Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:37, курсовая работа
Осы дипломдық жоба «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіруге арналған.
Жобаның есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, ұйымдастыру бөлімінен, техникалық жобадан, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
А Н Н О Т А Ц И Я
Осы дипломдық жоба «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіруге арналған.
Жобаның есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, ұйымдастыру бөлімінен, техникалық жобадан, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жобаның графикалық бөлімі А1 үлгісінің 9 бетінде орындалған, оның құрылымына кіреді: техника-экономикалық негіздеме, АТК бас жоспары, өндірістік ғимарат, агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиялық жоспары, технологиялық және еңбекті ұйымдастыру картасы автомобильдердің беріліс қорабын жөндеуге және сынауға арналған стенд сызбасы, стенд бөлшектерінің сызбасы, жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері. Жобада технологиялық есептеу нәтижесінде агрегаттарды жөндеу учаскесінің реконструкциясы жасалып, автомобильдердің агрегаттарын жөндеуге және сынауға арналған стенд жобаланды және осы стендпен жұмыс істеуге технологиялық карта құрастырылды, ұйымдастыру бөлімінде жылжымалы құрамның ТҚК және жөндеу өндірісін ұтымды ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар келтірілген, сонымен қатар жобаланатын АТК агрегаттарды жөндеу учаскесі үшін жөндеу жұмыстарының ресурс үнемдейтін технологиясы ұсынылған, іс-шаралардың тиімділігі экономикалық есептеулермен дәлелденді.
Дипломдық жоба түсіндірме жазбасы 96 беттен, 23 кестеден, 115 формуладан, 16 әдебиет көзінен, ал графикалық бөлігі 9 сызба беттерінен тұрады.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағдарламасында мемлекеттің көлік-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
Автомобиль көлігі еліміздің көлік
жүйесінде ерекше орын алады. Себебі,
мемлекеттің халық
Автомобиль көлігінің
Бұл мәселе бір жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі жоғары автомобильдерді шығарумен қамтамасыз етілсе, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың амал-әдістерін жетілдіру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен технологиясын жетілдіру, автотранспорт кәсіпорындарының өндірістік техникалық базасын жақсарту арқылы шешуге болады. Берілген дипломдық жобада автомобильдердің ТҚК мен АЖ өндірісінің тиімділік көрсеткіштерін жоғарыда аталған екінші әдіспен жақсарту қарастырылады.
1. ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1.1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС
АТК жылжымалы құрамы негізінен сусымалы жүктерді тасу үшін, сондай-ақ автомобиль жолдарын, тұрғын үй құрылыстарын салу үшін, Оңтүстік Қазақстан облысында және Қазақстанның басқа да тың жерлерінде астық жинауға және т.б. жұмылдырылады.
Қазіргі кезде аталмыш кәсіпорын жүкті тасымалдаудан бөлек жеке иеліктегі жүк автокөліктеріне ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындаумен де айналысып келеді. Себебі кәсіпорында қажетті құрал-жабдықтар мен білікті мамандар мен жұмысшылар бар. Бұдан басқа «ОҚ Қазавтосервис» ЖШС автокөлік кәсіпорны 2004 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік техникалық байқау өткізеді.
Бүгінгі таңда кәсіпорында
Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында жұмысын ұтымды ұйымдастырып, келесі бағыттар бойынша дамуы көзделіп отыр:
– жылжымалы құрам санын жаңа автокөліктерді сатып алу есебінен арттыру;
– тасымалданатын жүк көлемін көбейту;
– жаңа жұмыс орындарын ашу;
– автокөліктердің ТҚК және АЖ үрдістерін ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру.
АТК жылумен, сумен, электр энергиясымен жалпы қалалық тораптан қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның алатын жалпы ауданы 32000 м2. Өндірістік жайлардың жалпы ауданы 19200 м2.
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтірілген.
Кесте 1.1.
Жылжымалы құрам маркасы, моделі |
Барлығы, дана |
Соның ішінде: | |
КЖ дейін |
КЖ кейін | ||
1. КамАЗ-5320 2. КамАЗ-5511 3. КамАЗ-5410 4. ЗиЛ ММЗ-554 5. ЗиЛ-138 6.МАЗ-5335 7.ГАЗ-53 Барлығы: Тіркемелер: 8.ОДАЗ-9370 9.ГКБ-8350 10.ГКБ-817 |
45 15 20 5 8 5 2 100 8 6 4 |
20 4 7 – 2 - 2 35 6 2 - |
25 11 13 5 6 5 - 65 2 4 4 |
Барлығы: |
18 |
8 |
10 |
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіштері
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС-ның есеп берілген 2007 жылдағы техника-экономикалық көрсеткіштері 1.2-кестеде келтірілген.
Кесте 1.2
Көрсеткіштердің атауы |
Өлш.бірлігі |
Мәні |
1. Техникалық дайындық коэффициенті 2. Тасымал көлемі 3. Жүк айналымы 4. Нарядтағы орташа уақыт 5. Тәуліктік орташа жүріс: 6. Парктің жалпы жылдық жүрісі 7. АТК-ның жылдық жұмыс күндері |
– мың тн. мың тн. ´ км сағ. км мың км күн |
0,83
8 120 4362,5 305 |
1.2. АТК техникалық қызметінің соңғы 3-5 жыл ішіндегі жұмысына талдау жасау
АТК техникалық қызметінің жұмысы келесі көрсеткіштермен бағаланады: техникалық дайындық коэффициенті, ТҚК мен жөндеуге жұмсалатын меншікті шығындар, өндірістік процестерді механикаландыру деңгейі, цехтар мен учаскелер бойынша жөндеуде тұру және т.с.с.
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС техникалық қызметі жұмысының талдауы төмендегі диаграммаларда келтірілген.
1. Қызмет көрсетілетін автомобильдер санының өзгеру динамикасы, дана.
2. АТК жастық құрылымы, %
Au,%
30
20
10
10
0,25 0,5 0,75 1,0 1,25 1,5 1,75 Lк
3. Техникалық дайындық коэффициентінің өзгеру динамикасы, aТ
aТ
4. Затраты на ТО и ТР, тенге/1000 км
4. ТҚК мен АЖ-ға кететін
5. Қол жеткізуге болатын және
іс-жүзіндегі механикаландыру
УМ,%
6. ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялар тізімінің орындалу толықтығын талдау
Операция саны |
Іс-жүзінде |
Норматив бойынша |
ТҚК-1 |
21 |
39 |
ТҚК-2 |
42 |
71 |
7. Іс жүзіндегі еңбек мөлшерді tф нормалықпен tн салыстыру
1 ТҚК еңбек мөлшері |
Іс-жүзінде |
Норматив бойынша |
ТҚК-1 |
3,57 |
2,68 |
ТҚК-2 |
15,23 |
11,4 |
8. Тағайындалған ТҚК мерзімділігін іс жүзіндегімен салыстыру
ТҚК мерзімділігі |
Іс-жүзінде |
Норматив бойынша |
ТҚК-1 |
4860 |
3600 |
ТҚК-2 |
14040 |
10800 |
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС техникалық қызметі жұмысының көрсеткіштерінің талдауы оның жеткілікті емес дәрежеде жұмыс істейтіндігін көрсетіп тұр, себебі автомобильдерді жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға кететін шығындар нормалық мәндерден асып тұр. Бұл, негізінен, автомобильдерді ТҚК мен жөндеу бойынша өндірістік процестердің ұйымдастырылуының және механикаландырылуының төмен деңгейімен түсіндіріледі.
1.3 Жобаланатын нысан сипаттамасы және жоба тақырыбын негіздеу
Тапсырма бойынша шиномонтаж учаскесі жобалау нысаны болып табылады. Шиномонтаж учаскесінің технологиялық процесі төменде келтірілген жұмыстардан тұрады. ТҚК және АЖ аймағында автомобильден ажыратылған доңғалақ немесе оның бөлшектері (покрышкалар, камералар, дискілер) шиномонтаж учаскесіне келіп түседі. Шиномонтаж учаскесінің жұмысының технологиясымен операциялар белгілі реті тағайындалған: доңғалақтарды жуу және құрғату, шинаны және доңғалақтардың басқа да элементтерін бақылау, доңғалақ дискілерін таттан және бояудан тазалау, жөнделген шиналарды дискілерге отырғызу операциялары. Бақылау нәтижелері бойынша жарамсыз бөлшектерді алмастырады немесе жөндеу өлшемдеріне дейін қалпына келтіреді.
«ОҚ Қазавтосервис» ЖШС шиномонтаж учаскесі өндірістік ғимаратта орналасқан және ТҚК-2, АЖ аймақтарымен шектеседі. Учаскеде 2 автослесарь жұмыс істейді. Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді.
Учаске технологиялық жабдығы орындалатын жұмыстарға сәйкес келеді.
Диплом алдындағы практика кезінде шиномонтаж учаскесінің жұмысының ұйымдастырылуы мен технологиясында келесі кемшіліктер анықталды:
- учаске механикаланған жабдықпен нашар қамтамасыз етілген, бұл еңбек өнімділігін төмендетіп, жұмыстардың еңбек мөлшерін жоғарылатады;
- жұмыс орындары технологиялық карталармен қамтамасыз етілмеген;
- жабдықтардың учаскеде орналасу жоспары операциялардың технологиялық жүйелігіне сәйкес келмейді.
- шиномонтаж стенді істен шығып шинаны дискіден ажырату жұмыстары қолмен орындалады, бұл жұмыстардың еңбек көлемін жоғарылатады және жұмыс сапасын төмендетеді.