Бириккен касипорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қ

Содержание

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық
жинақ есебі
Қаржы инвестициясының есебі
Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар есебі
Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ
Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу
кезіндегі ерекшелігі
Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит
үшін маңызды нәрселер
Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың
көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Біріккен кәсіпорын есебі. 126.doc

— 747.50 Кб (Скачать)

Инвестицияның тиімділігін  талдауда инвестиция салымының қайтарылуын  талдау, инвестицияланған капиталдаң өсімін және инвестициядан тапқан табыс  пен басқа да пайдалар, ұтыстар  маңызды болып табылады.

Есеп айырысу немесе дебиторлық және кредиторлық қарыздарды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің алажақ және дережақ қарыздар мен міндеттемелерге байланысты көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығын есепке алу операцияларын ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін тексеру, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеп, талдау. Осымен байланысты аудиттің бағыттыры мыналар болып табылады:

  1. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебінің жайын, оның синтетикалық есепке сәйкестігін, бухгалтерлік баланста есепте тұрған қарыздардың көлемінің шынайылығы мен негізділігін тексеру;
  2. Алажақ қарыздардың өндіріп алуға, ал бережақ қарыздардың төленуінің нақтылығын күмәнді қарыздар мен күмәнді міндеттемелердің есептен шығарылуының, бухгалтерлік және салықтық есепте дұрыс көрсетілуін тексеру;
  3. Алажақ және бережақ қарыздарды кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеу және талдау.

Қарыздарды тексерудің тәжірибеде жиі құжаттың жарамдылығын, формальды, арифметиаклық тексеру тәсілдері, бухгалтерлік баланста есепте тұрған алажақ және бережақ қарыздардың заңдылығы мен негізділігіне құқықтық баға беру, растау, талдау, ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін бағалау әдістері қолданылады.

Алажақ және бережақ  қарыздарды талдаудың негізгі мақсаты  оның кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына әсерін, сондай-ақ болашақта тоқыраусыз, крезиссіз қызмет етуіне айналым қаражатының айналымдылығын анықтау болып табылады.

Ақша қаражатын аудиттеудің  міндеті – қаржы есептемесінің  ақша қаражатына байланысты көрсеткіштердің  толықтығы мен шынайылығын, сондай-ақ ақша қаражатының жұмсалу заңдылығы  мен тиімділігін тексеру. Осыған байланысты аудиторлық тексерудің ақша қаражатын түгендеу, ақша қаражатының жұмсалымының заңдылығын тексеру және жұмсалудың, пайдаланудың тиімділігін тексеру бағыттары бар. Ақша қаражатын тексеру кезінде де тексерудің түрлі әдістері қолданылады, олар: нақтылығын тексеру, қозғалысын және оның құжатталынуын жаппай құжат бойынша тексеру, кассалық, банктік және валюталық операциялардың ақша қаражаты жұмысының заңдылықтарына құқықтық баға беру, ақша тасқынының бағытын, ақша қаражатының тиімділігін талдау немесе ақша қаражатының айналымдылығын талдау әдістері.

Ақша қаражаттарын тексеру кезінде аудит үшін кассадағы ақша қаражатының сақталу жағдайына, қозғалысының заңдылығына, алғашқы құжаттардың дұрыс нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру маңызды болып табылады. Банктік шоттардағы ақша қаражатының банктердегі шоттардағы құжаттардың көшірмесінің және соған сәкесті басқа да алғашқы құжаттардың сәйкестілігін, шоттардың ашылу, жүргізілу, жабылу тәртібінің сақталынуын тексеру өте маңызды болып келеді. Ал шетел валютасындағы ақша қаражаттарының бағамдық айырмасын көшірменің тиісті растаушы құжаттарға сәйкестігін, толықтығын, дұрыс жүргізілуін анықтау маңызды болып табылады.

Меншікті капиталды аудиттеудің  міндеті – қаржы есептемесінің  меншікті капиталға байланысты толықтығы  мен шынайылығын тексеру, капиталдың құралу, төлену, өзгеру заңдылығына құқықтық баға беру. Меншікті капиталды аудиторлық тексерудің мынадай, яғни кәсіпорынның құрылу, қайта құрылу, мемлекеттік тіркелу, қызмет ету заңдылығын тексеру, құқықтық баға беру; жарғылық капиталдың құрылуы, төленуі, меншікті капиталдағы өзгерістердің бухгалтерлік есепте көрініс табуының заңдылығын тексеру; кәсіпорын жарғысының мазмұнына ондағы нормалардың қолданыстағы заңдылық актлеріне сәйкестігіне құқықтық экспертиза жасау бағыттары бар. Меншікті капиталды аудиторлық тексеру кезінде негізгі және жалғыз-ақ тексеру әдісі пайдаланылады. Ол – құжат бойынша тексеріп, құқықтық экспертиза жасау.

Меншікті капиталды  талдауда меншікті капиталдың, оның ішінде жарғылық капиталдың сақталуына, өсуіне, құрамына, яғни оның құрамдас элементтерінің үлес салмақтарына, таза активтер көлемінің меншікті капиталға заңдылық актілерде белгіленген жарғылық капиталдың  ең төменгі көлеміне сәйкесіне баса назар аударылады.

Табыстарды аудиттеудің міндеті  – қаржы есептемесінің көрсеткіштерінң  шынайылығы мен толықтығын, ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесін тексеру, сондай-ақ табыстардың құралуын талдау және олардың құрамын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар беру. Табыстарды аудиторлық тексерудің мынадай, яғни табыстарды толық кіріске алуды қамтамасыз ететін ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін зеріттеу; шот-фактурада, т.б. табыстарды есептеу жөніндегі алғашқы құжаттардың дұрыс жасақталынуы мен мерзімінде есепке алынуын, табыстарды аналитикалық және синтетикалық есептеудің дұрыстығын және олардың сәйкестігін тексеру; табыстардың құрылымы мен динамикасын талдау және оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныс дайындау бағыттыры бар. Табыстарды аудиторлық тексеру кезінде көбіне-көп құжат бойынша тексеру, құқықтық баға беру және ішкі бақылау мен бухгалтерлік есептеу жүйесін бағалау әдістері қолданылады.

Табыстарды талдау кезінде аудитор  үшін табыстың салықтық кезең ішіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету, салықтың өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету, салық  салынбайтын немесе жеңілдіктер  көзделген табыстың түрін көбейту  маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

    1.  Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер

 

Біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексеру, оның барысы тексеру кезінде  жинақталған аудитолық дәлелдемелер ақпараттық көздер мен жұмысшы құжаттардан жинақталады. Мұндағы мәліметтер аудиторлық ұйымның сол кәсіпорынмен қызмет атқкруына септігін тигізеді. Тексеру кезінде жинақталған құжаттар, құжаттардың қөшірмесі, аудитордың жеке жазбалары, аудитордың жұмысшы құжаттарынан құралады. Аудитордың жұмысшы құжаттары аудиторлық тексеруді жоспарлау, тексерудің барысын бақылау, тексеру кезінде анықталған дәлелдемелерді талдап, жүйелеп аудиторлық пайымдар жасау және пікір қалыптастырып, аудиторлық қорытынды жасау, аудиторлық тексерудің сапасын кейінгі бақылау кезінде алғашқы аудиторлық нәтижелерімен танысу, білу, даулар кезінде аудит стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізілетіндігін растау мақсатында қажет. Жұмысшы құжаттардың түрлері мен мазмұны, басқа да жағдайлары 230 “Құжаттама”-деп аталатын аудиттің халықаралық стандарттарында қарастырылған (1-слайд).

Әрбір елде аудиттің сол елдегі құқықтық негізі бар, олар әртүрлі болып келеді. Қазақстан Республикасында аудиторлық заңдылықтың негізінен құрайтын нормативтік актлер үш деңгейге бөлініп  қарастырылған:

Бірінші деңгейге “Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы” заңы жатады. Ол 18.10.1993 жылы қабылданып, соңқы өзгертулер мен  дүзетулер 11.06.2003 жылы енгізілді. Мұнда  аудиттің негізгі принципі, түрі, аудиторлық қызметті атқару тәртібі, қағидалары, аудиторлық қызметті атқарушы мен аудиттелінуші кәсіпорын құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері анықталған.

Екінші деңгейге Қазақстан  Республикасындағы аудиттің халықаралық  стандарттары кіреді. 2000 жылы наурызда аудиторлар Палатасының Ⅴ Республикалық конференциясында Қазақстан Республикасындағы аудиттің  халықаралық стандарттарға көшуі және оны ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешімі қабылданды. Қазіргі таңда аудиттің 46 халықаралық стандарттан тұрады.

Үшінші деңгейге тексеру нәтижесенде  аудиторлық Ұйыммен дайындалған аудиторлық қызметтің Ұйым ішілік стандарттары кіреді. Мұндай стандарттардың болуы мен құрамы аудиторлық қызмет нарқын кеңейтеді (2-слайд).

Біріккен кәсіпорындарды аудиттеуде басшылыққа алынатын ақпараттар мен тексерілетін ақпараттың көздері әрбір жұмыс түрінде әртүрлі болып келетіндіктен, кәсіпорында негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауар-материалды жинақтарды және т.б. аудиттеу кезінде тиісінше әртүрлі ақпарат көздері басшылыққа алынады. Сондықтан әрбір жұмыс түрін жеке-жеке қарастырамыз.

Материалдық емес активтерді, негізгі  құралдарды, тауар-материалдық жинақты, инвестицияларды, есеп айырысуларды, ақша қаражаттарын, меншікті капиталды, табыстарды, аудиттеу үшін қаржы есептемесінің көрсеткіштері мен ақпараттық көздері тексеріледі.

Материалдық емес активтерді аудиттеу кезінде қаржы есептемесінің  бухгалтерлік баланс, табыстар мен  шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы  туралы есептеме және меншікті капиталдағы  өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері  тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 010-“Материалдық емес активтер (101-106)”, 011-“Гудвилл (105)”, 020-“Материалдық емес активтердің амортизациясы (111-116)”, 030-“Материалдық емес активтің баланстық құны (010-020)”, 031-“Гудвиллдің баланстық құны”, 150-“Жарғылық капитал (501-503)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 190-“Қайта бағалау” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 040-“Кезең шығыстары”, 041-“Сатудан түскен табыс”, 042-“Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс” жолдары тексеріледі. Ақша қозғалысы туралы есептеменің 041-“Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс”, 051-“Материалдық емес активтерді сатып алу” жолдары тексерілсе, меншікті капиталдағы  өзгерістер туралы есептеменің 2-“Шығарылған жарғылық капитал”, 3-“Төленбеген капитал”, 7-“Қосымша төленбеген капитал” графалары тексеріледі. Сонымен қатар материалдық емес активтерді аудиттеу кезінде материалдық емес активтерге байланысты алыс-беріс актлері, шотфактуралар, сату-сатып алу келісімшарты, атқарылған қызмет туралы акт, бағалау актісі, ішкі алыс-беріс актісі, сатылған материалдық емес активтерге шот-фактура мен алыс-беріс актлері, есептен шығару актлері, инвентарлық карточкалар мен тізімдер, амортизациялық шығындар есептеу ведомосы, №10 және №12 журнал-ордерлер мен т.б. алғашқы бухгалтерлік құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлары қаралады.

Материалдық емес активті  аудиттеу кезінде ең алдымен №28 “Материалдық емес активтерді есептеу”-деп  аталатын  Бухгалтерлік есептің  қазақстандық стандарты (БЕҚС) және №38 “Материалдық емес активтер”-деп аталатын Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) басшылыққа алады. Бұдан басқа азаматтық кодекс, салық кодексі, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, сонымен қатар патент туралы, сауда белгілері туралы, авторлық және іргелес құқықтар туралы, лицензиялау туралы, жер кодексі, су кодексі, орман кодексі, табиғи байлықтарды пайдалану құқығы, селекциялық жетістіктері туралы Қазақстан Республикасының көптеген салалық заңдары жатады.

Негізгі құралдарды аудиттеу кезінде  қаржы есептемесінің бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 040-“Негізгі құралдар”, 041-“Жер (121)”, 042-“Үйлер мен ғимараттар (122)”, 043-“Машиналар мен жабдықтар (123)”, 044-“Көлік құралдары (124)”, 045-“Өзге де негізгі құралдар (125)”, 046-“Аяқталмаған құрлыс (126)”, 050-“Негізгі құралдардың тозуы (131-134)”, 060-“Негізгі құралдардың қалдық құны (040-050), барлығы”, 061-“Жер”, 062-“Үйлер мен ғимараттар”, 063-“Машиналар мен жабдықтар”, 064-“Көлік құралдары”, 065-Өзге де негізгі құралдар”, 150-“Жарғылық капитал (501-503)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 190-“Қайта бағалау сомасы, барлығы”, 191-“Негізгі құралдарды қайта бағалау” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 020-“Сатылған дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны”, 040-“Кезең шығыстарының барлығы”, 041-“Сату бойынша шығыстар”, 042-“Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 060-“Негізгі емес қызметтен табыс” жолдары тексеріледі. Ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 042-“Негізгі құралдарды өткізу”, 050-“Негізгі құралдарды сатып алу” жолдары тексерілсе, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеменің 2-“шығарылған жарғылық капитал”, 3-“Төлендеген капитал”, 7-“Қосымша төленбегн капитыл” графалары тексеріледі.

Негізгі құралдарды аудиттеу кезінде БЕҚС №6 “Негізгі құралдарды есептеу”, ҚЕХС №16 “Негізгі құралдар”, БЕҚС №17 Жалды есептеу”, ҚЕХС №17 “Жал”, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, салық кодексі,  Қазақстан Республикасының жер кепілі туралы, жылжымалы мүлікке құқықты тіркеу туралы, жылжымалы мүлікті кепілге салуды тіркеу туралы салалық заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1174, 1997 жылы 24.07 “Негізгі құралдарды қайта бағалау, индексация” туралы қаулысы қолданылады.

Тауар-материалды жинақты аудиттеу кезінде де қаржы есептемесінің  бухгалтерлік баланс, табыстар мен  шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 100-“Тауар-материалдық жинақ, барлығы”, 101-“материалдар (201-208”, 102-“Аяқталмаған құрылыс (211-213)”, 103-“Тауарлар (221-223)” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 010-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден табыс”, 020-“Сатылған дайын өнімдердің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны”жолдары, ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 011-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізу” жолдары тексеріледі

Тауар-материалдық жинақты  аудиторлы тексеру  кезінде БЕҚС №7 “Тауар-материалдық жинақты есептеу”, ҚЕХС №2 “Жинақтар”, Қазақстан Республикасының  “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексі, салық кодексі, шаруашылық жүргізуші субъектінің есептеу саясаты, ішкі нормативтік құжаттары, т.б. басшылыққа алынады.

Ұзақ мерзімді инвестицияны аудиттеу кезінде де қаржы есептемесінің  бухгалтерлік баланс, табыстар мен  шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 070-“Инвестиция, барлығы”, 071-“Еншілес серіктестіктердегі инвестиция (141)”, 072-“тәуелді серіктестіктегі инвестициялар (142)”, 073-“Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы инвестициялар (143)”, 074-“Басқадай инвестициялар”, 075-“Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы (401-403)”, 192-“Инвестиция”, 300-“Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кредиторлық берешектері” жолдары, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс” жолы тексеріледі. Ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 014-“Дивидендтер”, 015-“Роялти”, 043-“Өзгелері”, 044-“Қаржы активтерін өткізу”, 053-“Өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу”, 054-“Қаржы активтерін сатып алу” жолдары, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеменің инвестицияның есептен шығарылуы, шетелдегі бөлімшелерге салынатын инвестицияларды қайта бағалаудағы бағамдық айырмашылықтар графалары тексеріледі. Сонымен қатар құрылтай құжаттары, қатысушылардың, акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмелері, инвестициялау, сату-сатып алу, бірлескен қызмет атқару туралы келісімдер, шот-фактуралар, накладнойлар, алыс-беріс актілері, түгендеу актілері, төлем құжаттары, құнды қағаздар, оның сертификаттары, акционер реесторларынан көшірме, құнды қағаздарды тіркеу журналдарынан көшірме, бас кітаптардағы №12 журнал-ордерлері тексеріледі.

Ұзақ мерзімді қаржылық және нақты инвестицияларды аудиттеу кезінде БЕҚС №8 “Қаржылық инвестицияларды есептеу”, БЕҚС №10 “Байланысты тараптар туралы ақпараттар ашылып көрсетілімдері”, ҚЕХС №24 ““Байланысты тараптар туралы ақпараттар ашылып көрсетілімдері”, БЕҚС №13 “Біріккен қаржылық есептеме және еншілес кәсіпорындарға қаржы салымын есептеу”, БЕҚС №14 “Тәуелді ұйымдарға қаржы салымын есептеу”, БЕҚС №15 “Қаржы есептемесінде біріккен қызметке қатыстыру үлесін көрсету”, ҚЕХС №27 “Біріккен қаржылық есептеме”,  ҚЕХС №28 “Ассоциациаланған компанияларға қаржы салымдарын есептеу”, ҚЕХС №31 “Біріккен қызметке үлес туралы қаржылық есептеме”, ҚЕХС №39 “Қаржылық инвестициялар туралы”, ҚЕХС №40 “Жылжымайтын мүлікті инвестициялау”, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, есептеу”, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі тағы дабасқалары қолданылады.

Информация о работе Бириккен касипорын