Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Содержание

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Фирманын табысын арттыру..doc

— 263.50 Кб (Скачать)

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 

2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 

    Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

    Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.

    Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады. Әрине, кәсіпорындар отын-энергетикалық ресурстарды, материал және еңбек шығындарын үнемдеу, амортизациялық аударымдар үлесін азайту, әкімшілік шығындарды қысқарту секілді тәсілдердікеңінен қолданады. Алайда, айта кету керек, өзіндік құнды азайтудың да шегі бар. Өндірістік шығындарды осы шектен төмен азайту тауардың басты қаисиетінің, яғни сапасының, төмендеуіне алып келеді. Осы айтылғандар әкімшілік және коммерциялық шығындарға да байланысты, өйткені оларсыз кәсіпорын қажетті деңгейде қызмет ете алмайды және тауарды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалады.

    Бүгінгі нарықтық шаруашылықта кәсіпорындар шығындарды басқару әдістеріне көп көңіл бөлуде. Осындай әдістердің әлемдік және отандық тәжірибеде кеңінен қолданылатыны – басқарушылық есеп. Оның көмегімен кәсіпорын шығындарын бақылау жүзеге асырылады. Әсіресе жауапкершілік орталықтары бойынша есеп әдісі өте тиімді болып келеді. Шығындарды басқарудың бұл нысаны шығындар құрылымын оңтайландыруға, шығындардың жоспардан ауытқуына жылдам бейімделуге және шешімдер қабылдау бойынша міндеттердің бір бөлігін құрылымдық басқарушыларға беруге мүмкіндік береді. Олар жоспарда белгіленген шығындардың мөлшерлеріне жауапкершілік тартады және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

    Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл өндірістік және қаржылық жоспарлардың жиынтығы. Жақсы ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер жоспарлау, орындалуын бағалау, бейімделу және коммуникациялар орнату үшін қолданылады. Негізгі бюджет өндірісті, өнімді өткізуді, үлестіруді және қаржыландыруды қамтиды. Мұнда кәсіпорынның болашақ табысы және ақша ағындары қарастырылады. 2.1-суретте негізгі бюджетті құрудың жалпылама үлгісі берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

    Бюджет  барысын әдістемелік қамтамасыз ету кәсіпорынның саясатын, ұйымдық құрылымын, жауапкершілік пен билікті бөлу секілді жағдайларды қажет етеді. Бұлар бюджеттік бағдарламаларды құру үшін қажетті ережелер мен нұсқаулықтардың жиынтығы ретінде қолданылады. Нұсқаулықтарда не істеу керек, қашан және қалай істеу керек деген мәселелер нақты жауабын табуы тиіс.

    Табысты арттырудың тағы да бір маңызды факторы – өндірілетін өнімнің ассортименті мен номенклатурасын жаңарту, яғни нарыққа жаңа тауарлар енгізу болып табылады.

    Нарықтық экономика жағдайларында табыс – өндірістік қорларды, сондай-ақ өндірілетін өнімді жаңаландыруды ынталандырушы күші болып табылады. Бұл заңдылық «тауардың өмірлік циклы» концепциясына сай келеді. Баршаға мәлім, кез-келген тауар өзінің өмірлік циклының кезеңдерін бастан кешіреді: тауарды жобалауды, игеруді, өндіріске енгізуді, өндіруді және нарыққа шығаруды. Нәтижесінде нарық осы тауарға әбден толады. Сонда тауар моральдық тұрғыдан ескіреді немесе бәсекелестік күреске жарамай қалады, сондықтан табыстылықтың төмендеуінің салдарынан оның өндірісі қысқартылуы немесе мүлдем тоқтатылуы тиіс.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау