Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

Шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық  қолдау жүйесін дамыту. Шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасмыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің адымды схемасын енгізуді көздейді.

Табысы аз азаматтардың және бизнесті жаңадан  бастаушылардың, оның ішінде коммерциялық және несиені рәсімдеудің техникалық рәсімдері оңайлатылған грант негізінде  жүзеге асырылатын ауылдағы кәсіпкерлердің бизнес бастамаларына шағын несие беру жүйесі көрсетілген схеманың тұғыры болуы тиіс. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және қосымша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз бизнесін одан әрі дамытуды мақсат тұтқан жаңадан бастаушы кәсіпкерлерде несие тарихының пайда болуына ықпал ететін болады.

Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен  ұштасқан бизнестің неғұрлым күрделі  және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді  қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске несие берудің кепілді  жүйесін жасау үшін жағдай жасалады. Осы жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен несиелеу мекемелермен тәуекелдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірген, бірақ жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің талаптарын қанағаттандыра алатын  несие тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын бизнестің салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы қайта өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ереке өзекті.

Белгілі бір  тәжірибесі бар және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары технологиялы жабдықтар мен қосымша капиталға  мұқтаж кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың  жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа өндірістердің пайда болуына және жұмыс істеп тұрғандарын және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұдан басқа, екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды:

-  шағын  және орта бизнес субъектілері  үшін несиелеге қызметтер көрсету  төлемдерін азайту жөніндегі  тетіктерді әзірлеу және енгізу;

- шағын және  бизнес кәсіпорындарын оларды  жеңілдетілген нысан бойынша  жобаның техника-экономикалық негіздемесімен  ауыстыра отырып, несие берілетін  іс – шара бойынша бизнес-жоспарларды  міндетті түрде ұсынудан босату;

- қарыз алушы  – шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдеті жолымен оңтайландыру қажет болады. 

Шағын және орта бизнес субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады.

Шағын және орта бизнестің инфрақұрылымын дамыту. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлердің қызметті игеру немесе кеңейтуге байланысты шығындарын жүйелі түрде сүйемелдеу және олардың уәждері мен мақсаттарын есепке алу жолымен қысқарту үшін жағдайлар жасалады. Осы міндетті орындау әкімдердің шағын бизнес инфрақұрылымын жергілікті жерлерде дамытуға жауапкершілігін және Шағын және орта бизнес жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы мен оның филиалдық желісі, кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары, бизнес орталықтар, бизнес-инкубаторлар мен технопарктер, оқу және ақпараттық – талдау орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру есебінен мүмкін болады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ірі кәсіпорындармен шағын және орта бизнестің ықпалдасуы үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын және ірі шаруашылық құрылымдардың ынтымақтастығын ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Бұл қолдау:

- шағын және  орта бизнесті демеушілікті ынталандыру;

- шағын және орта бизнестің ірі бизнеспен өзара іс-қимылын франчайзинг қағидаттарымен қамтамасыз ету;

- жинақтаушы бұйымдар өндірісіне және қызметтер көрсетуге ірі кәсіпорынның тапсырыстарының негізгі үлесін отандық шағын кәсіпорындар арасында орналастыру (кемінде 70-90%);

- шағын және орта бизнестің мұнай-газ және тау-кен-металлургия, соның ішінде шетел қатысатын компаиялармен байланыстарды нығайту;

- тиімді жұмыс істеу үшін және ірі компаниялардан тапсырыстар алу үшін шағын бизнестің кәсіби децгейін жетілдіру;

- жоғары технологияларды  қолданатын өндірістік процестерге (мұнай-газ кешені, маина жасау, радиоэлектроника, аспап жасау және басқа салалар) шағын бизнестің қатысуын қамтамасыз ету. Қажетті тауарларды шығару мен сервистік қызметтер көрсетуді қоса алғанда, мұнай-газ саласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылымның дамуы жөніндегі мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қосылған құны жоғары тауарлар шығару, сондай-ақ жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарға тауарлар жеткізу және қызметтер көрсету мақсатында отандық кәсіпкерлерді тарту жөнінде іс-шаралар әзірленеді;

- шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындардың тиісті бөлімшелері жұмысының орныққан жабдықтау-өткізуші, маркетинг схемаларына қосуды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне беру мақсатында топтап тұрған кәсіпорындарды бөлшектеу және қайта құрылымдау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Шағын және орта бизнесті оқыту, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету және насихаттау. Бизнеске оқыту қазіргі кезеңде шағын  бизнесті қолдаудың бірыңғай білім беру және ақпараттық - әдістемелік қолдау жүйесін құруды талап етеді. Ел халқының ауқымды бөлігін бизнес қызметке оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру оларды кейіннен кәсіпкерлердің өңірлік қауымдастықтары, Шағын және орта бизнес жөніндегі республикалық ақпараттық - көрме орталығы базасындағы оқу және ақпараттық талдау орталықтарының желісі арқылы енгізілетін және сүйемелдейтін бірыңғай оқыту әдістері мен бағдарламаларын әзірлеуге негізделеді. Бұл шағын бизнес саласы үшін қажетті кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы халықаралық  және шетелдік мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде республикада шағын бизнесті дамытуға қаржылық және техникалық жәрдемдесудің  халықаралық жобаларын дайындау мен іске асыру жөніндегі қызмет жалғастырылатын болады [29, 3-4 б.].

Бизнес мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жүйелеу және жетілдіру. Соңғы он жыл ішінде қалыптасқан бизнес ортада болған өзгерістер оынң нормативтік  құқықтық базасын және мемлекеттік реттеудің негіздерін жетілдіру қажеттігін бірінші орынға қойып отыр.

Осы мақсатта бизнес мәселелерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде  орын алған қайшылықтарды жою  және экономика дамуының қазіргі  таңдағы жай-күйінің талаптарына сәйкес келтіру мәніне тексеру жүргізіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің таратылу тәртібі  ықшамдалады. Қызметтің түрлерін лицензиялау  және басқа рұқсат беру жүйесі оңтайландырылады, сондай-ақ оларды беру рәсімдері мен  тәртібі жетілдіріледі.

Сонымен бірге өндіріс және сауда саласындағы техникалық нормаларды, ережелерді, стандарттарды жүйелеу жөніндегі, сондай-ақ сертификаттау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі, оның ішінде қазақстандық сертификаттарды шетелде тану жөніндегі жұмысты жүргізу қажет.

Осы проблемаларды  дәйекті түрде шешу артық әкімшілік  кедергілерді жоюға, сол арқылы барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін нарыққа кіруді жеңілдетеді  және барынша қарапайым етеді. [30, 2 б.].

Шағын және орта бизнесті мемлекттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға арнап жыл сайын көзделетін қаржы бөлу шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, сондай-ақ Қазақстан республикасы алатын мақсатты қарыздардың, мемлекеттік заттай гранттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан экономикасы, соның iшiнде  несие және қаржы шаруашылығы: несие  жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және  меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және  ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.

Бұл жағдайда отандық  және шетелдiк банктiк тәжiрибенi салыстырудың өзiндiк мәнi зор.  Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды iске асыру үшiн нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк iсiнiң даму тәжiрибелерiн қолдану қажет.

Шағын және орта бизнесті несиелеу механизмдi құру өркениеттi елдерде қабылданған нарықтық-қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжiрибелерiне сүйенетiн коммерциялық банктердiң қызметтерiн қалпына келтiрудi талап етедi. Сондықтан да шаруашылықтың әр түрлi жағдайында бейiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн әлдеқашан байқаған әрi қатаң бәсекелiк күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемiсi болып табылатын:  ақша қаражаттарын жұмылдыру, несиелеу және есеп айырысу түрлерiне қатысты шетелдiк тәжiрибелердi зерттеудiң маңызы аса зор.

Несиелiк қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келедi, сонымен бiрге ол экономиканы реттеу құралы ретiнде шешушi септiгiн тигiзедi. Ол тиiмдiлiкте банктiң сенiмдiлiгiн бағалайтын және оның несиелiк саясатына әсер ететiн түрлi факторларды айқындау әдiстерi iс жүзiнде пайдаланылады. Несие берушi мен алушының арасындағы қарым-қатынастар дамуының бұрынғылардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Қазiргi әдiстер шетел тәжiрбиесiнiң нәтижелерiн бiздiң өмiрiмiзге енгiзiлiп көру. Несие берушi, пайда табу мақсатын көздейтiн коммерциялық кәсiпорын бола отырып, өзiнiң iс-әркетiнiң спецификасына байланысты нарықтық ортаның  негiзгi элементi болып, оны тиiмдi, реттеп жүргiзу арқылы әсерлi құралдары болып табылады.

Несиелiк қарым-қатынастардың пайда  болуында несие алушының қаржылық жағдайы ең маңызды рөл атқарады және оның төлеу қабiлеттiгiнiң деңгейi несие алу мүмкiндiгiн айқындайды. Несие алушының несие қайтару қабiлеттiлiгiне баға беру оптималды көрсеткiштерiн таңдауының үлкен маңызы бар. Өйткенi олар банктiң несие ресурстарын тиiмдi басқару мен пайда алуға көмек бередi. Қазiргi несиелiк қатынастардың құрылуы негiзiнен банктiк менеджмент және маркетинг тәсiлдерi негiзiнде қарастырылады. Қазақстандағы субъектiлердiң қаржы жағдайлары мен оның несиелiк қарым-қатынастарын талдап болжамдайтын институттардың дамуы, түрлi рейтингтiк агенттiктердi, несиелiк бюролар мен ақпараттық орталықтардың құрылуы, олардың қарым-қатынастар сапасының жақсаруына жағдай жасап, жаңа деңгейге өтуiне мүмкiндiк бередi.

Несиелiк қарым-қатынастардың даму деңгейi әр өңiрдiң мамандануы ерекшелiгiне тiкелей байланысты. Өңiрдiң өндiрiстiк даму деңгейi банктердiң несиелiк әлеуетi салым мехнизмi арқылы және өнеркәсiптiң есеп шотындағы қалдықтары жүзiнде көрiнiп тұрады. Банктiк несиелердiң осы тұрғыдағы әмбебаптылығын ескере отырып, банктiң тактикасы мен стратегиясын құрған кезде, оның болашақта даму қабiлетiнiң ерекшелiктерi алдын ала айқындалады. Банктiң несиелендiру процедурасы, оны ұйымдастыру, түрлi кезеңдер мен қадамдардан тұрады. Несиелендiру процесiн реттейтiн мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заң шығарушы және нормативтiк-құқықтық актiлер арқылы жүргiзiп отырады. Банк әрекеттерiнiң барлық сфераларында тәртiптерiн белгiлейтiн нормативтiк-құқықтық базаның құрылуы мен қабылданатын заңдардың тәжірибелік пәрмендiлiгiн қамту, несиелендiрудiң барлық формаларын қолдануға нақты негiз жасайды.

Қазақстан банктерiнiң әрекеттерi олардың  өткiзетiн операциялары түрлерiнiң  еркешелiктерiне қарай, түрлi қауiптерге ұрынуы мүмкiн. Несие қарым-қатынастардың ерекшелiгi берiлген қаржылардың толық әрi мерзiмiдiлiк көлемiнде.

Елiмiз нарықтық қатынастарға көшкен сәттен бастап мықтап көңiл бөлiнген мәселенiң бiрi банктердегi несиелiк  операциялар жұмысы болды. Алғашқы  кезеңде банктер негiзiнен кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсетiп, соларға қысқа мерзiмдi несиелер берiп келдi. Бiрте-бiрте әр банктiң тұрақты клиенттерi iрiктелiп, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдары көбейе түстi. Сонымен бiрге көптеген несие алушы заңды тұлғалардың онша жақсы емес несиелiк тарихы да банктер үшiн оңайға соққан жоқ. Сол себептi банктер соңғы жылдары жеке тұлғаларға көбiрек көңiл аударатын болды.

Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының Заңы 2006 ж. 31 қаңтарындағы №124-III «Жеке кәсіпкерлік туралы» (07.05.2008. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);

Информация о работе Шағын және орта бизнес