Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Содержание

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Фирманын табысын арттыру..doc

— 263.50 Кб (Скачать)

    Іскерлік  тәуекелді төмендетудің мейлінше тиімді және қолайлы әдісі – жауапкершілігі шектеулі серіктесіктер немесе акционерлік қоғамдар құру. Бұлардың санатына шағын бизнеспен шұғылданатын кішігірім кәсіпорындарды да жатқызуға болады.

    Белгілі бір іске салынған қаражаттар табыс алып келеді – бұл кәсіпкерліктің басты шарты. Алынған табыстың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі, ал қалған бөлігі жарғылық капиталды ұлғайту арқылы кәсіпорынның әрі қарай дамуына жұмсалады. Акционерлер кәсіпорынның иелері болып саналады,  табыс олардың табысын арттырады, ал зиян – табысты кемітеді.

    Акцианерлер, өз қаражаттарын өндірісті дамытуға сала отырып, барынша үлкен табыстар алуға ұмтылады, яғни ірі тәуекелдерге баруға бел байлайды. Егер кәсіпорынның қызметі сәтті жүріп кетсе, акционерлер де үлкен олжаға ие болады. Ал егер керісінше жағдай бола қалса, онда кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары өздеріне тиесілі игіліктерді түгелдей өндіріп алады, ал акционерлер құр қол қалады, немесе солардан қалған қаражаттарға ие болады. Әрине, тәкекел қауібін біле тұрып, инвестор мұндай қадамға келешекте табыс табу мақсатында барады.

    Әдетте, ешқандай кәсіпорын меншікті қаражаттарымен шектеліп қана қоймайды. Көптеген кәсіпорындар өз капиталын ұзақ мерзімді қарыз қаражаттар тарту арқылы ұлғайтады және осы үшін ұзақ мерзім бойына пайыздар төлеп отырады. Қарыз капиталды тиімді бағамен тарта білу кәсіпорынның табыстылығына әсер етеді.

    Несие беруші, әдетте, үлкен пайыздық табыстарды талап етпейді, ол үшін қарызға берілген қаражаттардың сенімділігі маңыздырақ болып келеді. Дәл осы әрекеттер нәтижесінде, яғни тартылған қаражаттар бойынша пайыздарды уақытында төлей алмау немесе негізгі қарызды өтей алмау кәсіпорынның банкротқа ұшырауына негіз болады. Сәйкесінше, мұндай қатынастар барысында тек несие алушы ғана емес, несие беруші тұлға да үлкен тәуекелге барады. Сол себепті көптеген несие беруші тұлғалар өзінің қаражаттары нақты активтермен кепілдендірілуін талап етеді.

    Кәсіпорын қалыптасқаннан кейін оның иелері «көлеңкеде қалып қояды» десе де болады. Әрі қарай кәсіпорынның капиталы, негізінен алғанда, қарыз қаражаттардың есебінен ұлғайып отырады. Бұл қаражаттар табыс табу үшін қолданылатын кәсіпорынның негізгі және айналым активтеріне инвестицияланады. Қарыздар бойынша кәсіпорын пайыздар төлеп отырады: төленетін пайыздардың сомасы кәсіпорынның қарыз капиталының «құнын» анықтайды.

    Қарыз қаражаттардың және меншікті капиталдың құны кәсіпорынға қаражаттар салушылар салып отырған тұлғалардың табысының өлшемі болып табылады. Олардың мойныны түсетін тәуекелдер ауыртпалығын өлшеу әлдеқайда қиын. Дегенмен де, тәуекелдің ең шегіне жеткен деңгейінде де, яғни кәсіпорын толық сәтсіздікке ұшырағанда да, тәуекел мөлшерін инвестицияланған капиалдың мөлшерімен шектеуге болады.

Қорытынды
 

    Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның  есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

    Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

    Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті.

    Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

    Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау