Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2008 жылғы 28 маусымдағы №25 хаттамасына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншын - 50 млрд. теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды.

Тұрақтандыру бағдарламасы бойынша үшінші транш ЕДБ-ге 2009 жылдың ақпан айында бөлінді, ШОБ қолдауға бөлінген қаражат 117 млрд. теңгені құрады. Бұл транш қаражатының 1-ші және 2-ші транш бағдарламаларынан айырмашылығы, ол ҚР Премьер-Министрінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тапсырмасы бойынша бірден бөлінді. Осылайша, қаражаттың соңғы қарыз алушыларға тездетіліп жеткізілуі, мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларының жылдамдығын арттырды.

Екінші бағдарлама – «Даму - Аймақ», «ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.11.2007ж. №1039 Қаулысын орындау мақсатында іске асырылып отыр. Мақсаты – ШОБ-қа кредит беруде аймақтық сәйкессіздіктерді төмендету. 2009 ж. қайтар айында 28 млрд. теңге мөлшеріндегі сома алты әріптес банктерге толығымен орналастырылды, сонымен «Даму» Қоры республикалық бюджет қаражатын келісіп орналастыру бойынша өз міндеттемелерін толық орындады.

Микрокредиттік ұйымдарды (одан әрі – МКҰ) қаржыландыруға қайта оралу тағы бір маңызды шешім болды. Бұрын Қор қолданыстағы МКҰ-ды олардың өтініштеріне қарай қаржыландыратын, және де үлестік қатысу шарттары негізінде кредит беретін, алайда, іске асырылған кестелер күдік туғызғандығынан, әрі олардың тиімділігі төмен болғандықтан, конкурс негізінде тек қолданыстағы МКҰ-ды ғана қолдау жөнінде шешім қабылданды. МКҰ ақша қаражаты үшін күресте өз деңгейін көтеруі қажет, сонымен бірге бизнес ортаны да жетілдіреді. МКҰ кредиттеу өнімінің оралуына МКҰ қызметін әрі қарай қолдау қажеттілігі баса айтылған «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру — мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы да себеп болды.

Экономиканың диверсификация үдерісін қолдау мақсатында  «Даму – Қолдау» орталықтандырылған қолдау бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп, көлік және байланыс, қызметі есептеуіш техникамен байланысты, коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету саласындағы жобаларға кредит берілетін болады. Бағдарлама ішіндегі жобалар:

1. ШОК-ң кластерлік  топтық жобалары 

2. ШОК субъектілері  – өндірушілер - шет елге тауар  шығарушылар 

3. ШОК субъектілері  – жеткізушілер – мемлекеттік  сатып алу бойынша тендер жеңімпаздары  болып бөлінді .

Құрылысы салынып бітпеген тұрғын үй құрылысы нысандарын тікелей қаржыландыру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты  – құрылыс салушыларды Қор  арқылы қаржыландыру. Осы бағдарлама шеңберінде Алматы және Астана қалаларындағы  құрылысы басталып, бірақ аяқталмаған  және ҚР заңнамасына сәйкес пайдалануға берілмеген, көппәтерлі тұрғын үйлер қаржыландырылатын болады.

Жалғыз Акционер Басқармасының 24.10.07 ж. №57 шешімімен «Даму» Қоры ШОК-ке тікелей қаржылай қолдау көрсетуді ( жобалық қаржыландыру қаржы лизингі, кепілдік беру) тоқтатты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кезекті кредиттеу үшін, Қор, 2008 жылдың басынан бастап, қаражатты екінші деңгейдегі банктерге (одан әрі – ЕДБ) келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша, мемлекет қаражатын басқару оператары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші  кезектегі іс-қимылдар Жоспарына  сәйкес, республикалық бюджеттен  бөлінген қаражатты игеру қорытындысы 1,2,3- кестеде және 1-диаграммада ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы экономиканы  жетілдіру жөніндегі Мемлекеттік  комиссияның тиісті шешімімен анықталған жеті ЕДБ Бағдарламаны орындауы үшін 48,8 млрд. теңге бөлінді.

 

Кесте-5 . Бағдарламаны іске асыру үшін ЕДБ-ге бөлінген қаражат құрылымы

 

Банк 

Бөлінген сома , млн. те ң ге

ЕДБ үлесі 

 

1

Казкоммерцбанк АҚ

12 200

25%

2

Банк ЦентрКредит АҚ

6 100

12,5%

3

Kaspi Bank АҚ

6 100

12,5%

4

Альянс Банк АҚ

6 100

12,5%

5

Е уразиялық Банк АҚ

3 050

6,3%

6

Цесна Банк АҚ

3 050

6,3%

 

ЖИЫНТЫҒЫ 

48 800

100%

Ескерту: кесте автормен құрастырылған

       
       

 

3 ай қорытындысы бойынша,  яғни 2008 жылғы 20 наурыздағы жағдай  бойынша, қаражаттың игерілу сомасы 42 086,6 млн. теңгені немесе бөлінген соманың 86,2 % құрады. «Альянс Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ 6 713,4 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатты игере алмады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ, «Kaspi Bank » АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ және «Цесна Банк» АҚ өздеріне бөлінген қаражатты межеленген уақытқа толығымен игерді. «Казкоммерцбанк» АҚ 11 467,5 млн. теңгені (94%) игерді. «Альянс Банк» АҚ бөлінген қаражаттың 38,6% яғни 2 353,3 млн. теңгені ғана игерді.

 

Кесте-6. ЕДБ-ң қаражатты игергені туралы 01.12.2011 ж. жағдай бойынша ақпарат

Банк 

Жобалар саны

Нақты берілген сома, млн. те ң ге

Құрылған жұмыс орындары-ның  саны

Орташа есеппен алынған % мөлшерлеме

тиімді % мөлшер-леме

Кредиттің орташа сомасы , млн. те ң  ге

Кредиттің орташа мерзімі , ай .

1

"Казком-мерцбанк" АҚ 

370

12 196

601

16,3%

20,1%

33

18

2

"БТА Банк" АҚ 

501

9 962

496

19,4%

19,4%

20

31,3

3

“Kaspi Bank" АҚ

448

8 338

400

18,5%

21,2%

19

48

4

"Банк ЦентрКредит" 

233

9 983

505

17,9%

20,4%

43

27

5

"Еурази ялық Банк" АҚ 

130

4 422

241

17,7%

19,6%

34

62,5

6

"Цесна Банк"

241

4 239

230

17,8%

19,1%

18

47,5

7

"Альянс Банк" АҚ 

106

2 799

16

18,4%

21,2%

26

36,7

 

ЖИЫНТЫҒЫ 

2 029

51 937

2 489

17,7%

20,2%

26

38,7

 

Ескерту: кесте автормен құрастырылған




 

Кредит келісімінің  талаптарына сәйкес, бөлінген қаражатты  дер кезінде толығымен игермеген  ЕДБ-ден игерілмеген соманың қалғаны  кері қайтарылып алынды да, бөлінген қаражаттың толық сомасын өз уақытысында  игерген төрт ЕДБ арасында үлестірілді.

01.12.2008 ж . жағдай бойынша  ЕДБ игерген қаражаттың қайта  бөлуді есепке алғандағы жиынтық  мөлшері 51,9 млрд. те ң ге ні құрады. Осы сомаға 2 029 жоба қаржыландырылды , сонымен кредит тің орташа сомасы 26 млн. те ң ге ні құрайды , орташа есеппен алынған мөлшерлеме – 17,7%, ал тиімді мөлшерлеме 20,2%. Игеру жөніндегі ақпарат 3-кестеде ұсынылып отыр.

Мемлекет қаражатын  Мемлекеттік комиссия белгілеген Әріптес-банктерге  орналастыру (келесі транштар).

Кредит қаражатының  осы траншының қорытындылары және олардың ШОБ субъектілеріне ЕДБ арқылы жеткізілу механизмінің оң әрі жағымсыз әсері болды.

Оң әсері:

- ЕДБ шиеленісіп отырған  өтімділік дағдарысы жағдайында  ШОБ-қа дер кезінде қаржылай  көмек көрсету; 

- ЕДБ ШОБ кредиттерінің  үлестерін төмендетуіне жол бермеу.

Жағымсыз әсері:

- салалық кескіндегі  кәсіпкерлерге ЕДБ кредит құрылымын  өзгертпеді. Сауда саласы әлі  күнге дейін басым болып отыр;

- соңғы қарыз алушы  үшін кредит мөлшерлемесі төмендетілмеді  – ШОБ (Тиімді мөлшерлеме –  20,2%);

- қаражаттың аймақтар  бойынша үлестірілуі біркелкі  болмай шықты; 

- ШОБ-тың негізгі қаражатының  кеңейтілуіне, жаңартылуына және  жетілдірілуіне өте аз ықпал  жасалды. Игерілген қаражаттың  басым бөлігі айналым қаражатын  толықтыруға бөлінді. 

Осылайша, мемлекеттің ШОБ субъектілерін әрі қарай қаржылай қолдауына түзету енгізу қажеттілігі туындады.

 

2.3  «Цеснабанк»  АҚ шағын және орта бизнес  субъектілерін несиелендіруін талдау

 

 «Цеснабанк» АҚ – Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында бас офисі орналасқан жалғыз екінші деңгейлі банк.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру – Цеснабанктің басты бағыттарының бірі болып есептелінеді.  2008-2010 жылдары банк шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелендіру қарқынын арттырып, аталмыш топтың қарыз қоржыны көлемінің өсу шараларын жүзеге асырды. Нарықтағы банк қалыптарын оңтайландыру мақсатында қолданыстағы несие шараларына бірнеше рет өзгерістер енгізілген болатын.  Осының салдарынан, шағын және орта бизнес клиенттеріне жеке және икемді қатынастар сақталып, несие бағдарламасы өнімдерінің бәсекелестігі жоғарылаған болатын.[26]

2009 жылдың 1-ші  жартысынан бастап, шағын және  орта бизнес бөлімдерінің клиенттері  мен банк қызметкерлеріне арналған  бағдарламалық акциялар өткізілді.  «Бизнеске арналған жеңілдіктер  жиынтығы» атты акция және шағын және орта бизнес өнімдерін сататын филиалдар басшыларының арасында жарыс акциясы несиелер санының және берілген несиелер ауқымының өсуіне, сонымен клиент базасының кеңеюіне әкелді.

Банк филиалы  желісінің кеңеюімен қатар, шағын  және орта бизнес бөлімдеріне қызмет көрсететін қызметкерлерді  іріктеу және тұрақты тұрғыда семинарлар өткізіп, қашықтықта оқыту және дәрежесін көтеру жұмыстары атқарылды.

2007 жылдың  соңында банк «Шағын және орта  бизнесті дамыту қоры» АҚ бөлген  қаржыны игеруге қатысты. Соның салдарынан, Банк ҚР Үкіметі бастаған   шағын және орта бизнесті қолдау көрсету мемлекеттік саясатының жобасын жүзеге асыратын жеті серіктес-банктердің қатарына кіріп, осы салада өз үлесін қосты.

 

Кесте -7. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың халықаралық көздері

 

Қаржы институттары

Ынтымақтасу формасы

Агет- банктер

Қаржыландыру шарты

сомасы

Банктік өнім

Несиелеу мерзімі

% сыйақы мөлшері

Еуропалық Даму және Қайта Құру банісі мен Қазақстанның шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры

2009 жылға дейінгі «Қазақстанда  шағын бизнесті дамыту» бағдарламасы

АСҚбанк, Казкоммерц

Банк, Центр Кредит банк, Халық банк,Цесна  банк (банктермен пайыздық ортақ қаржыландыру)

77,5 млн АҚШ доллары

30 мың долларға дейінгі микронесиелер. 30 дан 75 мың долларға дейінгі, 125 мың доллар кіші несиелер.

6-12 ай 1-2 жыл 

Сыйақының нарықтық мөлщері

Орта- азиялық Америка кәсіпкерлікті  қолдау қорының Азия несие компаниясы

Агенттік келісім

Өндіріс пен қызмет көрсету жобалары. Қарыз алушы жобаның 20% дейінгі құнын өзінің меншікті активтері есебінен

 

25 тен 30 мың долларға дейінгі  несиелер

3 жылға оның ішінен 6 айы- жеңілдік  кезеңі

18% жылдық 

Ескерту: кесте автормен құрастырылған 

Информация о работе Шағын және орта бизнес