Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:37, курсовая работа
Осы дипломдық жоба «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіруге арналған.
Жобаның есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, ұйымдастыру бөлімінен, техникалық жобадан, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Шиномонтаж учаскесі төбесі жабық
жеке тұрған ғимаратта орналасқан.
Осыған байланысты қалааралық және халықаралық
қатынастағы автобустарға қызмет
көрсетуге жағдайлар жасалған. Ол үшін
қосымша жаңа жабдықтар сатып алу үшін
бір жыл мерзімге несие алу қарастырылған.
Есептелген өзіндік құнның төмендеуінен
түсетін пайда күрделі салымды 3 жыл ішінде
қайтаруға мүмкіндік бар екендігін көрсетті
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС сияқты кәсіпорындарда автобус иелері арасында жұмыстың маркетингтік бағдарламасы жүргізілмейді. Мұндай кәсіпорындарда сервис-менеджерлер штаты жоқ, жүргізушілер қандай да бір жолмен (басқалардан есту, кездейсоқ келу) біліп келеді. Көп жағдайларда автобус жөндеу орындарында білікті маман жоқ болғандықтан, жүргізушіден автомобильді тез арада қабылдап, ақауды жөндеу процесін жасырын орындауға тырысады. Автомобиль иесі жөндеу сапасын, жұмыстың орындалуын толық білмегендіктен, ол кәсіпқой мен жаңадан үйренушінің жұмысының арасындағы айырмашылықты көрмейді де, автомобилін кез-келген неғұрлым арзан жерде істетуге тырысады. Мен автобус иелерін шақыруға көмек беретін және кәсіпорын имиджін тұрақты кәсіби көмекші ретінде көрсетуге маркетинг бойынша бірнеше іс-әрекеттерді ұсынамын:
1.Автобустар мен бөлшектер
2.Кепілдік мерзімі
3.Егер автобус иесі біздің кәсіпорында 25000 теңгеден жоғары сомаға қызмет пайдаланса, онда келесі бір жыл ішінде 15 %-тік төмен бағамен қызмет көрсетуге жеңілдіктер алады.
Жарнама мақсатында алғашқы айларда кәсіпорынның қала ішіндегі 7 автобусты ерекше түске бояп, ол жарнамалардың дизайнын ерекше етіп көрсетеміз.
9.5. Өндірістік жоспар
Құрылыс жұмыстары дипломдық жобада қарастырылмаған, яғни жұмыс істеп тұрған ғимаратта жобаларды енгізу жүргізіледі.
1-кестеде сатып алынатын жаңа
құрал-жабдықтардың құны, тасымалдау
және орнату бағасы
1-кесте
Жабдықтың атауы |
Са-ны |
Бір жабдық құны, тенге |
Жалпы құны, тенге |
Сдм, тенге |
Стр, тенге |
1. Шиномонтажник құрал-сайманы |
1 |
10000 |
10000 |
1000 |
500 |
2.Шиналардағы ауаның қысы-мын тексеруге және ауа үрлеуге арналған құрылғы |
1 |
150000 |
150000 |
15000 |
7500 |
3. Борткеңейткіш |
1 |
5000 |
5000 |
500 |
250 |
4. Шиномонтаж стенді |
1 |
60000 |
60000 |
6000 |
3000 |
5.Доңғалақтарды теңгеруге арналған стенд |
1 |
100000 |
100000 |
10000 |
5000 |
6. Сақтандырғыш құрал |
1 |
5000 |
5000 |
500 |
250 |
7 7. Манометр |
1 |
2000 |
2000 |
200 |
100 |
8. Покрышкалар мен доңғалақ-тарға арналған сөре |
1 |
5000 |
5000 |
500 |
250 |
9. Слесарь құрал-саймандар жиынтығы |
1 |
5000 |
5000 |
500 |
250 |
10. Доңғалақ дискілерін түзе-туге арналған стенд |
1 |
15000 |
15000 |
1500 |
750 |
Барлығы: |
357000 |
357000 |
35700 |
17850 |
Шиномонтаж учаскесі жұмыстардың еңбек көлемі 1805,2 ад-сағ, 1 жұмысшы еңбек етеді. Олардың орташа айлық еңбек ақысы 28140,3 теңгені құрады.
2 – кесте
Қосымша шығындар сметасы
№ |
Шығындар статьясы |
Сомасы, тенге |
1. 2. 3. 4. 5. 6.
7. 8. |
Қосымша материалдар Күш беретін электр энергиясы Өндірістік бөлімшені күтуге жұмсалатын шығындар Жабдықтың ағымдағы жөндеуіне кететін шығындар Жабдықтың амортизациясы Құны төмен материалдық құндылықтарды жөндеуге кететін шығындар Еңбекті қорғау статьясы бойынша шығындар Басқа да шығындар |
4328,1 10783,4 7349,5 17850 42840 35700
10130,5 6449,1 |
Барлығы: |
135430,6 |
3-кесте Өндірістік аймақ жұмыстарының өзіндік құнының калькуляциясы және шығындар сметасы
№ р/б |
Шығындар статьясы |
Сомасы, тенге |
Меншікті шығындар, тенге |
Әрбір статьяның үлесі, % | |
1000 км жүріске |
1 ад.-сағ | ||||
1.
2.
3. 4. 5. |
Жұмысшылардың еңбекақысы Әлеуметтік сақтанды-руға қосымша сома Материалдар Қосалқы бөлшектер Қосымша шығындар |
268002,9
69680,8
144270,7 216406,1 135430,6 |
35,9
9,4
20,6 63 11,2 |
105,3
27,4
60,3 184,4 32,7 |
25,7
6,7
14,7 44,9 8 |
Барлығы: |
833791,1 |
138,7 |
461,9 |
100 |
9.6. ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Дипломдық жобаның ұйымдастыру жоспарында кәсіпорын жұмысын басқаруды ұйымдастырудың жүйесі суреттеледі. Басқаруды ұйымдастыруға қалыптастыру құрылымы, оны қамтамасыз ету кіреді. Жобаны жүзеге асыруға кәсіпорынның техникалық қызметі, өндірісті басқару орталығы, өндірістік бөлімшелер мен аймақтар қатысады.
Бөлімшелер
мен ағымдағы жөндеу және ТҚК
аймақтары арасында тығыз
Өндірістік жұмысшылар саны басқа осындай кәсіпорындардағы қызметкерлер санына байланысты анықталады. Еңбек ақы төлеу жүйесі сыйақы қорын қолдануға негізделген. Келешекте еңбек ақы төлеудің баллдық жүйесіне көшу қарастырылған, яғни жұмысшының еңбек ақысы орындалған жұмыс сапасы мен мөлшеріне байланысты болады. Алғашқы үш айда сыйақы қарастырылмайды. Басшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы қызметтік төлем ақы мен істеген уақыт мөлшеріне және соңғы нәтижеге сәйкес анықталған.
Ұйымдастыру жоспары мамандар саясатының негізгі бағытымен анықталады:
1. Жоғары класты мамандарды қабылдау
2. Сынау мерзімі негізінде жұмысшыларды іріктеп алу
3.Сыйақыға материалдық
Кәсіпорынның өзінің жылжымалы құрамына сәйкес ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді орындайтындықтан, өндірістік процесс таныс. Қосымша құрал-жабдықтарды тікелей завод-дайындаушылардан алдырған дұрыс – бұл арзан әрі тиімді болады.
9.7. Қаржылық жоспар
4-кесте
КӨРСЕТКІШТЕР |
Өткен мерзімді бағалау |
Болашақты бағалау |
Күрделі салымдар |
- |
410550 |
Өзіндік құнның төмендеуінен жылдық үнемделу |
- |
141347,2 |
Күрделі салымдардың өтелу мерзімі |
- |
3 |
Жылдық экономикалық тиімділік |
- |
79764,7 |
Тиімділік коэффициенті |
- |
0,33 |
Жобаны жүзеге асыру үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға 410550 теңге қажет. Біз бұл несиені 3 жыл мерзімге Казкоммерцбанкінен жылына 25 пайызбен алуды жоспарлаймыз. Алынатын сома аз болғандықтан, біздің осы банктегі есеп шоттарымызды кепілдікке қоюға болады. Сонымен бірге кәсіпорын ғимараты мен жылжымалы құрамды да кепілдікке алуға бұл банкте бағдарламалар жасалған.
Біздің бизнесіміздің қысқа мерзімді мақсаты – бұл алынған жабдықтарды пайдалана отырып, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату, жұмысшылардың еңбек ету жағдайларын жақсарту болып табылады.
Біздің бизнесіміздің
Кәсіпорынның қаржылай орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін альтернативті бағыттар:
1 Қолданылмайтын ғимараттарда жылжымалы құрамға ТҚК мен жөндеу үшін жұмыс орындарын ашу.
2 Жылжымалы құрамды және
3 Қолданылмайтын территорияда жаңа өнім шығаруды қолға алу.
9.8. Жұмыстардың орындалу тізбесі
Жоспарлау мен құрастырудың соңы осы жылдың 1-тамызына белгіленіп отыр. 01.08.2008 жылдан бастап сатып алынған құрал-жабдықтар тиісті жұмыс орындарына орнатылып, жұмысқа кіріседі. Бизнес-жоспарды жүзеге асырғаннан кейін тұрақты жұмыс режиміне шығып, өндірісті жоспарлау мен жобалаудың жаңа элементтерін өндіріске енгізеді. Жасалған бизнес-жоба бұл кәсіпорын автобустарға ТҚК мен жөндеу бойынша нақты түрде қызмет көрсете алатынын көрсетті.
9.9. Жобаның тәуекелділігін (сезімталдылығын) талдау
Бұл тараудың мәні – бұл кәсіпорын алдына қойған мақсаттарының қауіптілігін бағалау және оларға қаншалықты жетуге болатынын (толық немесе жартылай) көрсету. Бағалау жоба кезеңдері бойынша жүргізіледі: дайындық, өңдеу, қорытынды. Тәуекелге бару дәрежесі бағаланғаннан кейін оны азайтуға баңытталған іс-шаралар жасалады. Сипатына байланысты тәекелдер қарапайым және құрамалы болып бөлінеді. Құрамды тәуекел қарапайым тәуекелдің композициясы болып табылады.
Сатып алушылардың төлеуге
Күшті бәсекелестік тәуекелі – егер барлық ірі және ұсақ бәсекелестердің жұмысын дұрыс бағалай білсе, бұл нарықтың болу ықтималыдғы да минимал болады. Бәсекелестерді толық бағаламай қоюға болмайды. Біз көп бәсекелестер арасында стандарттық параметрлер кезінде сапасы жоғары қызмет көрсетумен ерекшеленуге немесе тұтынушыларды нақты қызықтыратын стандарт қызмет түрінен басқа жаңалықтармен бөлініп тұруға үйренуіміз керек.
Кездейсоқ жағдайлармен байланысты алдын-ала көрінбейтін мүмкін шығындарды кеміту үшін кәсіпорын мүлкін сақтандыруымыз қажет. Бұл белгілі бір шығындармен байланысты болады, алайда жаман жағдайларда кәсіпорынның тарауынан құтқарады.
Инфляция көрсеткіштерінің өзгеруі де жобаның жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметінің өндірістік жұмысына талдау жасалып, жоба тақырыбы негізделді. Технологиялық бөлімде жылжымалы құрамның қазіргі тізімдік саны және келешектегі толықтырылуы ескерілген технологиялық есептеулер жүргізілді. Технологиялық есептеулер нәтижесі бойынша АТК шиномонтаж учаскесінің реконструкциясы жасалды. Ұйымдастыру бөлімінде жылжымалы құрамның ТҚК және жөндеу өндірісін ұтымды ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар келтірілген. Техникалық жобада учаскедегі жұмыстардың сапасын және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін техникалық деңгейі жоғары технологиялық құрал-жабдықтар таңдалды және олардың технологиялық принциппен орналасуы қамтамасыз етілді.
Конструкторлық
бөлімде автомобильдердің
Жобада
тіршілік қауіпсіздігі және
Экономикалық
бөлімде жобада ұсынылған
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ