Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:57, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес зерттеудің келесідей міндеттері анықталады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық саясаттың қалыптастыру түсінігі:
- Нарықтық экономикаға инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесін және оны Қазақстан экономикасына пайдалану мүмкіндіктерін талдау.
- Экономикаға инвестиция тартудың мақсаттылығын негіздеу.
- ҚР инвестиция тартуды ынталандыру механизмдерін келешекте жетілдіру жолдарын қарастыру
- Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні, оның теориялық негіздері мен механизмдері
1.2. Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары
1.3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік
тәжірибесі
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау және дамыту бағыттары
2.1. Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
2.2. Алматы облысының инвестициялық саясаты және оны жақсарту
жолдары
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер және жақсарту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3) (Автосохраненный).docx

— 142.58 Кб (Скачать)

Шектелген ресурс жағдайында инвестиция мен салым арасында әрқашан  өзгеріс бар. Барынша толық дисконтталған табыс критерийіне көбіне күрделі қаржы салымын өтеудің ең кіші коэффициент критерийі қарама-қарсы қойылады. Ол уақыт бойынша қайта есептеу нормасын көрсетеді, оны қолдану дисконтталған пайда мен инвестицияны теңестіреді. Инвестициялық жобаны қабылдауда аталған критерийлердің қолданылуы бірдей мәнге ие. Бірақ көлемі бойынша әртүрлі инвестициялық жобаны дайындауда немесе олардың арасынан таңдау қажеттігі болғанда бұл критерийлерді қолдану бірдей нәтиже бермейді. Дисконттау операциясы инвестициялық шешімді таңдауда кеңінен қолданылатындығына қарамастан, бұл құралды экономикалық бағалаудың белгілі шарттылығын көрсету қажет.

Дисконттаудың есептік  тәсілі үшін базалық мөлшер ретінде  банктің 
пайыздық есептік мөлшері пайдаланылады.

Бірақ бұл мөлшер жалпы инвестициялық белсенділік пен инвестицияланатын нысанның болашақ құнын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. 



 


 























 


Сурет 1- Инвестицияның жіктелуі


 

Бұдан басқа, пайыздың есептік молшер қозғалысы тек өндіріс саласы ғана емес, сол сияқты қаржылық салада да үлкен өзгеріс әкеледі. Олай болса, дисконттау әдісін қабылдаудың жеткілікті шарты деп атауға болады. 

Осыған байланысты, дисконттау тәсілі белгілі бір шеңберде ғана ең орнықты вариантты енгізу және әртүрлі мерзімдегі құрылысқа күрделі қаржы салымын салуда бірқатар жақын вариантты таңдау үшін қолайлы.

Одан әрі дисконттау әдісі инвестициялық жобаны таңдауға мүмкіндік береді. Демек, әсіресе егер мемлекеттік инвестиция туралы әңгіме болатын болса, ол әлеуметтік және саяси пікірді, экономикадағы сандық және аймақтық пропорциялармен байланысты; мүдделерді қоғамдық хал-ахуалдың өсуін және шешім қабылдауға әсер ететін басқа да сандық емес факторларды есепке алмайды Дисконттаудағы экономикалық операцияның аталған кемініліктері басымды түрде теориялық талдаудың нәтижесі болып табылады. Бұл тұрғыда дисконттау операциясы мен шаруашылық тәжірибеде негізгі капиталға амортизация есептеу тәсілі арасында қатар жүргізу дұрыс болып табылады.

Дисконттау операциясының  экономикалық мәні уақыт бойынша  капитал құнының қаншалықты өзгергенін елшеуде емес. Оның қызметі аталған капитал салымының табыстылығын капитал  нарығында қалыптасқан  орташа  салым табыстылығымен салыстырмалы талдау жүргізуден тұрады. Дисконттау алғашкысының соңғысымен салыстырғанда не артта қалуын, не озуын немесе теңдігін белгілейді, сондай-ақ қолда бар тепе-теңдіқті санмен бағалайды. Артта қалу түрінде теңсіздік болған кезде инвестор табыстылықтан  басқаның барлығына көңіл аударады.

Келешек ұзақ мерзім салымды  экономикалық бағалау мәселесінің  тағы бір жағына тоқталайық. Инвестициялық қызметті жүзеге асырудың жоғарыда келтірілген мотивтерінің жіктелімінде пайда aлy бірінші орында емес. Шындығында, ағымдағы ғасырдың екінші жартысында көптеген шетелдің ізденушілерінің еңбегінде ресурстарды бөлу критерийі мен инвестициялық шешімді қабылдау негізі ретінде пайда маңыздылығының едәуір төмендегені айқындалады. Бұл экономикалық шындыққа сәйкес келеді: қазіргі кезде шешім қабылдаудың қаржылық критерийлерінен пайданы жоғарылату міндеті екінші жоспарға ысырылған (оған мынадай көрсеткіштерді айтуға болады: күрделі қаржы салымын өтеу мерзімі және жыл сайынғы амортизациялық аударым колемі) басқа да критерийлер бар.

Осылайша, инвестиция қызметінің мотивация жүйесінде болып жатқан 
өзгерістерге қарамастан, пайда инвестициялық үрдіс бағытын және мөлшерін 
анықтайтын маңызды критерий болып табылады. 

Сапалық аспектімен қатар  инвестиция тиімділігін бағалау  мәселесінде сандық аспекті де маңызды орынды алады. Бір жағынан, инвестицияны экономикалық бағалаудың кеңінен таралған құралы болып табылатын дисконттау базасын таңдаудың күрделілігімен сипатталады. Басқа жағынан мәселе қонымды, демек инвестор үшін ұсынылатын инвестициялық шешімді таңдау критерийлерінің мәнін таңдаудан тұрады.

Экономиканың нарықтық үлгісінде шығынды үнемдеуден басқа  қор жинаудың басқа көзі жоқ. Мұндай үнемдеу өнімді дайындау технологиясы мен ндірістің тиімді құралын қолдануға қаржыландырылатын және жүзеге асырылатын инвестициялық жобаны бағыттау нәтижесінде алынады.

Сонымен, инвестициялық  белсенділікті ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан кәсіпорын пайдасын абсолютті мөлшер ретінде, сол сияқты шаруашылық қызметтің салыстырмалы параметрлері түрінде реттеудің маңыздылығы өте зор. Біріншіден, пайда кәсіпорынды өзін-өзі қаржыландырудың маңызды көзі болып табылады, екіншіден, күтілетін пайда инвестициялық шешімді қабылдаудың негізі, ал үшіншіден, паида инвестициялық    жобаның    экономикалық    тиімділігін     өлшеуші     орталық көрсеткштің бірі болып табылады.  

Өзін-өзі қаржыландырудың  басқа көзі кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің амортизациясы болып табылады. Демек, инвестициялық белсенділікті реттеудің маңызды құралы мемлекетпен жүргізілетін амортизациялық саясат болып табылады. Бұл кезде оның тиімділігі ең алдымен қазіргі амортизациялық норманы негіздеуде, нақты экономикалық үрдістерді есепке алу дәрежесімен анықталады.

Амортизация - бұл негізгі  қапиталдың оның қызмет жасау кезеңіндегі  құны бойынша бірте-бірте орнын толтыру үрдісі. Нарықтық экономика жағдайындағы амортизацияның саясат салық саясатымен тығыз байланысты, жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті жүзеге асыруда кәсіпорындар үшін қаржы мүмкіншілігімен ынталандыруды мақсат етеді.

Сондықтан ұлғаймалы ұдайы  өндірісті жүзеге асыруды мемлекет тарапынан реттеуде амортизациялық саясаттың қандай қатысы бар деген заңды сұрақ туындайды.

Осылайша ұлғаймалы ұдайы өндірісті  қалыптастыру және қолданудың теориясы мен тәжірибесінің келіспеушілігі ұғымдарды белгілі бір шатасуға әкеледі. Бұл шатасу - материалдық емес активтер деген атқа ие ұзақ мерзімді ұдайы өндірілетін активтің жаңа түрлерінің пайда болуымен байланысты күшейе түскендігін атап кету қажет. Өндірістік үрдісте оларды пайдалану тәртібі мен кәсіпорын шығынына жатқызу жолымен оның құнын өтеу сызбасы негізгі құралға қатысты үрдістермен өте ұқсас.

Амортизацияны кәсіпорын  инвестициясының көзі ретінде қарауды  заңды ететін   қосымша   жағдай  бар.  Амортизациялық   аударымдар   ұзақ мерзімді активтердің    қызмет    ету    мерзімі    ішінде    олардың    алғашқы    құнына теңестірілмейді. Орнын толтыру бағасы құрал-жабдықты сатып алу бағасынан жоғары  болуы  мүмкін, яғни амортизациялық аударымды сатып алу бағасы базасында  емес,  алмастыру бағасы  негізінде немесе  қалпына келтіру  құны негізінде есептеу керек.

Амортизацияны есептеу  базасына қатысты жоғарыда көрсетілген  пікір Франциямын шаруашылық тәжірибесінде кәсіпорынмен жүргізілген баланеты қайта бағалау формасында жүзеге асыру мүмкіншілігін алғанын атап кету қажет. Мұндай қайта бағалау амортизациялық аударымды ұлғайту мақсатында жүргізілді, ал бұл өз кезегінде салық салынатын пайда үлесін қысқартады. Сонымен, кәсіпорының инвестициялық қызметі бойынша есеп беру мен есептеуді тәжірибелік ұйымдастыру, сондай-ақ амортизацияны есептеу базасындағы қағидалы өзгерістер ғылыми-техникалық прогресе факторының іс-әрекеті нәтижесінде ұзақ мерзімді активтер амортизациясы жүзеге асырудың маңызды меншік көзі болып табылады. Сондықтан мемлекетпен белгіленген амортизациялық саясат қағидалары инвестициялық белсенділікті реттеудің факторы болып табылады.

Нарықтық  экономикада  негізті  капитал     амортизациясына  қатысты екі концепция бар:  экономикалық және салықтық.  Экономикалық концепцияда амортизация ұдайы өндіріс жағдайында оның накты тұруын (рухани   және іс жүзінде) көрсететін экономикалық негізделген норма бойынша негізгі капитал 
құнын шығару ретінде қарастырылады. Бұл ағымдағы өндіріс шығынын, оның 
рентабельділігін, басқа да өндірістің тиімділік көрсеткіштерін анықтау үшін 
қажет. Салық концепциясында амортизация-бұл экономикалық 
негізделгеннен жоғары (төмен) болуы мүмкін, салықтың нормалардан шығатын негізгі капитал құнын шегеру. Мұндай жағдайда ол белгілі уақыт кезеңінде активтердің аванеталған құнын бөлу құралы және осы құнды қайтаруды тездету құралы ретінде жүреді. Сонымен бірге салық салынатын пайда мөлшерін анықтау үшін қолданыдады.

Негізгі капиталдың нақты  пайдалы қызмет ету мерзімі жүргізуші 
шаруашылық тұлғалардың өз бетімен қарастырылады. Амортизация нормасы 
негізгі капитал тобы үшін анықталады. Негізгі капиталдың активті бөлігі 
бойынша бұл норманы есептеу үшін тіксызықты әдістен басқа олардың 
құнының көп бөлігін қызмет ету мерзімінің бірінші жартысына шегеруге 
мүмкіндік беретін сызықтық емес тәсілдер қолданылады.

Амортизацияны есептеудің сызықты емес тәсілі сызықтық тәсілмен салыстырғанда еңбек құралының физикалық және моральдық тозу сипатын дәл көрсетеді.

Нарық экономикасында негізгі  құралды жаппай жаңарту үшін тимді  ынта жеделдетілген амортизация құралы болып табылады.

Жеделдетілген амортизация  келесідей арналар бойынша инвестицияға ықпал етеді:

а) негізгі   капиталдың  алғашқы пайдалану  кезеңінде амортизациялық 
аударымдардың сомасын жалпы ұлғайтады;

б) негізгі капитал айналымын тездетеді және сәйкесінше ұзақ мерзімді 
салымның тәуекел дәрежесін төмендетеді;

в) кәсіпорынды инвестициялаудың   меншікті    ресурстарын ұлғайта 
отырып, банктік пайыз ңормасын төмендетеді

г) ескі   құрал-жабдықты жою бойынша психологиялық тосқауылдарды 
жеңуді қамтамасыз етеді;

д) жеделдетілген амортизация  негізгі    қордың    моральдық   тозуынан 
кәсіпорынның жоғалтуын төмендетеді.

Осылайша, жеделдетілген  амортизация инвестициялық қызметті тиімді ынталандыру құралы ретінде мемлекетпен белсенді түрде қолданылуы тиіс.

Инвестициялаудың экономикалық ынтасы ретінде жеделдетілген амортизация екі тәсілмен жүзеге асырыла алады. Бірінші тәсіл бойынша нормативті қызмет ету мерзімі қысқарады және сәйкесінше амортизация нормасы ұлғаяды. Жеделдетілген тәсілмен есептелген амортизация кәсіпорындармен физикалық және моральдық ескірген техникаларды жаңа өнімдірек түрлеріне ауыстыру үшін дербес қолданылады. Қондырғыны жаңартуды ынталандыру үшін шағын кәсіпорындарға оны пайдаланудың алғашқы жылында қызмет ету мерзімі 3 жылдан асатын белсенді қорлардың бастапқы құнының 50%-ке дейін қосымша амортизациялық аударым ретінде өнімнің өзіндік құнына шегеруге рұқсат етіледі.

Екінші    тәсілдің    мәні    мемлекетпен    белгілеген    негізгі    капиталдың нормативті қызмет ету мерзімін қысқартпай жекелеген шаруашылық жүргізуші тұлғаларға бірнеше   жыл   ағымында амортизациялық   аударымды   жоғары мөлшерде, бірақ кезекті жылдары төмендетумен жүргізуге рұқсат етіледі.

Жеделдетілген амортизация  инновациялық белсенді кәсіпорындарға өнімінің жаңа түрлерін шығаруға өтуде жаңа қондырғыштар сатып алу үшін қаржы ресурстарына ие болатындай аталған еңбек құралы құнының үлкен бөлігін жылдам өтеуге мүмкіндік береді. Жеделдетілген амортизацияға тозған қондырғыны толығымен ауыстыратын сатып алынған ескі қондырғы да жатқызылады.

Алайда амортизация  қандай тәсілмен есептелмесін (сызықтық немесе жеделдетілген) кәсіпорынның амортизациялық қорында жинақталған қаржы сомасы негізгі қорлардың тек жай ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алады.

Меншікті құралдар барлық инвестициялық жобалардың негізі болып табылады. Меншікті қаржы ресурстары өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Дамыған елдерде олардың үлесіне барлық инвестицияның 70%-не дейін келеді.   Амортизациялық   аударымдардың үлесі   кәсіпорынның жинақтарында 50%-тен кем құрамауы тиіс.

Пайда инвестицияны қаржыландыру көлемінің ұлғаюының маңызды  көзі болып табылады. Амортизациялық аударымдардан айырмашылығы пайда ұлғаймалы ұдайы өндірістін қажеттіліктерін жобалай отырып, экономикаға қосымша қаржы ағынын қалыптастырады. Ол кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытынды нәтижесін көрсетеді және әртүрліше жіктеледі. Пайда мен инвестицияның өзара ықпал етуінің екі жақты сипатына көңіл бөлу маңызды. Бip жағынан, пайда маңызды инвестициялық ресурс болып табылады, екінші жағынан, оның ұлғаюы өндірістің өзіндік құнының төмендеуімен, өнім сапасының артуымен және өндіріс көлемінің өсуімен байланысты.

Экономикалық жүйеде инвестиция тартудың маңызды факторы жинақ  мөлшері болып табылады (жинақ қаржы - бұл тұрғындармен, сондай-ақ кәсіпорынмен тұтыну мақсатына бағытталмаған табысының бір бөлігі). Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін инвестициялық белсенділігінің орталық факторы ретінде ең бірінші болып польшалық ғалым М. Калецкий айқын көрсетті. Ол: «Инвестициялық шешім капиталдың ішкі қор жинауымен, яғни компанияның жалпы жиынтық қаржысымен тығыз байланысты. Осы жинақ тек қана инвестициялау емес, сонымен бірге қарыз капиталы нарығында қосымша ресурстарды тарту тенденциясы пайда болады. Жалпы жинақ қажы меншікті және қарыз құралдары арасындағы қатынасты  қалыпты деңгейде сақтай отырып, инвестициялық жобаны қаржыландыру  мүмкіндігінің шеқарасын кеңейтеді».

Қолайлы    инвестициялық  климаттың    қалыптасуымен    жоғарылайтын 
инвестицияның тартылған бюджеттен тыс көздері меншікті құралдардан кейін 
маңызды   орын   алады.   Алайда қазіргі   олардың   ауыл   шаруащылығы   үлес 
салмағы едәуір емес. Банктік несиелеу, лизинг және бағалы қағаздар мисеиясы 
сияқты инвестиция тартудың бюджеттік емec көздеріне  ерекше  көңіл бөлген жөн.     Қазіргі     уақытқа    дейін   карыз    құралдарының жоғары  құңынан 
иивестициялық   үрдіске   банктердің   қатысуы   қысқа мерзімді несиелерді 
қаржыландырумен шектеліп келді. Өзінің салалық ерекшеліктеріне қарай ауыл 
шаруашылық өндірісі тұрақты экономика жағдайында да қарыз құралдарына 
жүгінбей,  қалыпты  қызмет ете алмайды. Банктік несие ауыл шаруашылық 
өндірісі үшін әзірге қымбат және банктердің өздері де ең алдымен тиімді 
меншік  иесінің,  несие  комитетіне негізделген инвестициялық қатынастарды 
жасау   үшін   қажетті    біліктіліктің   жоқтығынан   ауыл шаруашылық   тауар 
өндірушілерін   несиелеуге келісімін   бермей   отыр

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың теориялық негіздері