Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Содержание

Кіріспе.
1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б
2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б
2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б
3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-салық-жүйесі.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 17℅ алады. Қазақстан Республикасының  резидент-заңды тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеуші болып табылады.

Жұмыс беруші төлейтін ақшалай  немесе заттай нысандағы кез-келген нысанындағы оның қызметкерге төлейтін шығыстары резидент -заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өзін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады.

Әлеуметтік салық мөлшерлемесі - 20%. Салықтың жұмыс істеу барысында  оның мөлшерлемелері өзгеріп отырады, сондай-ақ әртүрлі төлеушілер үшін 26%-дан 6,5%-дейін сараланады.

Резидент-заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты  мекемелер арқылы жүзеге асыратып бейрезиденттер шетел әкімшілік-басқарушы, инжинер-техник қызметкер мамандар үшін 11% мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық төлейді.

Жеке кәсіпкерлер, арнаулы  салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу көру қабілетінен айрылған мүгедектер үшін жұмыс істейтін мамандырылған ұйымдар 6,5% мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. Арнаулы салық режимін қолданылатын жеке кәсіпкерлер мен заңдыҚазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан түрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға: жер салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар - тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді. Тікелей салық салу кезінде акшалай қатынастар мемлекет пен салықты төлеушілер арасында пайда болса, ал жанама салықтарда - салық субъектісі болып мемлекет пен төлеуші (тауарды немесе қызметтерді түтынушы) арасында делдалдық қызмет атқаратын тауарды (қызметті) сатушылар саналады.

Тікелей салықтар сондай-ақ нақты және өзіндік болып  жіктеледі. Нақты салықтар мүліктің жеке түрінен төленсе, ал өзіндік  салықтар заңды немесе жеке түлғалардың  табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріліп алынады. Мүнымен қатар, тікелей салықтардың бір түрі тек заңды түлғалармен төленсе, екіншілері - тек жеке түлғалармен, ал үшіншісі - әрі заңды, әрі жеке түлғалармен төленеді.

Жанама салықтар да сипаты жағынан сан қырлы. Олардың  құрамына жеке (тауардың ерекше түрлері мен топтары бойынша) және әмбебапты акциздер мен кеден баждары кіреді.

Салықтың алғашқы  жіктелуі XVII ғасырдың бастапқы кезінде салықтарды жер иелерінің табысына (жер салығы - тікелей салық, басқалары - жанама) салу негізінде қүрылды. Бертін келе А.Смит өндіріс факторларына (жер, еңбек, капитал) сүйене отырып, жер иелерінің табысын капиталдан және еңбектен түсетін табыстар деп толықтырып, сәйкесінше тікелей салықтар қатарына да екі - капитал иесінің кәсіпкерлік пайдасына және жалдамалы жүмысшының жалақысына салынатын салықтарды енгізді. Жанама салықтар жайлы А.Смит былай деп айтып кеткен: "бүл шығынмен байланысты салықтар болғандықтан, осылайынша түтынушыларға беріледі" .

Барлық салықтар ҚР-ның салық заңдылығы мен  Конститутциясының талаптарына  сәйкес Парламентпен және кейбір жағдайларда елбасымен белгіленеді.

А.И. Худяков  пен Г.М. Бродскийдің «Салық салу теориясы» атты еңбегінде, салықтарды пайдалану сипатына байланысты жалпы  және арнайы (мақсатты) салықтар деп  жіктейді. Салық салу жүйесінде кейбір салықтар бюджетке келіп түскен соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып, жалпы қажеттіліктерге жүмсалады, яғни бүл - жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір шараларды қаржыландыру үшін қолданады, яғни бүл арнайы салықтар. Мәселен бүған әлеуметтік салықтарды жатқызуға болады. Қазіргі кезде арнайы салықтар (бүрын бюджеттен тыс қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда арнайы салықтар бюджеттен тыс арнайы қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі

Экономикалық  әдебиеттерде арнайы салықтар туралы әртүрлі пікірлер қарастырылған. Мәселен  С.Г. Пепеляев өзінің еңбектерінде осы  арнайы салықтардың жақсы жақтарына  былай сипаттама береді: біріншіден, психологиялық көзқарас бойынша  салық төлеушілер мүндай салықты бар ынталарымен төлер еді; екіншіден, салықтардың мақсатты сипаттамасы белгілі-бір (мақсатты) шығындарды жүзеге асыру қажеттілігімен айқындалады.

Барлық салықтардың  бюджетке өз жолдамалары бар, яғни оларды дүрыс есептеу, төлем мерзімі және т.б., сондай-ақ бересіні (мезгілінде төленбеген салық) өндіріп алу да мемлекеттің ортақ кызметімен қамтамасыз етіледі.

Салықтың бірнеше  белгілері бойынша жіктелуінің  толық сипаттамасын келесі суреттен көре аласыздар (кесте 4).

Салықты жіктеудің және бір белгісі больш, олардың экономикаға тікелей немесе жанама әсер етуі саналады. Осы белгілері бойынша салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан мынадай: баға қүрылымын, өндіріс шығынын, инвестицияны және жұмыспен қамтуды реттейтін салықтар ерекшеленеді

Салықтың шаруашылық қызметтеріне жан-жақты әсер ететіндіктен, шартты сипаттамада болады және экономикалық қатынастардың барлық салаларына жалпы әсерін тигізеді. Қандай да бір салық түрінің, экономикалық қүбылыстың нақты бір түріне жатқызуы кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі.

В. Фроловтың  еңбегінде әдеттегідей емес, салықтардың  ерекше жіктелуі беріледі. Ол жіктеудің  басты белгісі ретінде «әрбір салықты өндірушінің жүзеге асыруын  экономикалық бағалауын» үсынды, ал ол өз кезегінде салықтарды: тіркелген  немесе өндіріс деңгейіне тәуелді (мүліктік салық, қызметтің жеке түрлеріне арналған салықтар) және қайта бөлуші (табыс салығы, акциздер) деп талдады.

Баға құрылымын  реттейтін салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Бүлар тауардың жіберілу бағасына үстеме ретінде қойылатындықтан, өнімді түтынуды реттейді. Акциздер, ерекше сүранысқа ие тауарларға анағүрлым қатаң ставкамен қойылып отырғандықтан, салық салу механизмін табысқа толығымен ауыстыра алады.

Өндіріс шығынын  реттеу салықтарына кеден баждарын, жер қойнауын пайдаланушыларға, жолдарға салық салуды және мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына аударымдарын жатқызуға болады.

Инвестицияны  реттеу салықтарына - кәсіпорындардың  пайда салығы, мүлік салығы, акциялар мен бағалы қағаздардың табыс  салығы, .дивидент салығы және басқалары жатады.

       Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуді, бағаның бірқалыптылығын қамтамасыз етуді, жүмыссыздық деңгейін төмендетуді, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, сыртқы экономикалық қызметті теңестіруді мақсат түтады. Осы аталған мақсаттардың бәріне бірмезгілде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да салық саясатының басым түрі, қоғамның саяси күштерінің қүрылғысына, экономикалық конъюнктураға байланысты болады.

Салық салудың  рөлі туралы жеке салықтар мен түсімдердің жалпы шамасы арасындағы қатынасы көрініс береді.. Осы мәліметтерді салыстыруы фискалдық реттеуші рөлі қай салыққа берілетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда салықтардың  ЖІӨ-дегі үлес салмағы соңғы жылдары 40%-ға жуық, бүл басқа мемлекеттерге қарағанда біршама жоғары.

Қоғамдық ұдайы  өндіріс процесінің қай кезінде  болмасын, үкімет салықтық реттеу арқылы ықпалын тигізеді. Ал салықтық реттеу саясатының негізгі құралы больш  салық жеңілдіктері, шегермелері  және несиелері жатады. Әйткенімен, бұл жеңілдіктер барлық салық төлеушілер үшін бірдей немесе олардың кейбір топтары үшін арнаулы болуы мүмкін. Салық жеңілдіктері салық минимумын, яғни салық салынатын пайдадан салық төлеушілердің табысы мен шығысының кейбір түрлерін есептен шегеруін, алдынғы төленген сомаларды қайтаруын, төлем мерзімін үзартуын, салық шегерімдері мен салық несиелерін арнайы атап өтуге болады. Осы аталған салық жеңілдіктерінің ішінен салық несиесі мен салық шегерімдерін жеке топқа бөліп көрсетуге болады. Салық шегерімдеріне - пайдаға немесе табысқа салынатын салыққа абсалютті сома немесе пайыз ретінде қойылатын шегермелері жатады. Мүның қатарына: инвестицияға, жер қойнауының тозуына, әртүрлі корларды ұйымдастыруына және т.б. жатады.

Инвестициялық шегерімдердің формасы әртүрлі болғанымен, олардың бәрі жаңа техниканы игеруді ынталандыруға және қолданбалы ғылымды дамытуға бағытталған. Жер қойнауының тозуына берілетін салық жеңілдіктері, жер қойнауынан оларды өндіріп алудың эксплуатациялық шығындарының анағүрлым жоғары болуымен байланысты, пайдалы қазбалардың ескі орнын өңдейтін, қазба саласындағы кәсіпорындарына беріледі. Осының нәтижесінде пайданың едәуір бөлігі салықтан босатылады. Ал ол өз кезегінде, салық төлеушілердің жер қойнауынан пайдалы қазбаларды көптеп өндіріп алуын ынталандырады. Мүндай салықтық шегерімдер батыс елдерінде және АҚШ-та көптеп пайдаланады. Осы тәжірибені, біздің еліміздің табиғи және экономикалық жағдайларының ерекшелігін ескере отырып пайдалануға болады. Ал әртүрлі қорларды қүру кезіндегі салық шегерімдеріне тоқталатын болсақ, мәселен жапон фирмаларында ғылыми зерттеу жүмыстарының бағдарламасын жүзеге асыру кезінде болатын шығындарына кепілдік алуы үшін, арнайы резерв қорын қүру кезінде пайда салығынан босатылуын атап өтуге болады.

Жай салық шегеріміне қарағанда, салық несиесінің өз ерекшелігі бар. Ол пайдаға салынатын салық емес, есептелген салық сомасынан тікелей шегерумен көрсетіледі. Бүл салық төлеушілер үшін ең пайдалы салық жеңілдігі. Мәселен, инвестициялық салық несиесі өндірісті қайта қүру мен кеңейту, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты кеткен салымдар мен шығындардың көлеміне пайызбен қойылады. Ал несие мөлшері осы шығындардың өтемділігі мен қүрал-жабдықтардың қызмет ету мерзіміне байланысты.

Салықтарды  шектен тыс көтеру - бүл өндірісті, кәсіпкерлік белсен-ділікті, еңбек пен инвестициялық ынтаны төмендетуге, сондай-ақ, халықтың және кәсіпкерлердің салықты төлеуден жаппай қашкақтауына әкеп соқтыратыны бәрімізге мәлім. Салық мөлшеріне ықпал ететін жалпы факторлардың қүрамына мыналар да енеді: халық табысы, салық салу объектілерінің қүрамы мен қүрылымы, салық ставкалары мен тарифтерінің көлемі, табиғи және әлеуметтік факторлар. Осы жердегі маңызды жағдайдың бірі, рыноктық экономикасы дамыған елдердің ҰТ-ның ішіндегі салықтардың алатын үлесі, экономикасы жәй дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, өйткені ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне тікелей байланысты.

Көптеген елдерде  ұлттық өнім мен ЖІӨ-гі салық қысымын  есептеу кезінде, орталық және жергілікті бюджетке келіп түсетін салықтардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін әлеуметтік қажеттілік пен қызметтер шығынын алып тастағандағы, әртүрлі әлеуметтік жарналарды қоса есептегендегі жалпы сомасы ескеріледі. Ал біздің елімізде болса, осы күнге дейін әлемге әйгілі салық жүктемесін есептеу әдістемесі өңделмеген.

 Мемлекеттің  әлеуметтік аяны реттеудегі салық  саясатының ерекшелігіне келетін  болсақ, кез-келген мемлекет, халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі-бір әлеуметтік саясат жүргізуі тиіс. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы, біз жоғарыда айтып өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар, түрмыс деңгейі нашарларға - мемлекеттік көмек көрсету, жүмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Егерде әлемдік  тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік саланы қаржыландыру шығынының дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің  көпшілігінде инвестицияны әлеуметтік аяға, соның ішінде адами капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытты әлеуметтік жағдайға қарай бүрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы - адами капиталының өсуі ескеріледі.

Халыктың түрақты  өмірлік деңгейін қамтамасыз ету, тек  таза әлеуметтік міндет қана емес, сонымен  бірге әлеуметтік-экономикалық та, яғни мүнда кері байланыс принципінің іс-әрекеті де байқалады: бір жағынан халықтың түрмыс деңгейі, сол елдің экономикалық даму деңгейіне тәуелді болса, ал екінші жағынан тұрғындардың материалдық әл-ауқаттық деңгейінің өзі мемлекеттің экономикалық мүмкіндік дәрежесіне әсерін тигізеді. Соңғысы халық табысын белгілі-бір дәрежеде реттеуге, қүрылып жатқан және жинақталған байлықты әділетті бөлуді қолдауға міндетті. Бүгінгі күнде бөлу заңы мен механизмі «экономикалық теорияның» негізгі сүрақтарының бірі болып табылады. Бүл ҰӨ-ті әлеуметтік реггеудің негізгі функциясын атқарады және қоғамдық өндірістің серпіні мен тиімділігін де анықтайды.

Еліміздегі  теңсіздіктің тереңдеуі елеулі дәрежеде ресми кіріс алу мүмкіндіктерін жоғалтудың және осының салдарынан, табыстың негізгі көзі ретіндегі халықтың белсенді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуына көшудің нәтижесі болып табылады. Алайда, ауылдағы өзін-өзі қамту ең алдымен жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын емес, көптеген үй шаруашылықтары үшін ақырғы күнкөріс қүралдарына айналған жеке меншік, ауладағы табиғи ауыл шаруашылығына көшуді білдіреді.

Қазақстан бойынша  кедейілік тарауында елеулі айырмашылықтар бар: өңірді орташа еңбекақы деңгейі  бойынша саралау жалпы алғанда  үш есе, ауыл шаруашылығымен айналысатындардікі екі есе артық (соңғы бірнеше жыл ішінде жалпы алғанда ең жоғары еңбекақы Маңғыстау облысында, ең төменгісі Алматы облысында байқалған; ауыл шаруашылығындағы ең жоғарғы еңбекақы деңгейі Қостанай облысында, ең төменгісі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген).

Информация о работе Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары