Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Осылайша,
негізгі құралдардың, жалпы активтердің
табыстылық деңгейі немесе қызметтің барлық түрлерінің барлық табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
1.3.
Кәсіпорын
табысын жоспарлау әдістемесі
Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқ салық салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.
Жоспарлау объектісі ретінде, бірінші кезекте, өнімді өткізуден алынатын табыс қарастырылады. Табысты есептеудің негізі – сатылатын өнімнің болжамды көлемі болып табылады. Сатылым көлемі анықталғаннан кейін контрагенттермен жасалған келісім-шарттар негізінде өндірісік бағдарлама әзірленеді. Өндірістік бағдарлама өткізілетін өнімнің жоспарлы көлеміне және жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнім қалдықтарының көлеміне байланысты анықталады.
Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты шығындар жеке қарастырылады.
Жүргізілген есептеулердің нәтижесінде дайын өнімнің жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы дайын өнімнің қалдығын ескере отырып, өткізілетін өнімнің өндірістік өзіндік құны қалыптасады.
Келесі кезеңде әкімшілік және коммерциялық шығындар сметасы құрастырылады. Бұл шығындар өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен, сондай-ақ өнімді нарыққа жеткізумен және өткізумен байланысты.
Осы есептеулердің негізінде өнімді өткізуден алынатын табыстың жоспары қалыптасады. Табысты жоспарлау үшін алдағы негізгі қызметтен, сондай-ақ негізгі емес қызметтен келетін ақша кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер қолданылады.
Жоспарлаудың жоғарыда келтірілген әдістемесі тікелей есептеу әдісі деп аталады. Оның негізінде өнімді өндіруден және өткізуден түсетін табысты ассортименттік есептеу жатады. Жоспарлаудың тағы бір қарапайым нұсқасы жоспар баптары бойынша іріленген есептеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Өнімді өткізуден алынатын табыс өнімнің
сатылу бағасы (қосылған құн салығын, акциздерді, кеден салықтарын,
шегерімдерді есептемегенде) мен оның
толық өзіндік құнының
айырмасы ретінде есептеледі. Өнімді өткізуден алынатын табысты
есептеу үшін келесі формула қолданылады:
Ө = Қб + Шө - Қс,
мұнда Ө – екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген өнімнің сатылым көлемі; Қб және Қс – сәйкесінше жоспарлы жылдың басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнімнің қалдықтары; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген; Шө– шығарылған өнімнің көлемі; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген.
Сатылған өнімнің
көлемі
екі бағам бойынша – сатылым бағасы
және
толық өзіндік құн
бойынша – есептелгеннен кейін, өнімді өткізуден
түсетін
табыс (Тө) келесі формула бойынша
анықталады:
Тө
= Сө – Өқ,
мұнда Сө – өнімді өткізуден түскен сома; Өқ – өнімнің өзіндік құны.
Табыстың
жоспарлы сомасын бағаның және өзіндік құнның белгілі көрсеткіштеріне және дайын өнімнің жоспарлы кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарына сүйене отырып есептеуге болады.
Бұл
жағдайда
есептеу формуласы келесідей болады:
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау