Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Работа содержит 1 файл

Шагын жане орта бизнес.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

 

2007-2009 жылдар  аралығында «Цеснабанк» АҚ шағын  және орта бизнес субъектілерін несиелендіруінің ұлғайғанын байқаймыз. 2007-2008 салыстыратын болсақ 2768420 мың теңгеге, ал 2008-2009 жылмен салыстырғанда 1853090 мың теңгеге артқан.

1. Өңдеу өнеркәсібін  несиелендіру 2008-2007 жылмен салыстырғанда 650900 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 223850 мың теңгеге артқан.

2.  Тағамдық азықтар саласын несиелендіру 2008-2007жылмен салыстырғанда 182640 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 219210 мың теңгеге артқан.

3. Байланыс  және телекоммуникация саласын  несиелендіру 2008-2007 жылмен салыстырғанда  130060 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 90170 мың  теңгеге артқан.

4. Ауылшаруашылық  өнімдерін өңдеу саласын несиелендіру 2008-2007 жылмен салыстырғанда 128500 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 149450 мың теңгеге артқан.

5. Туризм және қонақ  үй бизнесін несиелендіру 2008-2007жылмен  салыстырғанда 142820 мың. теңгеге  артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда  145930 мың теңгеге артқан.[26]

6. Автосервис қызметін  несиелендіру 2008-2007жылмен салыстырғанда  423160 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 169970 мың  теңгеге артқан.

7. Тасымалдау қызметін  несиелендіру 2008-2007 жылмен салыстырғанда  244080 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 363620 мың теңгеге артқан.

8. Медициналық қызмет  саласын несиелендіру 2008-2007 жылмен  салыстырғанда 613080 мың. теңгеге  артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда  260170 мың теңгеге артқан.

9. Білім беру саласын  несиелендіру 2008-2007жылмен салыстырғанда 253180 мың. теңгеге артқан, ал 2009-2008 жылмен салыстырғанда 230720 мың теңгеге артқан.

2010 жылы қызмет  көрсетілетін клиенттер – жеке  тұлғалар саны 81 мың клиентті  құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда  өсім 2,2% құрады.

2010 жылы клиенттердің сұраныстарын максималды қанағаттандыру мақсатында қолданыстағы өнімдер желісін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді және бүгінгі күнде Банктің бөлшектеп кредит беруі әр тарапты бәсекеге қабілетті және клиентке бағдарланған болып табылады.

Бөлшектеп кредит беру 3 бағытта  ұсынылады:

  • тұрғын үй сатып алуға кредит беру.
  • тұтынушылық мақсаттарға кредит беру.
  • автокөлік сатып алуға кредит беру.

Банк «Қазақстандық  ипотекалық компания» АҚ-мен және «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің Қазақстандық қоры» АҚ тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.

«Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнесті несиелендіруде экономиканың әр саласын қамту үстінде. Енді осы  шағын және орта бизнестің субъектілерін  экономика салалары бойынша құрылымын  келесі сурет арқылы көрсетейік.

2010 жылғы ШОБ субъектілерінің  салалық көрсеткіштерін сурет  арқылы көрсетейік. Аталған көрсеткіш  айтарлықтай дәрежеде экономиканың  әр түрлі салаларында жұмыс   істейтін ШКС санына тәуелді,  бұл салалық қимадағы пропор-циялардың  ұқсас болуын түсіндіреді – жұмыс істейтін  ШКС санының өсуі  пропорционалды  түрде жұмыспен  қамту мәселелерін шешеді. Шығарылатын өнімдерді талдау өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін ШКС онды рөлін растайды, мұнда жұмыс істейтін небары 3% ШКС барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 10%-дық  үлесін  қамтамасыз етеді. Сол  сияқты,  құрылыс саласында жұмыс  істейтін небары 4% ШКС барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 15%-дық үлесін қамтамасыз етеді.

Көлік пен  байланыстағы ШКС ЖІӨ өсуін қамтамасыз ету бойынша міндетін өнімдерін шығаруын шамамен өздерінің санына пропорционалды түрде арттыру жолымен шешуде: ШКС салалық қимасындағы мөлшердің 8%-ын иелене отырып, осы сала барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 7%-дық үлесін қамтамасыз етеді.

ШКС жұмыс  істейтіндердің салалық көрсеткіші халықты жұмыспен қамтудағы маңызды әлеуметтік міндетті шешудегі ШКС рөлін сипаттайды. Аталған көрсеткіш айтарлықтай дәрежеде экономиканың әр түрлі салала-рында жұмыс  істейтін ШКС санына тәуелді, бұл салалық қимадағы пропор-циялардың ұқсас болуын түсіндіреді – жұмыс  істейтін  ШКС санының  өсуі  пропорционалды  түрде  жұмыспен  қамту мәселелерін шешеді. Шығарылатын өнімдерді талдау өнеркәсіп саласында жұмыс  істейтін ШКС онды рөлін растайды, мұнда жұмыс  істейтін небары 3% ШКС барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 10%-дық  үлесін  қамтамасыз етеді. Сол  сияқты,  құрылыс саласында жұмыс  істейтін небары 4% ШКС барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 15%-дық үлесін қамтамасыз етеді.

Көлік пен  байланыстағы ШКС ЖІӨ өсуін қамтамасыз ету бойынша міндетін өнімдерін шығаруын шамамен өздерінің санына пропорционалды түрде арттыру жолымен шешуде: ШКС салалық қимасындағы мөлшердің 8%-ын иелене отырып, осы сала барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің 7%-дық үлесін қамтамасыз етеді.

Сауда саласы ШКС санындағы ең үлкен үлесті (37%) иелене отырып, шығарылатын өнімдер  көлемінің небары 28%-ын қамтамасыз етеді  де, сол арқылы өнім шығару көлемін  ұлғайту жолымен ЖІӨ өсуі бойынша  экономикалық міндетті шешудегі өзінің тиімсіздігін дәлелдей түсті. Ауыл шаруашылығындағы ШКС үшін де дәл осындай рөл тән, ондағы жалпы ШКС санының 23%-ы барлық салалардағы ШКС шығаратын өнімдердің небары 16%-дық үлесін қамтамасыз етеді.

Несие берудің  тартымдылығына келетін болсақ, несиелендіру бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына несие берудің тартымды  емес  екендігін айтуға болады. Бұл жоғары салалық тәуекелдерге және саладағы ШКС қызметінің тиімділігінің маусымдық сипатта екеніне байланысты. Сонымен қатар, аталған салада негізінен шаруа қожалықтары нысанындағы ШКС жұмыс атқарады, олар шалғай жатқан ауылдық аймақтарда орналасқан және өтімді кепіл заттары жоқ. «Цеснабанк» АҚ несиелік қоржынының құрылымына талдау жасау 4-кестеде келтірілген.Құрылыс саласы тарапынан несиелендіру үшін ең тартымды сектор болып шықты. Бұл дағдарысқа дейінгі жылдары жылжымайтын мүліктің бағасының жылдам өсуіне байланысты болды, ал жылжымайтын мүлік нарығының дағдарысы аясында бұл жағдай өзгерді.

Сауда саласындағы  ШКС де осы көрсеткіш бойынша  ең үлкен үлестік салмақты иеленеді. Өнеркәсіп саласындағы ШКС тартымдылық деңгейі бойынша ортаңғы деңгейде тұр.

 

Кесте-8. Экономика салаларының аясындағы несиелік қоржынның  құрылымы

мың теңге

Жылдар 

2012

2010

2009

Өсімі (%)

Коммерциялық несиелер

78 151 993

53 261 986

57 776 000

35,3

Сауда

39 283 682

20 498 410

22 567 676

74

Қызметтер

11 370 908

8 148 897

11 109 769

2,4

Құрылыс

8 407 081

8 016 803

9 768 540

(13,9)

өндіріс

7 257 737

6 301 394

7 170 634

1,2

Қаржылық және сақтандыру қызметі

5 603 487

3 788 946

184 660

2934,5

Ауыл шаруашылығы

4 401 821

4 655 629

4 743 999

7,2

Тасымалдау

925 622

900 883

1 193 558

(22,4)

Мемлекеттік кәсіпорындар

380 653

548 130

646 116

(41)

Білім

196 644

251 292

244 423

(19,5)

өзге

324 358

151 602

146 625

121,2

Жеке тұлғаларға берілген несиелер

35 490 970

39 428 746

43 400 000

(18,2)

Ескерту - «Цеснабанк»  АҚ жылдық есептері

   

 

Кредит беру бағыты бойынша үлкен үлесті коммерциялық қарыздар алады – 68,8%.  Жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 31,2%

 

Кесте-9. Өнімдер аясында несиелік қоржын құрылымы

мың теңге

Жылдар

2011 ж.

2010 ж.

2009 ж.

Өсімі (%)

Коммерциялық несиелер

78 151 993

53 261 986

-

46,7

Ірі корпоративтік клиенттерге  берілетін несиелер

69 401 096

40 814 127

-

70

Шағын және орта кәсіпорындарға берілетін несиелер

8 750 897

12 447 859

-

(29,7)

Жеке тұлғаларға берілген несиелер

35 490 970

39 428 746

43 442 956

(18,3)

Ипотекалық несиелер

20 147 866

22 084 968

24 666 536

(18,3)

Тұтынушылық несиелер

12 788 718

14 521 126

16 615 309

(23)

Экспресс- несиелер

1 929 171

2 096 299

1 439 244

34

Автокөлік сатып алуға несиелер

432 234

582 498

679 122

(36,4)

Несиелік карталар

192 981

143 855

42 745

351,4

Ескерту - «Цеснабанк»  АҚ жылдық есептері


 

Қаржы институттарының  бағдарламаларын қолдаудың мақсаты  Қазақстан Республикасында шағын, орта кәсіпкерлікке қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді ұсыну жолымен бәсекелі жеке секторды кеңейтуді ынталандыру.





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - сурет . Шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарын несиелеу жүйесі

 

Бұл жүйе бойынша  жеке қосалқы шаруашылықтарына арнайы мақсаттарға қысқа мерзімді (2 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылға дейін) несиелер берілуі қажет.

Шағын бизнесті  қаржыландыруға мүмкіндік беретін  несиелік әдістеменің кейбір жаңа қағидаларын  ұсынамыз: Несие кәсіпорын мен  банк арасында ұзақ мерзімді және тұрақты несиелік қатынастарға негізделеді.

Шағын кәсіпорындарға пайдалануға берілетін несиелердің  барлығын келесідей топтауға болады:                                                                                                                                                                   

  • сыналатын  несие-банктің қарыз алушыға берілетін бірінші несиесі;    
  • қайталама несие–екінші несиеден басталатын несие,мұнда оны беру

туралы шешімнің тезірек қабылдануы және пайыздық ставка төмендетілуі мүмкін.

Несиелендіру бойынша қорыта айтқанда, несиелік тартымдылық жағынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына несие берудің тартымды  емес  екендігін айтуға болады. Бұл жоғары салалық тәуекелдерге және саладағы ШКС қызметінің тиімділігінің маусымдық сипатта екеніне байланысты. сонымен қатар,  аталған салада негізінен шаруа қожалықтары нысанындағы ШКС жұмыс атқарады, олар шалғай жатқан ауылдық аймақтарда орналасқан және өтімді кепіл заттары жоқтығына да байланысты болып табылады.

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудегі мәселелер және шешу жолдары

 

3.1Шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша мемлекеттің стратегиялық саясатының бағыттары

 

Шағын және орта бизнес үшін бизнестік ахуалды жақсарту Үкіметтің алдағы кезеңдердегі басты міндеті болып қала береді. Осы жылдың 1-ші тоқсанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы тоқсандағы міндеттері айқындалған, мемлекеттің әрдайым кәсіпкерлерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге ықыласты екенін тағы бір байқатты. 

Жалпы Қазақстан  бұрын да, қазір де бизнестің асығы  алшысынан түсуіне айрықша ден  қойып келеді. Алысқа бармай-ақ, дағдарысқа қарсы бағдарламаны алайық. Қазіргі  уақытта бұл бағдарлама аясында  шағын бизнестің дамуын қолдауға, сондай-ақ оның жолындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған шараларды белсенді жүзеге асыру процесі жүріп жатыр. Бұл ретте дағдарыс басталмай тұрып-ақ құрылған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына зор міндет жүктелді. Бұл Қор республикалық бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субьектілеріне қаржылай қолдау көрсетуде Үкімет белгілеген шараларды жүзеге асыратын негізгі оператор. «Даму» қорының қаржысын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру арқылы мемлекеттік бағдарлама төмендегідей бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеуде.[23]

 Біріншісі  - кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін  «Даму» қоры арқылы екінші  деңгейдегі банктерге 48,8 млрд. теңге  көлемінде алғашқы транш бөлінді.  Бұл күнде осы бағдарлама бойынша  қаражат толығымен әжетке жаратылып, 2 мың 149 жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде 3 мың 600-ден астам жұмыс орны құрылған.

Келесі бағыт  бойынша, яғни «Даму» қорының шағын  және орта бизнес жобаларын қажыландыру  жөніндегі бағдарламасы бойынша 100 млрд. теңге сомасында екінші транш  бөлінді. Бұл қаржының 50 млрд. теңгесін «Даму» қоры арқылы «Самұрық-Қазына» қоры, ал қалған жартысын екінші деңгейдегі банктер бөлді. Бұл бойынша ақырғы қарыз алушыларға берілген несиенің жылдық ставкасы - 12,5 пайыздан асқан жоқ. Ағымдағы жылғы наурыздың 20-сындағы деректерге сүйенсек, екінші транш бойынша жалпы сомасы 109,4 млрд. теңгені құрайтын 3 мың жоба мақұлданған. Ал іс жүзінде құны 88,7 млрд. теңге 2004 жоба несилендірілген. Мың жарым адам жұмыспен қамтылған.

Үшінші бағыт  бойынша, «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдар өңірлердегі кәсіпкерлердің жобасын тең бөліп қаржыландыруда. 28 де 28 қағидатымен бұл мақсатқа 56 млрд. теңге бағытталып отыр. Осы бағдарлама бойынша түпкі қарыз алушыларға берілетін несиенің жылдық ставкасы 14 пайыздан аспайды. Биылғы наурыздың 20-сындағы мәліметтер бойынша, бұл бағдарлама шеңберінде екінші деңгейдегі банктер 33,1 млрд. теңгені игеріп, 779 жобаны мақұлдаған. Ал іс жүзінде 15,2 млрд. теңгенің 751 жобасы несилендірілген. Мақұлданған жобалар мен нақты несиелендірілген жобалардың арасындағы айырмашалық қаржының транштық игерілгеніне несиелік желінің ашылғанымен байланысты. Осылайша жоғарыдағы айтылған барлық схемалар бойынша жалпы сомасы 200 млрд. теңгені құрайтын 6 мыңға жуық жоба мақұлданып, несиелендірілген. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнес субьектілеріне берген несиелерінің көлемі наурыздың 1-інде 1,7 трлн. теңге болғанын, осы сомадағы мемлекеттік ресурстардың үлесі 12 пайызды құрағанын айтып өткен жөн.[23]

Информация о работе Шағын және орта бизнес