Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:59, лекция

Описание работы

Фирманың әлде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер ақырғы экономикалық, инвестициялық шешімдер қабылдағанда оның көптеген қолданушыларын негізгі факторы болып саналынады. Бухгалтерлік есепте жинақтап және қайта қаралған қаржылық есептік , фирмадан тыс адамдарға мерзімді мәліметтермен қолдануға ең маңызды әдіс болып есептелінеді. Сондықтан, кейіннен қаржылық есептіктің спецификасы мен мақсатын оқу барысында оның негізгі міндеттерін қарау қажет.
Қаржылық есептіктің мақсаты қаржылық жағдайы, қызмет қорытындылары және кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді тапсыру.
Қойылған мідеттемелерді орындау үшін, қаржылық есептіктерді есептеу әдісі бойынша құрастырылады, осыған сәйкес операциялардың қорытындысы және басқа да жағдай нақты орындалғанына қарай ескеріледі.

Содержание

1.1 Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика жағдайындағы роль
1.2 Қаржылық есеп беруді құрудың принциптері.
1.3 Қаржылық есеп берудің түрлері мен нысандары. Қаржылық есеп беру элементтері: активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.
1.4 Қаржылық есеп берудің сапасына қойылатын талаптар.
1.5 Қаржылық есеп беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

Работа содержит 1 файл

Курстың қысқаша дәрістері.docx

— 75.45 Кб (Скачать)

Курстың қысқаша  дәрістері

1-тақырып қаржылық  есеп беру – компанияның қызметін  басқару процессін ақпараттық  қамтамасыз ету жүйесінде

Сабақтың  мақсаты: Студенттер қаржылық есептіктің теориясы мен тәжірибесіне қолданылатын негізгі көрсеткіштерді, талдаудың әдістерімен, тәсілдерін меңгеру қажет. Нақты шаруашылық субъектілердің қаржылық есептіктерінің негізгі элементтерімен таныстыру.

Кілттік сөздер: активтер, пассивтер, табыстар шығыстар, түсім, жалпы табыс, өзіндік құн, төтенше шығындар.

 

    1. Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика жағдайындағы роль
    2. Қаржылық есеп беруді құрудың принциптері.
    3. Қаржылық есеп берудің түрлері мен нысандары. Қаржылық есеп беру элементтері: активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.
    4. Қаржылық есеп берудің сапасына қойылатын талаптар.
    5. Қаржылық есеп беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

 

1.1 Қаржылық есеп  берудің мазмұны, оның нарықтық  экономика

жағдайындағы  роль.

Фирманың әлде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер ақырғы экономикалық, инвестициялық шешімдер қабылдағанда оның көптеген қолданушыларын негізгі факторы болып саналынады. Бухгалтерлік есепте жинақтап және қайта қаралған қаржылық есептік , фирмадан тыс адамдарға мерзімді мәліметтермен қолдануға ең маңызды әдіс болып есептелінеді. Сондықтан, кейіннен қаржылық есептіктің спецификасы мен мақсатын оқу барысында оның негізгі міндеттерін қарау қажет.

Қаржылық есептіктің мақсаты  қаржылық жағдайы, қызмет қорытындылары  және кәсіпорынның қаржылық жағдайы  туралы мәліметтерді тапсыру.

Қойылған мідеттемелерді орындау үшін, қаржылық есептіктерді есептеу әдісі бойынша құрастырылады, осыған сәйкес операциялардың қорытындысы  және басқа да жағдай нақты орындалғанына  қарай ескеріледі.

Бұндай мәліметтер мен  қолданушыларға жататындар:

    • Потенциалды инвесторлар;
    • Кәсіпорын жұмысшылары;
    • Сатып алушылар;
    • Мемлекет және оның ұйымдары;
    • Жалпы қоғам және басқалары.

Көптеген жағдайда қаржылық есептікті қолданушылар екі негізгі  топқа бөледі.

1 топ – осы компанияға  қызығушылық білдіртін және осы  компаниядағылар.

2 топ – кәсіпорында  қызмет істемейтін, бірақ бірінші  топтағы қолданушыларды қорғауға  міндетті.

Сонымен, қаржылық есептік  компанияны қоғаммен және іскер адамдармен байланыстыратын мәліметтік топ  ретінде тұрады. Қаржылық есептік  көптеген қолданушылардың жалпы  қажеттілігін қанағаттандырады. Бірақ, ол экономикалық шешімдер қабылдау үшін барлық мәліметтермен қамтамасыз ете  алмайды, себебі тек қана өткен мерзімдегі қаржылық қорытындыларды ғана көрсетіп және қаржылық емес мәліметтер міндетті түрде көрсетілмейді.

Қаржылық есептік, сонымен  бірге кәсіпорынның басшылар қызметін әлде берілген қорларға басшылар жауапкершілігі көрсетеді.

Қаржылық есептіктерді қолданушылармен  қабылданылатын экономикалық шешімдер кәсіпорынның ақша қаражаттарын және олардың эквиваленттерінің қабілеттілігін бағалауды талап етеді, және оларды құрудың уақытылы мен тұрақтылығы.

 

1.2. Қаржылық есеп  беруді құрудың принциптері.

Компаниялардың қаржылық есептіктерді және өткізудің концептуалды негіздері келесі моменттерге негізделінеді:

1. сыртқы қолданушыларға дайындалатын және берілетін кәсіпорынның қаржылық есептіктердің негізіндегі принциптерге бағынышты;

2. құрастырушыларға, қолданушыларға  және аудиторияларға қаржылық  есептіктердің халықаралық стандарттар  талабына сәйкестігін бағалауға көек береді, сонымен қатар халықаралық стандарттарда қолданылмайтын сұрақтарды шешуге;

3. халықаралық стандарттарды  құрастырғанда қолданылатын әдістер  туралы қызығушы жақтарды мәліметтендіру  және ұлттық стандарттарды дайындағандағы  теориялық негіздер арқылы есеп  тәжірибесін гармонизациялауға  мүмкіндік береді.

Қаржылық есептіктің мақсаты  экономикалық шешімдер қабылдау үшін қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет қорытындысы және қаржы  жағдайының өзгеруі туралы қажетті  мәліметтермен қамтамасыз ету. Қаржылық есептікті дайындау негізінде екі базалық болжам жатыр:

    • Есептеу принципі;
    • Қызмт жалғастыру принципі.

1.есептеу принципі –  бұл шаруашылық операциялар есепке  ақшалық қаржыларды алу әлде  төлеу кезінде емес, оларды істелінген кезде көрсетіледі және олар болған мерзіміне апарылады.

2.қызмет жалғасыру принципі  – қаржылық есептік компания  өз қызметін келешекте жалғастырады, яғни онда жойылу, тарату әлде  өз операциялары елеулі қысқарады  деген қажеттілік, ниет жоқ деген  болжам негізінде құрастырылады.

 

1.3. Қаржылық есеп  берудің түрлері мен нысандары.  Қаржылық есеп беру элементтері:  активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.

Қаржылық жағдай туралы мәлімет  бухалтерлік баланста беріледі, қызмет қорытындысы туралы – табыс және шығын туралы есепте, ақша қимылы – ақша қимылы туралы есепте, және қаржылық жағдайдағы өзгерістер қаржылық есептікте, есептіктің бөлек түрі арқылы ( меншк капиталдағы өзгерістер туралы есепте) есепте көрсетіледі.

Қаржылық есептіктің міндетті құрама бөлігі – есеп әдістерін, қолданылатын есеп стандарттарын және есеп әдісінде қолданылатын өзгерістер принциптерін ашатын ескертулер мен анықтамалар.

Компаниялар туралы барлық елдердің заңдарында қаржылық есептіктерді тапсыру және бұл есептіктерді аудиториялық тексеруден өткізу тәртібі анықталынады.

Қаржылық жағдайда бағалауға  тікелей байланысты элементтерге активтер, міндеттемелер және меншік капитал  жатады.

Активтер – бұлар ресурстар, оларды қолдану келешекте экономикалық пайда құйылуға мүмкіндік туғызады.

Міндеттемелер – бұл компанияның ағымдағы берешегі, басқа жақтың талабын орындау үшін оны өтеу экономикалық табысты, ресурстар қайту түрінде, азайтуға әкеледі.

Меншік капитал – бұл барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі компания үлесі. Табысты өлшеумен тікелей байланысты элементтер: табыстар және шығындар.

Табыстар – есеп мерзімі ішіндегі құйылу әлде активтердің өсу түріндегі экономикалық пайданың өсуі, немесе міндеттемелердің азаюы, қорыта келе меншік капиталдың өсуіне әкеледі.

Шығындар – есеп мерзімі ішіндегі ағын әлде активтерді қолдану түріндегі экономикалық пайданың азаюына әлде меншік капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелер пайда болуы.

Барлық элементтер қаржылық есептіктерде көрсету үшін олар мойындау белгілеріне сәйкес болуы керек.

Мойындау – баланс әлде табыстар мен шығындар туралы есепке қаржылық есептікте анықтамасына сай болған элементтерді кіргізу.

Бағалау дегеніміз бұл қаржылық есептіктердің элементтері мойындалуға және баланспен табыстар және шығындар есебіне кіргізу тиіс ақшалық сомаларын анықтау. Ал ол үшін нақты бағалау әдісін тандау керек.

 

1.4. қаржылық есеп  берудің сапасына қойылатын талаптар.

Қаржылық есептіктердің  мәліметтері қаржылық басқарудың құралы болып саналады. Экономикалық мәліметтердің  сапасына белгілі  талаптар қойылады, ең алдымен, ол мәліметтерді қолданушыларын қанағаттандыруға керек деген талап, басқаша айтқанда пайдалы болуы.

Мәліметтердің пайдалылығы  ішкі және сыртқы қолданушылармен бағалынады, және олар оның сапасына келесі талаптар қояды:

    • Мәліметтердің орындылығы және уақыттылығы – бұл қолданушылардың шешімдер қабылдауға әсер ету және қажет уақытында әлде белгілі мерзімге олардың тілектерін қанағаттандыру қабілеттілік, яғни мәліметтердің уақытылы берілуі;
    • Мәліметтердің анықтылығы – бұл берілген мәліметтердің объективті және ақиқаттылығының кепілділігі, ал бұл есеп әдістерін, сонымен қатар қолданушылар берілген мәліметтерді дұрыс түсініп және оны тексеру үшін есептеу және бағалау процедураларын көрсеткенді қажет етеді;
    • Мәліметтердің салыстырмалылығы – компания есептіктерінің көрсеткіштерін басқа компанияның мәліметтерімен салыстыру мүмкіндігі;
    • Қолайлы және мәліметтердің түсініктілігі – қолданушы шешімдер қабылдай алатындай, қате жіберем деп қорықпайтындай, берілетін мәліметтер анық, түсінуге болатын түрде болуы керек;
    • Мәліметтердің құпиялығы – қолданушыларға конкуренттер жағынан компания шығын келтірмейтін мәліметтерді беру. Осы арадан сыртқы қолданушылар арасында мәліметтер таратуға қатал есеп және бақылау, сонымен қатар есептік мәліметтердің мазмұны мен сипаттамаларына аса көңіл аударуды талап етеді.

1.5. Қаржылық есеп  беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

Талдау әдісі – бұл  шаруашылық субъектің қызмет қорытындысын білудегі жүйелі, комплекті тәсіл.

Талдау объектін алдын-ала  зерттегенде оның сапалық сипаттама  әдістері және жалпы бағалау-салыстыру, топтама, коэффициенттік амалды қолданып аналитикалық көрсеткіштер жұйесін  құру және қалыптасқан жері мен уақыты бойынша талдау басым келеді.

Талдаудың ең кеңінен тараған  әдісі – салыстыру. Аса маңыздысы  көрсеткіштерді талдау жүргізген күнмен және болыр өткен хронологиялық  уақытпен салыстыру.

Көлденең  талдау – бұл есептіктердің әрбір позициясын болып өткен мерзімнің ұқсас позициясымен әлде арада уақыт өткен позициямен салыстыру. Сонымен қатар, көлденең талдау баланстың активі мен пассив баптарын талдау және осы саланың бір кәсіпорынның есептіктер баптарын  басқа кәсіпорындікімен салыстырмалы талдау деп те атайды.

Тік ( вертикальді) талдау – бұл әрбір позицияны өткен мерзіммен салыстырып өзгерістерді тауып қорытынды қаржы көрсеткіштерінің құрылымын аңықтау.

Салыстырмалы  көрсеткіштерді талдау – бұл әрбір көрсеткіштердің, есеп позицияларын әртүрлі есептіктердің позицияларымен ара қатынасы, көрсеткіштер өзара байланысын анықтау. Әрбір коэффициенттің өздігінен мәліметтік құндылығы жоқ, ал комплекстік түрде әлде біркелкілік нышан бойынша олардың жиынтығы компанияның ағыдағы және келешектегі қаржылық жағдайы туралы мәліметтердің ең маңызды көзі.

Сапалық талдаудың келесі әдісі – топталу. Барлық көрсеткіштер топталып бір кестеге апарылады. Бұл аналитикалық  есептер жүргізуде, әрбір құбылыстардың даму тенденцияларының әсерін және олардың өзара байланысын, көрсеткіштердің өзгеруіне әсер еткен факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары қаржылық есептіктерді талдауда қолданыла бастаған кластерлік талдау деген пайда болды. Бұл әдіс экономикалық мазмұнына қарай тектес факторлардың негізгі топтарын белгілеп және шаруашылықпен айналысудың тиімділігінің жалпы варияциясын осы топтар арасында бөлу.

 

2. тақырып. Бухгалтерский  баланс – мүліктік және қаржылық  жағдайы туралы ақпарат көзі.

Сабақтың  мақсаты: Студенттердің балансты өтімділігінің жалпы көрсеткіштерін аналитикалық талдау әдістерін меңгеру. Студентті нақты кәсіпорынның мысалында өтімділікті жасауға үйрету.

Кілттік сөздер: Балансты жіктеу, баланс активінің көрсеткіштері, баланс пассивінің көрсеткіштері.

2.1 Бухгалтерлік баланс  – қаржылық есеп берудің негізгі  нысаны, оның сипаттамасы мен  мәні. Бухгалтерлік балансты жіктеу.

2.2 Баланс активінің интерпретация  мәселесі.

2.3 Компания қызметін қаржыландыру  көздері.

2.4 Баланстың активі мен  пассивінің қаржылық көрсеткіштерінің  өзара байланысы.

2.5 Баланстың өтімділігін ( ликвидтілігін) талдау.

 

2.1 Бухгалтерлік  баланс – қаржылық есеп берудің  негізгі нысаны, оның сипаттамасы  мен мәні. Бухгалтерлік балансты  жіктеу.

Баланс қаржылық есептік  болып саналынады, онда белгілі бір  уақытқа активтердің, міндеттемелердің және меншік капиталдың әр түрлі баптарының сомалары көрсетіледі.

Әрбір елдің қаржылық есептіктерін сақтайтын негізгі фактор бұл  Еуропалық Одақ ұсынған қаржылық есептіктерді құрудың әртүрлі нысандарының бар болуы.

Осыған сәйкес қаржылық есептіктердің  стандарттық үлгісіне (формат) баланстың  екі форматы және табыс пен  шығындар есептігінің төрт форматы  кіреді, олардың негізгі айырмашылығы құрамына кіретін есептің баптары және оларды топтастыру әдістері.

Осымен қатар олардың  айырмашылықтары келесі белгілер бойынша  болады:

- балансты тік және  көлденең түрде көрсету;

- баланс баптарының ретке  келтіруіне қарай;

- есептік түрлерінің саны  мен атаулары;

- жылдық есептің құрылымы  және т.б.

Бухгалтерлік есептің жаңа стандарттары енгізілгеннен бері бухгалтерлік баланс жаңаша анықталып оның екі жағының және элементтеріне анықтама береді.

Информация о работе Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика