Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Содержание

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Фирманын табысын арттыру..doc

— 263.50 Кб (Скачать)

    Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады: 

ТН = ТЖШК,                                    (1.3) 

    мұнда ДН – негізгі қызметтен алынған табыс; ДЖ – жалпы табыс; РК – кезең шығындары.

    Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек. 

1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 

    Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

    Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.

    Барлық өндіріске салынған активтердің тиімділік деңгейі (Да) мына формула бойынша есептеледі: 

                                         (1.4) 

    Кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал түрінде талдау 1.3-кестеде берілген. 

1.3-кесте  

Жалпы активтердің (өндіріске салынған

капиталдың) табыстылық деңгейі 

мың теңге

Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті  жыл Ауытқуы (+,–)
1 2 3 4 5
1

Таза табыс

5 040 6 538 +1 498
2 Жалпы активтер (салынған капитал) 30 512 37 254 +6 742
3 Жалпы активтердің табыстылығы, % 16,52 17,55 +1,03
 

    Кестеден  байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.

    Арнайы  оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

    Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау