Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:59, лекция

Описание работы

Фирманың әлде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер ақырғы экономикалық, инвестициялық шешімдер қабылдағанда оның көптеген қолданушыларын негізгі факторы болып саналынады. Бухгалтерлік есепте жинақтап және қайта қаралған қаржылық есептік , фирмадан тыс адамдарға мерзімді мәліметтермен қолдануға ең маңызды әдіс болып есептелінеді. Сондықтан, кейіннен қаржылық есептіктің спецификасы мен мақсатын оқу барысында оның негізгі міндеттерін қарау қажет.
Қаржылық есептіктің мақсаты қаржылық жағдайы, қызмет қорытындылары және кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді тапсыру.
Қойылған мідеттемелерді орындау үшін, қаржылық есептіктерді есептеу әдісі бойынша құрастырылады, осыған сәйкес операциялардың қорытындысы және басқа да жағдай нақты орындалғанына қарай ескеріледі.

Содержание

1.1 Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика жағдайындағы роль
1.2 Қаржылық есеп беруді құрудың принциптері.
1.3 Қаржылық есеп берудің түрлері мен нысандары. Қаржылық есеп беру элементтері: активтер, пассивтер, табыстар, шығындар.
1.4 Қаржылық есеп берудің сапасына қойылатын талаптар.
1.5 Қаржылық есеп беруді талдаудың әдістерін сипаттау.

Работа содержит 1 файл

Курстың қысқаша дәрістері.docx

— 75.45 Кб (Скачать)

                                                шығып қалған негізгі қорлардың  құны

3.Ауыстыру коэффициентті=---------------------------------------------------

                                     түскен негізгі қорлардың құны

 

Айта кететін жағдай, барлық жоғарыда аталып өткен көрсеткіштер жыл басына, жыл аяғына және орташа бір жылға прценттік әлде бірлігінде есептелінуі мүмкін.

Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындардың негізгі қорларын талдау үшін олардың тиімділігі мен қолдануын сипаттайтын келесі көрсеткіштер есептелінеді:

                                                         түсім

-қор қайтарылымы = -------------------------------------------------

                                   негізгі қорлардың орта жылдық құны

                                    негізгі қорлардың орта жылдық құны

-қор сыйымдылығы = -------------------------------------------------

                                                         түсім

                                    негізгі қорлардың орта жылдық  құны

-қор құралғандығы = --------------------------------------------------

                                    қызметкерлердің саны

                                                          пайда

-қор рентабельділігі  = ----------------------------------------------------

                         негізгі қорлардың орта жылдық  құны

 

5.4 Негізгі қаржылық  коэффициенттер

Тауарлардың ең кеңінен тараған  және түсінікті әдісі болып қаржылық коэффициенттерді  қолдану саналынады.

Қаржылық коэффициенттер – бұлар қатысты көрсеткіштер. Олар қаржылық есептіктердің бөлек  баптарының қатынасы әлде олардың қисындасуы түрде есептелінеді.

Бұндай коэффициенттердің  мағынасы алынған қорытындыларды орташалаған салалық коэффициенттер стандартымен, сонымен қатар елде әлде нақты компанияда қаржылық есептіктерін талдау арқылы салыстыру мүмкіндігімен анықталады. Шешімдер қабылдау үшін олардың талдаудағы пайдалылығы коэффициенттерді мағынасын ашып, байымдауға байланысты.

Қаржылық жағдайды талдауда қатыстық көрсеткштерді қолдану  өте қажет, себебі олар болып жатқан процесстерді түсінуге және оларды тек  күнделікті, қазіргі кезеңде емес келешекте де бағалау үшін маңызы зор.

Қаржылық есептіктер көрсеткіштерн  жіктеуде әртүрлі бағыттар бар.

Ең маңыздылары болып  қаржылық көрсеткіштердің келесі топтары  мойындалған:

    1. Ликвидтілік коэффициенттері;
    2. Іскер белсенділік коэффициенттер;
    3. Рентабельділік коэффициенттері;
    4. Төлемқабілеттілік коэффициенттері;
    5. Нарықтық белсенділік коэффициенттері.

Баланстың ликвидтілігі компанияның өз активтері мен міндеттемелерін жабу деңгейінен анықталынады, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді.

  1. Ликвидтілік коэффициенттері – бұл өз қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айыратын кәсіпорынның қабілеттілігін өлшейтін коэффициенттер. Ликвидтіліктің жетіспеушілігі кәсіпорынның қаржыландыру шығындары көбейтіп және шоттарды төлеу, дивидендтерді өтеуге мүмкіндігі қалмайтынға әкеледі.

Ликвидтіліктің үш негізгі  көрсеткіштері бар:

-таза айналым капиталы;

-ағым ликвидтілік коэффициенті;

-жедел ликвидтілік коэффициенті.

а) Таза айналым капиталы қысқа мерзімді міндеттемелерге кемітілген айналым капиталының көлеміне тең. Таза айналым капиталының жалпы құны қысқа мерзімді міндеттемелерден артық болып өз қызметін асыруға қажет барлық шығындарды қаржыландырудын қамтамасыз етіп, сонымен қатар кәсіпорындарға ойда болмаған жағдайлардан құтылуға мүмкіндік береді.

б) Ағымликвидтілік коэффициентін кейде жабу коэффициенті әлде жалпы ликвидтілік коэффициенті деп атайды. Бұл коэффициент кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын белгілеп және кәсіпорынның есеп жылы ішіндегі өз қысқа мерзімді міндеттемелерін ағым активтері есесінен өтеуге қабілетті ме екенін айқындайды.

                             ағым активтері (айналым қаржылар)

Ағым ликвидтілік коэф=---------------------------------------------------------------

                                ағым міндеттемелері (қысқа мерзімді берешек)

Жалпы қабылдаған стандарттарға  сәйкес бұл коэффициент 1-ден кем  болмауға тиіс деп саналынады. Ал 1-ден  кем болған жағдайда кәсәпорында  өз қысқа мерзімді міндеттемелерін  өтеуге қаржының жеткіліксіз екенін, ал бұл болса қаржылық тәуекелдік және банкроттық қаып барының куәсі.

в) Жедел ликвидтілік коэффициенті – ликвидті қаржылардың қысқа мерзімді берешекке қатынасын көрсетеді.

Айналым капиталының ең ликвидті бөлігіне жататындар: қолма-қол ақша, тез өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық берешек. Тауар-материалдық  қорлар және аванстық төлемдер ағым активтерінің ең кем ликвидті бөлігі деп есептелінеді, себебі олар ағым міндеттемелерін өтеуге иек қана оларды өткізгеннен кейін  қолданылуы мүмкін.

                                  Ақша қаржы+дебиторлық берешек+бағалы  қағаз

Жедел ликвидтілік коэф=-------------------------------------------------------------------

                              Ағым міндеттемелері (қысқа мерзімді  берешек)

2.Іскерлік белсенділік коэффициенттері

Іскерлік белсенділікті  талдауды жиі компанияның басқару  сапасын талдау деп атайды. Жалпы  түрде бұл талдау сапалық бағалау  мен қоса (компанияның және басшыларының репутациясы, іскерлік тарихы, бәсекеқабілеттілік, тұрақты тұтынушылардың бар болуы) сандық баға (абсолюттік және қатыстық көрсеткіштер есебі).

Іскерлік белсенділік  коэффициенттері:

а) активтердің айналымдылығы. Айналым активтеріне олардың айналымдылығы үлкен әсер етеді. Одан айналым қаржыларының шаруашылық қызметте қажет минималды мөлшері ғана емес, сонымен қатар қорларға ие болу және сақтауға байланысты шығындар мөлшеріде тәуекелді. Бұл келіп, өз кезегімен өнімнің өзіндік құнына және ақырында кәсіпорынның қаржылық қорытындысына әсер етеді.

Бұл айналым активтерін және олардың ацналымдылығын талдауға тұрақты  бақылауды қажеттілігіне себепші  болады.

                                       Кәсіпорынның өнімді өткізгеннен  түскен табыс

Активтердің айналымдылығы=-----------------------------------------------------------

                                      Активтердің орташа көлемі

Бұл көрсеткіш кәсіпорын  айналым активтерінің айналым жылдамдығын  сипаттайды. Берілген түсімді алу  үшін акивтер қанша рет айналуы  керек әлде активтерге салынған әрбір  ақшалық бірлік қанша түсім әкелетінің көрсетеді.

б) дебитолық берешектің айналымдылығы – бұндай берешектің басқару тиімділігін суреттейді, қаншалықты тез кәсіпорын дебиторлар шоттары бойынша төлемді тез өзіне түсіретінін, атап айтқанда орташа бір жыл ішінде дебиторлық берешек қанша рет ақша қаражаттарына айналатынын көрсетеді.

                                                                     Өткізуден түскен түсім

Дебиторлық берешектің айналымдылығы=-----------------------------------------

                                                          Дебиторлық берешек сомасы

(бұл көрсеткіштің төмендеуі  қарыздарды өндіріп алуда қиыншылықтың  барын болжайды).

в) дебиторлық берешекті өтеудің орта мерзімі – бұл қарыздарды өтеу қажет уақыт (оған дебиторлық берешектің ықпал күндерінің саны кіргізіледі):

                                                                                               365

дебиторлық берешекті  өтеудің орта мерзімі=------------------------------------------

                                                  дебиторлық берешектің айналымдылығы

3.Рентабельділік коэффициенттері

Бұрын қаралған коэффициенттер компания қызметінің кейбір жағы туралы мәліметтер берсе, рентабельділік коэффициенті қызмет қорытындысына ликвидтілік, активтерді және берешекті басқару  бірлескен әсерін көрсетеді.

а) ативтердің рентабельділігі (экономикалық рентабельділік) – компанияға пайда бірлігін алу үшін қанша ақшалық бірліктің қажет болғанын көрсетеді. Бұл коэффициент компанияның бәсекелік қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады.

             Салық салынғанға дейінгі пайда

Р а) = --------------------------------------------

            Мүліктін орташа құны

б) меншік капиталдың рентабельділігі (қаржылық рентабельділік) – компанияның меншік иелерінің салымдар табыстылығын көрсетеді.

Меншік иелерінен басқа  бұл коэффициенттің деңгей» кредиторлар  үшін де өте маңызды, себебі ол компанияның  несие өтеу бойынша мүмкіндігінің  кейбір деңгейін көрсетеді.

в) сату рентабельділігі (коммерциялық рентабельділік) – сатудың бір ақшалық бірлікке келетін пайдасын көрсетеді.

              Таза пайда

Р с) = ------------------------------------------

                         Өткізу (сатудан) түскен түсім

Сату бірлігіне түскен жоғары пайда негізгі қызметтегі компанияның жетістігінің куәсі. Түскен аз пайда өнімге сұраныстың төмендігін және маркетингті жандандыру, шығындарды түрлері бойынша талдап, оларды түсіру жолдарын іздеуді талап етеді.

4.Төлмқабілеттілік  коэффициенттері

а) жабу коэффициенті – барлық айналым активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталынады. Бұл коэффициент айналым активтерінің қанша еселі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабатынын белгілеуге мүмкіндік береді. Айналым активтерінің көлемі ағым пассивтеріне қатысты көп болған сайын соғұрлым міндеттемелер активтер есесінен өтеледі деуге сенімділікте жоғары.

Ағым төлемқабілеттілікті  талдау үшін ағым активтері мен қысқа  мерзімді міндеттемелер айырмасын  сипаттайтын көрсеткіштің динамикасы (өсінкілігі), яғни таза активтер көп  болса, соғұрлым компанияның төлемқабілеттілігі жоғары деп саналады.

б) қаржылық тәуелділік коэффициенті – компанияның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелді екенін көрсетеді. Бұл коэффициент несие капиталының меншік капиталға қатынасымен есептелінеді. Бұлкөрсеткіштің деңгейі жоғары болған сайын, соғұрлым компанияның кредиторға тәуелділігі жоғары.

в) меншік коэффициенті жалпы компания капиталы құрылымдағы меншік капиталдың %-дық үлесін сипаттайды.

Бұл коэффициент меншік капиталдың міндеттемелер және меншік капиталдың жалпы сомасына қатынасымен есептелінеді. Бұл коэффициенттің төмен деңгейі зайым капиталын қолдануынын жоғарғы екенін дәлелдейдіжәне бұндай жағдайда компанияның қаржылық жағдайы несие ресурстар құнына, яғни зайым капиталы деңгейіне тәуелді.

5.Нарықтық  белсенділік коэффициенттері

Компанияның нарықтық белсенділігін  сипаттау үшін қолданылатын маңызды  көрсеткіштерінің бірі болып бір акцияға клетін пайда коэффициенті саналынады. Ол есеп мерзімде компанияның бір кәдімгі акциясына табысталған таза пайдасының қандай сомасы келетін куәландырады.

          Таза пайда  

К п/а=---------------------------------------

           Айналымдағы акциялар саны

Бұл коэффициенттің төмен мағынасынан компанияның тұрақсыз дамуы, жоғары шығындар, сәтсіз баға саясаты туралы мәлімдейді.

Коэффициенттің  жоғары мағынасы ол – тұрақты өсу, дағдыдағыдай, компанияның жетістіктері туралы және потенциалды инвесторды қатыстырудың қажеттілігін айтады, бірақ бұл коэффициенті талдауды дивидендтік шығыс талдауымен толықтыру керек.

              1 акция келетін дивиденд

К д.в.= -----------------------------------

                        Акция келетін таза пайда

Компания акцияларын сатып  алу (сатудың) мақсатқа сәйкестігінің  маңызды индикаторлары (өлшем аспабы) болып дивидентік табыстылық саналынады.

               1 акцияға келетін дивиденд

К д.д. = -------------------------------------

               Акцияның нарықтық құны

Кейбір жағдайларда акциялардың  «вес» (салмағын) бағалау пайдалы  болады, яғни акциялардың баланстық  бағасы коэффициентін есептеуге  мүмкіндік беретін компанияның  қанша меншік қаржысының бір акцияға  келетінін білу үшін.

               Меншік капитал

К б.о.а.=----------------------

              Акциялар саны

Бұл коэффициенттің мағынасы акциялардың меншік қаржымен қамтамасыз деңгейін көрсетеді, бұл өз кезегімен  компанияны жойылып (әлде таратылатын) мүмкіндігі жағдайына бір ориентир (бағдар) ретінде жүреді.

Информация о работе Қаржылық есеп берудің мазмұны, оның нарықтық экономика