Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тө
= Тқ/б + Тж –
Тқ/с,
(1.8)
мұнда Тқ/б – жоспарлы кезеңнің басындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс; Тж – жоспарлы кезеңде өнімді шығарудан алынатын табыс; Тқ/с – жоспарлы кезеңнің соңындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс.
Коммерциялық кәсіпорындар үшін табысты жоспарлау барысында шығындардың өтелу шегін анықтау маңызды. Шығындардың өтелу шегінен бастап кәсіпорын өнім өндіруден табыс ала бастайды. Бұл үшін залалсыздық нүктесін анықтап алу қажет. Залалсыздық нүктесін табу кәсіпорындарға өнім шығарудан зиян шекпейтін шегін көрсетеді. Жоспарлаулың бұл әдісі шығындарды шартты тұрақты және шартты айнымалы деп бөлу принциптеріне, сондай-ақ маржиналды табысты есептеуге сүйенеді. Өнімді өткізуден алынған сомадан шартты айнымалы шығындар алынып, маржиналды табыс анықталады. Содан кейін маржиналды табыстан шартты тұрақты шығындар алынып, қаржылық нәтиже анықталады. Залалсыздық нүктесі – бұл кәсіпорын ешқандай зиян және ешқандай табыс көрмейтін өндіріс көлемі болып табылады. Залалсыздық нүктесі түсінікті түрде 1.1-суретте бейнеленген.
1.1-суреттегі үш негізгі сызық айнымалы шығындардың, тұрақты шығындардың және өткізуден алатын соманың өндіріс көлемінен тәуелді екенін көрсетеді. Өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі өнімді өткізуден түскен соманың өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын өндіріс көлемін көрсетеді.
Залалсыздық
нүктесін
анықтағаннан
кейін табысты жоспарлау өндірістік левередж әсерінің
негізінде құрылады. Өндірістік левередж әсері
ешқандай
зиян шекпейтіндей дәрежеде өндіріс көлемін азайта алатын қаржылық
тұрақтылықты
білдіреді. Өндірістік левередж тиімділігінің
мағынасы
келесідей: өнімді өткізуден түскен соманың кез-келген өзгерісі табыс көлемінің қатты өзгеруіне алып келеді. Бұл
заңдылықтың
күші
шартты тұрақты шығындар мен шартты айнымалы
шығындардың өндіріс
және
сатылым көлемінің өзгеруі салдарынан қаржылық
нәтижеге
түрлі әсер
ететіндігімен байланысты. Өнімнің өзіндік құнында шартты тұрақты шығындар неғұрлым басым болса, өндірістік
левередждің әсері де соғұрлым күшті болады. Керісінше, сатылым
көлемі
артқан
сайын шартты тұрақты шығындардың өзіндік құндағы үлесі төмендей береді, сәйкесінше, өндірістік левередждің әсері
де төмендей
бермек.
Мысал. Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен сома 500 мың теңге, шартты айнымалы шығындар – 250 мың теңге, шартты тұрақты шығындар – 100 мың теңге. Заласыздық нүктесі мен өндірістік левередж әсерін анықтау қажет. Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтерді кестеге енгіземіз (1.6-кесте).
1.6-кесте
Жоспарлауға қажетті
бастапқы мәліметтер
мың теңге
|
Маржиналды
табыстың өнімді өткізуден түскен сомасына пайызын анықтаймыз:
250 : 500 · 100%
= 50%.
Залалсыздық
нүктесі
бұл
жағдайда
тұрақты
шығындардың өткізілім
көлеміндегі
маржиналды табыс үлесіне қатынасы ретінде анықталады:
100 : 50% · 100%
= 200 мың теңге.
Өндірістік левередж әсері
маржиналды табыстың табысқа қатынасы ретінде есептеледі.
Біздің мысалымызда өндірістік левередждің әсер
ету күші мынаған тең болады:
250 : 150 = 1,67.
Басқаша
айтсақ, өткізілім көлемінің кез-келген өзгерісі табыстың 1:1,67 қатынасындағы өзгерісіне алып келеді. Айталық,
кәсіпорын өнімді өткізуден
түсетін
соманы 10%-ға арттыруға мүмкіндік алды. Онда табыс
16,7%-ға өседі:
Өнімді өткізуден алған сома | 500 · 1,1 = 550 мың теңге |
Айнымалы шығындар | 250 · 1,1 = 275 мың теңге |
Маржиналдық табыс | 550 – 275 = 275 мың теңге |
Өнімді сатудан алған табыс | 275 – 100 = 175 мың теңге |
Табыс 25 мың теңгеге, немесе 16,7%-ға өсті. |
Өткізілетін өнімнің көлемі кеміген жағдайда өндірістік левередждің әсер ету күші арта түседі, сәйкесінше, табыс мөлшері де айтарлықтай азаяды. Біздің мысалымызда өнімді өткізу көлемін 5%-ға төмендеуі табыстың 8,35%-ға (5·1,67) азаюына алып келеді.
Қазіргі таңда өндірістік левередждің әсер
ету әдісі
табысты жоспарлауда кеңінен қолданылады. Тұрақты дамып келе жатқан
экономика жағдайларында бұл әдіс кәсіпорын табысын ұзақ мерзімге (3 жылдан 5 жылға
дейін) жоспарлауға мүмкіндік береді.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау