Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:57, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1.2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
1.3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік
тәжірибесі
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау және дамыту бағыттары
2.1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2.2. Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту
жолдары
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер және жақсарту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3) (Автосохраненный).docx

— 142.58 Кб (Скачать)

Респонденттердің 21% инновациялық қызметті тежеуші негізгі факторлардың бірі ретінде заңнамалық және нормативті-құқықтық базаның жетіспеушілігін атап өтеді. Одан басқа,  машина жасау және электротехникалық өнеркәсіп кәсіпорындарының 21% тежегіш фактор ретінде өнім өткізу нарығы мен жаңа технологиялар жөнінде ақпараттардың жетіспеушілігін атап өтеді.

Сонымен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың  инновациялық қызметін конъюнктуралық зерттеу нәтижелері негізінде келесі қорытындыларды жасауға болады:

- өнеркәсіп кәсіпорындарында-инновациялық белсенділік өте төмен;

- өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды.  өнім өндіру жоқтың қасы;

  • кәсіпорындардың  технико-технологиялық базасы     жалпы     алғанда жақсармай отыр;
  • салаларды технологиялық жарақтандыру қажетті деңгейге көтеріле алмауда; 
  • салалардағы инновациялық қызметтің жағдайы  туралы толық және нақты  ақпарат жетіспейді.

 

2.2 Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту жолдары

 

 

 

 

2.3 Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялық саясатты дамытудағы  мәселелер және жақсарту шаралары

 

 

Қорытынды

Техника-технологиялық   дамуды  баскарудың   жаңа   жүйесін   құрү   екі

 маңызды  мәселені шешуге көмектеседі.  Оның бірішісіне ғылым мен  өндіріс арасындағы ресурстарды, қайта бөлудің жаңа механизмін қалыптастыру, өндірістің өзінде бұрынғы және жаңа секторлары арасында бөлу; екіншіге -жаңа өндіріс секторында іскерлік белсенділікті ынталандыру жатады. Бұл міндетті шешу үшін, өз кезегінде кәсіпорындар мен фирмалардың сұраныс өзгерістеріне тез бейімделуі барлық прогрессивті жаңалықтарды тез енгізу, осы үрдістерді ағымдық қаржыландырудың механизмін жетілдірумен айналысуы керек деп ойлаймыз. Мемлекет деңгейінде индустриялық- инновациялық стратегияға сәйкес.  Даму қорлары күрылғаны жөнінде айтып өттік. Одан қаржы алу гранттарды жеңіп алу жолымен жүзеге асырылатыны жөнінде де жоғарыда толық тоқтап өттік. Ал жеңіп алған грант қаржыларын жоспарлау, бағаны қалыптастыру, кәсіпорынды қаржыландыру мен несиелендіру, олардың арасындағы өндірістік байланыстар, нарықты реттеу, олардың құқықтары мен жауапкершілігі, басқарудың орғандарының құрылымы мен функцияларын жетілдіру сияқты көптеген кешенді жұмыстарға пайдалану қажет.

Техникалық дамыған елдердің нарығы жеке қоғамдық және мемлекеттік кәсіпорындардың жоғары деңгейде ұйымдастырылған қауымдастығынан тұрады. Ол өндірісті кооперациялардың жабдықтаушылар мен тұтынушылар, жеке фирмалармен, банктік және мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар өзара алмастыруға болатын өнім өндіретін бәсекелестер арасындағы тұрақталған ұзақ мерзімді байланыстарын құрайды.

Сонымен бірге, шаруашылық субъектілерінің өмір сүруі мемлекеттік-монополиялық реттеудің белгілі сызбаларынан айырмашылығ бар. Қазіргі кезде  шаруашылық субьектілері арасында көлбеу байланыстар тік иерархиялық  құрылымдарды дамыту мен күшейтуге қарағанда нық орнаған.

Шаруашылық қызметте нарықтық реттеуді ғылыми-техникалық прогресті  жеделдету мақсатымен   жүргізуде   алдыңғы  қатарлы   техникалық  дамыған 
елдердегі кейбір маңызды мәселелерге тоқтап өтуге болады:

  -   мемлекеттік   реттеудің    тиімді  түріне  ресурстарды    салудың    жаңа 
     бағыттарын іздестіруді күшейтеді;

-   ғылыми-техникалық  прогресті   орталықтан   басқару   таңдамалы   түрде   жүргізіледі;

ҒТП-ті орталықтан басқару  жүйесінде басым  бағыттар қалыптастыру жүйесі орын алады. Басымдықтарды анықтауда  қателіктер жіберу ресурстарды пайдалануда шаруашылықтың жоғалтуларына алып келеді.

Сондықтан да басымдықтар қалыптастыру жүйесінде техникалық дамудын баламалы       бағыттарының   салдарынан   мүмкін    болатын    анықсыздықты төмендету механизміне техника-технологиялық дамуды ұзақ мерзімдік болжау шаруашылық субьектілердігі бәсекелестікті көтеру баламалы  конкурстарын ұйымдастыру жатады,        

Техника-технологиялық  құрылымды жетілдіру үшін өндіріске  салынатып, қосымша ресурстарды өнеркәсіп салаларына салуда оларды ұтымды пайдалану,  үшін  ұйымдастыру   шараларын  жүргізу   қажет  екені   белгілі.   Бұл   жаппай өндірістің ауқымын кеңейту деген сөз. Жаппай өндіріс жаңа технологияларды енгізуге, жаңа техникаға деген экономиканың      тұтынушылығын қанағаттандыруға мүмкіндіқ береді. Сондықтан салааралық мамандандыруды кластерлер құру арқылы дамытуға болады.

Салалардың техникалық және өндірістің технология жағынан  артта қалуы еліміздің    ғылыми-техникалық   сферадағы экспорттың    әлеуетінің   кеңею мүмкіндіктерін шектейді. Соңғы онжылдықта ғылымдағы негізгі қорлардың көлемі құрт қысқарды, зерттеу жұмыстарын жүргізетін машина мен құралдардың үлес салмағы қысқарды, олардың құрамы 10-15 жыл бойы жаңартылмады.

Мұндағы кезек күттірмейтін проблемаларға:

- ғылыми сыйымды және жаңа технологиялық өнім түрлерін ойлап тапкан жаңалық иелеріне еңбек ақыны көтеру және ынталандыру шараларын жүргізу;

       -   жаңа-ақпараттық  технологияларға жол ашу, оларды  пайдалану бағаларын төмендету;

  • ғылым, өндіріс және білімнің ықпалдасуын қамтамасыз етуде талапты 
    студенттер, аспиранттарды ғылыми-техникалық жобаларға тарту;

    -    студенттердің   тәжірибе өтуін ұйымдастыра отырып  жаңалық ашуға икемі бар жастарды  өндіріске тарту;

    - өндірістерде ғылыми-техникалық кітапхана қорын жаңарту, ақпараттық 
технология,  интернет жүйесі және байланыс  құралдарын  дамыта отырып, 
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми-техникалық өрісін кенейту мәселелері 
жатады. 

Индустриялық-инновациялық    стратегияға байланысты    ғылымға    деген қажеттілік өсуде ғылыми сыйымды  өнімдер нарығы  кенеюде,  сондықтан   ғылыми және технико-технологиялық әлуеті күшті өндірістік кәсіпорыннның бәсекелік қабілеті жоғары болатыны сөзсіз.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің түйінді мәселелерін шешу үшін ғылымның кәсіпорындармен    өзара нақты    байланысының    әдістері    мен    жолдарын іздестіруге бағыттау қажет. Оны Қазақстан Республикасы инженерлік академиясы әзірледі. Оған іле-шала тағы екі   маңызды   ғылыми-техникалық   бағдарлама  қабылданды:   инновациялық өндірісті ғылыми-техникалық  қамтамасыз  ету төртінші  және бесінші қайта өңдеу өндірістерін құру.

Қазақстанда инновациялық қызметтің дамуына шикізатты  экономикаға тән бірқатар проблемалар кедергі келтіріп отыр: 

- көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржы жағдайлары қанағаттанарлықсыз; 

          - ғылыми зерттеулер минералды-шикізатты  ресурстарды өндіру мен өңдеуде 
шоғырланған;

  • экономиканың жоғары технологиялық-салалары қатарында жоғары білікті- 
    мамандардың жоқтығы;

     инновациялық қызметті дамытуды ынталандырушы заңнамалық базаның 
жоқтығы.

Қазіргі кезде республикада инновациялық қызмет мемлекет тарапынан  және экономиканың мемлекеттік емес  секторынан ғылыми-техникалық өнімге төлем қабілетті сұраныстың төмендігінен, ғылыми жасалымдар өнеркәсіптік өндіріске жетпей қалуынан, коммерциялық тәуекелдің жоғары болуынан, көп жағдайда қарапайым және арзан технологияны сатып алуға байланысты инновациялық кызметті дамыту үшін мемлекеттік қолдау қажет. Мұны экономикасы дамыған елдер дәлелдеуде.  Бұл елдерде базалық жаңалықтарды құрумен байланысты көп қаржыны, уақытты талап ететін, бірақ технологиялық прогресстің негізі болып саналатын инновациялық қызмет мемлекет үшін басын болып саналады. Мұның    негізгі себебіне    ғылыми-техникалық    жасалымдардың    көбісі   инновациялық   жобаларға   сәйкес келмейді. Осыған   байланысты   ғылыми-техникалық өнімді дайын өнімге дейін жеткізіп, нарыққа тауар түрінде шығару қажет.   Бұл   үшін ғылыми-техникалық   және   конструкторлық   күжаттарды әзірлеу,   тәжірибе-өнеркәсіптік   сынақтар жүргізу,   қажетті   инновациялық қызметтің инфрақұрылымын құру, ең соңында  нарықтағы сынақ партияны сараптаудан өткізу жатады.

Қорыта   келгенде,   өнеркәсіпті   қайта  индустрияландырудың   ең   негізгі басымдылықтарына, өнеркәсіптің   тиімді   салалық құрылымын қалыптастыру инвестициялық және инновациялық әлуетті көтеру, өнеркәсіптің техника-технологиялық базасын жетілдіру жатады.

 

1 ТШИ – тікелей шетел инвестициясы




Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері