Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 12:45, курсовая работа
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Кіріспе.
1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б
2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б
2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б
3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б
Қорытынды
Үшінші кезең – қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген тәртіптерінің бәрін өз қолына алады. Биліктің аймақтық ұйымдары мемлекеттің көмекшлік рөлін атқарады.
Алғашқы
салықтар «auxilia» (көмек)
Испанияда орта ғасырларда «Аль-Кабала» деп аталатын табыстың барлық түрлеріне 10 % салық енгізу аудандардың бос қалуына, яғни тонаушылық салықтарды төлегісі келмеген тұрғындар, негізінен американдық колонияларға кетуіне әкеп соқтырды. Батыс Европа тұрғандары өздерінің басшылар салатын салықтарын парасатты деп санады. Осы уақытта дұрыс салық саясаты патриотизмді тәрбиелейді: Испанияның Ұлы арнада кемелері Англияға жақындағанда, ағылшындар испандықтармен соғыста жеңіске жету үшін қаржы жинады, себебі қатаң испандық салық жүйесі енгізілетінін және құлдықта болатындарын білді.
Англия
мен Шығыс американдық
Қазақстан
территориясында салықтар мен
салық салудың дамуы өзіндіқ
әдістемелік теориясына ие, бұл
мүмкін көшпелі тайпалар
Ертедегі орта ғасырлық (батыс
түрік және түркеш қағанаты) мемлекеттің
дамуы кезеңінде жеке меншік
көрінісі ретіндегі әскери
Қарағандықтар
мемлекетінде маңызды әлеуметтік-саяси
институт болып әскери тайпалық
жүйе болып табылады. Хандар
өздерінің жақындарына, бұрын
Вакфтық
жерлерден (мұсылмандық дін
Х-ХІІ ғасырларда комендациялар
институты кеңінен тарады:
ұсақ меншік иесі жерлерін
басқа феодалдар мен
Салық салуда күрделі өзгерістер моңғол шапқыншылығы кезеңінде жүргізілді: олар бірінші болып орталықтандырылған мемлекеттік билік ұсынысын енгізді, сәйкесінше қазақ даласына да ортақ салық жүйесі енгізілді. Моңғолдар Қазақстан территориясында дифференциалды салықтар жүйесін бекітті: құлшыр-лан үйінің пайдасына салықтар, хардж-отырықшы аудандардың жер салығы, зекет-малдан салық, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін натуралды сипаттағы тагар салық, авариз-күтілген салық. Шыңғыс хан империясында тұрғындардың басрлығы өздерінің табыстарынан 10% мөлшерінде салық төлеуге мәжбүр болды. Зерттеушілер моңғолдармен белгіленген салықтың 20 түрін есептейді.
__________
*.12 Сиасет-нане Низам-Аль-Мулька жүзжылдығы ХҮ ғасырдағы вазир басшылығы туралы кітап, Москва, 1949 ж.34 бет
Қазақ қоғамының салық жүйесінде салықтың негізгі төлеушілері қарапайым көшпелі малшылар (шаруалар) жермен айналысушылар, қарапайым тұрғындар ұсақ саудагерлер және райаттар болды.
Оларға көптеген салықтар мен алымдар төлеу міндеттемесі жүктелді: мал иелерінен ұшыр, тоғар,баж,хараж.
Қазақстан территориясындағы салық жүйесінің келесі күрделі өзгерісі Ресей империясының қосылу кезеңінде жүргізілді. Территориялық-әкімшілік құрылымда және әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер колониялық империя қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа салық жүйесіне қабылдаумен негізделді. Отырықшылық өсімінің қарқынына қарамастан көшпенділер салық төлеушілердің негізгі тобы болып табылды. 1880 жылы олар 90,5 %, ал 1897 жылы -82% құрады. Қазақ тұрғындарынан мемлекеттік салық формасы ретінде күркелік алым болды (Жетісу мен Сырдария отбасында бір күркеден -2 сом 75 тиын, ал дала жерлерінде -3 сом). Бөкей ордасында салық салудың ерекше түрі қалыптастырылды. Мұнда ертеде алынатын зекеттен соғым (натуралды салықтар) – бірлік ақшалай жинаққа-малдан алымға көшірілді. Бұл көшпенділерді малдардан қолма-қол ақшалары бар орыс көпестеріне өте арзанға сатуға мәжбүр етті.
Салық заңдылығы салықтарды алудың пропорционалды жүйесін әртүрлі топтардың материалдық қамтамасыздығын есепке алмай енгізді. Бұл айқын бейнеленген саяси сипаттама болды. Кейінірек қатаң, әділсіз салық саясаты 1868 жылғы Торғай және Орал облыстарындағы қазақтардың көтерілісінің себептерінің бірі болды.
Қазақстандағы
1918-1920 жылдар кезеңі әскери
коммунизм және азық-түлік
диктатурасы саясатымен
20-30 жылдардағы Қазақстан тарихы –үздіксіз қорлық тарихы: мал алу, отырықшылыққа көшуге күштеу, репрессия және аштық. Күш көрсету саясатын іске асыру үшін мемлекет салықтық қарыз ауыртпалығы Қазақстан ауылдарына түсті. Сонымен, 1927-1928 жылдары ауыл шаруашылық салығының шаруа қожалықтарына есептелген барлық соманың 33% кулак шаруашылықтарын 4% ғана төледі.
Осы шаруашылық жылында ірі мал шаруашылығының 0,6% мал шаруашылығы салығының барлық сомадан 25% төледі. Деревнядағы бір шаруашылық орташа мөлшерде 239 сом, ал ауылда 323 сом төлеп отырды. Бұдан бөлек «өзіндік салық» деп аталатын, ауыл шаруашылық салығынан 4 есе көп салық енгізілді.
Салық салу нормасынан өсімі әсерінен шаруашылықтардың көп бөлігі қалаға кетті немесе табыс көздерін және қызмет түрлерін ауыстырды. Мал шаруашылығымен айналысушылар салық салу ауыртпалығын көтере алмай шет елдерге қашып кетіп жатты.
Қазақстанның салық жүйесі Совет өкіметінің салық жүйесі құрамында дамыды. Мұнда «дүниежүзіндегі бірінші салықсыз мемлекет» құруды көдегендіктен, салықтық жүйе теориясына жетік көңіл бөлінген жоқ. «Американы адам басына өнім өндіруден озамыз» ұраны бойынша тұрғындар жоғары салықтар төледі. Ауыл шауруашылығы нашарлап, 60 жылдары өндірістік дағдарыс басталды. Ашаршылық қаупін сезгеннен кейін ғана ел басшылары шаруа қожалықтарына салықтарды азайтты.
ХХ
ғасырдың соңында Қазақстан
тәуелсіз мемлекет болып
Сексенінші жылдары аралас экономиканың бірінші элементтерінің пайда болуына байланысты, өндірістің барлық сфераларында жалпы экономикада түрлі өзгерістер болған еді, сонымен қатар салық жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Нарықтық экономика қалыптасуы салық жүйесінің трансформациясы үш бағыт бойынша жүзеге асқан болатын, тура және қосымша салықтар арқылы және қосымша жинаулар арқылы әртүрлі қорларға төлемдер жасалды.
Болатын қайта бағалаулар, экономикалық қатынастар әкімшілік тұрғыдан қайта бөлуіне алып келді. Бұл жағдайда салық менеджментінің рөлі айтарлықтай өсуде. Экономикалық тұрақтылық өндірістік және комерциялық қызметтердін субъектілеріне байланысты болатын болса, мемлекетте амандық та, тыныштық та болады. Базалық принциптердің болмауы елде салықтар мен алымдардың көп болуына алып келеді, заңнамалық актілер арқылы экономикаға кірісімен олар салық жүйесіне ұдайы келетін болған еді.
1991 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Кәсіпорындар мен бірлескен ұйымдардың салығы» туралы СССР заңын негіз ете отырып, ТМД мемлекеттері сияқты Қазақстан Республикасының өзінің салық жүйесі пайда болды.
Шаруашылық байланыстардың үзілуі Қазақстанда барлық өндіріс мекемелерінің шаруашылығының төмендеуіне алып келді, шикізат өндірісіне бағытталған өндіріс-шаруашылық қызметтері зиян шекті, күйреуге ұшырап өндірістің тоқтауы инфляцияға алып келді. Осы приоритеттердің қызметтен алыну себептерімен республикада мақсатты әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттің өз жеке, дербес салық жүйесін қалыптастырды. Қазақстан Республикасының алдында әртүрлі меншік формалары пайда болды, мүліктік құкықтарды бөлу және экономиканы тұрақты дамумен қамтамасыз ету болды. Осы және өзге де мәселелерді шешу Қазақстан Республикасының салық жүйесі шешуді қолға алды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген мәселелер пайда болды. Айта келетін болсақ, олар мыналар: дербес ұлттық салық жүйесін қандай да бір өзіндік жеке тәжірибесі болмаған еді. Нарық жағдайына сай келетін және лайықты мамандар мен кадрлардың болмауында еді.
Осындай мәселелердің шешімі
салық менеджменті
• Қоралдардың қайнар көзін анықтау;
• Салық салу базасын ұлғайту;
• Бюджеттік салымдарды дұрыс пайдалану туралы түрлі бағдарламаларды қолдану.
Осы аталған бағыттардың біріншісінде бюджетке түсетін түсімдердің құралдарының қайнар көзін анықтау және қайдан, қай мөлшерден бөлу керектігі мен олардың құрлымын анықтау керек. Екінші және үшінші бағыттарда бір бірімен тығыз байланыста. Олар өндіріс қатынастарының дамуымен сипатталады. Мақсаттардың масштабтылық ұлттык салық жүйесінің кезеңді эволюциялық даму қажеттігін сипаттайды. Салык жүйесінің қалыптасуы мен дамуы экономикалық саясаттың өзгеруіне байланысты болып келеді, яғни бір модельден екінші бір модельге өтуінде жатыр. Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуын келесідей кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1991-1994 жылдар
аралығын қамтиды. Бұл кезең әртүрлі
құралдарды қолдану жолымен ұлттық
салық жүйесінің кұрылумен
Екінші кезең 1995-1998 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және макроэкономикалық тұрақтылық қажет. Экономикалық субъектілерге белсенді қаражаттық-шаруашылық қызметіне арналған қолайлы шарттар жасаумен сипатталады, Салық салу базасын тұрақтандыру және әлеуметтік мүмкіндіктердің ұлғаю мәселесі шешілген. Өндірісті макроэкономикалық тұрактандыруға ынталандыру болып келеді.
Үшінші кезең 1999-2004 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең эномикалық, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсумен сипатталады. Оларға мыналар жатады: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім және жалпы ұлттық табыс сияқты көрсеткіштермен сипатталады.Осы кезеңде салық салу базасы ұлғая бастады, ал мұндай шаралар бюджетке салық ретіне түсімдердің көбеюіне алып келді. Алмастырылған салықтық қатынастар жаңа принциптеріне өтуіне байланысты оның жүзеге асу қажеттілігін анықтайды.
Төртінші кезеңді 2005 жылмен байланыстырса болады. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының жаңа «Салық кодексін» кіргізуімен байланыстырамыз.
• Анық және қайшысыз экономикалық анықтама, әлеуметтік-экономикалық мәселелер және олардың шешіміне арналған салық құралдары;
• Қаражаттардың кейбір көзін және оны бөлу – қолдану;
• Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру нәтижелік бағытын анықтау;
• Салық қызметтерінің қолында бар құралдарды тиімді қолдану;
• Заң шығаратын және атқаратын өкімет өкілдерінің жоғары кәсіпкерлігі.
Салық кодексінде объективті және субъективті факторлар да ескерілген, салық салу жүйелері жұмыс жасауына әсер етуші, ұзақ мерзімдегі мақсаттардың іске асырылуын қамасыз етеді. Салық жүйесі тұрақты экономикалық өсу шегіне жағдай жасайды, қаражатты пайдалы бөлуге және пайдалануды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:
1) Салық қызметінің
ұйымдарына салықтарды және
бюджетке басқа міндетті
төлемдердің түсімінің