Бириккен касипорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қ

Содержание

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық
жинақ есебі
Қаржы инвестициясының есебі
Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар есебі
Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ
Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу
кезіндегі ерекшелігі
Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит
үшін маңызды нәрселер
Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың
көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Біріккен кәсіпорын есебі. 126.doc

— 747.50 Кб (Скачать)

  Инвентарлық нөмірлер НҚ №1 нысанында және НҚ қолда бары мен қозғалысын есепке алу жөніндегі барлық тіркелімдер мен құжаттарда келтіріледі. Оларды тиісті объектілерде темір бетондарды бекіту, бояу жағу немесе басқадай әдістермен белгілейді. Инвентарлық нөмір объектінің пайдалануда болған барлық кезеңіне сақтайды, ал ол шығарылатын болса, жаңадан келіп түскендеріне ұзақ уақыт бойы (5 жылға дейін ) қайтадан нөмір қоймайды. Бухгалтерлік есепте НҚ әрбір объекті бойынша бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген сомамен ескеріледі.

Негізгі құралдарының саны көп және есепті қол әдісімен жүргізетін ұйымдарда объектілік, яғни НҚ талдамалы есебі инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Олар шаруашылық инвентарлық біртектес заттарын, құрал-саймандарын және өндірістік немесе шаруашылық мақсаты бір және техникалық сипаттамасы , құны бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұрған басқа заттарды қоспағанда, әрбір инвентарлық объектіге ашылады.

Ай ішінде 4-бөлімнің карточкалары 12-бөлімнің (негізгі құралдар) шотында  ескерілген айналымдармен салыстырғаннан кейін кортотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің  нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың  деңгейі негізгі құралдардың  ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының  техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне пайдаланудағы негізгі құралдардың нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына пайызбен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортзациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға дүзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Бірккен кәсіпорындарда амортизацияны  есептен шығарған кезде, соңғы жылды  қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады. Бірккен кәсіпорындарда амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерің қолданылады және оны субъектінің таңдап алуы есеп саясатында анықталынады.

Бірккен кәсіпорындардағы қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимарттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және инвентарларды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субъектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай-ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа объектілердің құрылысына, кеңейтілуіне және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральды тозуы бойынша таратылған кезде; табиғи апаттардың, аврияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуының нәтижесінде негізгі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда; шаруашылық аралық дәне басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға баланстан шығару арқылы өтеусіз бергенде. Сыйлағанда, табыс еткенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда НҚ шығарылады.

Тарату толық немесе ішінара (объект қайта жабдықталғанда және жаңартылғанда) болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл объектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субъектілерге өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субъект балансын есептен шығарылады.

НҚ №4 нысандарындағы актілерде  жасалған немесе салынған жылы, кәсіпорынға  келіп түскен күні, пайдалануға берілген уақыты, объектінің бастапқы (ағымдық) құны, есептелген тозу сомасы, жөндеулердің саны көрсетіледі. Акт кәсіпорын басшысы бекіткеннен кейін ғана объектіні таратуға кіріседі. Актінің келесі жағында объектіні тарату жөніндегі шығындар мен НҚ тарату  алынған материалдық  құндылықтардың түсімі көрсетіледі. Материалдық құндылықтарды қоймаға өткізу жүкқұжатпен ресімделеді (кіріске алу пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша жүзеге асырылады). Негізгі табыннан жануарлардың жарамсызын шығаруды негізгі табындағы жануарға арналған актімен ресімдейді (бір жануарға №57-нысан, топқа №57а-нысаны).

Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі НҚ жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу, яңғни күрделі жөндеу мен шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастырылатын немесе тозған барлық тетіктері мен жерлері қалпына  келтірілетін, агрегат жинақталатын және сынақтан өтетін жөндеу машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының күрделі жөндеуі болып саналады. Машинаның агрегаттарына күрделі жөндеу машина маркасына байланыстыбелгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі әдетте жөнделетін объектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту НҚбастапқы құнын өсірмейді. №6 БЕС-ке сәйкес НҚ объектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде объект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Объектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында НҚ жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.

Мысал: автомашинаның  бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану  мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинаға құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылады, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылады. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзімі 2 жылға артады, сөйтіп 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсіреді, ал 45 000 сомадағы шығындар ағымдағы шығынбар ретінде танылады.

Ағымдағы жөндеу НҚ жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған тетіктерін алмастырудан немесе түзетуден тұрады. Оны НҚ пайдалану процесінде жүргізеді. НҚ сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы-ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ. Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті.

Жұмыстарды жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде НҚ ақау ведомосы жасалады. Оның негізінде НҚ жөндеу жүргізуге норяд-тапсырыс жасалады. Кәсіпорынның жөндеу цехтарына (ЖЦ, РМН, РСУ) әрбір жөнделетін объектіге көп бағамдық каточкалар ашылып, онда жөндеудің шығындары жинақталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №2 нысаны бойынша объектілер тапсырыс берушіге табыс етіледі. НҚ объектілерін жөндеуден мерзімінде алуды бақылау мақсатында №6 нысанындағы инвентарлық карточкаларды объектілерді жөндеу кезінде картотеканың “жөндеуде” деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен НҚ топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдеріне көшіреді.

Өндірістік негізгі қорларды жөндеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу үшін 934-шот қолданылады. Жалпы шаруашылық мақсаттағы НҚ, жөндеу шығындары 821-шотта, тауарларды сататын жерінде сақтауға арналған НҚ жөндеу шығындары 811-шотта көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жөндеуге жұмсалған шығындарды өнімнің, жұмыстың және қызметтің құнына біркелкі енуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеудің барлық түрлері мен оның ұзақтығына жұмсалатын шығындардың жылдық сметасына орай ай сайын аударымдар жасап, жөндеу қорын құра алады.

Қазіргі номативтік актілер мен  кәсіпоры есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда  бар негізгі құралдарды айқындау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.

№ 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру  » ( БЕС-24) бухгалтерлік есеп стандартына  сәйкес түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын  өзі белгілейді. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шарауапшылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. Инвентарлық карточкалардың, инвентарлық тізімдердің бар-жоғын, техникалық құжаттардың қолда бары мен жағдайы және жалға берілген немесе субъект жалға не сақтауға алған НҚ басқа құжаттарының қолда бары тексеріледі. Құжатта жоқ болса олардың алынуын немесе ресімделуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде  немесе техникалық құжаттамада ауытқу және жаңылыс анықталса, тиісті дүзетулер мен растаулар енгізілуі керек. Түгендеуді жүргізу үшін шаруашылық субъектісі қызметкерлеріне, бухгалтерия қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен комиссия құрылады. Есепке қабылданбаған объектілер, оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталған жағдайда, комиссия жетіспейтін, сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады.

Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс. Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан  салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану  көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуі тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.

Түгендеу сәтінде кәсіпорыннан тыс жерде болған негізгі құралдар кәсіпорыннан уақытша шыққан сәтке дейін түгенделеді. Пайдалануға жарамайтын және қалпына келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізімдемесіне енбейді. Түгендеу комиссиясы мұндай объектілерге пайдалануға енгізілген мерзімі мен осы объектілердің жарамсыздыққа ұшырауының себептерін көрсете отырып, жекеленген тізімдеме жасайды. Меншіктң НҚ түгендеумен қатар жалданған және жауапты сақтаудағы НҚ тексеріледі. Осы объектілер бойынша әрбір шаруашылық субъектісіне (жалға беруші) жекелей түгендеу тізімдемесі жасалады. Мұнда объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Онда белгіленген мәліметтерден басқа, шаруашылық субъектісінің атауы, жалдау немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімінің бір данасы жалға берушіге жіберіледі. Түгендеу нәтижесін анықтау үшін бухгалтерияда “НҚ түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомосі” жасалады. Оған есептік деректердің ауытқуы анықталған объектілер енгізіледі.

Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасын шаруашылық субъектісінің басшысы  түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталған айда ескерілуге тиіс.

  1. Ескерілгені белгілі болған НҚ объектілерінің құны тозу сомасына Д-т 122-125 К-т131-134 – 120,0, баланстық құнына Д-т 122-125 К-т 727 НҚ объектілерінің жетіспеушілігі анықталған кезде, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 131-134 К-т 121-125, баланстық құнына Д-т 334 / кемшілік және жоғалту К-т 122-125, егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса Д-т 821 К-т 334 / кемшілік және жоғалту – 350,0 болады.
  2. Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып танылса НҚ баланстық құнына Д-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 334 / кемшілік және жоғалту – 35,0; жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа Д-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу К-т 611; кемшілікті өтеу шамасына қарай Д-т 451, 681 К-т 333 /материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу;сонымен бірге Д-т 611 К-т 727 жазулары жазылады.

Тауарлы-материалдық  қорлар

Өндіріс процесіне еңбек құралдармен қатар еңбек заттары да қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Біріккен кәсіпорындағы тауарлы-материалдық  қорлардың есебі №7 “Тауарлы-материалдық  қорлардың есебі” БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда стандарт әрекетінің аясы, ТМҚ өлшемдері, ТМҚ өзіндік  құны, ТМҚ бағалау, шығысты тану, есеп берудің ашылулары белгіленген.

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу; құжат айналымының айқын жүйесі және ТМҚ-ды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау; бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру; ТМҚ-ға тұрақты түрде түгендеу жүргізу; бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру қажет.

Біріккен кәсіпорындарда өндірістік қорлар финкционалдық бағыты бойынша  былайша бөлінеді:

    1. Шикізаттар мен материалдар;
    2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар;
    3. Отын;
      1. Технологиялық (технологиялық мақсат үшін);
      2. Қозғалтқыш (жанармай);
      3. Шаруашылық (жылу үшін).
    4. Ыдыс және ыдыс материалдары
    1. Қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;
    2. өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.
    1. Қосалқы бөлшектер, тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді;
    1. Өзге материалдар;
    2. Құрылыс материалдары.

Біріккен кәсіпорындардың материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 20-“Материалдар” бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық 201-“Шикізаттар мен материалдар” шоты, 202-“Жартылай фабрикаттар және конструркциялар мен тетіктердің жинақтаушы бұйымдары”, 203-“Отын”, 204-“Ыдыс және ыдыстық материалдар”, 205-“Қосалқы бөлшектер”, 206-“Өзге де материалдар”, 207-“Өңделетін материалдар”, 208-“Құрылыс материалдары”. шоттарында жүргізіледі.

Информация о работе Бириккен касипорын