Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:57, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.
Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1.2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
1.3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік
тәжірибесі
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау және дамыту бағыттары
2.1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2.2. Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту
жолдары
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер және жақсарту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
№ |
Көрсеткіштер |
2009 |
2010 |
2011 |
1 2 3 4
5
6 7 8
9 |
Негізгі капиталдың бастапқы құны Негізгі капиталдыңт амортизациясы Негізгі капиталдың қалдық құны Аяқталмаған құрылыс Инвестициялар: Төл кәсіпорындарға инвестициялар Тәуелді ұйымдарға инвестициялар Баланс валютасындағы негізгі құралдардың үлесі, % Тозу коэффициенті, % Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті Машиналар мен жабдықтардың бастапқы құны, мың теңге Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің ұлесі, % |
102902059 245617 100450442 7677
- 0,96
0,02 0,41 20300451
0,89 0,68 |
118465749 5759355 112706394 9429
417 0,85
0,04 0,52 27897761
0,24 0,71 |
130728167 10443586 120284581 16943
- 0,82
0,08 0,64 28206600
0,22 0,73 |
Инвестициялардың төл кәсіпорындарға жұмсалуы осы жылдар аралығында 22 есе артқан. Негізгі құралдардың жаңаруы 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 23%- ға артқан. Мұнай мен газ өндіруге тікелей қатысы бар машиналар мен жабдықтардың негізгі капиталдың бастапқы құнындағы үлесі талдау жүргізген жылдар аралығында артып отырған. Мұның басты себебіне кен өндіру өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемінің өсіп отырғанымен тікелей байланысты деп айтуға болады.
Келесі қарастыратын өнеркәсіп саласын алатын болсақ, халық тұтынатын тауар өндіретін бәсекелік нарықта үлесі төмен салалардың бірі болып саналатын тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау жүргізгенде орташа айлық еңбек ақының өте төмен екендігін жалпы өнеркәсіп бойынша негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы тоқыма бұйымдарын шығаруға 0,1-% болса киім-кешек өндірісі бойынша нөлдік шаманы көрсететінің алдағы тараудағы кесте мәліметтерінде беріп өттік. Тоқыма және тігін өнеркәсібінің жалпы. өнеркәсіп өндіретін өнім көлеміндегі үлес салмағы. 2005 жылы- 2,0%, 2006 жылы 2,0%, 2007-жылы-1,7%, 2008 жылы-1,3%, 2009 жылы -1% құраған. Мұндай өте аз мөлшерде өнім өндіру совет заманында болмаған.
Соған орай, осы саланың
қаржы көрсеткіштері өте төмен
деңгейге түсіп,
оның кәсіпорындарының ахуады нарық
жағдайында нашарлап кетті /В, Г
қосымшалары/.
Жоғарыдағы кестеде "Алматы кілем" АҚ, "Алматы мақта-мата комбинаты" АҚ, "Қазақстан Текстилайн" ӨКФ ЖШС кәсіпорындарының бәрі де қаржы жағынан тәуелсіз жұмыс істеуге талпыныс жасап отырғанын байқауға болады. Солай бола тұрғанымен кредиторлық қарыздар алу арқылы өнеркәсіптік кәсіпорынның өз бетінше жұмыс істеуге бет бұрғанын байқаймыз. Әрине біз талдау жүргізген үш кәсіпорында елімізге белгілі болған алпауыт кәсіпорындардың жұрнағы ғана. Қазіргі кезде жаңа техиологияға сай бәсеке қабілеті жоғары өнім өндіруге мүмкіндігі болғанымен, оған жұмсалатын қаржының шектеулілігінен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігінен айырып отыр.
Қосымша мәліметтерінен "Узеньмұнайгаз" АҚ-мен салыстырғанда негізгі капиталдың тозу коэффициенті "Алматы кілем" АҚ -да 44-45%, "АММК ТК" АҚ- да 58,9- 63,1%, "Қазақстаң Текстилайн" ӨКП ЖШС-те 6,9-28,7% аралығында болып отыр. Негізгі капиталдың' тозуының алдыңғы екі кәсіпорында жоғары болуы бұрынғы совет дәуірінен қалған кәсіпорын негізінде жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындарды жаңарту қаржыларының аздығы болса, ал соңғысы жаңадан құрылған кәсіпорын болғандықтан онын құрал-жабдығы, техникасы мен машиналары жаңадан сатылып алынған. Сондықтан да "Қазақстан Текстилайн" ӨКФ ЖШС -те өндіріс қуатын пайдалану 2007-2009 жылдар аралығында (70%, 65%, 60%) едәуір жақсы болған. Ал, калған екі кәсіпорында "Алматы" кілем" АҚ-да - 13-16% аралығында болса, "АММҚ
ТК"АҚ-да22-24%-дай болған. Осыған байланысты тоқыма және тігін өнімдері бойынша импортқа тәуелділік басым болып отыр.
Индустрияландыру үрдістерін жүргізу тек мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына тірелетіні белгілі. Инновациялық өнім өндіру үшін жаңа техника, технология, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның нәтижелерін өндіріске енгізу, ҒЗТКЖ-ды ынталандыру іс-шаралары. аталған кәсіпорындардың өз каржыларымен жүргізуге болмайтыны анық. Сондықтан да тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық-инновациялық әлуетін көтеру міндеті мемлекет тарапынан шешілуі тиіс.
Отандық өңдеу-өнеркәсібінің ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық және тұтынушылық мәні зор өнеркәсіп саласына тамақ өнеркәсібі жататыны белгілі. Салалар бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың құрылымында тамақ өнімдерін өндіру, сусындар және темекіні қоса алғандағы үлесі 2005 жылы -3,0% 2006 жылы- 3,3%, 2007 жылы - 3,9%, 2008 жылы -3,6%, 2009-жылы -3,8% құраған. Бұл салаға да жұмсалған инвестиция көлемі өте төмен деп айтуға болады.
Тамақ өнімдерін өндіру саласының нарықта ерекше орны бар. "Рахат" АҚ, №2 "Алматы сыра зауыты" АҚ- кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін талдау барысында 2009-2011 жылдар аралығыңда едәуір оң нәтижеге жеткенін анықтадық. Дайын өнімді сатудан түскен табыс "Рахат'" АҚ-да 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда -25%-ға, №2 "Алматы сыра зауытында"- 3,9%-ға, жалпы табыстары -45% және 2,6% -ға, таза табыстары -88,9% және 1,7%-ға өскен. 1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы—31635 теңгені құраған. Жалпы бұл саланың киім-кешек өндіретін саладан бір шама алда болуы өнімдерінің сапасының жоғарылығы және бәсекеге қабілеттігімен түсіндіріледі.
"Рахат" АҚ-ның қаржы тұрақтылық, көрсеткіштерінің ішінде қаржы тәуелсіздік коэффициенті 2008 жылы-0,7, 2009 жылы - 0,6 болған. Демек. кәсіпорынның өз қаржыларының индустриялық-инновациялық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Соның нәтижесінде негізгі капиталдың тозу коэффициенті 2009 жылы - 74% болса, 2010жылы - 42% дейін төмендеген. Табыстылықты салыстырсақ, 2008 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда меншік капиталының таза табыстылығы - 28,6%-ға, сатудың экономикалық табыстылығы - 13,3%-ға, сатылған өнім табыстылығы - 33,8% -ға дейін көтерілген.
Тамақ өнеркәсібінің құрылымында өзіндік орны бар - "Рахат" АҚ -дағы кондитерлік өнімдерді өндіру мен сату көлемі бойынша болжау жүргізу нәтижесін төменде келтіріп отырмыз. 2009-2012-жылдарға өнім өндіру, өткізу көлемін болжауда, нарық сыйымдылығын анықтау және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы АҚ "Рахаттың" үлесін анықтау үшін маркетингтік, эксперттік-конъюнктуралық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін анықтадық. Жылдан-жылға "Рахат" АҚ -ы өнімдеріне сұраныстың артуы ассортимент түрлерінің кеңеюімен, бағаның орташа төлем қабілеті бар тұтынушыға арналып қалыптасуы, өнімнің сапасының жыл сайын, жақсаруы, табыс көлемінің артуынан жаңа технологияларды сатып алу және пайдалану, инновациялық жаңалықтар енгізу мүмкіндігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.
Машина жасау саласы
экономикада ұдайы өндіріс
өнеркәсіп
салаларының дамуының
технико- технологиялық
деңгейін анықтайды.
1992-2002 жылдары өндіріс
көлемі мен машина және
мен құралдарды сатып алу құрылымы өңдеу өнеркәсіп салалары үшін техника өндірудің қысқаруы нәтижесінде едәуір өзгерді. Машина жасау саласында осы
кезеңде бос өндірістік қуаттар пайда болып, сөйтіп жыл ішінде максималды мүмкін болатын және нақты өнім өндіріс көлемі көрсеткіштері арасындағы айырмашылықпең анықталды.
Осы мерзімде өнеркәсіптің негізгі қорлары құрамында техниканың орта жасының артуы байқалды, 2002 жылы 20 жылдан астам болды. Өнеркәсіптің негізгі қорларының құрамында техниқаның 20 жылдан астам бөлігі - 45%, 10 жылға дейінгісі - 13,5%, 15 жылға дейіңгісі - 33,5% болды.
Өнеркәсіптің негізгі қорларының белсенді бөлігіндегі ескірген, тозған техника тезірек-ауыстыруды қажет етеді. Өнеркәсіптің толық тозған негізгі қорларының оның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2001 жылы - 18,9%, соның ішінде машина мен құралдар-29,1%; үйлер мен ғимараттар -3,5% болды. 2004 жылы өнеркәсіптегі негізгі қорлардың тозу дәрежесі- 53,6% -ға жетті.
Мұндай жағдайларда
өндірістік кәсіпорындар
Сонымен, өнеркәсіпте нарықтық экономика жағдайында кереғар жағдай қалыптасады. Бір жағынан, есікірген және тозған негізгі қорларды жаңарту үшін техниканы өндіруді арттыру арқылы едәуір босаған өндірістік қуаттар пайда болады.
Өнеркәсіптің негізгі
қорларының технико-технологиялық
деңгейін көтеру
және жаңарту мүмкіндіктерін қарастырайық.
Қазіргі кезде мұндай проблеманы
шешудің үш тәісілі бар. Біріншісі алтын
валюта қорларын пайдалану арқылы
импорттық техниканы сатып алуға, екіншісі
- өнеркәсіп кәсіпорындарына
шетел инвестициясының едәуір көлемін
бөлуге, үшіншісі отандық техникаға
төлем
қабілетті сұранысты арттыру мақсатында
оны өндіру мен сатып алуды
арттыруға бағытталады.
Бірінші тәсілді. Жүзеге асыру
мүмкіндігін қарастырайық импорттық
техниканы сатып алуды азайту үшін өнеркәсіп
салаларының негізгі қорларын
жеделдете жаңартуды қарастырады. Өнеркәсіп
салаларындағы негізгі
қорлардың
құрамында отандық негізгі технологиялық
құралдардың күндық
шамасы едәуір жоғары болды.
Бірақ оларды импорттық құралдарды ауыстыру жағдайында жалпы шығындар көлемі көп есе артып кетеді. Бұл өнеркәсіптің негізгі қорларын, қосымша құралдарды және бақылау өлшеуіш техникаларын жинақтау үшін импорт бойынша сатып алуға қажеттіліктін байланысты болып отыр. Одан басқа, мұндай жағдайда импорт бойынша технологиялық және қосымша құралдар мен бақылау-өлшеуіш техникаларды экономиканың басқа салаларына, өнеркәсіптің технологиялық өзара байланысты салаларына сатып алу қажеттігі туындайды. Реформаға дейін импорт бойынша сатып алынатын техникалардың жартысынан астамы әскериөнеркәсіптік кешенге бағытталды. Қазіргі кезде бұл салалар жаңартуды талап етіп отыр. Өнеркәсіп салаларында және олармен технологиялық байланысты экономика салаларында қосымша құрылыс монтаж жұмыстарың жүргізу қажеттігін атап өтеміз. Бұл жұмыстардың көп бөлігі импорттық техниканы сатып алуды валюталық қаржылармен төлеу арқылы іске асады.
Екінші тәсілдің жүзеге асу мүмкіндігін
қарастырайық. Отандық өнеркәсіп кәсіпорындар
Шетел инвестицияларының ммақсаты салынған капиталға жоғары пайда табуды көздейді. Отандық өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындары пайданың жоғары болмауынан едәуір бағалыққа ие бола алмай отыр. Отандық өнеркәсіп модернизациялау үшін инвестиция көлемі миллиард доллар құрайды, бірақ бір жағынан әлемдік экономикада бос капитал бар, спекулятивті капиталды есептемегенде екінші жағынан, әлемдік экономикада инвестицияға тартымды елдер көп, мысалы оған Қытай сияқты мемлекеттіжатқызуға болады.
Өнеркәсіп салаларында
негізгі технологиялық және қосымша
құралдарды
және
бақылау -өлшеуіш техниканы кең көлемде
ауыстыру тек отандық инвестициялық тартымды машина
жасау өнеркәсібін дамыту арқылы жүзеге
асырылады.
Сондықтан үшінші тәсілді
жүзеге асыру мүмкіндігін
Мұндағы ең басты мәселеге-машина
мен құралдардың құнын анықтау
Қосымшада берілген кесте мәліметтерін талдау нәтижесінде "АЗТМ" АҚ 2010 жылы өнімнің ең жоғары көлемі 876928 мың теңге құрады және осы жылда экспортқа сату көлемінің ең жоғары паиызына, яғни 42%- ға жетті. Бірақ өнімді сату көлемі 2009 жылы болса, оның экспорттық құрамдас бөлігі өте төмен (26 %) 6225830 мың теңге құрады. Бұл "АЗТМ" АҚ -ның Қазақстан аумағында берік және жолға қойылған байланыстарын көрсетеді. Бұл, әрине Казакстанның импорт алмастыру саясатындағы кәсіпорынның рөлін көрсетеді.
Импорт алмастыру саясатын әрі қарай жүргізу үшін Қазақстан Республикасындағы кең өңдіру салаларының кәсіпорындарымен (СЕГГІО Рудный қаласы, Лисаковск КБК; Донс КБК, Жәйрем КБК, Ақтөбе және Ақсу ферроқоспасы. зауыттары) байланысты''-кеңе'йту'' қажет болады. Онда осы .кәсіпорындар үшін дәстүрлі емес әдіспен жаңа өнім түрлерін өндіру қолға алынған. Металлургия кешені кәсіпорындары үшін өнімнің жаңа түрлері -"АЗТМ" АҚ-да өндірілмейтін домна пештерінің құрал-жабдықтары, ролик бөшкелері, пештерге арналған рольғангтер ендіріледі. Өндірілетін өнімдердің номенклатурасын кеңейту үшін мұнай-газ салаларына құралдар өндіру қарастырылған, «АЗТМ» АҚ-да өнімнің өзіндік құнын азайту және соған байланысты ресейлік өндірушілермен бірге бәсекелестік бағаға жету үшін игерілетің жаңа өнімдерге бағаны төмендету шараларын жүргізу негізгі мәнге ие болады. Осыған баиланысты отандық өндірушілерді мұнай құрал-жабдықтарын өндіру үшін Ресей Федерациясынан әкелінетін материалдарға кедендік баждарды төмендету түрінде қолдау көрсетіледі. Толық өзіндік құнның жалпы көлемінде. Қазақстан Республикасында өндірілмейтін материалдардың үлесі 30 % -дан астам болып отыр.
Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері