Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа
Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан
Қазiргi банктер клиенттерге
Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі: бүгінгі таңда ел экономиксын дамытуда шағын және орта бизнестің алатын рөлі зор болып табылады. Осы саланы дамытуда екінші деңгейлі банктердің әсері мол. Сол себепті еліміздегі осындай банктердің шағын және орта бизнесті несиелендірудегі маңызын зерттеу, ондағы мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын іздеу маңызды міндет болып табылады. Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілері.
Курстық жұмысты жазудың мақсаты – екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру операцияларының өзiндiк ерекше белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн зерттеу,шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруді зерттеу негізінде оны жетілдіру бойынша негізді және ұтымды ұсыныстар беру. Бұл мақсатқа жету үшін келесідегідей міндеттер анықталды:
- шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық негіздерін зерттеу;
- шағын және орта бизнесті
несиелендірудің қажеттілігі
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы мен қазіргі жағдайын талдау;
- шағын және орта бизнес
- шағын және орта бизнесті
несиелендіру бойынша
- шағын және орта бизнес
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарауда коммерциялық банктердегi несиелiк операциялардың теориялық негiзi, ЕДБ мен шағын және орта бизнес арасындағы байланысы қарастырылады, яғни несиелiк операциялардың қоғамда пайда болуы, дамуы және оның экономикалық маңызы талқыланып, қазiргi жағдайда коммерциялық банктерде жүзеге асатын құқықтық нысандарын, соның iшiнде пруденциалдық нормативтi заң актiлерi баяндалған.
Екiншi тарауда жеке және заңды тұлғаларды несиелендiру операциялары Цеснабанк АҚ мысалында жүзеге асыру қалай iске асатындығы саралай келе, ондағы экономикалық мәнi мен көрсеткiштерiн, игiлiкке асатын тиiмдiлiктері қарастырылды.
Үшiншi тарауда елiмiзде шағын және орта бизнесті несиелендірудегі негізгі мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланады.
Курстық жұмысты орындау
кезiнде құқықтық-нормативтiк
1. Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудің теориялық негізі
1.1 Шағын және орта бизнес түсігінің мәні және оның қызметі
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген [3].
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады [4]. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің
анықтамасынан тоқталмас бұрын
кәсіпкерлікті қандай категорияға
жатқызу керек екендігін
Одақтық Республикалардың
тәжірибесінде экономиканы
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі[4,98б].
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Шағын, орта және ірі бизнестің салыстырмалы сипаттамасын 1- кестетеден көруге болады. Мұнда бизнес түрлерінің әрқайсысына өз ерекшеліктеріне байланысты толық әрі түсінікті сипаттама берілген.
1- кесте. Шағын, орта және ірі бизнестің салыстырмалы сипаттамасы
Көрсеткіш-тер |
Шағын |
Шағын-орта |
Орта-ірі |
Ірі |
Мақсат |
Импровизациялар мен интуитивті түрде, нарықпен анықталады (негізінен сауда, дел-далдық) |
Нарықпен реттеледі және арнайы стратегиямен, интуиттивті түрде |
Нарықпен реттеледі және стратегиямен таңдамалы |
Нарықта басым, жүйелі және стратегиялық |
Менедж мент |
Дербес, авторитарлы, тіке |
өзіндік менеджмент, партнердермен кеңес |
Дербес, мамандардың аз ғана командасы, сыртқы эксперттерді қолдану |
Командалық мамандардың үлкен комадасы, функционалды құрылым |
Өнім |
Жоспарлау жоқ маркетингтік зерттеу жоқ |
Маркетингтік зерттеусіз, қысқа мерзімді жоспарлау |
Қысқа мерзімді және тұрақты емес жоспарлау, жүйелі емес маркетингтік зерттеулер |
Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйелі маркетингтік зерттеулер |
Персонал |
“Босс - қызметкер” қарым-қатынасы мотивацияның жоғарғы дәрежесі, профсоюз –дың аздаған әсері |
“жалдаушы-қызметкерлер коллективі” қатынасы, мотивацияның біршама дәрежесі, профсоюздың аздаған әсері |
Ынтымақтастық қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық “орта”, профсоюз әсерінің күшеюі |
Қарым-қатынастың қатаң иерархиясы, күшті профсоюздер, еңбек коллективінің кеңесі |
Қаржы |
Жанұя, таныста, банк |
Жанұя, банк |
Жанұя, банк, акциялар |
Банк, акция |
Ескерту: кесте автормен құрастырылған |
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады[5,154б].
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады[7,133б].
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».
Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
1.2 Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруі
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады [5,111б].