Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа
Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Шағын және орта бизнес арқылы тиімді шаруашылық жүргізуді ынталандыруға және шектелген ресурстарды рационалды түрде қолдануға болады.
Кәсіпорындар
өндірістің ең қолайлы технологиялық
әдістерін істеп шығарудың
Экономиканың қандай бағытта дамитындығын шағын және орта бизнес анықтай алады, себебі елімізде кәсіпорындар көбейсе және отандық кәсіпорындарымыз бәсеке қабілетті өнімдер өндіре бастаса, мемлекет пен халықтың тұрмысы жақсарып, ауқаттылығы өседі. Мысалы, елімізде сатылып жатқан тауарлардың басым бөлігі шет елдерден әкелінеді, ал бұл біздің экономикамызға пайдасын аса тигізбей отыр, себебі шет елдік кәсіпорындар бізде өз тауарларын сату арқылы өз халқына жұмыс орындарын қамтамасыз етеді және өз елінің бюджетіне табыстарды әкеледі. Біздің ақшамызға олар өздерінің ғылым, білім беру, мәдениет, қорғаныс салаларын қаржыландырады .Ал біздің шет елдерден кем емес, әрі де сапалы өнімдер өндіре алатын тоқымашылар, тігіншілер, былғарышылар жұмыссыз қалып отыр. Сондықтан, отандық кәсіпкерлерге несиелер ұсынып, мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер жасап, отандық өндірушілерді жан-жақты қолдау шаралары орынды болып келеді.
Шағын және орта
бизнестің дамуы қайта
Жобаларын іріктеу кезінде басты басымдық әлеуметтік маңызы бар жұмыс орындарын ашатын және аймақ пен қалаларды дамытуды қарастыратын жобаларға жасалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларының аймақтар бойынша құрылымы көрсетілген 6 – кестеде.
ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік Комиссия отырысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі №17-5/И-144 шешімін жүзеге асыру мақсатында және Қорға шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыру үшін кредит берілуін мақұлдау жөніндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі отырысының № 9 шешіміне сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на шағын және орта бизнес субъектілеріне осы Бағдарлама негізінде 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлген еді. Қор шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына 2009-2012 жылдары тікелей кредит беретін «Даму – Қолдау» Бағдарламасын дайындады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдік берулері керек. Қаржыландыру мерзімі: 2016 жылғы қаңтарға, 78 айға дейін инвестициялық мақсатқа және 36 айға дейін айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген сыйақыны кейінге қалдыру бойынша жеңілдік мерзімі: 12 ай. Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшері 12,5%.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке экономикамызды әртараптандыру үшін 30 миллиард доллар шетел инвестициясын игеруді және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын әзірлеп, іске қостырды. Міне, осы негіздегі жұмыстардың нәтижесінде алдағы онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40 пайызын құрауы керек.
Кесте-10.Шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларының аймақтар бойынша құрылымы
Аймақ |
Жоба лар саны |
Жобалардың жалпы сомасы |
Қор арқылы берілген займның жалпы сомасы | ||
мың. Теңге |
% |
мың. Теңге |
% | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1.Алматы облысы |
8 |
9 085 000 |
40,44% |
4 178 730 |
32,55% |
2.ОҚО |
4 |
3 100 000 |
13,80% |
1 900 000 |
14,80% |
3.ШҚО |
3 |
2 784 384 |
12,39% |
1 573 984 |
12,26% |
4.Алматы қ. |
2 |
1 457 000 |
6,49% |
1 150 000 |
8,96% |
5.Қостанай облыс |
4 |
1 228 987 |
5,47% |
815 672 |
6,35% |
6.Астана қ. |
2 |
1 123 581 |
5,00% |
895 480 |
6,98% |
7.Жамбыл облысы |
1 |
750 000 |
3,34% |
750 000 |
5,84% |
8.Қарағанды облысы |
3 |
912 020 |
4,06% |
385 800 |
3,01% |
9.Атырау облысы |
1 |
675 000 |
3,00% |
329 000 |
2,56% |
10.Қызылорда облысы |
1 |
300 000 |
1,34% |
280 000 |
2,18% |
11.Маңғыстау облысы |
1 |
150 000 |
0,67% |
150 000 |
1,17% |
12.СҚО |
1 |
425 800 |
1,90% |
150 000 |
1,17% |
13.БҚО |
1 |
161 325 |
0,72% |
121 000 |
0,94% |
14.Павлодар облысы |
2 |
211 143 |
0,94% |
83 625 |
0,65% |
15.Ақтөбе облысы |
2 |
75 000 |
0,33% |
48 940 |
0,38% |
16.Ақмола облысы |
1 |
25 000 |
0,11% |
24 470 |
0,19% |
Жиынтығы |
37 |
22 464 240 |
100% |
12 836 701 |
100% |
Ескерту – статистикалық көрсеткіштер негізінде автормен құрастырылған |
Несиелерге
кепілдік беруде кәсіпорындарды іріктеудегі
субсидиядағыдай критерийлер
3.2 Шағын
және орта бизнес
Бизнесті несиелеуде кедергі болып отырған ең негізгі жағдайлар: біріншіден, несие алу күрделілігі және берілген өтінішті қарап шығу мерзімінің ұзақтығы, екіншіден, несие сыйақы ставкаларының жоғарылығы, үшіншіден, несиені қамтамасыз ететін кепілге қатаң талаптардың қойылғандығы.
Жағдайдың күрделілігінің бірден-бір себебі, банктер үшін несие тәукелдігін жоғары деңгейде екендігі, сондықтан да, шағын және орта бизнес субъектілеріне несие қысқа мерзімге беріледі. Көпшілік шағын бизнес субъектілері аз өтімді.
Тағы да үлкен қиындық жаңа жұмысты бастау және дамыту үшін қосымша инвестиция қажет ететін бастаушы кәсіпкерлерде байқалады. Банктер банк тәуекелдерін басқару бойынша өзінің ішкі несиелік саясатын және нормативтік құжаттарын басқарады, табысы тұрақты болмаған кәсіпорындарға қаржы бөлмейді. Нарыққа жаңа шығып жатқан шағын және орта фирмалар өзіне жоғары деңгейде банкроттық рисктерін алады, осы нарықта қызмет көрсетіп жатқан, тәжірибесі мол ірі және шағын кәсіпорындармен бәсекелесе алмайды.
Шағын және орта бизнесті несиелеуде тағы да бір проблема бизнесті жаңа бастаушылардың несие алу жағдайында еместігі, себебі коммерциялық банктер несие ресурстарын тұрақты жұмыс істеп тұрған және әр ай сайын табыс алатын шағын және орта бизнеске ғана береді.
Шағын бизнесті несиелеуде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді несиелеу ерекше орын алады. Бұл саланы несиелеуде тәуекел деңгейі өте жоғары. Бұл біріншіден, аграрлық өндірістің табиғи жағдайларға тәуелділігі болса, екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақсыз [24, 137 б.].
Ең маңызды және күрделі мәселе – несиенің мерзімінен кеш қайтарылуы, немесе тіптен қайтарылмауы. Бұл жағдай қазіргі кезеңдегі экономикалық ауыр қаржылық жағдайдың тікелей салдары болып табылады. Нарықтық қатынастардың тұрғысынан несиенің қайтарылмауы – кері көрініс, себебі бұл мерзімдік, қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз етілу принциптері бойынша әрекет ететін несие капиталының табиғатымен сәйкес келмейді. Құн қозғалысының қайтарымдылығы ретінде несие сипатынан шығатыны, тек уақытша маусымдық қаржылар мен шығындар несие алудың есебінен құралуы мүмкін.
Бұл принциптер сақталмаған жағдайда, экономиканың әрекет етуінің бүкіл нарықтық механизмі бұрмаланады, объективті пропорциялар мен шаруашылық байланыстар бұзылады.
Бұл жағдай мемлекеттік
аграрлы саясатқа да, Қазақстанның
агроөнеркәсіп кешенінің қаржы-
Бәрімізге белгілі,
нарыққа өтудің басты мәні мемлекеттік
қамқорлық, арқа сүйеушілік, иесіздік
пен жауапкерсіздік орнына шаруашылық
ісінің еркіндігі, жоғары өнімді еңбек
материалдық берекесінің шешуші
факторы болып табылатын
Тәуекелдіктің басқа бір факторы – бұл клиенттердің өзі. Қазақстанда көпшілік шағын компаниялар айқын емес. Банк тәуекелдігі жоғары – жоғары тәуекелдік – жоғары несие ставкалары және несиелеудің қысқа мерзімділігіде соған сәйкес. Шағын және орта бизнестің айқынсыздығының негізгі себебі – салық ауыртпалығы. Дегенмен, бұл жерде жағдай біртіндеп өзгеруде.
Шағын және орта бизнесті несиелеуді жетілдіру үшін банктер де мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Мұндай жағдайдан шығып кету және банк несиелерінің ставкаларын төмендету мен несие алуда құжаттарды көріп шығуды жеңілдету үшін келесідей шараларды қолдану қажет.
ШОБ несиелеуді жетілдіру схемасын былайша ұсынамыз (4- сурет).
4 - сурет Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуді жетілдірудің жалпы схемасы
Біріншіден, мемлекет банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуден мүдделі болуы керек, пайыздық төлемдердің бір бөлігін субсидиялап отыруы қажет. Бұл шағын және орта бизнес саласында жобаларды жүзеге асырудағы тәуекелдіктерді төмендетеді және инвестициялық жобалардың орнын толықтыру мерзімін қысқартады, олардың несиелеу ұйымдары үшін тартымдылығын жоғарылатады. Ал, екіншіден, несие бойынша кепіл жүйесін шағын және орта бизнес субъектілерінің қарамағына беруді енгізу қажет. [14].
Келесі қадам, жергілікті бюджет қаражаттарының субсидиялары есебінен банк несие ставкаларын төмендетуді ынталандыру болып табылады. Бұл үшін жобаларды бюджетпен екінші деңгейлі банктер бірлесіп бірдей негізде қаржыландыру тәжірибесін жалғастыруы мүмкін. Сыйақы ставкасын банктер өздерінің ішкі несие саясатына сәйкес белгілейді, ал мемлекет несиенің бір бөлігінің ставкасын нолдік сыйақы ставкасы бойынша береді. Нәтижеде, потенциалды қарыз алушылар үшін несие құны жеңілдетіледі. Сонымен бірге несиелеуде банк тәуекелділігіде төмендейді.
Мемлекеттік қолдаудың тағы бір тәсілі – екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуде несие сыйақы ставкасы мен нарықтық ставка арасындағы айырмашылықты мемлекеттің төлеуі. Бұл банктердің несиелеу көлемін кеңейтеді.
Банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуді ынталандыру үшін банктің несие портфеліндегі үлесін олардың устав капиталына сәйкес ұйымдастыруды енгізу қажет. Көпшілік дамыған елдерде банктердің негізгі капиаталын шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, халықты несиелеуден түскен табысынан көбейтеді. осы жүйе қазақстандық банктерге де енгізу қажет.
Қазақстан Республикасы бойынша экономиканың шаруашылықтың нарықтық жағдайларына өтуі кезеңнің басынан бастап шағын және орта бизнестің тұрақтандыруы экономиканың сәтті қайта құрудың көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сонда бизнес тап экономикалық қатынастарының дербес субьекті ретінде нарықтың дамуының құрамдас атрибуты ретінде шығады [20, 12-13 б.].
Шағын және орта бизнес мемлекеттің экономикалық өркендеуі мен халықтың экономикалық көтерілуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.
Шағын және орта бизнеске салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру. Шағын және орта бизнес субъектілері қызметінің нәтижелеріне жыл сайын жүргізілетін талдауды, елдегі нақты экономикалық ахуалды ескере отырып, шағын бизнеске салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру және салықтық есеп беруді оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Бұл мәселелерді шешу Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша шағын бизнеске салық салу жүйесіне зерттеулер жүргізуге және оны одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеуге негізделетін болады.
Қолданыстағы салық жүйесінің осы кезеңде экономикалық реттеуіш ретіндегі шағын бизнес субъектілері санының артуын ынталандыра отырып, жұмыс орындары санының, өндірілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етуі өте маңызды.