Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:57, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.
Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1.2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
1.3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік
тәжірибесі
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау және дамыту бағыттары
2.1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2.2. Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту
жолдары
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер және жақсарту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әр кәсіпорынның өз бетінше нарық, проблемаларымен жеке дара күресуі оң нәтиже бермейді және индустриялық деңгейі жоғары өндіріс құру мүмкіндігі төмендейді.
Өндірісті модернизациялау негізгі құралдарды ауыстыруда икемді болуды қажет етеді. Қазақстандық кәсіпорындардың негізгі бөлігі инвесторлар үшін тартымды болмауының бір қатар себептеріне міндеттемелерді орындай алмауы, серіктестердің қаржы жағынан төлем қабілетінің төмендігі, сонымен бірге қаржы көрсеткіштерінің ашық болмауы жатады. Инвестор жасалынған бизнес жоспарды жүзеге асыруда сенімді болуы тиіс. Кәсіпорын немесе серіктестердің кейбірі өз мойнына алған міндеттемелер шарттарын сеніммен орындауы ғана инвестицияны тартуға мүмкіндік береді.
Өңдеу өнеркәсібінің өндірісіндегі өсу машина жасау өнеркәсібінен басқа барлық қызмет түрлері бойынша, мысалы тері, теріден жасалған бұйымдар мен аяқ-киім (1,4%), ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі (1,3%), тоқыма және тігін өнеркәсібі (1,2%), химия өнеркәсібі (13,9%) көтерілгенін байқауға болады.
Одан басқа, тамақ өнімдері,
қара металлургия мен түсті металл
өнімдерін
өндіру артқан. Бірақ, өсудің ең жоғары
қарқынына байланысты өнеркәсіптік
өндірістің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің
үлесі 47,0 % -дан 44,5 %-ға
төмендеді.
Тері өңдеу саласында
32 кәсіпорын жұмыс істейді, оның
ішінде былғары өңдейтін ірі кәсіпорындардың өндірістік
қуаты жылына 2,5 млн тері құрайды. Бірақ екінші рет өңдеуге
тек былғары шикізатының 5% - дай ғана түрі
ғана жатады. Мұның барлығы үшінші қайта
өңдеу салаларын немесе соңғы тұтыну өнімдерін
дамытуға (аяқ-киім, галантерея бұйындарын
және т.б) мүмкіндік береді. Жаңа
құралдармен жабдықталған кәсіпорын
қуаттары 20%-дай жүктелген. Былғары
шикізатының ең жоғары сапалы түрінің
80% - дай дерлігі экспортқа әкетіледі. Мысалы,
былғары шикізатының 1 кг-ның әлемдік нарықтағы
бағасы АҚШ долларымен есептегенде-1,93$,
Францияда -3.6$, Германия-да-1,45$, Ұлыбританияда- 1,44$,
Ресейде-1,30$,-Қазақстанда-1,
Өңделмеген терілер шетелге төмен бағамен жасырын түрде кетіп жатыр.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі
өнімдерінің ЖІО-дегі үлесі 1990 жылы
-15,8% болса, 2002 жылы -1,8% -ға түсіп кетті, ал
2005жылы -1,5% деңгейіне дейін төмендеді.
Мұның себебіне мемлекет
салалардың дамуы үшін
шетел инвесторларының көмегімен
инвестициялық жәрдем жасай алмады.
Яғни,
несиені
ұзақ мерзімге алу үшін бәріне бірдей
ставкаларын төмендетіп, оны алу
мүмкіндіктерін оңтайлы ете алмады.
Оның келесі бір себебіне тоқыма өнеркәсібінің негізгі қорларының тозуының шамасы 2010 жылы - 70-80% құрады. 1980 жылдары техникалық
жабдықталған және жаңадан іске
қосылған кәсіпорындардағы құралдардың
жасы 10-20 жылдан аспады. Негізгі
қорлардың прогрессивті түрде ескіруі
отандық тауар өндірушілердің бәсекеге
қабілеті деңгейінің төмендеуіне әкеп
соқтырды. Қаржы ресурстарының
шектеулілігі жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындарында техникалық
қайта жарақтандыруды жүргізуді өз қаржылары
есебінен жүргізуге мүмкіндік бермей
отыр. Сонымен қатар, сала кәсіпорындары
құнға салынатын салық бойынша
екі рет салық салу нәтижесінде
салық
қарыздарына батып отыр.
Тағы бір негізгі мәселенің қатарына халықтың экономикалық белсенді бөлігі болып саналатын әйелдерді жұмыспен қамту жатады. Республикада жұмыссыз әйелдер саны жұмыссыз еркектерге қарағанда 2 есе артық. 1990 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істегендер саны 220 мың адам болса, ал қазір бұл салада 21,7 мың адам жұмыс істеуде немесе өнеркәсіптегі-өндірістің персоналдың 3,5 % ғана құрайды. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға төмендеуде.
Қазіргі кезде 11 тоқыма өндірісінің шикізатты өңдеуші (жүн, мақта) 4 кәсіпорны ғана жұмыс істеп отыр. Оларға Алматы мақта-мата комбинаты, «Ақ жіп», Алматы мақта-қағаз фабрикасы, Алматы кілем фабрикасы, Қарлығаш шұға комбинаты жатады.
Бүгінде бұл сала ішкі нарық тұтынушылығын қанағаттандыру үшін өнім өндіреді, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен айналысады.
ҚР Статистика агенттігінің
мәліметтері бойынша тоқыма
және тігін өнеркәсібінде 2008
жылы 37,8 -млрд. теңгеге өнім өндірілді,
2007 жылдың
деңгейімен салыстырғанда 98,6% құрады.
Мақта талшығы, төсек жапқыштар,
кілем бұйымдары, тоқыма киім-кешек, табиғи
(натуралды) былғарыдан тігілген
тондар саланың барлық өнім көлемінің
2/3 бөлігін құрады. Керісінше, тері, аяқ-киім
өнеркәсібінде өткен жылы 2,9 млрд теңгенің
өнімі өндіріліп, 2007 жылмен салыстырғанда
40,4% -ға артық болған. Ол теріден
жасалған аяқ-киімді өндіруден (53,5%) және табиғи
теріден (орташа 10%) жасалған
өнімдерді құрайды. 2007 жылы мақта талшығын
экспртқа жіберу 105,3 млн. АҚШ
доллары болса, тоқыма өнеркәсібіндегі
экспорт көлемінде мақта талшығына 70%-дан
астамы келген.
Соған қарамастан, бұл саланың экспорттық әлуеті өте жоғары, мұның басты себебіне шетел компанияларынан келіп түскен экологиялық таза натуралдық терілер, маталар тігін бұйымдарына ұсыныстардың жылдан-жылға артып отыруы жатады. Бірақ шетел тапсырыс берушілерінің ұсыныстары кәсіпорындардың айналым қаржыларының жоқтығынан және жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігінің аздығынан жүзеге аспай қалады. Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің құлдырау себебіне тауар тарату жүйесінің нашар жұмыс істеуі, өндірістің көтерме және бөлшек сауда қатынастарының бұзылуынан да болып отыр. Саладағы жағдайды талдай отырып, көптеген проблемалар-кәсіпорындардың өзінің ішінде туындайтынын да анықтадық. Нақты маркетингтік стратегияның жасалмауы және жарнама компаниясының нашарлығы, жаңа технологияларды пайдаланудағы кемшіліктер, көптеген кәсіпорындардың ақпарат жүйесіне қосылмауы, халықаралық нарықтар туралы ақпараттарды толыққанды пайдаланбау, перспективалық технология және құрал-жабдықтар жөнінде ақпараттар алу мумкіндігінің аздығы өнеркәсіп саласының нарықтағы үлесінің төмендеуіне әсерін тигізіп отыр.
Барлық тігін және тоқыма
кәсіпорындарыңың 100% -ы дерлігі сырттан
әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді.
Ол әрине, дайын өнімнің өзіндік құнына
эсерін
тйгізеді.
Қазақстанның индустриялық саясатының стратегиясында отандық индустрияны, жалпы өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған қадамдар көрсетілмеген. Қазақстан Республикасына Қытайдан, Туркиядан және т.б. елдерден демпингтік бағамен тауарлар тасылуда, тауарлардың 80%-на жуығы жасырын түрде өндіріледі. Мұндай жағдайда отандық өндірушілерге жұмыс істеу өте қиынға соғады.
Сонымен бірге, жеңіл өнеркәсіпті
өркендетудің негізгі көзіне мемлекеттік
қолдау көрсету, салық-салуда жеңілдік
беру, шикізатты маусымдық сатып алуға
қаржылар бөлу, қарыз құрылымын қайта
қарастыру, импортқа квота беру жатады.
Отандық тері илеу салалары "Кожмех"АҚ (Семей тері-былғары комбинаты), "СирноҚаз" ЖШС (Петропавлтері өңдеу зауыты) және "Рудный тері зауыты" ЖШС -те нарықтағы экономикалық жағдайды оң бағалады.
Кәсіпорындар негізінен теріңің жартылай фабрикаттарын (вет-блю) шығарады, тек Семей тері-былғары комбинаты дайын өнім өндіреді.
Онда қазір қазақстандық, тері шикізаттары өңделеді, сонымен бірге көршілес елдерден ірі қара және ұсақ-малдардың терілері импортқа әкетіледі. Жоғарыда айтылғандай осы күнге дейін дайын тері өндіретін кәсіпорындар жартылай фабрикаттар өндіруге мамандандырылып отыр. Тері өңдейтін үш кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты. Аяқ-киімнің негізгі тұтынушылары болып саналатын қарулы күштер құрылымдары арзан аяқ-киімді сатып алады да кәсіпорындардағы маржаны минимумға дейін азайтуға талпыныс жасайды, сөйтіп олардың өзінің дамуына мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кезде қазақстандық нарықтың аяқ-киіммен толығуының 99% импорт арқылы жүзеге асып отыр. Мұның өзі отандық былғары-аяқ киім өнеркәсібінің қазіргі жағдайының қандай дәрежеде екенін көрсетіп отыр. Осы күнге дейін аталған сала бойынша қазақстандық нарықтың негізгі жабдықтаушысы болып Қытай (75%) саналады. Сондықтан да тауарлардың негізгі бөлігінің сапасы өте төмен. Аяқ-киімнің экспорт-импортының жеңілдік шарттары мен толық өзіндік құнының төмендігінен аяқ-киім арзан бағамен сатылады. Тағы 10% аяқ-киім Ресейден, қалғаны Туркиядан, Германиядан, Италиядан, Голландиядан келуде. Негізінен тауарларды "шөрнектік" әдіспен тасуда, оларға кедендік заңнама қарсы тұруда. Тауарлардың көп партиясы коммерциялық емес түрде тасылып әкелінуде. Ол толық немесе жартылай баждар мен салық төлеудің әсерінен деп айтуға болады.
Елімізде аяқ-киім өндірудің
күрт төмендеуінің ең басты себебіне
отандық
тауар
өндірушілерді мемлекет тарапынан қорғау
шараларының болмауынан
туындап отыр.
Жеңіл өнеркәсіп бұрынғысынша негізгі құралдар мен айналым қаржыларын модернизациялауды қатаң түрде қадағалаудың қажет екенін сезініп отыр. Көптеген елдерде мемлекет саланың дамуына көмектесіп, өнімді өткізудің сыртқы нарығында бәсекелесуге мүмкіндік береді. Қазір Қазақстанның нарығында Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген маталар өте көп. Осы елдерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін салықтан босату түрінде орасан көп дотациялар, мақтаға фиксирленген баға мемлекеттің кепілдемесі мен инвестиция түрінде қаржы тарту қарастырылған.
Қытай жеңіл өнеркәсібінің тауарлар нарығында жемісті қызмет ету себебіне ондағы өндіріске үкіметтің жеңілдіктер мен субсидиялар беруінде болып отыр.
Ондағы өндірілетін мақтаның 95%-ы мемлекет бекіткен бағамен сатылады, ал 5%-ы еркін бағамен сатыдады. ҚҚС бойынша көлік, байланыс және тағы басқа қызмет көрсетуші салаларға жеңілдіктер беру тауар өндіруді арзандатады. Басқа салық түрлері бойынша жеңілдіктер беріледі. Тура осындай жағдай басқа да мемлекеттердің тәжірибесінде кездеседі. Түркияда және бірқатар Азия елдерінде тауар өндірушілер әлеуметтік салықтан және салықтың басқа түрлерінен де босатылған. Ресейде сырттан келетін шикізатқа ҚҚС және баж салынбайды. Кәсіпорынды жаңғыртуға дотациялар беріледі. Сонымен бірге, Ресей өз нарығын акциздік баждар енгізу жолымен өз нарығын қорғайды. Мысалы, маталар мен жүнді, дайын өнімдерді әкелуге баж салығы 20 дан 40 пайызга дейін құрайды екен.
Сонымен, отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін негізгі кедергіге, мемлекет тарапынан импорттан нашар қорғау салдарын былай койғанда, үстеме шығындардың жоғары болуының өзі оның нарықтағы бағалық қуысын таба алмауына әсерін тигізуде.
Кәсіпорынның -ииновациялық
саясатының негізгі мақсатына өндірістін
бәсекеге қабілетін және технологиялық
деңгейін көтеру жатады, соның нәтижесінде
өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық
өсуін тұрақтандыруға
болады.
Экономика және сауда Министрлігі қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық қызметті конъюнктуралық зерттеу анкетасын әзірледі.
Анкетада он жеті негізгі көрсеткіштер бар: кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны, оның ішіндегі инженерлік-техникалық мамандар, өндірістік қуатты жүктеу деңгейі, сырттан тартылған инвестициялар көлемі, жаңа технологиялық үрдістерді енгізу, өндіруге ұсынылған өнімнің жаңа түрлері, инновациялық қызметті шектеуші факторлар.
Кейбір салалардың кәсіпорындарында инвестициялық белсенділіктің төмендегені байқалды. Біздің ойымызша, бұл ең алдымен дайын өнім өткізу қиыншылықтарымен байланысты болған. Қара металлургия кәсіпорындары дайын өнімді сатудың төмендеу нәтижесінде 2005 жылы 2004 жылдың деңгейінің тек 30 % құраған.
Инвестиция көлемінің азаюы химия өнеркәсібі кәсіпорындарында, металлургия өнеркәсібінде, электр машиналары мен электр жабдықтарын өндіруде байқалған.
Респонденттердің көрсетуі бойынша, инвестициялық үрдісте мемлекеттің қолдауының мардымсыз болуынан электроэнергетика, электротехникалық өнеркәсіп пен машина жасау кәсіпорындарында осы үрдіске оның қатысуының әрі қарай төмендеуі орын алған. Энергетикада бюджеттік қаржылардың тарту көлемі 2011 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 6% дан 5% - ға дейін төмендеген, электротехникалық өнеркәсіпте -12,7%- дан 1,5%-ға дейін, машина жасау мен метал өңдеуде- 7,3%- дан 4,4%-ға дейін төмендеген.
Біздің зерттеу
2007 жылы зерттелген
кәсіпорындарда 107 отандық инновациялық
әзірлемелер еңгізілген, 2006 жылы - 221 (оның
өсуі 206,5%), 2008-жылы - 264
2008 жылы - мұнайгаз. Өндіру өнеркәсібінде
отандық әзірлемелердің ең көп
саны енгізілген – 27.
Енгізілген :шетелдік әзірлемелер саны 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 13 тен 24 ге дейін артқан. Соңғы екі жылда көмірсутекті шикізат өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, полиграфия мен сумен қамтамасыз ету, мұнай өңдеу өнеркәсібі сияқы экономика салаларында бірде-бір ғылыми әзірлеме енгізілмеген, ал мұнаи өңдеу өнеркәсібінде енгізілген, шетелдік әзірлеме саны 9 дан 4-ке дейін қысқарды. Кәсіпорындарда әзірлеме енгізуден өндірісті технологиялық жаңартуға бағытталған қаржы құралдарының көлемі артқан. Талдау жүргізген мерзімде шетелдік әзірлемелерді енгізуге байланысты өндірістік қуатты кеңейтуге бағытталған инвестиция көлемі он еседен астам артқан.
Зерттеу нәтижелерінен респонденттердің көпшілігі, инновацияны тежеуші
негізгі фактор ретінде өз қаржыларының жетіспеушілігін атаған. Мұнда осы негізгі фактор ретінде кең өндіру саласының барлық кәсіпорындарымен және басқа салалардың көптеген кәсіпорындарымен байланысы атап өтілген.
Екінші тежегіш факторға респонденттердің атап өткен саны бойынша (57,5%) несие алудың қиындығы, ұзақ мерзімге және жоғары пайыздық ставкамен несиенің берілмейтіні жатады.
Мазмұны жағынан үшінші
факторға мемлекет тарапынан қаржы
және
ұйымдастырушылық қолдаудың жетіспеушілігін
(47,5%) жатқызуға болады,
өндірушілер инновациалық қызметті дамытуда
мемлекеттің көмегіне сенім
артады.
Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері