Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде беріледі: жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы × активтер айналымдылығы. Шынында да:
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Өндірістік активтерге салынған
капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесідей кесте құрамыз.
1.4-кесте
№ | Көрсеткіштер | Өткен жыл | Есепті жыл | Ауытқу (+,–) | соның ішінде коэффи-циенттердің өзгеруінен | |
Сату табыс-тылығы | Активтердің айналымды-лығы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Таза табыс, мың теңге | 5 040 | 6 538 | +1 498 | – | – |
2 | Өткізуден түскен табыс, мың теңге | 24 392 | 23 179 | –1 213 | – | – |
3 | Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге | 30 512 | 37 254 | +6 742 | – | – |
4 | Активтеррдің табыстылық деңгейі (1 / 3)·100, % | 16,52 | 17,55 | +1,03 | +4,74 | –3,71 |
5 | Өткізілген өнімнің табыстылығы (1 / 2), % | 20,66 | 28,21 | +7,55 | – | – |
6 | Активтердің айналымды-лық коэффициенті (2 / 3) | 0,80 | 0,62 | –0,18 | – | – |
Бірінші қатардағы
факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті
жылдағы активтер айналымдылығының
нақты
коэффициенті мен сату табыстылығының
коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің
табыстылық деңгейін аламыз:
Та = 20,66 · 0,62 = 12,81%.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылдағы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Кәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – өндірістік қорлардың (негізгі құралдардың) табыстылығы болып келеді. Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса, өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады (1.5-кесте).
1.5-кесте
Өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің
өгеруінеәсер етуші көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | Өткен жыл | Есепті жыл | Ауытқуы, (+,-) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Таза табыс, мың теңге |
5 040 | 6 538 | +1 498 |
2 | Өткізуден алған табыс, мың теңге | 24 392 | 23 179 | – 1 213 |
3 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге | 49 826 | 55 789 | +5 963 |
4 | Айналым активтерінің орташа жылдық құны, мың теңге | 15 244 | 14 385 | –859 |
5 | Өндірістік активтердің орташа жылдық құны, мың теңге (3 + 4) | 65 070 | 70 174 | +5 104 |
6 | Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 / 2) | 2,0427 | 2,4069 | +0,3642 |
7 | Айналым активтерін бекіту коэффициенті (4 / 2) | 0,6251 | 0,6206 | –0,0045 |
8 | Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 / 2) | 0,2066 | 0,2821 | +0,0755 |
9 | Өндірістік активтердің табыстылығы (1 / 3)·100% | 7,75 | 9,32 | –1,57 |
1.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау