Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 14:39, курсовая работа
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .
сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған
директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде
жазылады:
<a href="http://webdesign.net-
Дəл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.
HTML құжаттағы фреймдер. Фрейм - бұл басқа HTML құжат орналасатын рамка. Көптеген сайттар фреймдік
құрылыммен жасалады.
Мысалы:
<iframe name="I2" src="menu.htm" width="200" scrolling="no" height="500"
marginwidth="2" marginheight="2">Сіздің браузеріңіз фреймді аша алмайды</iframe>
name параметрі- фреймнің аты, src - сол фреймде ашылатын беттің жолы (орналасқан
жері), ал width, height сəйкесінше рамканың ені мен биіктігі. scrolling параметрі фреймнің
айналасындағы сызықтар (белдік) бар жоқтығын анықтайды, егер HTML кодта бұл
параметр жоқ болса, онда фреймнің айналасындағы сызық қажет болғанда ғана көрінеді,
егер ол параметр "no" деген мəнге тең болса, онда кез-келген жағдайда көрінеді. name
параметрі HTML құжатқа сілтеме жасағанда ашылатын беттің рамкалары, яғни өз
кезегіндегі соңғы рамканы беру үшін қолданылады. Бұл HTML кодта келесі тегтің
көмегімен жүзеге асады: <base> <head></head> тегтерінің ортасына келеді. Біздің
рамкаларымыз <base target="I2">.
3.2. Қазақстанда АКТ-ның мемлекет басқаруға енгізілу үшін оның функционалдық жүйесі мен нормативті
құқықтық негізі.
Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу жəне пайдалану мақсатында біріккен
əдістер, программалық-техникалық құрылғылар жəне өндірістік үрдістер жиынтығы.
Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы
бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен əлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып
табылады. АКТ пайдалану бəсекелес экономиканы көтеру үшін, əлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін
кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль
атқарады.
АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым –
қатынасы бір нүкте арқылы енеді.
АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты:
бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату;
құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен;
мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен;
АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мəнге ие:
қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы;
азаматтардың билікке сенімділігінің артуы;
билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі.
Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам əрі
сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың
жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi
орындау керек:
1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк
беретiн нормативтік құқықтық жəне əдiснамалық база құру
2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне
АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
3. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру жəне мемлекеттiк
4. органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
5. е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
24 БИЛЕТ
1.1 . Буль алгебрасы.
Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын
сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0
мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық
ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді.
Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы
айтарлықтай жеңілденеді жəне қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі
тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
Компьютердің логикалық элементтері.
Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын
электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын
айтамыз.
ЖӘНЕ құрамындағы бұл жалғауды әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады. ЖƏНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі
логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нəтижесі –
логикалық көбейтінді деп аталады.
Белгіленуі: Х1∧Х2, Х1&Х2, Х1⋅Х2, Х1 AND Х2, Х1 жəне Х2
Математикада НЕМЕСЕ жалғаулары бар құрамды пікірді құрайтындардың кемінде біреуі ақиқат болса, ол ақиқат деп есептеледі. Ал құрмында жалған болса ол жалған деп есептеледі. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 жəне Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу),
ал операцияның нəтижесі – логикалық қосынды деп аталады.
Белгіленуі: Х1∨Х2, Х1\Х2, Х1+Х2, Х1 OR Х2, Х1 немесе Х2.
ЕМЕС бастапқы пайымдау жалған болса, онда терістеу ақиқат ж\е керісінше егер бастапқы пайымдау ақиөат болса онда терістеу жалған.
1.2 Функция жəне формуланы қолдану.
Электронды кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.Кестелерді өңдеуге жататын іс әрекеттер:
Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулеп жүргізу.
Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек.
Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.
Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.
Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.
Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.
Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.
Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.
Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.
Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;
ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;
МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;
LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;
КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;
ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;
ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.
Ехсеl нұскаларында орысша берiлiп, басқаша жазылуы мүмкiн. Жиi пайдаланьтатын қосынды табу функциясы үшiн аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Функция атын формулаға кipicтipy үшiн Функция шеберiн пайдалануға болады, ол Кiрiстiру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе бейнеленген батырма арқылы iскe қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесi шығады. Соның iшiнен кepeктiciн таңдап алып қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберiнiң келесi терезесi экранға шығады да одан apгyмeнттi таңдап алуға болады.
Функция параметрлерiн енгiзу. Функция параметрлерiн енгiзу кезiнде формула палитрасы тyciн өзгертедi.
Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:
стандартты панельдегі [fx] батырмасын басамыз;
Қою – функция командасын орындаймыз;
<Shift> +<F3> тетіктерін басамыз.
2.1. Автопішін,Есеп шебері,Автоесеп.
Автоесеп. септі жобалау оның бөліктерінің құрылымын жасауда және осы бөлімдер ішінде басқару элементтерін орналастыруда, сондай-ақ осы элементтер мен кесте өрістері немесе мәліметтер базасы сұраныстарды арасындагы байланыстарды беруде.
Мәліметтер базасында диалогтық терезеде Есептер қосымшасында диалогтық терезесін тандап, Құру кнопкасын шертіп, автоматты түрде (автоесеп) жасауға мүмкіндік беретін Жаңа есеп диалогтық терезесін аламыз. (Мәліметтер базасы/Құру/Жаңа есеп/Бағандың автоесеп).
Бағандық автоесептен басқа «ленталық» автоесептер бар.
Есеп шебер. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында жалпы мен күрделі есептер сияқты түрлі есептерді жасай аласыз. Ең алдымен, есебіңіздің жазба көзі туралы ойлауыңыз қажет. Есебіңіздің құрамында жазбалардың жалпы тізімі не аймақ бойынша топтастырылған сатулар нәтижелері бар болса, ең біріншіден, өрістердің қайсысында есебіңізде көргіңіз келетін деректердің бар болатындығын және кестелер не сұраулардың қайсысында бұл деректердің сақталатындығын анықтауыңыз қажет.Жазба көзі таңдалғаннан кейін, Есеп шеберін пайдалану арқылы есебіңізді жасау оңайға түседі. Есеп шебері - бірқатар сұрақтар жиынынан өтуіңізге көмектесетін және жауаптарыңызға негізделген есепті жасайтын Access мүмкіндігі. Яғни Есепті Автоматтандыруды құрудың құралы Есептер шебері болып табылады. Ол Мәліметтер базасы терезесінде шебердің көмегімен Есеп құру таңбашасында екі рет қатарынан шертумен іске қосылады, Есептер шебері алты кезеңмен жұмыс істейді. Оның жұмысында есепте көрсетілетін өрістерді таңдау, топтастыру өрістерін таңңау, макет пен безендіру стилін таңдау негізделетін базалық кестелер немесе сұраныстарды тандау атқарылады.
АвтоформаларКөрсетілген деректерді өрістері немесе жолдары сияқты деректерге арналған басқару элементінің рұқсатына байланысты пішіндерді пайдалануға болады. Мысалы, кейбір пайдаланушыларға өрістері көп кестеден бірнеше жолды ғана көру керек болуы мүмкін. Сол пайдаланушыларды сондай өрістерді ғана қамтитын пішінмен қамтамасыз ету олардың дерекқорды пайдалануын жеңілдетеді. Сондай-ақ, жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыру үшін пішінге басқару түймешіктерін және басқа да мүмкіндіктерді қосуға болады.
Информация о работе Сызықтық, тармақталған жəне қайталанған алгоритмдерді құру