Бириккен касипорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қ

Содержание

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық
жинақ есебі
Қаржы инвестициясының есебі
Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар есебі
Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ
Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу
кезіндегі ерекшелігі
Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит
үшін маңызды нәрселер
Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың
көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Біріккен кәсіпорын есебі. 126.doc

— 747.50 Кб (Скачать)

Алажақ және бережақ қарыздарды аудиттеу кезінде бухгалтерлік баланстың 080-“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, барлығы”, 081-“Алынуға тиісті шоттар (301, 303)”,  082-“Алынған вексельдер (302)”, 083-“Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешектері (321-323)”, 084-“Өзге де дебиторлық берешектер (332-334)”, 085-“Алдағы кезең шығыстары (341-343)”, 110-“Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, барлығы”, 111-“Алынуға тиісті шоттар (301, 303)”, 112-“Алынған вексельдер (302)”, 113-“Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешектері (321-323)”, 114-“ Алдағы кезең шығыстары (341-343)”, 115-“Алынған аванстар (351-353)”, 116-“ Өзге де дебиторлық берешектер (331-334)”, 230-“Қарыздар, барлығы”, 231-“Банк қарыздары (601)”, 232-“Банктен тыс мекемелерден қарыз (602)”, 233-“Өзгелері (603)”, 260-“Қысқа мерзімді қарыздар мен овердрафт (601-603)”, 270-“Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі (601-603)”, 280-“Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер, барлығы”, 281-“Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер (603, 671)”, 282-“Төленуге тиісті дивидендтер (621-623)”, 283-“ Алынған аванстар (661-663)”, 290-“ Бюджетпен есеп айырысу (631, 633-639)”, 300-“ Еншілес (тәуелді) серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кредиторлық берешектері (641-643)”, 310-“Өзге де кредиттік берешектер және барлығын есептеу”, 311-“Міндеттемелердің шарттары мен кепілі (651, 652)”, 312-“Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу (681)”, 313-“Өзгелері (682-687)”, 314-“Алдағы кезең табыстары (611)”,  жолдарындағы көрсеткіштердің көлемі тексерілуі керек.

Алажақ және бережақ  қарыздарды аудиттеу кезінде БЕҚС №2 “Бухгалтерлік баланс және қаржы есептемесінің негізгі ашылып көрсетілімдері”, ҚЕХС №1 “Қаржы есептемесін”, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кәсіпорынның есептеу саясаты сияқты нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Ақша қаражаттарын аудиттеу кезінде  қаржы есептемесінің ақша қозғалысы  туралы есептемесі тексеріледі. Себебі мұнда ақша қаражатының қозғалысы  толығымен тексеріледі және бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланстың 120-“Қысқа мерзімді қаржы инвестициясы (401-403)”, 130-“Ақша (411, 421-424, 431, 432, 441, 451, 452)” жолдары ғана тексеріледі. Ал тексерілетін алғашқы құжаттары кіріс касса ордерлері, шығыс касса ордерлері, төлем тапсырмалары, банктердің мемориалдық ордерлері, салық органдарының өкілеттері, банктің көшірмелері, касса кітабы, кассирдің есептемесі, касса ордерін тіркеу кітабы, банктермен жасалған есеп айырысу құжаттары, №1, №2 және №3 журнал-ордерлері, т.б. құжаттары болып табылады.

Ааудитор ақша қаражатын  тексеру кезінде БЕҚС №4-“Ақша  қозғалысы туралы есептеме”, ҚЕХС №7-“Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептеме”, БЕҚС №9-“Шетел валютасындағы операцияларды есептеу”, ҚЕХС №21-“Валюта бағамы өзгерісінің әсері” нормативтік актілерін басшылыққа алады. Бұнымен қоса Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кеден кодексі, Қазақстан Республикасының кейбір салалық, рамкасыз заңдары, “Валюталық реттеу туралы” заңы, “Төлемдер және ақша аудару туралы” заңы, “Банктер және банктік қызмет туралы” заңы, жекеленген мемлекеттік органдардың нормативтік актілері: 1) Ұлттық банктің “Екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулары; 2) Қазақстан Республикасындағы “Валюталық операцияларды жүргізудің ережелерін біріктіру туралы” Ұлттық банктің қаулысы; 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің “Бюджеттік ұйымдардағы кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін беркіту туралы” бұйрығы; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Бақылау кассалық машиналарын қолданудың тәртібін беркіту туралы” қаулысы басшылыққа алынады.

Меншікті капиталды аудиттеу кезінде  бухгалтерлік баланстың 150-“Жарғылық  капитал (501-5003)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 170-“Қайтарылып алынған капитал (521)”, 180-“Қосымша төленген капитал (531)”, 190-“Қайта бағалау (қосымша төленбеген капитал) сомасы”, 191-“Негізгі құралдар (541)”, 192-“Инвестиция (542)”, 193-“Өзге де активтер (543)”, 200-“Резервтік капитал (551, 552)”, 210-“Бөліебеген табыс (жабылмаған зиян) (561,562)”, 211-“Есептік жылдың (561)”жолдары және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы өсөптеме толығымен тексеріледі. Ал тексерілетін алғашқы құжаттарына құрылтай келісімшарты, жарғы, филиал және бөлімше туралы ереже, қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы шешімі, акционерлер реестірінен көшірме, жарғылық капиталға төленетін жарналарды растайтын құжаттар (төлем тапсырмалары, касса ордерлері, бағалау және алыс-беріс актілері, т.б.), алдыңғы эмиссиялық орындардағы тұрақты есептемелері жатады.

Меншікті капиталды тексеру кезінде БЕҚС №4-“ ”, ҚЕХС №7-“ ”, БЕҚС №9-“ ”, ҚЕХС №21-“ ” нормативтік актілерін басшылыққа алады. Бұнымен қоса Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кеден кодексі, Қазақстан Республикасының кейбір салалық, рамкасыз заңдары, “Валюталық реттеу туралы” заңы, “Төлемдер және ақша аудару туралы” заңы, “Банктер және банктік қызмет туралы” заңы, жекеленген мемлекеттік органдардың нормативтік актілері: 1) Ұлттық банктің “Екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулары; 2) Қазақстан Республикасындағы “Валюталық операцияларды жүргізудің ережелерін біріктіру туралы” Ұлттық банктің қаулысы; 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің “Бюджеттік ұйымдардағы кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін беркіту туралы” бұйрығы; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Бақылау кассалық машиналарын қолданудың тәртібін беркіту туралы” қаулысы басшылыққа алынады.

Табыстарды аудиттеу кезінде тексерілетін ақпарат көздеріне тек табыстар мен шығыстар туралы есептеме жатады. Тексеру барысында бұл есептеменің 010-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден табыс”, 030-“Жалпы табыс (010жлы – 020 жолы)”, 050-“Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) (03 жолы – 040 жолы)”, 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)”, 070-“Салық салынуға дейінгі жай қызметтен түскен табыс (зиян) (050 жолы – 060 жолы)”, 090-“Салық салынудан кейінгі жай қызметтен түскен табыс (зиян) (070 жолы – 080”, 100-“Төтенше жағдайлардан болған табыс (зиян)” жолдары қадағаланады. Сонымен қатар шот-фактуралар, накладнойлар, тауар-көлік накладнойлары, жүк-кеден деклорациялары, алыс-беріс актілері, кассалық кіріс ордерлері, квитансиялар, касса кітабы, касса аппараттарының машинограммасы, тауарлық есептеме, касса ордерін, келісімдер туралы келісімшарттар, бас кітап, №11 және №12 журнал-ордерлер, аналитикалық есеп ведомостері, т.б. алғашқы құжаттар міндетті түрде тексеріледі.

Табыстарды аудиттеу кезінде аудитор  БЕҚС №5 “Табыстар”, ҚЕХС №18 “Сатудан түскен түсім”, БЕҚС №3 “Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептеме”, ҚЕХС №8 “Кезең ішіндегі таза пайданы (зиянды) есептеу саясатындағы мәнді қателіктер мен өзгерістер”, салық кодексін, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы және кейбір салықтық заңдылықтар мен құжаттарды басшылыққа алады.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Республикамызда 01.01.2004 жылғы көрсеткіш  бойынша 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел  және біріккен кәсіпорындар (01.01.2003 жылы - 995) болғанын көрсетіп кеткен болатынбыз. Олардың жарғылық қоры 57481,7 млн теңге болатын. Көпшілік кәсіпорындар Ресей – 237; Түркия – 228, Германия – 116, АҚШ – 115, Қытай – 79, Ұлыбритания – 53, Иран – 45, Оңтүстік Короея – 38, Швейцария – 35, Италия - 33 фирмаларымен құрылған. Ол резидент еместердің шетел және біріккен кәсіпорындарының жарғылық қорына салған салымдары 23061 млн теңгені құрады, ол бұл кәсіпорындардың жалпы жарғылық қорының 40,1% құралады.

Шетел және біріккен кәсіпорындағы  жұмысшылардың саны 77,9 мың адамды (48,3 мың адам – біріккен және 29,6 мың адам – шетел кәсіпорындарында) құрады, ол 2002 жылмен салыстырғанда 40%-ке өсті. Еңбекақы шығыны 17597,8 млн теңгені көрсетеді, демек бұрынғыдан 3 есе  жоғары.

Өнім өндірумен 226 кәсіпорын немесе жалпры алғанда 16,3% (2002 жылы – 186 кәсіпорын немесе 18,7%) құрады.

2003 жылы шетел және біріккен  кәсіпорындар 165,7 млрд. теңгенің өнімдерін  шығарып, қызмет көрсетті, ол өткен  жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары  болып отыр. Осы кезеңдегі халық  тұтынымындағы  тауарларды өндіру 31,1 млрд. теңгені құрап отыр, ал бұл өткен жылдан 1,6 есе жоғары.

Жалпы қызмет атқарып отырған кәсіпорындардың  ішінде 146 (10,5%) экспортқа тауарлар шығарады, 459 (33%) импорттық түсімдерді қабылдайды.

Шетел және біріккен кәсіпорындардың көлемі салыстырмалы түрде 1509,8 млн $ болды. Экспорттық тауарлық құрылымы шикі мұнайдан (63,2%), анрациттен (8,6%), алюминий оксидінен (8,9%) тұрады.

Импорт көлемі 1,8 есеге өсті, яғни 796,1 млн $ болды. Импорттық тауарлар құрылымын тамақ өнімдері, алкогольдік және алкогольдік емес ішімдіктер 118,0 млн  $ (23,6% жалпы импорт көлемінен); транспорттық қондырғылар және олардың бөлшектері – 79,5 млн $ (10%), химия салалық өнімдері – 67,4 млн $ (8,5%(, қағаз және өзге де материалдар – 55,1 млн $ (6,9%) құрады.

Нақты өнімдер көлеміне жанар-жағармай, мұнай және сол сияқты басқа да өнімдер 39798,8 млн теңге (27,9%) құрады, азық-түлік тауарлары – 17725,8 млн  теңге (12,4%), темекі өнімдері – 15137,1 млн  теңге (10,6%) болды.

Көріп отырғанымыздай өнім өндіру саласындағы кәсіпорындар үлесі жоғары емес. өнімді сату-сатып алумен айналысатын кәсіпорындардың көбі шет елде орналасқан. Жергілікті кәсіпорындар экспортқа негізінен шикізатты шығарса, өз өндірісіндегі өнімдерін ішкі нарыққа шығарды. Кәсіпорындар негізінен халықтық тұтынымдағы тауарларды өткізу үшін ішкі нарыққа импортталады.


Информация о работе Бириккен касипорын