Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:00, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі
2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорын
табысының артуы тек өнімнің өзіндің құнына ғана емес, сондай-ақ, өткізілген өнімнің
көлеміне, өнім
бірлігінің бағасына байланысты болады.
Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін құруға
болады.
1.2-кесте
мың теңге
№ | Көрсеткіштер |
Жоспа бойынша | Нақты сатылымға жоспар бойынша | Нақты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Өнімді өткізуден түскентабыс | 20 850 | 19 745 | 23 179 |
2 | Өнімнің өндірістік өзіндік құны | 16 435 | 15 741 | 16 996 |
3 | Жалпы табыс (1 – 2) | 4 415 | 4 004 | 6 183 |
1.2-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.
мұнда – өткізілген өнімнің нақты көлемі; – өнім бірлігінің нақты өзіндік құны; – өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге (16966 – 15741) төмендетті.
мұнда және – өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағалары.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179 – 19745) өскен.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау