Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Содержание

Кіріспе.
1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б
2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б
2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б
3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-салық-жүйесі.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

      2) Салық  қызметінің ұйымдары  өкілетті  мемлекеттік  ұйымнан және  салық  ұйымдарынан құралады.

      3) Салық  ұйымдарына  аймақтық  салық комитеттері,  облыстар,  Алматы   және Астана  қалалары  бойынша салық комитеттері,  аудан аралық салық   комитеттері  жатады.  Арнайы  экономикалық  аймақ   құрылған жағдайда  осы аймақ  территорияларында  салық комитеттері құрылуы мүмкін.

      4) Салық   органдары  тікелей  сәйкес  жоғары тұрған  салық қызметі  органына бағынады  және жергілікті  ұйымдарға  жатқызымайды.

      5) Өкілетті  мемлекеттік ұйым салық  ұйымдарына  басшылық жасайды. 

      6) Салық  ұйымдарының басшылары  өкілетті  мемлекеттік ұйымның бірінші басшысымен тағайындалады.

       Салық   қызметінің ұйымдарының құқықтары: 

1. Кодекспен қарастырылған  нормативтік  құқықтық актілерді  өңдеу және бекіту;

2.Салықтық  міндеттемелердің  пайда  болуы, орындалуы және  тоқтатылуы бойынша  мағлұматтар және түсініктемелер беруге;

3.Кодекспен бекітілген тәртіпте  салықтық  бақылауды  іске  асыруға;

4.Қазақстан  Республикасының  заңды   актілерімен  белгелінген  тәртіптерді

сақтай отырып  салық  төлеушінің  салықтық  міндеттемелерді  орындаумен байланысты  декларациялар және басқа  құжаттарды, есеп берулерді, құнды қағаздарды, ақша  қаражаттарын, металлдарды, бухгалтерлік кітаптарды, ақшалай  құжаттардың  тексерісін жүргізуге;

     5. Салық төлеушінің салық  және бюджетке  басқа  міндетті  төлемдерді есептеу  және төлеу (ұстап қалу және аудару) бойынша  өкілетті  мемлекеттік ұйыммен  белгіленген   формаларға  сәйкестігін, сонымен қатар салықтар мен  бюджетке басқа да міндетті  төлемдерді  есептеу дұрыстығын және уақытылы төлемін растайтын құжаттары талап етуге;

      6. Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгіленген тәртіпке  салық тексерістерін жүргізу кезінде салық төлеушіден  салықт ық құқық бұзушылықты растайтын құжаттарды талап етуге;

      7. Орналасу  жеріне  байланысты  салық салумен байланысты табыс алу мақсатында кез-келген объектілерді зерттеуге, салық төлеушінің мүлкіне тексеріс жүргізуге;

     8. Қазақстан Республикасының Үкіметімен  белгіленген тізім бойынша салық төлеушіден өкілетті  мемлекеттік органымен анықталған  тәртіпке электронды  құжаттар түрінде  мағлұмат алуға;

     9. Тексерілетін салық төлеуші – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкердің салық салумен байланысты   мәселелер бойынша банктік шоттардың бар болуын және  номерін Қазақстан Республикасының  заңды  актілерімен белгіленген  талаптарды  сақтай  отырып,  осы шарттардағы  ақша  қаражаттарының қозғалысы және қалдығы жөніндегі мәліметтерді тексеру.

     10. Кодекстің ерекше  бөлімінен қарастырылған жағдайларда салық төлеушінің  салық міндеттемс ін жанама  әдіспен анықтау; 

    11. Салықтық  тексерістерге басқа мемлекеттік ұйымдардың мамандарын  тартуға;

    12. Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес  сотқа шағым жасауға;

    13. Сотқа заңды  тұлғаны  жою жөнінде  бұйрық  беруге;

       Салық  қызметі  ұйымдарының міндеттері:

  • Салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
  • Мемлекет қызығушылықтарын қорғауға, яғни  салық төлеушінің салықтық  міндеттемелерді  орындауға салықтық  бақылау жасауға, сонымен қатар жиназ зейнетақы қорларын міндетті  зейнетақы  төлемдерін ұстауға  және уақытылы  аударуға; белгіленген тәртіпке  салық  төлеушілердің есебін, салық салу  объектілерін және салық салумен  байланысты  объектілердің  есебін,  салық  есептелуін  және төленуінің есебін енгізуге;
  • Қабылданған салықтық  есеп берудің  формаларын толтыру тәртібін  түсіндіруге;
  • Салықтық  тексерістердің қатаң  тәртіп бойынша жүргізуге;
  • Кодекс талаптарына сәйкес  салықтық  құпияны  сақтауға;
  • Салық төлеушіге  салықтық  міндеттемені  уақытылы орындау  бойынша және  кодекспен қарастырылған  жағдайларда  ескертпе жасау;
  • Салық   төлеушінің  өтініші  бойынша  үш күн  мерзім ішінде  салық  міндеттемелерін  орындау  бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы оның  есеп айырысу шотынан көшірме беруге;
  • Бес жыл мерзім бойы  салық  және бюджетке басқа төлемдер төлемі бойынша  салықтық  міндеттемелерді   орындау фактын растайтын   салық төлеушіге берілетін квитанциялар көшірмелерінің  сақтығын қамтамасыз етуге;
  • Мемлекет меншігіне  берілген мүліктің  есебін сақталуын, бағалануын және өткізілуі   тәртібін сақтауға, сонымен қатар оны өткізуден ақшалар бюджетке уақытылы  және толық  түсуіне  бақылау  жасау;
  • Салықтық  міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз ету әдістерін қолдану және Кодекске  сәйкес еріксіз тәртіпте  салық бойынша қарызын алу;
  • Әкімшілік құқық бұзу туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес  салық төлеушіге әкімшілік салықтар салу.

       Салықтар  тексеріс кезінде  салықтардан   және бюджетке  басқа міндетті  төлемдерден жалтару анықталған жағдайда  салық ұйымдары  сәйкес құқық қорғаушы  ұйымдарға қылмыстық белгілері бар сәйкес  материалдарды жалдап, Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес процессуалды шешім қабылдауды  талап етеді.

       Салықтық қызмет ұйымдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен қарастырылған  басқа да  міндеттемелді орындайды.

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы  салықтардың әлеуметтік мәні      Салық  заңнамасы Салық  кодексінен және  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекеттік  кіріс министрлігінің нормативтік  құқықтық  актілерінен тұрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының  Үкіметі  мен мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтық  актілері  қабылданатын мәселелер шеңбері де Салық  кодексімен анық айқындалған.

       Алайда, салық құқық қатын.астары саласындағы барлық мәселелерді реттеуді қамтитын  біртұтас нормативтік акті –Салық кодексін әзірлеу  жөніндегі міндет мүмкін болмады, өйткені жариялану құқығындағы құқық теориясына,  оның ішінде  салық құқық  қатынастарына  сәйкес  құқықтық қатынастарды  реттеу салық  төлеушінің  мемлекет алдындағы   салық міндеттемесін орындаумен байланысты барлық рәсімдік  сәттерді жіктеп реттеуді  талап етеді. Мәселен,   салық  міндеттемесін  орындаудың осындай нысандары декларациялар, есеп айырысулар және салықтық есеп  берудің басқа да  нысандары болып табылады.  Құқық теориясы  бойынша заң актісіне жататын салық кодексі, яғни  осы заңды іс-әрекетті реттеуі тиіс қоғамдық  қатынастар  қатынасушыларының  құқықтары мен міндеттері құқық нормасын ғана белгілеуі тиіс. Декларациялар, есеп айырысулар нысандарын  және салық  есеп берулерінің басқа да  нысандарын бекіту құқық нормасын белгілеу деп атауға болмайды,  сондай-ақ  сол уақытты  олардың нысандарын бекіту  мемлекет үшін де салық төлеуші  үшін де  міндетті болып табылады. Сондықтан салық кодексі Үкімет пен уәкілетті  мемлекеттік органның  нормативтік құқықтық  актілерді  бекітуін көздейді.  Мәселен,  салық  есеп беруі  нысандарын бекіту уәкілеттілік мемлекеттік органға берілген. Әдетте,  салық есеп берушінің аталған нормалары уәкілетті  орган – Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік кіріс  министрлігінің   бұйрығымен бекітіледі. Осындай жолмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі  мен үкіметтің  нормативтік  құқықтық  актілері  салық  заңдарының құрамына  енгізіледі.

      Салық  кодексі   Салық  кодексіне  тікелей  көрсетілген тек сол   нормативтік  құқықтық актілерді   ғана бекітуді  болжайды. Егер  Үкімет  немесе уәкілетті  орган  Салық   кодексінде  жоқ  қандай да бір нысанды немесе нормативтік  құқықтық  актіні белгілемесе, онда  мұндай нысандар немесе  нормативтік құқықтық  актілердің салық  төлеушілер  үшін  міндетті  мәні  болмайды.

       Шаруашылықтың  нарықтың негізі жалпы  өндірісті  басқаруда экономикалық  әдістерді  қолдануды талап етеді,  яғни  бюджет түсімдерінің табыс жүйесі  түбірімен өзгерді – ол  салықтық  төлемдер жүйесінен  құралады, кәсіпорын мне бюджет  арақатынасы  құқықтық негізде   заңмен реттеледі.

       Бүгінгі  күні  шаруашылықтың нарықтық бастамасының  салықтық жүйесі кәсіпкерліктіңі дамуына және төмен  жалақы алатын тұрғындардың әлеуметтік кедейленуіне кедергі жасау жолында  қызмет етеді. Салықтық жүйені іске  асырудағы  басты қағидалар қатарына жататындар:

    1. Тікелей және жанама салықтардың үйлесімдігі, оның  әртүрлі түрлерін қолдану, бұл салық төлеушінің мүліктік жағдайы мен алатын табысын санау мақсатында. Экономика дағдарыстық жағдай кезеңі  туындағанда бюджет толтыру үшін  сәйкесінше төменгі ставкамен және салық салынатын базаның кеңбігімен  қаражат тарту көздері болу тиімді.

      2. Салық  салынудың әмбебаптылығы, біріншіден  шаруашылықтың қандай да болмасын  ұйымдын – құқықтық жағдайына  қарамастан шаруашылығын тиімді  жүргізуі үшін барлық төлеушілерге бірдей талаптар қойылуы, екіншіден салық төлеу кезінде табыс көзіне, шаруашылық кешеніне, экономикалық саласына қарамастан бірдей болуы;

     3. Белгілі  бір объектіге заңмен белгіленген  кезеңде салықтың бір ғана  түрімен алынды;

     4.Салық   салыну  үлесі  негізіндегі  оның нақты  ставкалық  мөлшерін  анықтауға  ғылыми жағынан  қарастырылуы,  яғни  субъектінің  салық  төлеуге  табысының болуы  оның  қалыпты  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету;

     5. Табыс   деңгейіне байланысты  салық   салушы ставкасының  дифференциясы;

     6. Ұзақ  кезеу бойында  қызмет ететін  салық  салыну ставкасының  бірқалыптылығы, және  төлем  аударуінің  қарапайымдылығы; 

     7. Салықтың  жеңілдіктер  жүйесін  қолдану,  олар  нәсіпкерлік құралдарды  инвестициялайтын  процестерді ынталандыруы  және  әлемуеттік  теңдікті қалыптастыру  қағидасын, сонымен қатар азаматтардың  күнелту  минимумының кетілдігін қамтамасыз етуі;

      Салықтың  мемлекеттік  басқару деңгейінде  бөлу: орталық және жергілікті  салықтар. Бұл жағдайдың артықшылығы  экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықты қолданудын өзіндік тұжырымдаманы шығаруы болып табылады. Салықтың саясатпен және кәсіпкерліктің қаржалық жағдайы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылады. Мемлекет келесідей негізгі  мақсаттарды көздейді:

   А) экономиканың  тұракты өсу қарқынына жету;

   Б) негізгі тауарлар  мен қызметтер бағасының  тұрақтылығын  камтамасыз ету;

   В) еңбекке жарамды  тұрғындардың жұмыспен қамтылуына  жету;

   Г) тұрғындардың  табысынын белгілі бір минималды  деңгейін камту;

   Д) азаматтарды  әлеуметтік қорғау жүйесін құру, біріншіден зейнет керлерді, мүгедектерді  және көп балаларды;

   Е) сыртқы экономикалық  қызметтегі тұрақтылық.

      Бұл  мақсаттардың барлығына қол жеткізу   мүмкін емес,  егер баға өсе  бастаса, оларды шектеуге және реттеуге шаралар жүргізу қажет. Бірақ бағаларды  шектеу  экономикалық өсуді тежеп, жұмысбастылықты төмендетеді. Толық жумысбастылыққа жететін болса, бағалар жоғарылайды,сондықтан халыктың көп бөлігінің  еңбекақысын жоғарлату керек, одан еңбек нарығындағы бәсекелестік төмендейді. Теугерім қатынасын табу – мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

      Нарықтың  шаруашылыққа тән экономикалық  жүйелілік көмегімен салықс алу,  несиелендіру, инвестициялау, мемлекет  жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыратын шаруашылық қызметін жүзеге асырады.

      Салықтар  мен жинақтар жүйесі тек фискалды  қызмет қана емес, жалпы өндіріске  экономикалық әсер механизміне,  оның құрылымы мен динамикасына, ғылыми техникалық прогрестің  тез қарқынды дамуына әсер етеді. 2005 жылы мынадай жағымды тенденциялар күтілуде, оның себебі болып: ҚҚС ставкасы 16 %-дан 15-ке төмендетілді, әлеуметтік салықтың ставкасының 20 %-ға дейін төмендетілуі, мұнда салық дифференциалдық шкала бойынша салынатын база ұлғайған сайын ставка түсе бастайды. Салықпен жұмыс қаруының ынталандыруға немесе керісінше шектеуге, белгілі бір кәсіпкерлік саланың қызметінің дамуына әсер етеді. Жеке кәсіпорынның өндірістегі айналым шығындарын төмендетуге алғы шарт құруға болады, ұлттық кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетін жоғарылату болып табылады. Салық көмегімен протекциондық экономикалық саясат құру немесе тауарлық нарыққа бостандық қамтамасыз ету болып табылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі табыстарының бөлігі,, ол экономикаға шығындар бойынша қаржылық әсер беруге мүмкіндік көрсетеді.

       Мемлекеттің  кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне  қаржылық – бюджеттік әсерінің  негізгі бағыттары келесілер:

       Біріншіден, кәсіпорындарды тікелей дотатция  немесе қайтарылатын несие беру арқылы субсидиялау;

       Екіншіден,  экономикаға мемлекеттік инвестициялау;

       Үшіншіден,  мемлекеттік сатып алу жүйесі  арқылы тауарлар мен қызметтердің  негізгі бөлігін дамыту, демек  мемлекет нарықта тауарлардың  ірі тұтынушысы болып табылады;

       Төртіншіден, жергілікті салықтар мен салықтық жеңілдіктерді қосқандағы салықтық реттеулер.

Информация о работе Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары