Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 17:34, лекция
Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
1. Экономикалық талдау және танып білу теориясы.
2. Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориялары.
3. Экономикалық талдау және экономикалық теория.
4. Экономикалық талдаудың жүйелілігі мен кешенділігі.
Пайда болу уақыты бойынша:
1) Резервтердің бірінші түрі – бұл орын алған, бірақ жоспарды жасау кезінде ескерілмеген өндіріс тиімділігін арттыруда жіберілген мүмкіндіктер.
2) Резервтердің басқа түрі – бұл жоспарды өңдегеннен және бекіткеннен кейін пайда болған мүмкіндіктер. Мұндай резервтердің болуы ҒТЖ тез қарқынымен, жаңа шешімдер мен мүмкіндіктердің пайда болуымен түсіндіріледі.
Резервтерді іздеудің негізгі қағидалары:
1) Резервтерді іздеу ғылыми сипатқа ие, ол олардың экономикалық мәнін, оларды іздеудің негізгі бағыттары мен көздерін білуді, сонымен қатар оларды есептеу әдістемесі мен техникасын қарастырады.
2) Резервтерді іздеу кешенді және жүйелі болуы тиіс, ол бір жағынан резервтерді толық айқандауға, және басқа жағынан оларды қайталап есептеуді болдырмауға мүмкіндік береді.
3) Резервтер экономикалық жағынан негіздемелі және шынайы болуы тиіс. Оларды есептеген кезде кәсіпорынның мүмкіндіктерін, алға қойылған нақты шараларын есептеу қажет.
4) Резервтерді тиімді іздеу үшін резервке сыйымды бағыттарды алдын ала анықтау (өндіріс учаскелерін, өйткені онда еңбек және материалдық ресурсстардың ең үлкен шығындары көлемі, техниканың тұрып қалуы және тағы басқалар орын алады).
5) Резервтерді іздеу оперативті болуы қажет, ол оперативті болған сайын бұл үдеріс соншалықты тиімдірек болады. Ерекше назарды резервтерді табу және оларды игеру арасындағы уақыт бөлуінің қысқаруы алады.
6) Резервтерді іздеу дисретті болмауы тиіс, ны жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жүргізу қажет.
7) Резервтер толық болып айқындалады, егер оларды іздеуге әртүрлі кәсіптегі мамандар мен жұмысшылар саны соншалықты көп қатысса.
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық резервтер қандай белгілер бойынша жіктелінеді?
2. Тікелей шот әдісін қолдану мәні неде?
3. Резервтерді есептеу кезінде салыстыру тәсілі қалайша қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002
2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007
3. Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.
4. Фирстова С.Ю. Экономический анализ в вопросах и ответах. Учебное пособие.- М.: Кнорус, 2006.
5. Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.
6. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры, М: Финансы и статистика, 2001г.
7. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.
Тақырып 8. Экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету
Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.
1. Ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізудің негізгі қағидалары.
2. Талдаудың ұйымдастырушылық нысандары мен атқарушылары.
3. Талдамалық жұмысты жоспарлау.
4. Ұйымның шаруашылық қызметін талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.
5. Талдау нәтижелерін құжаттық рәсімдеу.
6. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру.
Тақырып мазмұны
Талдамалық жұмыс шешім қабылдайтын әрбір басшының, әрбір менеджердің қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда маңызды қағидаларға кіретіндер:
1. Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бөлу;
2. Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;
3. Регламенттеу және унификациялау. Регламенттеу әрбір атқырушы үшін кестелер мен талдаудың шығыс нысандарын міндетті минимумдарын өңдеуді қарастырады.
Экономикалық талдаудың әрекет етушілігі мен тиімділігіне байланысты болатын маңызды шарт ол талдамалық жұмыстың жоспарлануы табылады. Жоспар кешенді және тақырыптық болуы мүмкін.
Талдамалық жұмыстың кешенді жоспары оны жүргізуге жауапты болып тағайындалған маман бір жылға дайындайды. Жоспарда талдау объектілерінің тізімі қарастырылады, талдау мақсаттары, әрбір объекті бойынша талдау жүргізу кезеңділігі және талдамалық жұмыстың орындалу мерзімі, ақпарат көздері мен әрбір зерттелетін сұрақ бойынша талдауды әдістемелік қамтамасыз ету анықталады.
Тақырыптық жоспарлар – бұл терең зерттеуді талап ететін кешенді сұрақтар бойынша талдау жүргізу жоспарлары. Онда талдау объектілері, субъектілері, сатылары, жүргізу мерзімі, оның атқарушылары қарастырылады.
Талдаудың барлық ақпарат көздері жоспарлы, есептік және есептен тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне кәсіпорында өңделінетін жоспардың барлық типтері жатады (перспективті, ағымдағы, оперативті, технологиялық карталар, нормативтік материалдар, сметалар, ценниктер, жобалық тапсырмалар).
Есептік сипаттағы ақпарат көзіне бухгалтерлік, статистикалық, және оперативті есеп пен есептілік құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер жатады.
Есептен тыс ақпарат көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады. Оған мемлекет заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, тексеру және ревизия актілері, келісім шарттар, баспалық жариялымдар, есеп берудер және т.б. жатады.
Басқаруды талдауды ұйымдастырудың негізгі сатыларына мыналар жатады:
1. Экономикалық талдаудың субъектілерін, объектілерін зерттеуді ұйымдастыруды анықтау
2. Аналитикалық жұмысты жоспарлау
3. Экономикалық талдауды ақпараттармен қамтамасыз ету
4. Мәліметтерді аналитикалық талдау
5. Талдаудың нәтижелерін рәсімдеу
6. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды өндіріске енгізуді бақылау
Экономикалық талдау үшін барлық ақпарат көздері жоспарлы, есепті және есептен тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы ақпараттарға барлық жоспарлардың түрлері: ағымдпғы, жедел ақпараттар жатады.Есепті ақпарат көздеріне:
1. Бухгалтерлік есеп және есеп беру
2. Статистикалық есеп және есеп беру
3. Жедел есеп және есеп беру
4. Іріктелген есеп мәліметтері жатады
Есептен тыс ақпарат көздеріне жататындар:
1. Ішкі және сыртқы ревизия материалдары
2. Ішкі және сыртқы аудит материалдары
3. Салық қызметі тексерудің метериалдары
4. Басылым материалдары
5. Түсініктеме хаттар
6. Өндіріс жиналысының материалдары
Талдаудың нәтижелері құжаттар түрінде рәсімделуі тиіс. Оларға түсіндірме хат, анықтама, қорытынды есеп берулер жатады.
Түсіндірме хат мынандай сұрақтарды көрсетуге тиісті:
1. Кәсіпорының экономика дамуының деңгейі
2. Шаруашылық жағдайын
3. Қызметтің жеке бағыттар және жоспарының орындалуын көрсетуге тиісті
Анықтама мен қорытындылар түсіндірме хаттан айырмашылығы олар жетіспеушіліктер анықталған резервтерді өндіріске енгізуді нақты көрсету кезінде қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық қызметті талдау көздері қандай түрлерге бөлінеді?
2. Кешендік жоспардың тақырыптық жоспардан айырмашылығы неде?
3. Есептен тыс ақпарат көздеріне қандай құжаттар жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002
2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007
3. Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.
4. Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Учебно-методическое пособие.- М.: ИНФРА-ФОРУМ, 2006
5. Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.
6. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.
7. ЖуравлевВ.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. Конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.
8. Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум,- Ростов на Дону: Издательский центр «Март», 2002.
9. Ковалев В.В. Сборник задач по финансовому анализу: Учебное пособие.- М: Финансы и статистка, 2000.