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.  
Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.  
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.  
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:  
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;  
- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;  
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.  
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:  
1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;  
2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;  
3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;  
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;  
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар  
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.  
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).  
Оның ішінде:  
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;  
-кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.  
Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.  
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.  
Жылдық жиынтық табыс.  
Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:  
1. өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;  
2. үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;  
3. сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:  
- проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер үшін төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;  
- заңды тұлғаға қатысудан түскен акциялар бойынша алынғанда дивиденттер, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;  
- тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;  
- роялти;  
- өтелетін шегерістер;  
- басқа да табыстар;  
- есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;  
- банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;  
Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:  
-Резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;  
-Резидент емес заңды тұлға шығысының сомасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес салмағы.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.  
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.  
Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.  
Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.  
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.  
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.  
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.  
Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.  
Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні, мазмұны