Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:31, курсовая работа
Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы, шағын және орта бизнес серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Мемлекеттің
шағын және орта бизнеске тигізіп
жатқан шапағаты мұнымен шектелген
жоқ. Есте болса, дағдарысқа қарсы бағдарлама
аясында шағын және орта бизнесті қолдауға
120 млрд. теңге бағытталған болатын. Қазіргі
таңда бұл соманың 117 млрд. теңгесі банктерге
орналастырылды. 3 млрд.теңге «Даму қолдау»
бағдарламасы аясында кластерлік бағдарламаны
қолдауға бағытталатын болады. Ал АТФ
банк болса, қосымша 10 млрд.теңгені өз
есебінен бөлетін болып отыр. Бүгінгі
күні банктер шағын және орта бизнесті
несиелендіруге берілген қаражаттың 52,4
млрд.теңгесін игерген. 1040 қарыз алушымен
шарттар түзілген. Осы арада шағын және
орта бизнесті қолдау үшін Үкімет қайта
қаржыландыру шарттарына бірқатар өзгертулер
енгізгенін айтқан жөн. Мысалы Үкіметтің
талабы бойынша банктер ішкі нормативтік
құжаттарын өзгертті. Нәтижесінде қайта
қаржыландыруға қажетті құжаттар тізбесі
азайтылды, кепіл мүлікті бағалау міндеттілігі
жойылды, қарыз алушыларды төмен санатқа
бөлу доғарылды.
Ресми мәліметтерге
сүйенсек, сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша
еліміз нарығында 633 мың шағын кәсіпкерлік
субьектілері белсенді жұмыс істеуде
екен. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында
еңбектенетін адамдардың саны 2 миллионға
жуық. Мемлекет былтыр жыл бойына шағын
және орта бизнес субьектілерін тексеруге
мораторий жариялап, кәсіпкерлердің өтініші
бойынша оның мерзімін биылғы шілденің
1-іне дейін ұзартты. Бұл бизнесмендер
үшін де, олар жұмыспен қамтып отырған
қарапайым халық үшін де айтарлықтай көмек
болды. Қазақстан Үкіметінің бизнесті
қолдап, оның беделін көтеру үшін жасап
жатқан жұмыстары бүгінде талай елдердің
биліктеріне үлгі болып отыр.
Қазақстанда
шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына
ерекше назар аударылуда. Ғимараттарды,
құрал-жабдықтарды ұсыну
Кәсіпкерліктің қаржы-несиелік ынталандырылуы коммерциялық банктермен жүргізіледі. Банктер кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағдарламаларын дайындайды және қолданылады.
Шағын және орта
кәсіпкерліктің экономикадағы ролінің
маңыздылығына және мемлекет тарапынан
кәсіпкерлікке жан-жақты
Мемлекеттік несиенің бүкіл экономикалық жүйенің қалыпты жұмысы үшін орасан зор мәні бар. Мемлекеттік несие – бұл азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттің, жергілікті билік органдарының қарыз алушы немесе несие беруші ретінде шығатын несиелік қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттік несие мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар (банктер, сақтандыру компаниялары, кәсіпкерлер) арасындағы ақшалай нысандағы қатынастарды білдіреді. Қарыз мәмілесінің қатысушысы ретінде үкімет немесе жергілікті билік органдары шыққанда ғана несие мемлекеттік деп танылады.
Қазіргі уақытта мемлекет несие беруші ретінде шығып, ұлттық шаруашылық үшін маңызды болатын салаларды дамыту мақсатында несиелік көмек көрсетеді. Мемлекеттік несие тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, инфрақұрылымды құруды, экспорттық өндірісті және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды қаржыландыру аясында кеңінен қолданылады. Несие беруші ретінде мемлекеттің белсенді қатысуының түрлі себептері бар: жеткіліксіз немесе жоғары емес түсімдердің болуынан жеке капиталдың инфрақұрылым салаларын дамыту ынтасының болмауы, жеке капитал үшін кейбір салаларды қаржыландырудың тиімсіздігі, сыртқы нарықта шетелдік бәсекелестермен күресу үшін ұлттық сарапшыларға көмек көрсету.
Шағын және орта
бизнес – бұл экономикасы тұрақты
мемлекеттің маңызды аясы, сондықтан
біздің республикамызда оған сәйкесінше
рольдің берілуі Қазақстан
Аймақтардың шаруашылық дербестіктерінің даму жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттің, әсіресе жергілікті мемлекеттік саясаттың құрылымдық экономикалық саясатты жүргізудің маңызды құралы ретінде қарастыру керек.
Қазақстанның қазіргі кездегі экономикалық жағдайы және кәсіпкерлік аясының жағымды даму тенденциялары шағын және орта бизнестің онан арғы дамуына бағытталған әдістер мен құралдарды әзірлеу мен енгізу процесіне байланысты жоғары ұқыптылықты талап етеді.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей кәсіпкерлікті дамытудағы сәттіліктің ажырамас шарты – бұл шағын және орта бизнеске жан-жақты және тұрақты мемлекеттік қолдау көрсету.
Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнес – экономикалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) құрылымын және сапасын анықтайтын жетекші сектор. Дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖҰӨ-нің 60-70% келеді.
АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания сияқты елдердің көбінде барлық кәсіпорындардың басым көпшілігін – 99,3-99,7% шағын және орта кәсіпорындар құрайды.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау қаржы-несие саясаты арқылы, салықтық жеңілдіктер, банктік несиені алуға көмек көрсету, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс барысында
кәсіпкерлер түрлі
Кәсіпкерлектің дамуына кедергі келтіретін қаржылық проблемалар қатарына келесілер енеді:
- Өнеркәсіптік өндірісте жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындардың жаңа тауарлық нарықтарға шығу күрделігі. Мұның басты себебі – бәсеке қабілетті өнім шығару үшін өндірістік қуаттарды жаңарту және қайта жарақтандыруға қажетті, жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға қажетті қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі.
- Кәсіпкерліктің кең және тұрақты дамымауының негізгі себебі – бастапқы капиталды жинақтаумен байланысты қиыншылықтар салдарынан көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайларының төменгі деңгейде болуы, тиімді шарттар негізінде неиелерді алу мүмкіндігінің болмауы. Бастапқы капиталдың жетіспеушілігінен, қаражаттарды жинақтаудың шектеулі мүмкіндігінен, қаржы-несиелік ресурстарға қол жеткізудің жағымсыз шарттары салдарынан кәсіпорындардың кейін қарай даму үшін ішкі ынталары болмайды, жаңа тауарлық нарықтарды игеру мүмкіндіктері және нарықтық өндірісті жетілдіру мен өнім сапасын жоғарлату мүмкіндіктері болмайды. Бұдан басқа жоғары пайыздық мөлшерлемелердің болуынан, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер жүйесінің болмауынан, кәсіпорындарда орын алатын өндірістік-технологиялық процестерді сауда-сатып алушылық процестерден айыратын ерекшеліктерді есептеудің болмауынан шағын және орта бизнесті несиелендірудің банктік түрі оның шынайы дамуына мүмкіндік жасамайды.
Шағын және орта бизнестің дамуына жағымсыз әсер ететін факторларды жою көбінесе атқарушы билік органдарының қабылдайтын әрекеттеріне тәуелді болады. Кәсіпкерліктің даму болашағын талдау мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын қабылдау қажеттілігінің бар екендігін көрсетті, олар: кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді инфрақұрылымдық элементтерін құру, инвестициялық кәсіпкерлік арқылы бюджеттік қаражаттарды қолданылу, ақпараттық және кеңестік қызмет көрсету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік-қоғамдық кешенді жүйесін құру. Сонымен қатар бұл аяны дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту шаралары және сыртқыэкономикалық қызметтің қолдауын қамтамасыз ететін шаралар анықталды.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражаттары тартылу керек, жеке – отандық капиталдың, қажет болса шетелдік капиталдың мүмкіндіктері қоданылу керек. Мемлекеттік ресурстарды қолданылудың негізгі бағыты тікелей инвестицияларды бөлу ғана емес, сақтандыру және несие үшін кепілдемелерді ұсыну болу керек.
Шағын және орта бизнес секторының дамуына кедергі келтіретін прблемалар тізімінде жетекші орынды әдеттегідей қаржы-несие ресурстарына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жеткізе алмау проблемасы орын алады.
Бұл жағдай несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемелерімен, несиелердің қысқа мерзімге берілуімен, банк жағынан қарастырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінде өтімді кепілдемелердің болмауына байланысты. Мұнда ерекше қиындықтарды бастаушы кәсіпкерлер көреді, себебі банктер тұрақты табыс әкелмейтін кәсіпорындарға қаражат бөлмейді және бастапқы кезеңде бұл кәсіпорындардың қызметі банкроттық тәуекелмен байланысты болады.
Демек, кәсіпкерліктің даму мақсатында және шағын мен орта бизнестің бұдан да жоғарғы деңгейге өтудің алғышарттарын құру үшін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың балама қаржылық схемаларын және жаңа нысандарын құрастыру қажет, қазіргі заманға сай қаржылық тетіктерді және технологияларды енгізу керек.
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру тетігін жетілдіру үшін кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың балама түрлерін дамыту керек (лизингтік несиелер және басқа да механизмдер), сонымен бірге кепілдемелік қорлар мен өзара несиелендіру қорлар жүйесін дамыту қажет.
Кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесі маңызды орын алады.[23]
Шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау келесідегідей орындалуы қажет:
- Кәсіпкерліктің өндірістік секторын жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен, мемлекетпен кепілдендірілген мемлекеттік емес сыртқы займдар есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелендіру;
- Коммуналдық меншік объектілерінен тұратын аймақтардағы кепілдемелік қорлардың құрылуы есебінен кәсіпкерлер алған несиелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіретін екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;
- Екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып жобалардың бюджеттік қаржыландырылуы;
- Өзара несиелендіру және сақтандыру қоғамдарының қызметін ұйымдастыру бойынша тетіктерді дайындау.
Сөйтіп, несиенің мемлекеттік нысанының негізгі белгісі – түрлі деңгейдегі атқарушы билік органдары арқылы мемлекеттің міндетті түрде қатысуы. Мемлекеттік несие қаржылық ресурстарды тартудың көзі ретінде ғана емес, экономиканы несиелік реттеудің тиімді құралы ретінде де қолданылады. Мемлекеттік несиенің негізгі формалары – мемлекеттік займдар, бюджеттік несиелер, қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер), тұрғындардың жинақ салымдары болып табылады.
Нарықтық
тетік арқылы ғана кәсіпкерліктің
еркіндік пен әлеуметтік жауапкершілік
принциптерін үйлестіру мүмкін емес,
бұл үшін сәйкесінше мемлекеттік
саясат қажет. Орта және шағын бизнеске
қатысты мемлекеттің екі
қаржылық, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды жеткізу және қызмет көрсету [19, 165-169 б.].
Мемлекеттің міндеті - кәсіпкерліктің тұрақтануына және сәтті қызмет етуіне қолайлы экономикалық жағдайлар жасау. Шағын және орта бизнесті дамытудың мемлекеттік саясаты заңнамалық және нормативті-құқықтық негізді құруды және жетілдіруді, іскерлік белсенділікті ынталандыруды, нарықтық инфрақұрылымды құруды көздейді. Кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау мемлекеттің мүмкіндіктеріне және мемлекеттің міндеттеріне байланысты болады.
Белсенді мемлекеттік қолдау жаңа кәсіпорындардың пайда болуын ынталандырады. Көптеген мемлекеттер шағын және орта кәсіпорындардың белсенділігін ынталандыру үшін аса тиімді және икемді әдістерді қолданылады.
Микронесиелерді ұсыну шағын және орта бизнесті қолдаудың және мемлекеттік қаржыландырудың бір түрі. Қазақстанда микронесиелендіру жүйесі екі бағытта жүзеге асырылады: «Микрокредит» ұйымы арқылы бюджеттік қаржыландыру есебінен және табысы аз азаматтарға қолдау көрсету қорының қаражаты есебінен. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бірнеше аймақтарда несиелік серіктестіктер, технопарктер және бизне-инкубаторлар құрылды.
Кәсіпкерлік секторы мәні бойынша нарыққа тән болып, қазіргі заманғы нарықтық инфрақұрылымның негізін құрайды.
Шағын және орта
бизнестің дамуы ірі өндіріс
орындарымен салыстырғанда
Халықты жұмыспен
қамтуда кәсіпкерлік едәуір әлеуетке
ие, себебі өзінің технологиялық немесе
басқа ерекшеліктеріне
Елімізде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күресудің конструктивті шараларының бірі - шағын және орта бинесті дамыту [21, 45 б.]
Қазіргі кезде Қазақстанда 689 509 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 626 187 шағын бизнес субъектілері болып келеді. Шағын бизнес субъектілері ішінде 145 087 заңды тұлғалар (шағын бизнес кәсіпорындары) және 481 100 жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тіркелген. Бұл салада 1,5 миллиондай адам жұмыс істейді.