Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:57, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1.2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
1.3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік
тәжірибесі
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау және дамыту бағыттары
2.1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2.2. Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту
жолдары
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер және жақсарту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3) (Автосохраненный).docx

— 142.58 Кб (Скачать)

Дамыған және дамушы елдердегі шетел инвестициясын  ынталандыру саясаты мәнді ерекшеленеді. Сонымен, дамушы елдерде экономиканы  индустриализациялау мақсатында инвестицияны тартуды ынталандырудың фискалдық  және салықтық шаралары белсенді қолданылады. Машиналар мен жабдықтарды импорттауға  жеңілдетілген кедендік салықтарды қолдану, пайдаға корпоративті салық  ставкасын төмендету, салықтық демелыстар беру жиі қолданылады.

Шетелдік  несиелер мен инвестицияларды тарту  Корей Республикасының қазіргі  өнеркәсіптік потенциалын модернизациялау  мен қалыптастыруда үлкен рөлді  ойнады. Шетелдік мемлекеттік несиелер жеңілдетілген пайыз бен шарттарда  берілді. Өз алдына, несиелер отын-энергетикалық  кешен, темір жол мен автомобилдік көлік, метро, тұрғын үй секторы, коммуналды шаруашылық, денсаулық сақтау мен  білім беру объектілерін салуға бағытталды.

Оңтүстік  Корей экономикасына көптеген басқа  елдердегі сияқты, 1997-1998 жылдардағы азиялық қаржы дағдарысы теріс  әсерін тигізді. Дағдарыстан кейінгі  кезеңде Корей Республикасында  экспорттық секторды ынталандыру мен  қолдау, инвестиция мен тұтынуды кеңейту  жолыменен елдің экономикалық дамуын ынталандыруға бағытталған шаралар  тобы қабылданды. Оңтүстік корейдің қаржы-несиелік жүйесінің ерекшелігі, ол мемлекеттің  монополиясы болып табылады және оның барлық тапсырмалары тездетілген  экономикалық өсуді қамтамасыз етуге  бағытталған. Бұл елдің банктік  жүйесі даму институттары мен мамандандырылған банктерден тұрады. Мамандандырылған банктер қорларының пайдалылығы  өте төмен экономиканың секторларын  құралдармен қамтамасыз ету үшін құрылған. Банктік емес қаржы институттары экономиканың экспорт, ауыр өнеркәсіп, ақпараттық индустрия сияқты басты  секторларын ортамерзімді және ұзақмерзімді несиелеуді іске асырады. Инвестициялау  көздері тек салымдар мен аударымдар ғана емес, сонымен қатар үкіметтік  қорлар, шет елдік капитал немесе мақсатты облигацияларды шығару болып  табылады.

Экономикалық  өсуді қамтамасыз ету үшін мемлекет әрдайым өзінің капитал салымын  арнайы шоттардан қаражаттар беру арқылы кейбір несиелерді қолдау үшін жоғарлатады. Жоғарыда айтылған дағдарыстан кейін  Корей Республикасында, сондай-ақ, Жапонияда  ішкі сұранысты күшейту бойынша  біршама шаралар қабылданды: қозғалмайтын мүлікті, ұзақ мерзім қолданылатын заттарды,  қаржылық институттардың міндеттемелерін  сатып алу мәмілелерін қаржыландыруды көрсетеді.

Оңтүстік  Корей үлгісінің принципмалды ерекшелігі экономикалық процестерді реттеудің  жай түрі туралы болып отыр.

Өз экономикасына  инвестициялық ресурстарды тартудағы  сұрақтарда Қытай халық республикасының  тәжірибесі неғұрлым тиімді және көрсетілімді. Қытай үкіметі несие-салықтық саясат құралдары мен әкімщілділік тұтқалар көмегімен инвестициялық процестерді реттейді. Фискалды саясатынтарында әрдайым қытайлық компаниялар мен шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін компанияларға қатынасында салықтық саясатты теңестіру, арнайы және ерекше экономикалық зоналар үшін салықтық жеңілдіктерді қысқарттікелей шетел инвестициясын тарту   бағытында жұмыстар жүргізілуде. Соңғы фактор Қытайдың әлемдік шаруашылық байланыстарына серпінді кірісуіне өте маңызды болды. 2002-2011 жж. Аралығында Қытай экономикасына 433,7 млрд. доллар тартылды, яғни орташа жылдық келуі бұл кезеңде 43 млрд. долларға артты. 4-ші суреттен көріп отырғанымыздай, тікелей шетел инвестициясының көлемі мен өсу қарқыны бойынша Қытай дамушы елдердің ортасында лидер болып табылады. Осы кезде Қытайдың экономикасына тікелей шетел инвестицияның жалпы көлемінің үштен бір бөлігі бағытталады (5-ші суретке сәйкес).

Сурет 4. Әлемдегі, дамушы елдердегі, Азия мен Қытайдағы тікелей шетел  инвестициясының түсу динамикасы,2002-2011 жж.

Елдің алыс аудандарына ТШИ-сын тарту үшін шетел кәсіпорындары үшін табыс  салығының төмендетілген ставкасын 10 жыл ішінде сақтап тұру көзделуде. Осындай жеңілдетілген режим  отандық инвесторлар үшін де қамтамасыз етілген. Инфрақұрылымдық салаға (транспорт, электрэнергия, ирригация, байланыс, радио  және теледидар) капитал салу кезінде  бастапқы екі жыл ішінде пайдалы  жұмысты кәсіпорныдар табыс салығын  төлеуден босатылады, одан кейінгі 2-3 жыл  ішінде жартылай мөлшерде төлейді. Экологиялық  ұйымдар 10 жыл бойы мәнді салықтық жеңілдіктер алады. Қытайдың дамымаған  аудандарын игеру бағдарламалары үлкен  қаржылық шығындарды қажет етеді, осы  уақытта мемлекеттің бюджеттік  мүмкіндіктері шектелген. Займдарды тарту арқылы мемлекет бұл бағдарламаны іске асыра алмайды. Бұл үшін не жасалады?

Бұдан шығу салықтық жеңілдіктерді беру, несиелерге пайыздық скидкалар қою, мүмкін болатын  тәуекелдерді бөлшектеп бюджеттік  өтеу арқылы жеке, соның ішінде шетелдік инвестицияны тарту арқылы мүмкін болады. Жеке инвесторларды қолдаудың тиімді әдістерінің бірі жоғары технологиялы аудандарда мемлекеттік жеңілдетілген  несиелерді бөлу болуы мүмкін. Жоғары технологиялы салаларды мемлекетпен  қаржылық қолдау – қосымша жұмыс  орынмен қамтамасыз ету мен арта қалған аймақтарды экономикалық дамытуды ынталандырудың әрекеттік тәсілі. Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезге дейін  ақшалай тұрақтандырудың бұзылуынан қорғану жергілікті үкімет өздерінің  ақшалай міндеттемемлерін шығаруға рұқсат берілмеді. Нақты осы уақытта  экспериментке жергілікті займдарды  шығару жоспарланып отыр. Капиталдық құрылыс үшін ресурстарды айналымға  жіберудің негізгі еысаны халықтардың  жеке қорларын, сонымен қатар кәсіпорындардың  уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту болып тұр, оның негізі болып  Қытайдағы жүргізілген экономикалық жүйелер реформасы саналды. Жеке қорлар капитал салымының 22 пайызға  жуығын қамтамасыз етті. Шаруалардың  жеке қорлары ауылдық жердегі  тұрмыстық құрылысқа бағытталды.

 

 

 

Сурет 5. Дамушы елдердегі  ТШИ-ның жалпы көлеміндегі Азия мен Қытай үлесі, 2002-2011 жж.

Мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылығын дамытуға да қаражаттар бөлінді. Делдал ретінде бұл жерде  Қытайдың ауылшаруашылқ банкі қызмет етті, ол тікелеі Мемлекеттік кеңеске  бағынатын ұйым. Банктің негізгі  тапсырмасы ауылдық жерлерге несие  беру, ауылдық несие кооперативтерін  басқару, ауылда банктік және жинақтық жұмыстарын дамыту болып табылды. Банктік бөлімшелердің тораптары үздіксіз кеңейіп отырды.

Шетел инвестицияларын тарту  және сыртқыэкономикалық ашық саясатты жүргізу мақсатында 1982 жылы Қытайдың инвестициялық банкі құрылды, оның қызметіне халықаралық несиелеу ауданында шараларды жүргізу  кірді. Банк Халықаралық дамыту және қайта құру банкі мен Халықаралық  дамыту ассоциацияның қатысуымен құрылды  және халықаралық ұйымдар мен  несиелендірілетін объектілердің  ортасында делдал ретінде қызмет атқарды.

Қытайдың қазіргі банктік  жүйесі, мемлекеттік банктердің лидерлігіне  қарамастан, ондағы шетелдік банктік  ұйымдардың қатысуымен ерекшеленеді. Олардың саны 190-ға жуық, ал олардың  жиынтық активтері 41 млрд. АҚШ долларын құрайды. Шетелдік банктердің үлкен  санына қарамастан, қытайлық нарықта  олардың қызмет көрсету мүмкіндіктері  шектелген.

Соңғы жылдары терең ғылыми талдау жүргізудің объектісі - Жапонияның экономикалық өсуінің жоғарғы қарқындарына көшуі мен экономикалық дағдарыстардың әсерлерін тез арада жою себептері  болып табылды. Жапонияның басқа  көптеген институттары сияқты, қазіргі  қаржылық жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз дамуын бастады. Ол кезде Жапонияның алдында экономиканы  көтеру мәселесі тұрды. Өндірістік корпорациялар  әлсіз болды және қалпына келуі  үшін қаржылық мүмкіндіктерге ие болмады. Банктік жүйе ауыр күйзелісте болды, сондықтанда өндірісті пайдалы  шарттарда несиелендіре алмады.

50-ші жылдардың басында  қаржылық ресурстардың орталықтан  қатаң бөлінуі тоқтатылды. Жинақтардың  мен салымдардың тез өсуіне  орайжеке банктердің несиелендіруді  кеңейту үшін нық базасы пайда  болды. Үй шаруашылықтарының жинақ  нормасы 1955 жылы -11,9%, 1960 жылы –  14,5%, 1965 жылы – 15,8%, 1970 жылы –  17,7%, 1975 жылы – 22,8% құрады, одан  кейін қайта төмендеуге ұшырады  да, бірақ қазір 15-17% деңгейінде  ұсталынып тұр.

Жинақтардың тез өсуінің  негізгі факторлары болып табылды:

    1. қатаң қаржылық саясатты жүргізу есебінен инфляция деңгейін төмендету;
    2. инфляцияны төмендету үй шаруашылықтарында өз қаржылық активтерін көбейтуге талпыныс жасады;
    3. бастапқы салаларды мақсатты ынталандырудың жеткілікті сәтті саясаты, сонымен қатар Корейдегі соғыспен байланысты жапондық өнеркәсіптік өнімге сұраныстың өсуі табыс деңгейін өсіруді ынталандырды;
    4. сыйлық төлеу тәжірибесі. Жылдың ортасында Жапонияның барлық фирмалары өз жұмысшыларына үлкен бір уақыттық бонустар төледі      (олар екі, үш айлық еңбек ақыға теңестірілді), ол халықты осы қаржыны кітапшада сақтауға итермеледі;
    5. салымшылар салықтық жеңілдіктерге ие болды. 1988 жылы ғана бұл жеңілдіктер алынып тасталды;
    6. жинақтауға ұмтылыс тұтынушылық несиені салыстырмалы дамытпады.

Бағалы қағаздар нарығы дамымағандықтан,Жапония  экономикасындағы жинақты көтеру процесіндегі негізгі буын пошталық-жинақтау жүйесі болып табылады, ал шетелдерге қаржылық құралдардың шығуы қатаң бақыланып отырды. Сондай-ақ, банктер Қаржы министрлігі мен Жапония банкінің күшті бақылауында болды, ол салымдардың сенімділігін көтерді. Пошталық салымдар мөлшері жағынан үлкен емес, бірақ өте көп, сондықтан да оларды өндірісті дамытуға мемлекеттік қаржыландыру түрінде бағыттауға мүмкіндік берді.

Өндірісті несиелеуді белсендендірудегі  басты рөлді барлық салымдардың  түрлері бойынша пайыздық деңгейлерін  мемлекеттік реттеу атқарды. 70-ші жылдардың  басына дейін салымның әрбір түрі бойынша мемлекетпайызды реттеу туралы уақытша заңға сәйкес, пайызды  реттеу бойынша Кеңестік кеңестің ұсыныстары негізінде Жапония банкінің саяси  одағы бетінде, пайыздың жоғары шекарасы белгіленді. 70-ші жылдың екінші жартысынан бастап пайызды ырықсыздандыра бастады, нақты 1994 жылы аяқталды.

Несиелеуді белсендендіре  отыра Жапония банкі және үкімет өндірісті несиелеудің сенімді  жүйесін құруға кірісті. Бұндай несие  жүйесін құру стратегиясы өзіне  үш негізгі құрамдастарын енгізді:

    1. мемлекеттің басқаруымен ликвидті емес активтерді ығыстыру бойынша жұмыс жүргізіле бастады;
    2. қалыптастырылып отырған қаржы-несие жүйесі несие институттарының әртүрлі типтерінің арасында қызметтерін бөлуге негізделді, яғни экономиканың барлық секторын несиелеу және несиенің барлық түрі арнайы институттармен қамтамасыз етілді;
    3. мемлекеттік несиелеу институттары құрыла бастады.

Мемлекеттік несиелеу және инвестициялау жүйесі Жапонияның экономикалық мәселелерін шешуде басты рөлді  ойнады. Мемлекеттік займдар мен  инвестициялар бағдарламасы қазірдің өзінде жапониялық экономикалық үлгінің  негізгі құрылымдарының бірі болып  табылады. Қаржыларды қалыптастырудың  негізгі көздерінің бірі – мемлекеттік  зейнеткерлік қор.

Жапонияның қазіргі несие  жүйесіне Жапонияның орталық банкі, мемлекеттік мамандандырылған банктер, мемлекеттік қаржылық бөлімшелер, сонымен  қатар коммерциялық банктер кіреді. Бұдан басқа, ұзақмерзімді несие  банктері, корпоративті мінездегі несиелік институтар және ауыл шаруашылығын несиелендіруге маманданған институттар қызмет етеді.

Осыған орай, нақты зерттеу  жүргізу кезіндегі әлемдік тәжірибеге талдау инвестициялық ресурстарды  тарту жолыменен әртүрлі экономикалық жағдайлар кезінде әртүрлі елдерде  экономикалық өсуді қамтамасыз етуді  және экономикалық дағдарыстарды жеңудің  бірнеше базалық механизмдерін  бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

    1. Жеке банктер арқылы жинақтарды аккумуляциялау және оларды инвестицияға трансформациялау.
    2. Тәуелсіз шаруашылық субъектілерді несиелендіру.
    3. Дамыту институттары ретінде қызмет ететін мемлекеттік инвестициялық банктер арқылы экономикалық өсудің басымдылық бағыттарын өткізуге инвестициялық қолдау жасау.
    4. Орталық банкпен дамыту банктерін қайта қаржыландыру механизмі.
    5. Дамыған елдердің экономиксындағы инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін басты механизм қор нарығы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын талда, Алматы облысы мысалында

 

2.1 Кәсіпорындардың  қазіргі жағдайын және инвестициялық  қызметін талдау

Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың  мониторингі   келесі нәтижелерді беріп отыр. Яғни, мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың  өнімінің республика  бойынша  өндірілетін  өнім  көлеміндегі  үлесі  жоғары  екендігін көрсетеді.    Мысалы,    оларға    "Харрикейн    Кумколь Мунай"АК,    "Турғай- Петролеум"  АҚ, «Мангистаумунайгаз» АҚ,    "Тенгизшевройл" ЖШС, "Узеньмунайгаз"   АҚ,   "Бұрғышы"    ЖШС,   "Казгермұнай" ЖШС БК, "Қаражанбасмұнай"АҚ,  "АНПЗ" АҚ,    "ШНОС" АҚ, "Павлодарский нефтехимический завод" АҚ жатқызуға болады. Мұнай мен газды өңдеуші кәсіпорындардың  толық  қуатпен   жұмыс істеуі әлі   де   төмен   екендігін Б қосымшадан көруге болады /Б қосымшасы/

"Испат-Кармет" АҚ  "СЕГПО" АҚ, "Қорпорация Казахмыс" АҚ, "Конфеты Қарағанды" АҚ, "Қарағанды нан" ААҚ секілді бірқатар кәсіпорындар өрлеу үстінде. "Мырзакент" АҚ, "Мақтаарал" АҚ, "Ақ-алтын" АҚ, "ШНОС" АҚ. "AES Экибастуз" ЖШС,  "Алюминий Казахстата'' АҚ, "Казгермунай" ЖШС БК кәсіпорындарының өнім көлемі 2009 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген.

Кен өндіру өнеркәсібіне қарасты "Узеньмунайгаз" АҚ-дағы негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштерін талдау барысында 2009-2011 жылдар аралығында негізгі капиталдың бастапқы мен қалдық құны артып отырған. Аяқталмаған құрылысқа жұмсалған қаржылар да көбейген. Солай бола тұрғанмен, негізгі капиталдың тозу коэффициенті. 2011 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейген. Оны 1 кестеден байкауға болады.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері