Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

Кәсіпкерліктің  түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор  бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым  қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді.

Қазақстанда өркениетті нарық жолындағы әрі  қарай қозғалысы кәсіпкерлік  рөлінің күшеюіне байланысты.

90 жылдардың  аяғында Қазақстан Республикасында  тіркелген кәсіпкерлер экономикалық  активті халықтың бар-жоғы 3-5 пайызын  құрады және де бұл үлес  аймақтар бойынша әртүрлі болды. Көптеген адамдар кәсіпкерлік әрекетті патентсіз, лицензиясыз, салық төлемей және тағы басқалай айналысты. Біздің республикада сұрау жүргізілген азаматтардың біршама бөлігі өз ісін ашуға дайын (агрокешенде, саудада, қызмет көрсету сферасында, ғылым мен техникада және сирек өнеркәсіпте); 40 пайызы өздерінің экономикалық мәселелерін субсидияға арқа сүйемей өздері шешуге ниет етуде, шамамен 70 пайызы кәсіпкерлерді, ең алдымен, еңбек адамы, іскер бизнесмен, иегер деп санайды.

Шағын кәсіпкерліктің ірі жаппай дамуы 1996-1997 жылдары басталды, әсіресе, фермерлік шаруашылық негізінде. Қазір республикада олардың саны 100 мыңнан асады.Кәсіпкер ел экономикасында негізгі фигура. Ол салық төлейді, жұмыс орындарын ашады, мамандар оқытуға қатысады, ғылыми-техникалық прогресті жылжытады, инновация енгізуде жұмыс жасайды.

Дегенмен, кәсіпкерліктің дамуы әлі қолайлы жағдайда емес. Бұл кәсіпкерлік дамуының заңдылық базасының жеткіліксіздігі және қарама-қарсылығы, шағын және орта бизнесті қолдау облысындағы мақсатты, өнеркәсіптік және әрекетті шаралар жүйесінің жоқтығы, шаруашылық түрі көптүрлілігінің қалыптасу процесінің сақталмағандығы, әрекет етуші кәсіпкерлік құрылымдарды қолдау үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі.

Сонымен бірге, бүгінгі күннің объективті қиыншылықтар жағдайында кәсіпкерлік және кәсіпкерлер, барлық жұмсалып жатқан күштерге қарамай, әлі ұлттық экономиканың негізгі катализаторы болмай отыр. Мамандарды дайындау және қайта оқытудың теориясы мен практикасы нарықтық міндеттемелерден артта қалуда. Кәсіпкерлік мамандарын дайындаудың біріккен мемлекеттік жүйесін құруда екіжақты – мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымның келісілген жұмысын қажет етеді [5,154б].

Қазақстанда 90 жылдардың басында кооперативті ұйымдардың көптеген бөлігі құрылыста, яғни 31,4 пайызы әрекет етті. 12 пайыздан көбі халық тұтынатын тауарлар өндірісі сферасында жұмыс істеді, 10,6 пайызы ауыл шаруашылығында. Тауарлар мен қызметтердің 25,5 пайызынан көбін кооперативтер өндірді.

1990-1993 жылдар  арасында мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясатының арқасында мұндай кәсіпорындардың қарқынды өсуі байқалады. Осының нәтижесінде 1994 жылдың басында республикада 11,5 мың шағын кәсіпорын жұмыс істеді. Оларда 142,2 мың адам жұмыс істеді. Олардың әрекет ету диапазоны кең болды: жалпы санының 40 пайызы коммерциялық іспен айналысты, 17 пайызы – құрылыста, 10 пайызы халық тұтынатын тауарлар өндірісінде, 5 пайызы өндірістік-техикалық бағыттағы өнім шығару салаларында. Әсіресе, шағын кәсіпорындардың сауда және тұрмыстық қызмет көрсету сферасындағы ролі артты. Осылайша, 1994 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда осы категориядағы кәсіпорындардың бөлшектік тауар айналымы 6 есе өсіп, 12,9 млрд-қа жетті. Ақылы қызметтер көлемі осы кезеңде 11 есеге өсіп, оның үштен бірі қызмет етудің үлесіне тиді.

Орналасу  географиясына келетін болсақ, шағын  кәсіпорындардың республика аймақтары бойынша біркелкі таралмағандығын көруге болады. Шағын кәсіпорындардың көптеген саны Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында. Бұл жалпы нарықтық инфрақұрылымның дамығандығымен, бұл айматардағы индустриалды орталықтың болуымен түсіндіріледі. Ал, шағын кәсіпорындар санының аздығы байқалатын аграрлы облыстар Қызылорда, Батыс Қазақстан.

Соңғы уақыттарда Жезқазғанда, Солтүстік Қазақстан облысында және Ленинск қаласынан басқа республиканың барлық облыстарында шағын кәсіпорындар санының азайғандығы байқалады. Әсіресе, халықтық тұтыну тауарларын шығаратын және құрылыс сферасындағы шағын кәсіпорындар үлкен дәрежеде азайды. Бұрынғыша олардың үштен бірі дел-далдық және коммерциялық іспен айналысатындар. Салық төлеу жүйесінде экономиканың мемлекеттік емес секторында шағын кәсіпорындар орнына жеке меншік кәсіпорындары келе бастады. Олардың санының өсуі республиканың барлық облыстарында байқала бастады: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Жалпы 1992-1995 жылдар аралығында жеке меншік кәсіпорындары 3 есе өсіп 22 мыңды құрады, оларда 178,9 мың адам жұмыс істеді. 1998 жылдың басында жеке меншік кәсіпорындардың бестен бір бөлігі Алматы қаласында, оннан бірі – Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарына келді. Жеке меншік кәсіпорындардың көптеген бөлігі коммерциялық бағытта. Жалпы санының 11,6 пайызы құрылыста, ал халық тұтынатын тауарлар өндірісінде 5,6 пайызы жұмыс істеді.Кәсіпкерліктің тез дамуына қажетті жағдай, әсіресе, шағын кәсіпорындардың, әрекет етуші субъектілерге қызмет етуші және өндірістік өнімді өткізуді жеңілдетіп нарықтық инфрақұрылымның элементтерінің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Оған әсіресе өтпелі кезеңде мемлекеттің үлкен ұйымдастырушылық әсері қажет[11,89б].

Нарықтық  инфрақұрылым объектілерінің даму анализі, экспорттық өнім шығаратын ірі мемлекеттік  кәсіпорындар шоғырланған жерде  дамығандығын көрсетеді.

ҚР шағын  кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік  және мемлекеттік емес институттарының  жүйесі 1-суретте берілген.

 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - сурет   Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша  арнайы институттар жүйесі

     

1.3.    Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік озық тәжірибелері.

 

Қазіргі таңда  экономикасы дамыған елдерде  шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы  дамыған елдердің мәліметтері бойынша  шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

АҚШ-та шағын  бизнесті несиелендіру шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.[10,123б]

       Жапониядағы шағын кәсіпорындарды  несиелендіру орталықтары ірі  қаржы - несие орталықтары негізінде  іске асырылады. Жапониядағы шағын  кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған.

Бастапқылары  ретінде негізгі үш үкіметтік  институт табылады:

       - орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);

       - шағын кәсіпорындарды қаржыландыру  мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);

       - мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді  жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді.

Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі  негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр. 

АҚШ-та шағын  бизнес проблемалары екі комитетке  бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға:

       - шағын бизнес әкімшілігі - ведомостволар, шағын және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу;

- шағын бизнес  ісі бойынша конгресс комитеті.

Қаржылық  қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:

- шағын кәсіпорындарға  шағын бизнес әкімшілігінің меншік  бюджетінен үлестік саудалар бекіту;

- несиелер  бойынша кепілдер;

- арнайы бағдарламаларды  қаржыландыру (экспортты бір жүйеге  келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған  территорияларды дамыту);

- шағын бизнеске  инвестициялық компаниялардың капиталдарының  қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі

      Осындай мақсатпен шағын және  кішігірім бизнесті дамыту реттеліп  отырады. Жапониядағы шағын бизнесті  мемлекеттік қолдау.

Жапония мемлекеті  өзінің экономикалық деңгейі бойынша  шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Елде шағын бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар:

- орталық  үкімет;

- жергілікті  билік органдары;

- ірі бизнес;

- кішігірім  кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.

Нарықтық  экономикадағы  шағын және орта бизнес – экономикалық өсу қарқынын, жалпы  ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) құрылымын және сапасын анықтайтын жетекші сектор. Дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖҰӨ-нің 60-70% келеді.

 

Кесте-2. Дамыған шет мемлекеттердің және Қазақстанның шағын және орта бизнесті анықтау критерилері.

 

 

Елдер атын 

Жұмыспен қамтылғандар деңгейі

Анықтау критерийлері (жылдық пайда  мөлшері, негізгі қор мөлшері, т.б.)

Ұлыбритания:

шағын бизнес

 

50 адамға дейін

Жылдық пайда мөлшері 250 мың фрунт стерлингке дейінгі

Канада: шағын бизнес

 

100 адамға дейін 

Жылдық табыс 200 мың долларға дейінгі

   Жапония:

- шағын бизнес

   - орта бизнес

15 адамға дейін

   100 адамға дейін

   Капиталы 10 млн йенге дейінгі

   Капиталы 100 млн йенге дейінгі

Германия:

  - шағын бизнес

   - орта бизнес

49 адамға дейін 

   499 адамға дейін

  Жылдық капитал айналымы 1 млн   евроға дейінгі

Жылдық капитал айналымы 100 млн  евроға дейінгі

Қазақстан:

- шағын бизнес

   - орта бизнес

   50 адамға дейін

  51 адамнан – 250 адамға дейін

Жылына 60 мың мәрте АЕК-ге дейін  актив ұстайды

Жылына 325 мың мәрте АЕК-ге дейін    актив ұстайды.

Ескерту: кесте автордың өзімен жасалынған


                                                        

Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпорындарға жатқызудың жалпы критерийлері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және басқаларын айтуға болады. Қазақстанда бұл маңызды сектор қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әлі де зор ықпалын тигізбейді. Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-нің 70% келеді. Бұл елдерде шағын және орта бизнес іскерлік өмірдің көпшіліктік, динамикалық және икемді нысаны болып, шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінің негізін құрып, қоғамның орта класын қалыптастырады[15,87б].

Информация о работе Шағын және орта бизнес