Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 14:39, курсовая работа
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .
Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз. Келесі дəрежелерін де осылай қойып
шығуға болады
Гиперсілтемелер
HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі
<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>
Нəтижесі мынадай:
PHP кітабын түсіріп алу
href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда
сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған
директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде
жазылады:
<a href="http://webdesign.net-
Дəл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.
Web бетке сурет қою. HTML құжатқа сурет келесі түрде қойылады <img src="suret.jpg" width="100"
height="140" alt="Менің сүйікті қалам - Алматы">. <img> тегінің параметрлерінің мəніне
тоқталайық. Көріп тұрғандарыңыздай бұл дара тег. src параметрі суреттің жолын, яғни қай
жерден алатынымызды көрсетеді. width жəне height парметрлері HTML құжатта суреттің
ені мен биіктігін пиксель бойынша береді. alt параметрі альтернативті мəтін, яғни егер
сурет браузерде ашылмаған жағдайда көрінетін мəтін. Нақтырақ айтсақ, HTML құжатқа
қойған суретіміздің атауы десек болады.
HTML құжаттағы фреймдер. Фрейм - бұл басқа HTML құжат орналасатын рамка. Көптеген сайттар фреймдік
құрылыммен жасалады.name параметрі- фреймнің аты, src - сол фреймде ашылатын беттің жолы (орналасқан
жері), ал width, height сəйкесінше рамканың ені мен биіктігі. scrolling параметрі фреймнің
айналасындағы сызықтар (белдік) бар жоқтығын анықтайды, егер HTML кодта бұл
параметр жоқ болса, онда фреймнің айналасындағы сызық қажет болғанда ғана көрінеді,
егер ол параметр "no" деген мəнге тең болса, онда кез-келген жағдайда көрінеді.
3.2. . «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі жəне оның негізгі
бағыттары.
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3) е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4) e-Үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн "төлем шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын қамтитын e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету
23-БИЛЕТ
1.1. Ақпараттық технологиялардың математикалық негізі.
Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т.б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент – ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. «Логикалық элемент» деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында.
Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
1.2. Құрама және біріктіру кестелер
Екселде талдаудың қуатты құралы қосылған кесте-Құрама кесте. Осының көмегімен құрамында үлкен көлемде жүйелендірілмеген мәліметтері бар кең көлемді кестелерді талдауға болады және тышқанның батырмасын бірнеше сырт еткізумен оларды қолайлы оқылатын түрге ткелтіруге болады. Осы құралдың меңгерілуісәйкестендірілген шебер-бағдарламаны оңайлатады.
Ексел бадарламасында мәліметтердің үлкен тізімін талдау үшін арнайы амлдар алдын ала ескерілген.
Мәліметтерді талдау мағынасына тенденция мен заңдылықтарды жақсы түсінуге болатын және кестелік мәліметтер өзіне бағындыратын әдістер қарастырылады.
Ексел бағдарламасының бесінші нұсқасына қосылған(Pivot, Table) тіреу кестелері тізім ішінде мәлімет арасындағы арақатысты талдау үшін арналған.
Құрама кесте тұрғызу. Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет.
Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады. Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек. Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы).
Құрама кестенің құрылымы. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные).
Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады.
Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама меню арқылы іске асырылады. Диаграмманың түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады.
Біріктіру кестелері
Мәліметтердің тұтастығы. Егер екі кесте арасында (автоматты түрде немесе қолдан) байланыс орнатылса, екі кестенің мәліметтерін біріктіруге болады. Кейде осы жеткілікті (мысалы, қарапайым телефон аныктамалығын енгізгенде), алайда маңызды мәліметтер базасын құрғанда әр түрлі кестелерге кіргізілетін, бай-ланысқан мәліметтерді бақылаудың қосымша құралдары жөнінде ойлауға тура келеді.
Мәселен, Тапсырыстар кестесін құрғанда жоқ клиенттер немесе өнімдер туралы мәліметтерді бұл кестеге кездейсоқ енгізуге жол беруге болмайды, өнімге және т.б. тапсырыс беретін клиенттер туралы жазбалардан сөздіктерді жоюға болмайды.
Байланысқан екі кестелер арасындағы мәліметтердің сәйкес үйлесімін қамтамасыз ететін механизм былай аталады: Мәліметтердің тұтастығын қолдау мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін, екі кесте арасындағы байланысты орнатканда, тұтастық шарттарын қамтамасыз ету жалаушасын белсенді ету керек. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету жалаушасын енгізу бір кестеден жазбаларды жою жағдайларынан қорғануға мүмкіндік береді, олармен байланысқан басқа кестелердің мәлі-меттері байланыссыз қалады.
Егер пайдаланушы тұтастықты қолдау механизмін іске қосса, бір уақытта байланыс түрін де көрсетуі тиіс. Бірді бірге (1:1) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқа өрістегі тек бір ғана мән сәйкес келеді; Бір көбіне (1:со) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқадағы бірнеше (бір немесе одан көп) мәндері сәйкес.
Мәліметтер тұтастығы мынаны білдіреді:
1) бағыныңқы кестенің байланысқан өрісіне басты кестенің байланысқан орісінде бар мәндерді ғана енгізуге болады (мысалы, Тапсырыстар кестесіне Клиенттер кестесінде жоқ клиентгің коды бар жазбаны енгізуге болмайды);
2) басты кестеден бағыныңқы кестедегі өрістің бір мәні-мен де тура келетін байланысқан өрістің мәні бар жазбаны жоюға болмайды (мысалы, Клиенттер кестесінен Тапсырыстар кестесіндегі әлі жойылмаған клиенттің кодын жоюға болмайды).
Бұл тыйымдарды бүзуға әрекет жасалса, MS Access қате жайлы хабар береді.
Байланысңан өрістерді каскадты жаңарту мен байланысқан жазбаларды каскадты өшіру. Тұтастықты қолдау механизмін қосқанда мәліметтерді жаңғыртып, жетілдіру үшін жүйе мынадай процестерді іске қосуын талап ете аласыз:
- байланысқан өрістерді каскадты жаңарту;
- байланысқан жазбаларды каскадты өшіру;
Каскадты жаңарту басты кестедегі байланысқан мәндердің өзгеруі (мысалы, клиенттің коды) бағыныңқы кестенің байланысқан жазбаларында автоматты түрде көрсетіледі. Мысалы, егер сіз Клиенттер кестесінде 90 клиент кодын 97 кодқа ауыстырсаңыз, онда 90 клиент коды Тапсырыстар кестенің барлық жазбаларында 97 боп өзгереді. Басқаша айтсақ, онда ол осы клиенттің барлық тапсы-рыстарында ауыстырылады.
Байланысқан жазбаларды каскадтық өшіру басты кестеден жазбаларды өшірген кезде (мысалы, 20 клиент коды бар жаз-бадан) бағыныңқы кестеден барлық жазбалар өшіріледі, олар-дағы байланысқан өрістердің мәні өшірілетін мәнмен (мәселен,
20 кодты клиенттер) тура келеді. Басқаша айтсақ, егер клиент-тердің сөздігінен қайсыбір клиентті алып тастаса, осы клиентгің барлық тапсырыстары өшіріледі.
Осылайша, кестелер арасындағы реляциялық байланыстарды құрудың мәні, бір жағынан, мәліметтерді қорғауда, екінші жағынан - бір кестені өзгерткенде бірнеше кестеге өзгеріс енгізуді автоматтандыруда.
2.1. Жобалау,Пішін шебері.
Тінтуір түймешігін бір рет басып, пішін жасау үшін пішін құралын пайдалануға болады. Бұл құралды пайдаланған кезде негізгі деректер көзіндегі барлық өрістер пішінге орналастырылады. Жаңа пішінді бірден пайдалана беруге немесе қажеттіліктеріңізге дұрыстап сай келтіру үшін, оны орналасу көрінісінде немесе құрастырушы көрінісінде өзгертуге болады. Жаңа пішін жасау үшін пішін құралын пайдалану үшін:
1. Шарлау аумағында пішіннен көрінетін деректері бар кестені немесе сұрауды басыңыз.
2. Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін параметрін таңдаңыз.
3. Access бағдарламасы пішінді жасап, оны орналасу көрінісінде көрсетеді. Орналасу көрінісінде пішін деректерді көрсеткенде, оған жоба өзгертулерін енгізуге болады. Мысалы, қажеті болған жағдайда, деректерге сәйкестендіру үшін мәтін ұяларының өлшемін дұрыстауға болады.Егер Access бағдарламасы пішінді жасауға пайдаланылған кестесімен немесе сұрауымен бірге көпке-бір қатынасы бар бір кестені тапса, Access бағдарламасы деректер кестесін қатысты кестеге немесе сұрауға негізделген пішінге қосады. Мысалы, «Жұмысшылар» кестесіне негізделген қарапайым пішін жасалып, «Жұмысшылар» кестесі мен «Тапсырыстар» кестесі арасында анықталған көпке-бір қатынасы болса, деректер кестесі ағымдағы «Жұмысшы» жазбасына қатысты «Тапсырыстар» кестесіндегі барлық жазбаларды көрсетеді. Егер деректер кестесін қажетсіз деп шешсеңіз, оны пішіннен жоюға болады. Егер пішінді жасауға пайдаланылған кестеге көпке-бір қатынасы бар бірнеше кесте болса, Access бағдарламасы пішінге ешқандай деректер кестелерін қоспайды.
Пішін шебері.
Пішінде пайда болатын өрістерді қосымша таңдау үшін, жоғарыда айтылған әртүрлі пішін құрастыру құралдардың орнына пішін шеберін пайдалануға болады. Сондай-ақ, деректердің қалай топталуы және сұрыпталуы керектігін анықтауға және кестелер мен сұраулар арасынан қатынастар көрсетілгенде, бірнеше кестедегі немесе сұраудағы өрістерді пайдалануға болады
1Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін шебері параметрін таңдаңыз.
2Пішін шеберінің беттеріндегі нұсқауларды орындаңыз.
Егер пішінге бірнеше кестелер мен сұраулар өрістерін салғыңыз келсе, пішін шеберінің бірінші бетіндегі бірінші кестедегі немесе сұраудағы өрістерді таңдағаннан соң, Келесі немесе Дайын түймешігін баспаңыз. Оның орнына, кестені немесе сұрауды таңдау үшін қадамдарды қайталап, пішінде қамтылатын кез келген қосымша өрістерді таңдаңыз. Жалғастыру үшін Келесі немесе Дайын түймешігін басыңыз.Шебердің соңғы бетінде Дайын түймешігін басыңыз.
2.2. Қазіргі мультимедиялық программалар түрлері.
Ең жетілген компьютердің өзі программалық қамсыздандырусыз қызмет етпейді. Сол себепті бұл бөлімді нақтырақ қарастырған жөн.
Операциялық ж‰йе
Операциялық ж‰йе – компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық ж‰йенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.
MCI – Media Control Interface
MCI Windows 9x маңайында жұмыс атқаратын мультимедиялық қолданбалы программаларға әрт‰рлі құрылғыларды басқаратын аппаратты дербес интерфейстерді таныстырады. Берілген интерфейс өздеріне жіберілген MCI-командаларды (play, pause, stop және т.б.) интерпретациялайтын және орындайтын құрылғы драйверлер деңгейінде с‰йемелденеді. MCI командасында көптеген мультимедиялық компьютерлер ‰шін базалық командалар жинағы бар.
Компрессионды менеджерлер
Мультимедиялықақпараттарды (кескін, анимация, дыбыс) сақтау ‰шін ‰лкен талап етіледі. Көптеген жағдайларда ақпараттар комрессирленген т‰рде сақталады. Егер құрылғы аппараттық т‰рде компрессия мен декомпрессияны ұстамаса, бұл мәселені арнайы компрессионды менедюжерлер орындайды.
Кодек
Windows 9x аудио және виео ақпараттарды декомпрессия және компрессиялау ‰шін колектермен қатар қойылады. Сонымен қатар қосымша кодектерді орнату м‰мкін.
DСI – Display Control Interface
DСI (Display Control Interface – дисплеймен басқаруинтерфейсі) – бұл дисплей драйверімен жұмыс атқаратын интерфейс. Бұл Microsoft және Intel фирмаларымен бірлесе отырып құрастырылған. DCI – сәйкес келетін драверлер компьютерлік ойындармен және толық экранды видеақпараттарды қосу туралы әрт‰рлі бағдарламалармен қолданылады және тікелей экрандық буферден ақпарттарды жоғалтуға м‰мкіндік береді. Бұл интерфес сонымен қатар қазіргі видеокарталарда таралған аппараттар қатарын қамтиды, оған қоса:
• Ақпараттық масштабтау. Егер осы м‰мкіндік видеапарат арқылы орындалатын болса, ендеше көлемін өзгерту ‰шін орталық процессор ресурсы қажет болмайды.
• Видеоақпаратты жақсы қабылдауды қамтамасыз ету ‰шін YUV-RGB т‰стерін қайта құру.
• Екі есе буферлеу. Ол беттерді өшіру кезінде экрандық буферлерді аппараттық ауыстыру ‰шін қолданылады.
• Асинхрондық бейне. Екі есе буферлеумен бірге экрандық буферге ақпараттар шешімінің аса жылдамдығын қамтамасыз етеді.
3.1. Гиперсілтемелерді жəне фреймдерді құру.
Гиперсілтемелер. HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі
<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>
Нəтижесі мынадай:
PHP кітабын түсіріп алу
href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда
Информация о работе Сызықтық, тармақталған жəне қайталанған алгоритмдерді құру