Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:59, лекция

Описание работы

Фирманың әлде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер ақырғы экономикалық, инвестициялық шешімдер қабылдағанда оның көптеген қолданушыларын негізгі факторы болып саналынады. Бухгалтерлік есепте жинақтап және қайта қаралған қаржылық есептік , фирмадан тыс адамдарға мерзімді мәліметтермен қолдануға ең маңызды әдіс болып есептелінеді. Сондықтан, кейіннен қаржылық есептіктің спецификасы мен мақсатын оқу барысында оның негізгі міндеттерін қарау қажет.
Қаржылық есептіктің мақсаты қаржылық жағдайы, қызмет қорытындылары және кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді тапсыру.
Қойылған мідеттемелерді орындау үшін, қаржылық есептіктерді есептеу әдісі бойынша құрастырылады, осыған сәйкес операциялардың қорытындысы және басқа да жағдай нақты орындалғанына қарай ескеріледі.

Содержание

1.1 Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика жағдайындағы роль
1.2 Қаржылық есеп беруді құрудың принциптері.
1.3 Қаржылық есеп берудің түрлері мен нысандары. Қаржылық есеп беру элементтері: активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.
1.4 Қаржылық есеп берудің сапасына қойылатын талаптар.
1.5 Қаржылық есеп беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

Работа содержит 1 файл

Курстың қысқаша дәрістері.docx

— 75.45 Кб (Скачать)

 

Табыстар деп компанияның  капиталының өсуіне әкелетін активтердің (ақшалық қаражат, басқа да мүліктер) түсуі арқылы экономикалық пайданың көбейюі және (әлде) міндеттемелердің өтілуі мойындалады. Яғни, табыстар түскен кезде қолма-қол ақша қаражаттары көбейеді, немесе (сатып алушылар қарызын төлегенде ) дебиторлық берешек.

Табыс құрамына кіретіндер:

    1. Өнімді өткізгеннен және қызмет көрсеткеннен түсетін табыс – өнімді және тауарларды сатқаннан түскен түсім, қызмет көрсетумен байланысты түсімдер.
    2. Жалпы табыс – бұл аралық табыстың көрсеткіші ретінде мәні бар есептік, талдау көрінісі. Ол тауарларды, өнімдерді сатқаннан, қызмет көрсеткеннен түсетін түсіммен және олардың өзіндік құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

 

3.3. Шығыстар түрлері:  өнімдрді сату мен қызметтер  көрсетуге арналған шығыстар  әкімшілік шығыстар, қаржыландыруға  арналған шығыстар, өзге шығыстар.

Қызметің әдеттегі түрлері  бойынша шығыстар өнімді дайындау және сату мен, тауарларды алу және сатумен  байланысты.

Шығыстар – капиталды  азайтады және табыс алу үшін қажетті  әрекеттер істегеннен пайда болады. Шығыстар сатылған тауарлардың өзіндік  құнына тең немесе коммерциялық операциялар  жүргізу үшін қажет жұмсалған  қаражаттарға тең.

Өткізілген  өнімнің өзіндік құны – бұл компанияның (белгілі бір уақыт ішіндегі) ақшалық өлшем түріндегі өнімдерді даярлаудың әртүрлі сатысындағы: (аяқталмаған өндіріс, қоймадаға дайын өнім, сатып алушыларға тиеліп жіберілген) шығындар.

Әкімшілік шығындар – бұл өндірістік прцесспен байланыссыз басқару және шаруашылық шығындар.

Қаржыландыру  шығындарына келесі топтар кіреді:

«Сыйлық беру шығындары» - бұлар  қаржылық міндеттемелер бойынша  шығындар, мысалы, алынған зайымдар бойынша пайыздар төлеу шығындары;

«Пайыздар төлеу шығындары» : қаржылық аренда бойынша, мысалы арендаға алынған негізгі құралдар.

Қаржыландыруға арналған басқа да шығындар.

Басқа да шығындар:

    • «Үлес қатысы әдісімен есептелінетін кәсіпорын шығынындағы ұпайы»
    • «Қызметті тоқтатуға байланысты шығындар» - бұнда қызметті тоқтатумен байланысты өткізілген активтер және міндеттемелер бойынша есеп айырысу шығындары көрсетіледі.

 

3.4. Қаржылық нәтижелердің  қалыптасуы мен бөлінуі.

Компания қызметінің негізгі  мақсаты пайда табу.

Есеп мерзімінің қорытындысы  бойынша компанияның пайдасы  табыс табу және шығындарды жүзеге асыру қорытындысынан қалыптасады.

Компанияның табыстары және шығындары пайда қалыптасуының  факторы ретінде болғандықтан компания қызметінің қаржылық қорытындылардың  қалыптасуын және бөлуінің талдамас бұрын, алдымен оның табысы мен шығындарына  талдау жүргізіледі.

Шаруашылықты жүргізу  тәжірибесінде мәселе барлық қаржы  – шаруашылық қызметтің пайдасы (әлде зияны) туралы болып ғана қоймай және пайда (әлде зиянның) қызметтің  бөлек түрлері операциялары бойынша  сөз қозғалады. Барлық анықтамалар үшін жалпы алғанда табыстардың шығындардан басым болуы. Егер табыстар шығындардан аз болған жағдайда бұл айырмашылық компания үшін тиісті мерзімде зиянға ұшырағанын білдіреді.

Есеп мерзіміндегі компанияның  қаржылық қызметі бір-бірумен байланысты есптік көрсеткіштер жүйесімен сипатталынады. Оларға жататындар: жалпы табыс, сатудан  түскен табыс, салық салғанға дейінгі  пайда, бөлінбеген пайда, таза пайда.

Барлықаталған көрсеткіштер «кірістер мен шығыстар туралы есепте» (2 – нысан) да орын алған.

Компанияның қаржылық қорытындылар көрсеткіштерін анықтау үшін есептеу прцедурасының бір ізгі жүйесін қарайыз. Ақырғы қорытынды болып таза пайда көрсеткіштері саналынады.

Компанияның бөлу объектісі  болып табыс саналынады. Бөлуді табысты  бюджетке және компанияның қолдану  баптары бойынша бағыттау деп  түсінуге болады. Заңды түрде табыстың салықтар және басқада міндетті төлемдер  түрінде бюджеттің әр түрлі деңгейіне  түсетін бөлігі реттеледі. Табысты  жұмсау бағыиты, оны қолдау баптарының құрылымын анықтау компанияның  міндетінде.

 

 

4-тақырып. Компанияның  ақша қаражаттары қозғалысын  талдау. Ақша ағымын болжамдау.

Сабақтың  мақсаты: Ақша қаражаттары ағымының түсінігі мен құрамы, көрсетілген қызмет түрі шегінде ақша қаражаттарының көреткіштерін талдаудың мәні және қолданылатын әдістері жайлы студенттердің білімін бекіту қажет..

Кілттік сөздер: инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, ағым түсінігі, тікелей және жанама әдістер.

    1. Ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша қаражаттыры ағымның түснігі мен құрамы.
    2. Ақша қаражаттары қозғалысын талдаудың тікелей және жанама әдістері.
    3. Ақша ағымдарын болжамдау. Ақша қаражаттары бюджетін қалыптастыру.
    4. Қысқа мерзмді қаржыландырудың қажеттілікті анықтау.
    5. Ақша қаражаттары қимылы туралы есеп құрастыру.

 

      1. Ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша қаражаттыры ағымның түснігі мен құрамы.

Компанияның әдеттегі қызметінің басты шарттарының бірі болып  ақшалық қаражаттар мен қамтамасыздығы саналанады, ал оны бағалауға ақша ағындарын талдау мүмкіндік береді.

Ақшалақ ағындарды талдау негізгі міндеті ақшалық қаражаттардың  жетіспешілік (артықшылық) себептерін табу, олардың түсу көздері мен  қолдану бағыттарын анықтаудн тұрады.

Қаржылық есептіктерді халықаралық  стандарттарына сәйкес ақшалақ қаражаттарды шет елдік тәжірибе және соңғы  жылдары біздің елдеде үш бағытта: опреациялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша.

Компанияның барлық қызметін үш дербес түрде бөлу, кәсіпорындар қызмет тәжірибесінде өте маңызды, себебі оптималды (яғни нольге жақын) ақшалақ ағын жиынын негізгі қызмет бойынша ақшалық теріс құйылу активтерді өткізгеннен (инвестициялық қызмет) түскен қаржымен орнын толтыру әлде банктік несие қатыстыру арқылы алынылады.

Қызметтүрлеріне қарай ақшалық  қаражаттар ағынының құрамын көоейік:

    1. Негігі опреациялық қызметтін ағындар түрлері

Құйылуы

Қайтуы

-тауарларды өткізгеннен  және қызмет көрсеткеннен түскен  қолма-қол ақша;

-арендадан түскен табыс;

-сатып алушылар аванстары.

-еңбек ақы төлеу;

-жабдықтаушыларға тауарлар  мен қызмет үшін төлемдер;

-бюджетке аударылған  сома;

-басқада төлемдер.


 

2.Инвестициялық  қызметтің ағындар түрлері

Құйылуы

Қайтуы

-негізгі, материалдық  емес активтерді және басқада  меншікті сату;

-басқа мекемелерден түскен  зайымдарды өтеу;

-негізгі, материалдық  активтерді және басқада меншікті  сатып алу;

-бағалы қағаздарды сатып  алу;

-басқа мекемеоерге зайым  беру;


 

Қаржылық қызметке кіретіндер: несие алғаннан әлде акциялар эмиссиядан түскен ақшалық қаражаттардың құйылуымен қатар бұрын алынған несиелер бойынша берешектерді өтеумен және дивидендтер төлеумен байланысты қайтулар.

 

3.Қаржылық  қызметтің ағындар түрдері

Құйылуы

Қайтуы

-ұзақ және қысқа мерзімді  несиелер мен зайымдар;

-акция, облтгацияларды  шығару және сату;

-мақсатты қаржыландыру.

-зайымдарды өтеу;

-дивидентерді төлеу;

-меншік акцияларды сатып  алу;

-басқа да төлемдер.


 

      1. Ақша қаражаттары қозғалысын талдаудың тікелей және жанама әдістері.

Ақшалық қаражаттардың ағынын талдауда тікелей және жанама әдістерін  ажыратады. Арасында айырмашылық ағым қызметі қорытындысынан ақшалық  қаражаттардың ағынының көлемін  анықтау процедураларының әртүрлі  жүйелілігінен тұрады:

  • Тікелей әдіс ақшалық қаражаттарының құйылу мен қайтуын есептеуге негізделінген, яғни оның негізгі элементі түсім.
  • Жанама әдіс ақшалық қаражаттардың қозғалысымен байланысты операцияларды теңестіру және олардың есебіне және таза пайданы бір ізгі түзетуге негізделінген, яғни негізгі элемент бұл жерде – пайда.

Қаржылық есептіктерді халықаралық  стандарты негізгі деп тікелей  әдісті ұсынғанына қарамастан, жанама әдісі пайда түріндегі қызметтің  қаржылық қорытындымен және нақты ақшалық  қаражаттар түрін талдағанда айырмашылығын  анықтау үшін өте пайдалы болып  табылады.

Екі әдісте оперативті басқару  мақсаттары үшін және де компанияның  даму бағыттарын анықтауда да қолданылады.

Тікелей әдіс – кәсіпорынның шоттарындағы ақшалық қаражаттарының қозғалысын әбден талдап оның ликвидтілігі туралы мүмкіндік бергенімен, алынған қаржылық қорытынды мен ақшалық қаражаттар көлемінің өзгерістері арасындағы байланысты көрсетеді.

Опреативтік (тікелей іске асырылатын) басқаруда жанама әдісін қолданғанда ол қаржылық қорытындының меншік айналым қаражаттарына сәйкестігін орнатуға мүмкіндік береді. Бұл оның алдыңғы әдіске қарағандаға артықшылығы болып саналынады.

Ақшалық ағындарды талдаудың  тікелей және жанама әдістерінен  басқа да амалдары бар. Ол кәсіпорынның ақшалықағынын тез есептеуге  және қаржылық жағдайға экспресс-диагностика үшін қолданылатын ликвидті ақшалық ағын талдау әдісі деп аталады.

Ликвидтік ақшалық ағын (немесе таза несиелік позицияның өзгеруі) кәсіпорынның зайым қаражаттары бойынша барлық қарыз міндеттемелерін толық  жабу жағдайынан пайда болатын ақшалық  қаражаттарының дефициттік әлде артық (сальдо) қалдық көрсеткіші болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ликвидтік қаржылық ағын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ликвидтік ақшалық ағын кәсіпорынның бір мерзім ішіндегі таза несиелік көзқарастың (пзиция) өзгеруін сипаттайды.

Таза несиелік позиция – бұл кәсіпорынның алған несиелер сомасымен ақшалық қаражаттар мөлшерінің айырмасы.

Ликвидтілік ақшалық ағын қаржылық тұтқа көрсеткіштермен  тығыз байланысты.

 

4.3 Ақша ағымдарын  болжамдау. Ақша қаржаттары бюджетін  қалыптастыру.

Өздігінен табыс әкелмейтін ақша қаражатын басқару, компанияның  әдеттегі қызмет жүргізуге жеткілікті, минималды деғгейін қолдануға келіп  тіреледі. Шоттардағы және кассадағы  ақша қаражат сомалар жеткілікті болу керек:

а)жабдықтаушылардың шоттарын уақытылы төлеуге;

б)несиеқабілеттілікті сақтауға;

в)ойда болмаған шығындарды төлеуге.

Ақша ағымдарының болжамы компанияның ақша қаражытқа деген келешектегі қажеттілігін анықтауға, бұл қажеттіліктерді қаржыландыруын жоспарлауға, ақша ағымдарының бақылануын және компанияның ликвидтілігін тексеруге көмектеседі.

Болжам әрбір уақыт  мерзіміне құрылуы мүмкін, бірақ  ең кеңінен тарағаны әрбір айға бөлек  бір жыл ішінде құрастыруы саналынады.

Кәсіпорында ақша ағымын болжау көптеген жағдайда келешекте ақшалық  төлемдер мен түсімдерді анықтауға  мүмкіндік беретін компания қызметінің бөлек бағыттарын зерттеуге негізделінеді.

Олардың негіздеріне жататындар:

-стау жобалары, тауарларды  өткізуден ақшалық түсімдерді  жоспарлау, ақшалық төлемдерді  болжау, таза ақшалық ағым және  ақшалық балансының есебі.

1.кезең. Болжам кассалық  жоспарды дәлдікті қамтамасыз  етудің жолы сатуды болжау. Бұл болжам ішкі талдау, әлде сыртқы талдау немесе екеуіде қатар қолдану негізінде жүргізіледі.

2.кезең. Сату көлемін  болжағаннан кейін тауарларды өткізуден ақшалық түсімдерді анықтау қажет. Көптеген кәсіпорындар үшін өткізу көлемі мен төлемді жинау тәжірибесі арасында өзара байланыс бар.

Сонымен қатар, өнімді сатудан  басқа түсімдердің көзі болып  негізгі капиталды сатуда болуы  мүмкін. Компанияның ақшалық түсімдерінің қосымша көзі ішкі зайымдар және инвестициялық  табыс түріндегі түсімдер бола алады.

3.кезең. сату көлемі  мен тауарды өткізуден ақшалық  түсімдер есебінен кейін өндірістік  жоспар құру арқылы ақшалық төлемдерді болжау қажеттілігі туады.

Бұл кезеңде компанияның  ақшалық ағындарын болжағанда келесі міндеттер шешіледі:

    • Өндіріс факторларына (материалдар, жұмысшылар және негізгі капитал) қажеттілік анықталынады;
    • Операциялық шығындар мен байланысты ақшалық төлемдер жобасын құру;
    • Операциялық қызметпен байланыссыз компанияның басқа да төлемдерімен байланысты ақшалық төлемдер жобасын құру;
    • Сатып алуға және басқада операциялық төлемдер шығындары бойынша төлемдердің жалпы графигін құру.

Информация о работе Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика