Кәсіпорыннын қаржылық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:37, курсовая работа

Описание работы

Осы дипломдық жоба «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіруге арналған.
Жобаның есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, ұйымдастыру бөлімінен, техникалық жобадан, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Работа содержит 1 файл

К_с_порынны_ _ыс_аша сипаттамасы.DOC

— 1.05 Мб (Скачать)

      

                   

,       (2.67)

 

мұнда    – автомобильдің жоспарда алатын ауданы, м2;

         Аст –автомобильдерді сақтау орындарының саны;

          Кп = 2,5¸3,0 – сақтаудың автомобиль-орындарын орналастыру тығыздығы коэффициенті.

 

Сақтаудың автомобиль-орын саны оларды автомобильдерге бекіткен кезде парктің тізімдік санына сәйкес келеді, яғни [1]:

 

                      Аст = Ап.                                      (2.68)

Олай болса,

Fx = 18,5 × 150 × 2,5 = 6937,5 м2.

3.ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

 

3.1. ТҚК-2 және АЖ өндірісін  агрегаттық-аймақтық тәсілмен ұйымдастыру

           Бұл  тәсіл кезінде келесі шарттар  орындалу керек:

  • ТҚК-2 тек ауысымаралық уақытта , ал АЖ бірнеше ауысымда орындалады;
  • ТҚК-2 өндірісі бірнеше бөлікке (үштен беске дейін) бөлініп, ТҚК-1 кезінде орындалады;
  • ТҚК кестесі іс жүзіндегі жүрісті ескеріп жасалынады;
  • ТҚК-2  жоспарланған бөлік санына сәйкес арнайы маманданған аймақтар жабдықталады, олардың әрбірі автомобильдің белгілі бір агрегаттар тобына немесе жүйелеріне терңдетілген диагностиканы, ТҚК-2 мен АЖ орындайды;
  • маманданған аймақтар жұмыс профиліне сәйкес қажетті бекеттермен, технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі;
  • Д-2, ТҚК-2, АЖ тұйық бекеттерде орындалады;
  • Белгілі бір маманданған аймаққа қызмет көрсететін цехтар мен қоймалар мүмкіндігінше бекеттерге жақын орналастырылады;
  • АТК техникалық қызметі агрегаттық учаскелік принцип бойынша ұйымдастырылады, бірақ негізгі маманданған бригадалар саны маманданған аймақтар санына тең етіп тағайындайды;
  • ТҚК-1 толассыз желіде автомобильдердің ТҚК-2 күндеріне сәйкес орындайды, бұл маманданған аймақта орындалатын ТҚК-2 көлемін төмендетеді;
  • жөндеу өндірісі агрегаттық-тораптық әдіспен ұйымдастырылады;

       ТҚК-2 және жөндеу  өндірісін осы тәсілмен ұйымдастырудың  артықшылықтары:

  • ТҚК-2 мен жөндеудің негізгі көлемінің ауысымаралық уақытта автомобильдер жұмыс істемейтін кезде орындалуы;
  • бригадалардың автомобильдердің жүйелері және агрегаттары бойынша  мамандануы;
  • жөндеудің агрегаттық-тораптық әдісін ендіру мүмкіндігі және т.с.с.

Автомобильдердің  ТҚК және АЖ өндірісін  агрегаттық-аймақтық тәсілмен ұйымдастырған кезде:

  • автомобильдердің техникалық дайындығы ауысымаралық уақытты ТҚК-2 және АЖ үшін барынша қолданудан жоғарылайды;
  • жөндеуші жұмысшыларды және жабдықтарды кеңінен мамандандырудан еңбек өнімділігі жоғарылайды;
  • автомобильдердің ТҚК-2 және жөндеуіне кететін шығындар төмендейді.

     Бұл әдіс кезінде   үнем қымбат құнды стендті  немесе құралды жеке ТҚК-2, АЖ, Д- 2  аймақтарында қайталап орнатпай,  тек маманданған аймақта орнатудан  түседі.

    Осы тәсілдің ендірілуі  күрделі қаржыны қажет етпейді, себебі бұл тәсілде кейбір бекеттердің, технологиялық жабдықтардың, цехтардың орын ауыстыруы жеткілікті болып табылады.

     Агрегаттық- аймақтық  тәсілмен өндірісті ұйымдастырған  кездегі  ТҚК мен АЖ технологиялық  процесінің схемасы  сызбаның 6-шы бетінде көрсетілген.

      Жоба бойынша  3 маманданған аймақ (қозғалтқыштардың, агрегаттардың, кузовтың ТҚК-2, АЖ, Д-2  маманданған аймақтары) және  бес өндірістік учаске қарастырылады.

     1-ші маманданған аймақта  қозғалтқышқа және оның жүйелеріне ТҚК-2, АЖ, Д-2  орындалады;

     2-ші  аймақта  трансмиссия  агрегаттарына  ТҚК-2, АЖ, Д-2  орындалады;

    3-ші аймақта  кузовқа  және жүріс бөлігіне ТҚК-2, АЖ, Д-2  орындалады.

 

3.2 Техникалық қызмет  көрсету мен диагностикалау кешені  жұмысын ұйымдастыру

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету  мен жөндеу  тиімділігін арттыру  үшін  оларға қызмет көрсеткенге  дейін және көрсеткеннен кейін  техникалық жағдайлары туралы  жеке ақпараттар алу қажет. Бұл кезде талап  етілетін ақпараттарды алу үшін агрегаттар мен механизмдерді бөлшектемей және көп еңбек шығындарынсыз орындалуы қажет. Техникалық  қызмет көрсету кезінде жабық және жаңадан басталып келе жатқан  тоқтап қалулар туралы ақпараттар алу алдын-ала немесе кеш жөндеулерді болдырмау үшін маңызы зор.

Автомобильдерді диагностикалау  ТҚК мен жөндеу жүйесінің бір элементі болып табылады. Автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау  эәрбір жеке алынған автомобыильдің техникалық жағдайы туралы бірыңғай, дұрыс ақпараттармен теқникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесін қаматамасыз етеді. Осыған сәйкес АТК-да диагностикалауды ұйымдастыру ТҚК мен АЖ  процестерін ұйымдастырумен бірге орындалады. Автмобильдердің техникалық жағдайын жолда бақылау  орнатылған диагностикалау приборларымен орындалады; күнделікті қызмет көрсету кезінде бақылаулар тексеруі арқылы қамтамасыз етіледі; 1-ТҚК кезінде негізінен автомобиль қозғалыс қауіпсіздігін қаматамасыз ететін  механизмдеріне Д-1 жалпы диагностикалау кешенімен қаматамасыз етіледі; 2-ТҚК және АЖ алдында  агрегаттар мен механизмдерге тереңдетілген диагностикалау Д-2 орындалса, аынықталған ақауларды  жойғаннан кейін диагностикалау кешенін қолданады. Бұл жағдайда реттеу және жөндеу жұмыстарының сапасын аралық және қорытынды тексеруді қамтамасыз ету үшін, автомобильді қосымша орын ауыстырып жүрмес үшін, оны ТҚК мен жөндеу операцияларымен бірге орындайды.

Жалпы автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау  автомобильдің техникалық жағдайы мен ТҚК мен АЖ  технологиялық  процесстерін басқару үшін қажетті  жеке ақпараттарды алу мен өңдеудің адам-машина жүйесі болып табылады.

Автмобильге ТҚК қажеттілігі кезінде  диагностикалау кешені арқылы анықталған техникалық жағдай туралы бастапқы ақпараттармен  ТҚК  бригадасы слесарларын қаматамасыз  етеді. Сонымен бірге бұл ақпараттар  бір мезгілде автотранспорт кәсіпорнының өндіріті басқару орталығына  ТҚК мен жөндеу, өндірісті дайындау туралы шешім қабылдау үшін, сондай-ақ орындалған жұмысты бақылау және тіркеу үшін беріледі  .

3.1-сурет. АТК-да ТҚК мен АЖ  басқару үшін диагностикалауды қолдану схемасы

ТҚК кезіндегі  диагностикалау жұмыстары  автомобильдің, оның агрегаттары мен  мен тораптарының бөлшектемей техникалық жағдайын  анықтаға арналады. ТҚК  кезінде диагностикалау жұмыстары  автобустар үшін жалпы  жұмыс көлеменің 5-9 процентін құрайды. 

Д-1  жалпы автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеін агрегаттар мен механизмдерінің (тежегіштерді, басқару механизмін, басқару доңғалақтарының орантылуын, жарықтандыру приборларын) техникалық дағдайын, қалдық газдардың улылық деңгейін және отын үнемділікті диагностикалаға арналған. Бұл кезде тек автомобильді  пайдалануға жарамдылығын анықтаумен (шұғыл-диагностика), немесе негізгі ақауларды анықтау және реттеу жұмыстарын орындаумен шетелуі мүмкін. Шұғыл диагностика  бақылау-тексеру пунктінде  автомобиль желіге шығу алдында немесе кейі орындалады, ал Д-1 1-ТҚК алдында орындалады.

Д-2  автомобильдің тарту-экономикалық көрсеткіштері бойынша диагностикалау үшін және оның негізгі агрегаттары, жүйелері мен механизмдерінің ақауларын анықтау үшін қолданылады. Д-2 негізінен 2-ТҚК алдында жөндеу жұмыстарын дайындау және оның ТҚК кезінде бос тұру уақытын азайту үшін орындалады. 2-ТҚК кезінде Д-2 бірге бір мезгілде технологиялық қажет реттеу жұмыстары да орындалады.

 

3.1-кесте     Диагностикалық параметрлер және оларды өлшеу құралдары

 

Автомобильдің эксплуа-тациялық қасиеттері

Диагностикалық параметрлер

Диагностикалау құралдары

Мамандандырылған

Әмбебап

Тарту- экономика-лық

Тежелуі

Жүріс қасиеттері

Nk, Pk, va, Ff, sB, sp, tp, jp, CO,  A, Q

PT, sT, j3, t3, s3

Pб

Тарту сапасы стендтері

Тежеу стенді

Жүріс сапасының стенді

Кешенді стенд

-//-

-//-


 

 

 

 

 

 

3.3. Автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын басқару

 

Жылжымалы құрамның  жұмысқа қабілеттілік деңгейін және АТК техникалық қызметінің жұмысының тиімділігін жоғарылату резервтерінің бірі автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын жоғарылату болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында орындалған жұмыс және еңбекақы арасындағы тәуелділік көп жағдайда АТК-да қолданылатын жылжымалы құрамның ТҚК мен жөндеуінің сапасын басқару жүйесінен (  -бет) байланысты болады.

Жобамен АТК-да автомобильдердің ТҚК  мен жөндеу сапасын қолма-қол болжау жүйесін қолдану ұсынады. Бұл жүйе келесі принциптерге сүйенеді. Персоналдың  еңбегінің сапасы шапшаңдылық принципі бойынша бағаланады. Жұмысты орындағаннан соң жеткілікті қысқа мерзім ішінде  кәсіпорынның жөндеуші  жұмысшысының еңбек сапасының деңгейі болжанады. 

Персонал жұмысының сапасы  комплекстік  бригада немесе жұмысшылар тобы  қызмет көрсететін нақты агрегаттар бойынша жүргізіледі.

Еңбек бригадалық әдіспен ұйымдастырылған  кезде сапаны басқару жүйесі  персонал жұмысының сапасын екі рет ескеруге мүмкіндік береді.

Бірінші жағдайда, бригаданың  еңбекақы қорын қалыптастыру кезінде, екінші рет-бригада қорын орындаушыларға үлестіру кезінде. Бригаданың еңбек  сапасын есептеу негізіне  бірінші  кезекте бригадаға бекітілген агрегаттар мен жүйелердің белгіленген уақыт мерзімі ішінде тоқтаусыз жұмыс істеу көрсеткіштері алынады. Осы кезде ТҚК мен жөндеуді орындағаннан соң наработка немесе тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы көрсеткіштері қолданылады.

Жалақыны аударуды ыңғайлы ету  үшін техника-құндық кестелерді пайдаланады.

Еңбек сапасын бағалауды ақпарат  жүйесімен қамтамасыз ету үшін жалпы  қабылданған АТК құжаттары (есепке алу қағазы, бақылау талоны, агрегатты  жөндеуге берілетін карточка, қосалқы  бөлшектер мен материалдарға  талап қағазы).

 

Бригада персоналының еңбек сапасын шапшаң бағалау принципі.

АТК-да автомобильдердің  агрегаттары  мен тораптарының жөндеу сапасын  бағалау кезіндегі негізгі қиындық  жұмыстағы анық брактан басқа  еңбек нәтижелері ұзақ мерзім ішінде анықталуында. Егер еңбек нәтижесіне қызықтыруды агрегат ресурсының соңына дейін қалдыратын болсақ онда орындаушылардың өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығы жоғалады.

Сондықтан, жөндеу сапасын шапшаң бағалап, орындаушыларға аралық төлем  жүргізіп отыру керек. Сапаны шапшаң бағалау мәнісі тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын және күтілетін орташа наработканы агрегаттардың жөндеуден кейінгі бағалау мерзімі ішінде бірінші істен шығулары саны бойынша бағалау жатады (   - бет).  

 

Болжауды бағалау  мерзімінің ұзақтығын анықтау.

Автомобильдердің агрегаттары мен тораптарының жөндеу сапасының көрсеткіштерін болжау дұрыстығы және дәлдігі бағалау мерзімін арттырумен  өседі (   - бет).

Бағалау мерзімін оптимизациялаудың  математикалық моделі келесі түрге  келеді:

общ= [β(1-Pи)+Ри (1-β)]→ min

мұндағы ∆общ- l агрегаттарды болжауда және жөндеуші жұмысшылармен бағалау мерзімі ішінде ақпаратты жадыда сақтау кезіндегі қосынды қателік;

β- l агрегаттарды жөндеуден кейін  болжаудың сенімді ықтималдығы.

Pи- орындалған жөндеулер жөнінде ақпараттарды сақтау ықтималдығы.

       Математикалық  модель ұтымды бағалау мерзімін (lоц) анықтауға мүмкіндік береді.

5.КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ

 

5.1. Жобаланған шиномонтаж стендінің құрылысы және жұмыс істеу принципі

Жүк автомобильдерінің  және автобустардың шиналарын демонтаж жасауға арналған стенд рамадан 7, электр қозғалтқышынан 11, червякты редуктордан 12 және белдікті берілістен 9 тұрады. Редуктордың червякты доңғалағының осі шлицті ось ретінде жасалған, ол айналмалы қозғалысты муфта және қозғалмалы винт 2 арқылы кронштейнге 1 береді. Кронштеинге автомобиль доңғалағы болттармен бекітіледі. Доңғалақ шұңқырға монтаждалған және серіппеленген арнайы күйентемен 4 сүйемелденеді. Шинаны демонтаж жасау кезінде сүйемелдеу үшін рамаға төрт конустық ролик 10 орнатылған. Электр қозғалтқышын іске қосу, тоқтату және кері жүргізу басқару пультімен (14) іске асырылады.

Доңғалақты шинамен  бірге конустық роликтердің 10 аралығына   роликті 5 күйенте үстіне 4 орнатады, доңғалақ орнын серіппемен 15 реттейді. Доңғалақ кронштейнге 1 болттармен қатырылады.

Стенд басқару  пультімен 14 іске қосылады. Электр қозғалтқышы  (11) белдікті беріліс арқылы (9)  червякты редукторды (12) айналдырады. Редуктор червякты доңғалақтың шлицті осін бір мезетте айналмалы және ілгерілмелі қозғалысқа келтіреді. Айналмалы және ілгерілмелі қозғалыс (n = 10 айн/мин)  муфта және қозғалмалы винт 2 арқылы  кронштейнге 1, яғни демонтаж жасалатын доңғалақ дискісіне беріледі. Кронштейн 1 бойлық ось бойымен айнала отырып, шинадан дискіні итеріп шығарады.  Электр қозғалтқышы тоқтатылады. Шинаны және дискіні стендтен шығарып алады. Электр қозғалтқышын кері айналдыру арқылы кронштейн бастапқы орнына келтіреді, ол жүріс шектеуішпен (14) бақыланады. Бастапкы орнына стенд келгеннен соң электр қозғалтқышы тоқтатылады. Процесс қайталанады.

 

 

5.2. Кинематикалық есептеу

Информация о работе Кәсіпорыннын қаржылық қоры