Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа
Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Шағын бизнесті қолдау шаралары:
- жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, кеңес беру және оқыту) қол жетімділікті жеңілдетуге;
- нарық капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, нарықтық және жеңілдікті несиелік ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдік пен несие беру) қол жетімділікті жетілдіру
- кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік- желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселелері бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
Соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99%-ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі – ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84%-ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80%-да оннан аспайтын адам жұмыс істейді. АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады. АҚШ-та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада – 86%, қызмет көрсету – 81%. АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді.
Кесте-3. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны
Фирма көлемі |
Фирма саны |
Ірі |
1000 |
Орташа |
134000 |
Шағын |
2000000 |
Шағын кеңселер |
3000000 |
Ескерту: кесте автормен құрастырылған |
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
2.1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің шағын және орта бизнесті несиелендірудегі негізгі көрсеткіштері
Екінші деңгейлі банктердің несие алу үшін қажетті негізгі құжаттар. Бұл тізім бизнесіңіздің ұйымдастыру-құқықтық нысанына және банктің кредиттеу шарттарына байланысты ұлғайып немесе азаюы мүмкін.
ШОБ кредиттеу бойынша банк жұмысының негізі 3 кезеңге бөлінуде:
-Кредиттік құжаттаманы
қалыптастыру;
-Сыйақы (қызығушылығы) көлемін анықтау;
-Сыйақыны төлеу мерзімдерін және кредиттің
негізгі соммасын төлеуді анықтау;
-Кепілдемелік қамтамасыз етуді анықтау
және бағалау;
-Кредиттердің мониторингін жүргізу;
-Кредит берудің өзгеше шарттарын аықтау;
- Басқа да шарттарды орнату.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми деректері бойынша 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы 39 екінші деңгейдегі банктер ұсынған. 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердің жиынтық активтері сəуірде 88,6 млрд.теңгеге немесе 0,7% өсіп, 12 448,9 млрд.теңге болды. 1 мамырдағы банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы бір айда 57,3 млрд.теңгеге немесе 3,2% өсіп, 1 843,2 млрд. теңге болды. Шетел валютасында номинирленген активтер жиынтық активтерінің 32,1% немесе 3 994,7 млрд. теңге болды[22]. 1- мамырдағы жағдай бойынша банктердің несие портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) сəуірде 61,8 млрд.теңгеге немесе 0,7% өсіп, 9 1 89,0 млрд.теңге болды. Бұл ретте, ҚР резидент еместерінің заемдары ағымдағы жылдың 1 мамырда несие портфелінің 1 299,9 млрд. теңге немесе 14,1% болды (1.01.2011ж. осы көрсеткіш 1 803,3 млрд. теңге немесе 14,8%). 1 мамырдағы жағдай бойынша шетел валютасында берілген заемдар жиынтық несие портфелінің 48,2% немесе 4 427,4 млрд. теңге болды.
1-мамырдағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің құрылымындағы стандартты кредиттердің үлесі 25,5%, күмəнді – 54,0%, үмітсіз – 20,5% болды. 5 санаттағы күмəнді жəне үмітсіз заемдарға жататын кредиттер сомасы (бірыңғай кредиттер бойынша провизияларды ескере отырып) 2 жиынтық несие портфелінің 3 013,3 млрд. теңге немесе 32,8% болды.
Ағымдағы жылғы 1-мамырдағы төлемдер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар заемдар 2 431,8 млрд. теңге немесе банктердің несие портфелінің 26,5% болды. 1-мамырдағы жағдай бойынша заемдар бойынша провизиялар (резервтер) көлемі 2 855,7 млрд. теңге немесе кредиттік портфелінің 31,1% болды.
1-мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық міндеттемелері сəуірде 37,7 млрд.теңгеге немесе 0,3% өсіп, 11 106,7 млрд. теңге болды. Оның ішінде ҚР резидент еместері алдында міндеттемелері бір айда 219,4 млрд. теңгеге немесе 9,4% өсіп, 2 558,7 млрд. теңгені құрады. ҚР резидент еместері алдындағы міндеттемелердің үлесі ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 23,0% (01.01.2011 жылы осы көрсеткіш 23,9% құрады) болды. Шетел валютасында номинирленген міндеттемелер ЕДБ жиынтық міндеттемелерінің 40,6% немесе 4 509,1 млрд. теңге болды. 1-мамырдағы жағдай бойынша заңды жəне жеке тұлғалардың (банктерді жəне арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарын қоспағанда) депозиттерінің жалпы сомасы сəуірде 15,0 млрд. теңгеге немесе 0,2% ұлғайып, 7 253,9 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың (арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдары салымдарының сомасын қоспағанда) салымдарының сомасы 4 874,0 млрд.теңге болды (арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдары салымдарының сомасын қоспағанда (клиенттердің салымдарының жалпы сомасының 67,2%)). Арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдары 25,0 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалардың салымдарының сомасы сəуірде 49,1 млрд. теңгеге немесе 2,1% ұлғайып, 2 379,9 млрд. теңге (арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдары салымдарының есептемегенде) (салымдарының жалпы сомасының 32,8%) болды.
1-мамырдағы жағдай бойынша шетел валютасында номинирленген клиенттердің салымдары клиенттердің жиынтық салымдарының (арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын есептемегенде) 32,8% немесе 2 376,3 млрд. теңге болды. 1-мамырдағы жағдай бойынша банктердің жиынтық активтеріне қатысты жоғары өтімді активтерінің үлесі 21,6% болды[22].
Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы 2011 жылғы 1-мамырда 1 122,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы – 1 115,2 млрд. теңге (есепті күнге 7,5 млрд. теңге құраған табыс салығын есептемегенде). Банктердің шығыны 1 мамырда – 0,6 млрд. теңге болды.
Сəуірде банк заңнамасын бұзғаны үшін банктерге 3 жазбаша ескерту, 2 міндеттеме хат жəне 1 жазбаша ұйғарым шығарылды. [22]
Төменде, берілген мәліметтер елдің қаржы нарығында несие берушілер үшін несиелік тәуекелдерді төмендетудің тиімді құралының болу қажеттілігін дәлелдейді. Банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуді шешу жолдары дамуындағы шет елдердің тәжірибесі несие берушілер үшін анықталған тәуекелдерді әкелетінідігін көрсетеді және оларды басқаруында жүйелі жолдың балмауы кезінде тұтайтай қаржы нарығының тұрақтылығы қатынасында елеулі теріс салдарларға әкелуі мүмкін.
2-сурет . Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген заемдар
Ескерту: сурет www.nationalbank.kz сайтынан алынған
Сонымен, екінші деңгейлі банктер және өндірістік компаниялар үшін өздерінің несиелік тәуекелдерін төмендету шағын және орта бизнесті несиелеуді әрі қарай дамытудың анықтаушы фактор ретінде қарастырылады, себебі мерзімді ұзарту мен бастапқы салымды төмендету қажеттілігі несие берушілердің тәуекелдерін төмендетусіз мүмкін емес.
2.2 «Даму» кәсіпкерлікті
қолдау қорының шағын және
орта бизнесті дамытудағы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына сәйкес, Қор 2008 жылдың басынан бастап, кейіннен шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын басқару операторы болып табылады.
Қаражатты келісіп орналастыру Бағдарламасы Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет саясатын іске асырудағы бірден-бір құрал болып табылады.[23]
Бағдарлама Қордың қаржы ресурстарын (қорландыру) кейіннен ШОК субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты белгілі бір шарттармен (мақсатты және шектеуші) екінші деңгейдегі банктерге ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Әріптес-банктермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының бірі Қордың олардың ішкі рәсімдеріне және кредит үдерісіне араласпау саясаты, сонымен қатар олардың қабылданған шешімдерінің тәуекелдігіне толық жауапкершілігі болып табылады.
Бағдарлама ШОК қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет шара-ларының тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
Әріптес-банктердің осы Бағдарлама бойынша ШОК субъектілерін қаржыландруы Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрін шектеусіз жүзеге асырылады.
«Даму» Қоры өзін
интегратор деп атайды, себебі
оның іске асыратын
Екінші міндеті –оператор болу , яғни мүмкін болғанша көбірек ақша (үкіметтен , әкімдіктерден , банк терден , жеке құрылымдардан) тарту және оны бизнеске беру.[23]
Қаржылай қолдау бағдарламасы бірнеше жекелеген қаржы бағдарламасынан тұрады :
Бірінші бағдарлама – тұрақтандыру бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты ШОБ үшін ұлғайып бара жатқан кредит ресурстарының тапшылығын толықтыру , алайда ол ШОБ құрылымын сапалы етіп өзгертуді өзіне мақсат етпейді. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039 қаулысымен бекітілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарына сәйкес, аталмыш бағдарлама бойынша республика лық бюджет тен бөлінген 48,8 млрд. теңге мөлшеріндегі Бірінші транш ШОБ субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін бүгінгі күні толығымен ЕДБ-ге орналастырылды.[23]
Кесте-4. «Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламасы бойынша 3-ші транштың шеңберінде несилендірудің шарттары
Айналым қаражаттарын толықтыруға |
Инвестициялық/өндірістік мақсаттарға | |
Заемның ең жоғары сомасы |
750 000 000 теңге | |
Заем валютасы |
Теңге | |
Қаржыландыру түрі |
Заем, Қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін негіздегі несиелік желілер | |
Қаржыландыру мерзімі | ||
айналым қаражаттарын толықтыруға арналған несиелер |
Заемдар – 24 айға дейін; Несиелік желі 36 айға дейін, транштар – 24 айға дейін |
- |
Бұрын айналым қаражаттарын толықтыруға берілген қолданыстағы заемды қайта қаржыландыру. |
Несиелік желі 36 айға дейін , транш – 36 айға дейін (Бас Банктің Кіші Несиелік комитет) |
- |
Инвестициялық/өндірістік мақсаттар |
- |
Заемдар - 84 айға дейін; Несиелік желі 84 айға дейін, транштар - 84 айға дейін |