Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 14:39, курсовая работа
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .
Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілiк жүйесiн құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөлiктердi құруға бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
20 БИЛЕТ
1.1. Ақпараттарды көрсету жəне енгізу/шығару құрылғылары.
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
• Шығару құрылғысы
• Мəліметтерді алмасу құрылғысы
• Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар. Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды жəне тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.
Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда əріп бейнелері электрлік тəсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа əріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сəулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жəне жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.
Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің əрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты жəне өте жоғары.
Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Енгізу құрылғылары
Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.
Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сəуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сəуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нəтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.
1.2 Енгізу, өңдеу, форматтау.
Енгізу: Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті , кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға кусорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорының басқа латын әрпін еске түсіретін тыщқан сілтемесі көрінеді.
Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.
Назар аударыңыз, Word-та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернес қолданылады.
Қатені жөндеу үшін батырмаларды пайдалануға болады:
Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды.
Delete - курсордың оң жағындағы символды жояды.
Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты пайдалануға болады.
Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:
- курсордың ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;
- бірдей уақытта Shift және курсорды жылжыту батырмасын (фрагментт бояуға арналған) басыңыз.
Өңдеу: мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертклер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орнын ауыстыру немес құжаттық мазмұнын түзету.
Форматтау: Мәтінді форматтау - құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқа пішінін де көп нәрсені анықтайды. Соныдқтан құжаттың мазмұнынының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішініде көркем болуы керек.
Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.
Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
әр түрлі қаріптерді пайдалану;
құжат өндірісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
мәтінд бағандарға бөлу;
сиволдық, абзацтық, беттің сипатын тағайындау.
Дискетті форматтау
Дербес ЭЕМ-де пластмас корпустағы диаметрі 3,5 дюйм магниттік дискет қолданылады. Оны «флоппи-
диск» деп те атайды. Компьютерде дискетті қолданбас бұрын, оны алдын ала форматтап алған жөн. Дискіні
форматтау барысында сақиналық жолдардан тұратын бөліктерге бөлінеді. Əр жол өлшемі 512 байттан
тұратын секторларға бөлінеді. Сектор – берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлік өлшемі. Кластер – қатар
орналасқан бірнеше секторлар тобы, оларда файлдың толық аты сақталады. Дискіде файлдың қай
кластерден бастап жазылатыны FАТ деп аталатын арнайы кестеде белгіленеді.
FАТ – файлдарды орналастыру кестесі
Дискіні форматтау кезінде онда сақталынған файлдар толығымен жойылады.
Дискіні форматтау кезінде орындалатын іс-əрекеттер:
§ Форматталатын дискіні дискжетекке салыңыз;
§ Менің компьютерім терезесін ашыңыз;
§ Диск 3,5(А:) дискісіне тышқан көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын шертіңіз;
§ Жанама мəзірден Форматтау (Форматировать) командасын таңдаңыз:
§ Қажет жағдайда форматтау режимдерін орнатуға болатынын ескеріңіз;
§ Бастау (Начать) батырмасын басыңыз;
§ Егер дискіде файлдар сақталған болса, онда оларды жою керек пе? деген сауалға «Иə» батырмасын
шертіңіз.
§ Форматтау аяқталғаннан кейін «Жабу» батырмасын басыңыз. Сіздің дискетіңіз форматталды.
Кез келген файлды, папканы компьтерден дискетке көшіру үшін файл немесе папка арқылы ашылған
контекстік менюден көшіру пунктін таңдап, дискетті ашып бос орын арқылы ашылған контекстік
менюден кірістіру (Вставить) пунктін таңдау қажет.
2.1 Таңдамалы Сұраныс құру.
Мәліметтердің есебін шығару үшін таңдау сұратуын Контруктор есебінде ашу керек.Операцияларды топтау(Группировка операции ) батырмасын басса,Сұратублогында топтау жолы пайда болады.Бұл мәнді нәтиже есебін шығаратын өрісте қалдыру қажет.Басқа өрістер үшін нәтижелі функциялар тізімінің терезесін ашып, керек функцияны таңдап,өрістің осы жолына қояды.
Тәжірибе жүзінде берілген кестеден белгілі бір критерийлерді қанағатыратын және таңдалғандарды реттейтін жазба бөлігін таңдау жиі кездеседі. Критерийлер бірнеше шарттардың үйлесуін анықтайды. Мысалы қандай да бір қызмет ету түрін тапсыратын және оларды алфавиттік ретте фирмалардың атауы бойынша реттін Алматы қаласындағы клиенттер туралы жазбаларды таңдау керек. Бұл есепті шешу үшін сұраныс шеберін, сұранысты құрастырушыны пайдаланамыз:
күрделі критерийлерді бір не бірнеше кестелерден жазбаларды таңдау үшін пішімдейміз.
таңдалған жазбалар үшін бейнелеуге тиісті өрістерді көрсетесіз және таңдалған деректерді пайдаланып есептеулерді жүргізесіз.
Біз бұрын деректер қорына қатысты жалпы жағдайларды қарастырғанбыз. Онда деректер қорының негізгі қызметттерінің бірі ақпараттарды тез іздеу және әртүрлі сұрақтарға жауап алу екенін ескерткенбіз. MS Access-те сұранысты қалыптастыру үшін сұранысты құрастырушы мен MS Access тілінің SELECT нұсқауы қолданылады.
2.2 Мультимедияның аппараттық жəне программалық құралы.
«мультимедиялық компьютер» дегеніміз – бұл мультимедиялық барлық қолданбалы программалар өзінің барлық м‰мкіндігін көрсете алатын компьютер т‰рі. Мультимедиялық компьютер көп нәрсені жасай білу керек: монитор экранында графикалық және бейне ақпараттарды, анимацияны көрсете білуі керек, дыбыстық , музыка, соның ішінде компакт-дискілердегі музыка с‰йемелдеуі жоғары деңгейде болуы шарт.
Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі
Әдетте, жинақталған «мультимедиялық компьютер» ұғымының құрамы ретінде мыналар т‰сінеді:
• Қоректендіру болгының корпусы
• Ж‰йелік (аналық) тақша
• Орталық процессор -компьютер құрамына кіретін басқа да компоненттерді басқаратын компьютердің орталық элементі, ж‰регі мен миы.
• Оперативті жад-процессорда орындалып жатқан программалар мен оларға қажетті мәліметтерді сақтайтын компьютердің жедел жады. Ол мәліметтерді оқу және жазу операцияларын орындайды, электрондық микросхемалардан тұрады, жұмыс істеу шапшаңдығы процессордың шапшаңдығымен шамалас.
• Бейнеадаптер - бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға м‰мкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы
• Монитор -бейнелерді экранға шығаруды жасақтайтын аспаптан (мыс., электрондық сәулелік трубкадан) және ішкі схемалардан тұратын құрылғы
• Қатты дискіде жинақтауыш -Жедел жадымен салыстырғанда, қатқыл диск компьютердегі ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ақпарат бетінде магниттіжазушы головкілер ауысып тұратын бір немесе бірнеше дөңгелек қатпарлы магнитті пластиналарда сақталады.
• Пернетақта
• Тінтуір
• CD-ROM дискжетегі
• Иілгіш дискілердің дискжетегі
• Дыбыстық карта -Мультимедиялық компьютер сапалы дыбысты шығаруға міндетті. Өзінен-өзі дыбыстық карталар дыбыс шығара алмайды. Сол себепті, дыбысты есту ‰шін дыбыстық карталарға колонкаларды қосу керек. Көптеген дыбыстық карталарда екі кіретін орын бар: сызықтық және микрофонға арналған; бір немесе екі кіру орны: колонкілерге және құлақшындарға.
Қосымша құрылғылары (көптеген елдерде қалыпты құрылғылар):
• DVD дискжетегі
• Модем
• Телевизиялық тюнер
3.1 Электрондық адресті құру.
Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жету үшін,адресті дұрыс көрсету керек.Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөлектен тұрады.Адрестің сол жақ бөлігі пайдаланушының жергілікті аты,ал оң жақ бөлігі домен аты.Адрестің жазылуы nora@krok.net.ua болса,онда жәшік nora доменінде krok.net.ua оқиды.Домен аты жеке сөздерден-бағынышты домендерден тұрады да,олар нүкте арқылы бөлініп жазылады.Оң жаңында,ең жоғарғы деңгейде елдің аты жазылады;kz-Қазақстан,ru-
3.2 Электрондық үкімет (ЭҮ) анықтамасы.
е-Үкiмет- мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетулердi ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс iстеу тетiгi
Электрондық үкіметті бағдарламаны іске асыру нәтижесі:
-Электрондық үкімет инфроқұрылымның барлық компоненттерін қалыптастыру;
-нормативтік қ-қ базаны құру;
-Мемлекеттік оргондардың электрондық қызметтерін дамыту және қлыптастыру;
-Халықтың компьютерлік сауаптылық деңгейін көтеру.2007 ж.ҚР электрондық үкіметті дамытудың 2008-2010 жылдарға бағдарламасы қабылданды,оның міндетіне мыналар кіреді.
−Электрондық укімет базалық инфроқұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту жіне азаматтар ұшін ілеуметтік маңызды.
−Бизнес ушін талап етілетін және азаматтар ушін әлеуметтік маңызды;
−Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ұрдістерін автоматтандыру ж\е ыпалдастыру;
−ақпараттандыру ұрдістерінің нормативтік қ−қ базаларын қамтамасыз ету ж\е электрондық мемлекеттік қызметтерді игеру;
−мемлекеттік оргондардың қызметін бақылаумен мөлдірлігін арттыру;
Электондық үкіметті негіздеу
2004ж. ҚР Үкіметмен электрондық ұкіметті қалыптастырудың 2005-2007 ж.арналган мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Электрондық үкіметті дамвыту кезеңдері
Электрондық үкіметті енгізу стратегиясына сәйкес э.үкіметі қалыптастыру ж\е дамыту 4 кезеңнен тұрады:
-Бірінші ақпаратты жариялау ж\е таратуды көздейді.
Информация о работе Сызықтық, тармақталған жəне қайталанған алгоритмдерді құру